kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4 сынып ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: С?йікті та?амым бот?а

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: С?йікті та?амым бот?а.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4 сынып ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: С?йікті та?амым бот?а»

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым ботқа. №45

Мақсат: Астын ерекшелігін білу

Күтілетін нәтиже: Табиғи қоршаған орта туралы білім алады.

2. Білімді өз беттерімен меңгереді.

3. Сөздік қоры артады.

4. Бірін-бірі тыңдауға үйренеді.

5. Сыни ойлайды.

Оқытудың нәтижесі(табыс критерийлері):

1)Төмен деңгейлі оқушы үшін: мәтін мазмұнын түсінеді, өз мүмкіндіктерінше топта жұмыс жасай алады.

2)Орта деңгейлі оқушы үшін: тақырып бойынша қорытынды жасай алады, септік жалғауларын ажырата алады, сыныптастарының жұмысына баға бере алады

3)Жоғары деңгейлі оқушы үшін: топта жұмысты ұйымдастыра алады, «Сүйікті тағамым -ботқа » тақырыбы бойынша өз ойын жазады, өз ойларын нақты толық жеткізе алады, дәлелдейді.

Түйінді идеялар:

1) Өз идеяларын ұсыну ( топтық жұмыс барысында)

2) ) мәтін мазмұнын талдай отыра , негізгі ойларын таба білу

3) септік жалғауларын дұрыс қолдана білу

4) топта жұмыс істей отыра модель жасай білу

5) «Дұрыс тамақтану- денсаулықтың кепілі. » өз ойын дамыту

уақыт

Сабақ кезеңдері

Педагог қызметі

Оқушы қызметі

Ұйымдасты-ру формасы

Бағалау түрі

1 мин

І Ұйымдастыру кезеңі

А) амандасу

Б) жылы атмосфера орнату

- Сәлеметсіңдерме!

-Көңіл-күйлерің жақсы ма?

Қазір біз дұрыс әдемі тұрамыз, сендер қандай сұлусыңдар, бір –біріне қарап күлімдеңдер, енді маған көздерін көтеріңдер, көздерің де сондай тамаша, маған да бір рет күлімдеңдер, енді тыныш отырамыз.

Мұғалімнің тапсырмасын орындайды

Ойын түрінде


6мин

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Сұрақтар:

-Сонымен балалар үйге сендерге қандай тапсырма берілген?

- Қазақ тілінде неше септік бар?

- Біз қандай септіктермен таныстық?

Тапсырмалар:

А) Сөздерге дұрыс жалғауларды жалға( бір оқушы тақта алдында)

В) мақалдардың жалғасын табыңдар

С) Сүтті кеспе туралы мәліметті айтыңдар

Сұрақтарға жауап береді, керекті жалғауларды таңдайды

Мақал-мәтелдердің жалғасын табады, мәтінді мазмұндайды

жеке

Сынып бағасы ( ауызша дұрыс па?), мұғалім бағасы

4 мин

ІІІ. Жаңа сабақ:


1)Топтық жұмысты ұйымдастыру




2) Топта жұмыс істеу ережелерімен таныстыру

-Бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Қазір топқа бөлінеміз. Сендер бір-бір сурет таңдайсыңдар. Оларға қарап екі топқа бөлінесіңдер.

- Неге солай бөліңдіңдер? Суретте не бейнеленген? ( атап шығу, қорытынды жасату)

- Балалар топта жұмыс жасау үшін бізге ереже керек. Ереже дегенді қалай аударамыз? (ережелермен таныстырады, аудартады, оқытады, талқылайды)


Суреттер бойынша топқа бөлінеді, неге солай бөлінгенін түсіндіреді, дәлелдейді



Ережелерді оқиды, аударады, танысады








сыныппен

Мұғалім бағасы


3) сабақ тақырыбымен таныстру

-Бүгін сүйікті тағамым - ботқа туралы әңгімелесеміз.




3мин

Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар

4) Мәтінмен жұмыс

А) сөздікпен жұмыс

Білім деңгейі

- Бұл тапсырманы топпен орындайсыңдар. Сендердің алдарында мәтін жатыр, оны қазір оқисыңдар, сендер үшін жаңа сөздерді белгілеп қағазға түсіресіңдер. Бұл тапсырманы орындауға 2 мин уақыт беріледі

- (уақыт болған соң) Ал енді әр топ өз сөздерін оқып шығады (тақтаға іледі)

Мәтінді оқиды, жаңа сөздерді белгілейдіғ қағазға түсіреді

топпен

Мұғалім бағасы

2мин

В) жаңа сөздермен жұмыс

Сөздік:

Ботқа-каша

Күріш-рис

Майда жарма-манная крупа

Қарақұмық-гречка


Сөздерді жазып алады

жеке

-

1мин

5) проблемалық сұрақ қою

Сұрақ

Сүйікті тағам деп неге айтамыз?

