Мақсаты: Оқушылардың саптық дайындық туралы алған білімдерін нығайту, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту. Оқушыларды патриоттық тәлім-тәрбиеге, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Өтетін орны:Әскери бөлме / саптық алаң/.
Әдіс - тәсілдері:Оқу-жаттығу түрінде, электрондық оқулық мәтіні бойынша. Кернекілігі:Оқулықтар , оқу -- жаттығулық автомәт макеті, плакаттар.
Түрі:Кіріктірілген және аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:Сапқа тұрғызу, командирден рапорт қабылдау, сәлемдесу.
Негізгі бөлімі: Қарумен саптық тұрыста қарусыз саптық тұрыс сияқты, бұл ретте қарудың аузын жоғары қаратып, оң қолдың білегін белдіктің жоғарғы жағына тигізіп, ал жиналмалы дүмбілі автоматтың аузын төмен қаратып «белдікке» күйінде ұстау керек.
Автомат «белдікке » күйінен «кеудегә » күйіне «Автоматты кеудеге » пәрмені бойынша үш тәсілмен алынады: 1/ белдіктен оң қолды біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алу керек және оны сағағынан және* ұңғы кесігінен сол қолмен іліп алып өзінің алдына оқжатарын солға қаратып, аузын иектің биіктігінде тік ұстау керек; 2/ белдікті оң қолмен оңға қарай жіберіп тастау керек және оны алақанмен саусақтар жартылай бүгілген және езіне қарап тұратындай етіп ұстап алу керек; сонымен бір мезгілде оң қолдың шынтағын белдіктің астына кигізу керек; 3/ белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек; автоматты дүмінің мойнынан ұстап , ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.
Автомат «кеудеге» күйінен «белдікке» күйіне «бәлдікке» пәрмені бойынша үш тәсілмен алынады : 1/ сол қолмен автоматты сағағынан және ұңғы бастырмасының төменгі жағынан ұстау керек және бір мезгілде біршама алға қарай жоғары ұмсынып оң қолды белдіктің астынан шығарып, онымен дүмбінің мойнынан ұстау керек. 2/ автоматты жоғары көтеріп, бастан асыра лақтырып тастау керек және автоматтың оқжатарын солға, аузын иектің биіктігінде өзінің алдында тік ұстау керек; 3/ оң қолмен белдіктің жоғарғы жағынан ұстау керек және автоматты оң иыққа «белдікке» күйіне лақтырып тастау керек, ал сол қолды жылдам түсіру керек.
Жиналмалы дүмбілі автомат «кеудеге» күйінен «белдікке» күйіне сол пәрмен бойынша үш тәсілмен алынады: 1/сол қолмен автоматты ұңғының және газ түтігінің жоғарғы жағынан ұстау керек және автоматты біршама жоғары ұстап , оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығару керек, оң қолмен алақанды төмен қаратып белдікті ұңғы қорабынан ұстау керек; 2/ автоматты ұңғы қорабын жоғары қаратып бұрып белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек және автоматтың оқжатарын оңға қаратып ұстау керек; 3/ автоматты оң иыққа «белдікке» күйіне лақтырып тастау керек, ал сол қолды жылдам түсіру керек. /Жаттығулар жасалады./