Просмотр содержимого документа
«10 сынып "Са?шыны? міндеттері" »
Сақшының міндеттері (10 сынып)
Сабақтың білімділік мақсаттары: сақшының міндеттерін, сақшының пост ауыстыру кезіндегі тәртібін, қаруды оқтау және оғын алу ережесін, қару қолдану тәртібін, өрт шығу кезіндегі іс-әрекеттік және постыға шабуыл жасаған кездегі іс-қимылын түсіндіру.
Дамытушылық: қарауылшының сақшы лауазымына кірісу сәтінен бастап жасалатын іс-әрекетіне дағдыландыру және постыда жүйелі іс-әрекет жасауға машықтандыру.
Тәрбиелік:отансүйгіштікке, патриоттыққа, туған елдің сақшысы болуға, қырағылыққа, бастамшылыққа және жарғы талаптарын қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Өтілетін орын: әскери кабинет.
Қолданылған әдебиеттер: АӘДоқулығы, ЛОД әдістемелігі, АӘД бағдарламасы, АӘД журналдары және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің горнизондық және қарулық қызметінің жарғысы.
Көрнекті құралдар: плакаттар және тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс:дене шынықтыру, тарих.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Оқыту тәсілі: репродуктивтік, дамытушылық эвристикалық әдіс.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Мапқа тұрғызу, рапорт қабылдау
Сәлемдесу
Оқушылардың сырт бейнесің тексеру
Негізгі бөлім.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен материал бойынша оқушылар конспектісін қарап шығу.
III. Өткен материалдардықайталау және пысықтау.
Қарауыл және сақшы туралы түсінік.
Пост деген не?
Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
Күзетілетін объектілердіқоршауға қандай талаптар қойылады?
Посттағы сақшының қаруы қандай жағдайда болу қажет?
IV. Жаңа сабаққа кіріспе және сабақтың мақсаты. Сақшы-өзіне
тапсырылған постыны күзету жөніндегі жауынгерлік тапсырманы
орындайды. Жауынгерлік тапсырма- қандай жағдайда болмасын
орындауға міндетті.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сақшы қол сұғылмайтындығы.
Құқығы мен басының қадір-қасиеті заңмен қорғау;
Оның қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа тартушысына ғана бағынатындығы;
Тұлғалардың сақшы қызметі бойынша талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі;
Сақшының қаруды оқтау және оғын алу тәртібі;
Сақшы өзіне немесе күзетіп тұрған объектіге шабуыл жасалғандаескертусіз қару жұмсайды;
Сақшыларды ауыстыру;
Сақшының қару қолдану реті.
Қаруды ескертусіз қолдануға міндетті, егер өзіне немесе күзетіп тұрған постыға шабуыл жасалса.
Қарауыл бастығы, өзінің жұмысқа таратушысы және оларға еріп келген адамдардан басқасынапостыға тиым салынған шекараға жақындаған жағдайда «Тоқта, кейін!» «Тоқта, оң (сол) жақтан айналып өт!!!»-деп тоқтатады.
Жақындаушы талаптарты орындамаған жағдайда « Тоқта, атамын! »-деп ескертеді.
Бұл талапты орындамаған жағдайда аспенға атып ескерту жасайды.
Егер тәртіп бұзушы бұл талапты да орындамаса сақшы оған оқ атады.
Көру жағдайы төмен болған жағдайда « Тоқта, кім келе жатыр?»-деп тоқтатады.
Егер жауап болмаған жағдайда және талаптар орындалмаса сақшы оған оқ атады.