- Неге кешкі асқа сүт өнімдері мен көкөністерді жеу керек? ( тақтаға дәрумендермен сөзін жазады)

Ойланады, жауап береді

жеке

Мұғалім бағасы

2мин

6) жаңа ережені түсіндіру

- Балалар, осы сөзді сөз құрамына талдап көрейік (тақта алдында)

- Ал дыбыс үндестігі бойынша –МЕН жалғауынан басқа тағы қандай жалғаулар болады? (-БЕН; -ПЕН)

- Ал жуан сөздерге қандай жалғаулар жалғанады? Неге?

Құрамын анықтайды дәлелдейді, сұрақтарға жауап береді

сыныппен

Мұғалім бағасы

3мин

7) ережені пысықтау

- Қазір әр топқа тапсырма беріледі, мұқият оқисыңдар, топпен постерге орындайсыңдар

( уақыт 2мин)

Түсіну

Берілген сұрақтарға жауап беріңдер немесе көп нүкте орнына тиісті жалғау жалғаңдар:

1- топ

-Сен кіммен партада отырасың?

-Дәптерге немен жазасың?

-Бесбармақты немен жейді?

-Шайды немен ішесің?

-Астанаға пойыз... барамын.

2- топ

- Сен кинотеатрға кіммен бардың?

- Сен тақтаға немен жазасың?

- Нанды қаймақ.... жейді.

- Мен қыз... таныстым.

-Тамақ алдында қолды немен жуасың?

Тексереміз: әр топтан бір оқушы шығып қорғайды, сендер бағалайсыңдар: ұпай бересіңдер, неге?

Оқиды, сұрақтарға жауап береді, жалғауларды жалғайды











Ауызша бағалайды Мысалы: Мен 4 ұпай бердім. Себебі бір сұрақ дұрыс емес. Себебі жалғау қате жалғанды.

Топпен

















жеке

Екі топ бір-бірін бағалайды ( ұпай беру)

3мин


Келесі тапсырма: Мәтіннен белгіленген сөздердің жалғауларын, септігін анықтаңдар (уақытпен 2 мин)

Тексереміз: Уақ ыт аяқталды, бір топтан бір оқушы шығып талдаған сөздермен таныстырады, дәлелдейді. Ал сендер ұпай бересіңдер, дәлелдейсіңдер ( екі топ бір-бірін бағалайды)

Мәтін: 52 бет №2


1 мин ішінде сөздердің жалғауларын, септігін анықтайды

Ауызша бағалайды

топпен

Екі топ бір-бірін бағалайды

2 мин

Сергіту сәті

- Қазір орнымыздан тұрамыз, қыз бен балаға қарап қайталаймыз

Оқушылар мұғаліммен бірге билейді

сыныппен

-

6мин

VI тақырыпты бекіту

Қолдану деңгейі:

Келесі тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. Әркім жеке орындайды, стикерге жазады, аты-жөнін жазады. (уақыт -2мин)

Кейін топпен ақылдасып ең жақсы сұрақтарды постерге жазасыңдар ( уақыт2 мин) Қорғау 1 мин

Әркім өзі жазады, кейін топпен ақылдасып таңдайды, постерге жазады

Жеке, топпен

Екі топ бір-бірін бағалайды

6 мин


Синтез деңгейі: Әр топқа суреттер беріледі. Сендер оларды қолданып коллаж жасайсыңдар: «Кешкі ас» тақырыбына Бесбармақ, кофе, коктейль, сүт, айран, 2 салат қызанақ пен қияр, оливье,ботқа, қуырдақ, нан тоқаш, кәмпит, қазы- қарта А-4+ желім ( уақыт 2 мин)

Қорғаймыз: әр топтан оқушы шығып, қорғайды – уақыты 1мин. Жауаптарын қорғау

Коллаж жасайды, оны қорғайды, ауызша бағалайды

(ұпай береді, дәлелдейді)

топпен

Екі топ бір-бірін бағалайды ( ұпай береді) неге түсіндіреді

3мин


Бағалау деңгейі «Дұрыс тамақтану- денсаулықтың кепілі. » ой-толғаныс жазыңдар ( әркім жеке орындайды стикерге жазады)

Тақырып бойынша өз ойларын қорытып жазады

жеке

Мұғалім бағасы, кейін

2 мин

V. Қорытындылау

Сұрақтар:

-Қандай тамақтарды жеуге болмайды?

-Тамақтанудың қандай ережелері бар?

Ойланып сұрақтарға жауап береді

жеке


1 мин

VҮй тапсырмасын беру

«Менің сүйікті тағамым ботқа » сурет салу, сөздер жаттау, септіктерді қайталау

Үй жұмысын жазып алады

жеке







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
4 сынып ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: С?йікті та?амым бот?а

Автор: Имангалиева Бибигуль Калымовна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327360


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства