kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тиеу-түсіру жұмыстары және қойма операцияларының технологиясы мен механикаландырылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология и механизация погрузочно-разгрузочных работ и складских операций

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тиеу-түсіру жұмыстары және қойма операцияларының технологиясы мен механикаландырылуы»


«Тиеу-түсіру жұмыстары және қойма операцияларының технологиясы мен механикаландырылуы» тақырыбы бойынша атқарылатын курстық жұмыс


Аннотация


Осы курстық жұмыста берілген тапсырмаларға сай тәулiктiк есептелетін жүк ағыны, қоймалардың параметрлері және тиеп-түсiру фронты, сонымен қатар тиеу-түсіру жұмыстарына қажетті машиналар мен механизмдер (ТТМ) санын табу есептері шешілді.

Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстары және қойма операцияларының технологиялары мен оларды механикаландырылу мәселелерімен қатар көліктік - қойма жұмыстарының тиімді жоспарларын құру есебінің математикалық моделі, тасып - тиеуге кететін шығын ең аз болатын қойма операцияларының тиімді (оптималды) жоспарын ЭЕМ-ді пайдаланып табу мәселелері қарастырылды.








































Мазмұны

Нормативті сілтемелер ...... ...............................................................1



Кiрiспе. Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен механикаландырылуын дамытудың негізгі бағыттары ....................4


1. Бөлім. Тәулiктiк есептелген жүк ағындарын анықтау және жүктi қайта өңдейтiн цех түрiн таңдау....................................................................7

1.1. Тәуліктік жүк ағынын анықтау....................................................7

1.2. Тәуліктік вагон ағынын анықтау.................................................8

1.3. Жүкті қайта өндеу цех (қойма) түрін тандау..............................9


2. Бөлім. Қоймалардың параметрлерін және тиеу-түсіру фронтын анықтау...................................................................................................10

2.1. Қойма алаңының сыйымдылығын анықтау................................10

2.2. Қойма ауданын, сызықтық өлшемдерін және ТТЖ фронтын анықтау................................................................................................. 12

2.3. Тиеу және түсіру фронтының өлшемдерін есептеу....................15


3. Бөлім. Тиеу-түсіру жұмыстарына қажетті ТТМ санын анықтау...17

3.1. Машинаның ауысымды пайдалану өнімділігін есептеу.............17

3.2. Тиеп-түсіру машиналарын қажетті санын анықтау ...................20




Қорытынды............................................................................................21


Қолданылған әдебиеттер......................................................................22


Қосымшалар..........................................................................................23











Кіріспе. Тиеу – түсіру жұмыстарын механикаландыруды

дамытудың негізгі бағыттары мен міндеттері


ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазахстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсізідігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдауында-Қазақстанның міндеті отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легін ұлғайтуын қамтамасыз етуде жатыр, - деп нықтап айтылған.

Онда Қазақстанда жүк тасымалының негізгі көлемі теміржол арқылы жүзеге асырылатын болады деп атап өтіліп, осыған байланысты, теміржол көлігінің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін басымдылықтар ретінде төмендегілерді атап өткен:

  • Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, сондай-ақ трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасқынын қамтамасыз ететін негізгі теміржол бағыттарын жаңарту.

  • Жүк жинақталатын аудандарда көп модульді терминалдар ұйымдастыруға кірісу, сол арқылы көліктің сан түрлерінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ететін контейнерлік және бумалық тасымалды қолдана бастау...

Қазақстанда шикізаттар мен дайын өнімдер кен орындарынан немесе фабрикалар мен зауыттардан темір жол, автомобиль жолы, өзен немесе теңіз, әуе жолы, конвейер немесе пневматикалық және гидравликалық құбырлар арқылы, арнаулы (аспалы және монорельсті) жолдар арқылы тұтынушыларға жеткізіледі.

Аталған көлік түрлері мемлекеттің көлік жүйесін құрайды және оның экономиксының дамуында маңызды рөл атқарады.

Жер қойнауынан өндірілген және өнеркәсіпте шығарылатын өнімдердің барлығы көлікке қатысты қарастырылатын жағдайда жүк деп аталады. Темір жол объектісі ретінде қарастырғанда жүк дегеніміз – бұл белгіленген тәртіппен теміржол көлігі қабылдап, өзінің жарғысына сәйкес оның дер кезінде жеткізілуі мен сақталуына жауап беретін бұйымдар, заттар, пайдалы қазбалар, материалдар және т.с.с.

Жүк пункттерінде атқарылатын тиеу-түсіру жұмыстары (ТТЖ) және түрлі жүктерді тиеу-түсіру, сорттау жұмыстарында пайданылатын тиеу-түсіру машиналарын (ТТМ) көліктегі көлік-жүк жүйесінің (КЖЖ) негізін құрайды.

Жүкті баратын жеріне жөтелтіп, оны иесіне табыс ету үшін теміржол стансаларының жүк қабылдау пункттерінде осы заманғы техникалық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, теміржол стансаларының жүк қабылдау пункттерінде белгілі бір жүк тиеу-түсіру операцияларын орындау қажет болады.

Осындай талаптарды жүзеге асыру мақсатында теміржол көлігі саласының мамандары мыналарды білуге тиісті:

тиеу-түсіру машиналарының құрылысы мен жұмыс істеу негізін, қолданылу салалары және техникалық-пайдалану сипаттамаларын; қоймалар, олардың мақсаты мен сипаттамаларын; тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясын; тиеу-түсіру пункттерінің технологиялық жарақтануын есептеп шығару әдістері.

Көлік саласының мамандары мыналарды орындай алуы керек:

- біріншіден, әр түрлі жүктердің тиелуін, түсірілуі мен сортталуын және мыналардың қамтамасыз етілуін ұйымдастыруды:

-тиеу-түсіру жұмыстарының ең төменгі өзіндік құнын, яғни С→min;

-тиеу-түсіру машиналарының ең жоғары жұмыс нормасын (еңбек өнімділігі), яғни Жн→ max;

-ең көп пайда табуды (рентабельділік);

  • екіншіден, қолданылып жүрген технологияның кемшіліктерін анықтау және техникалық-экономикалық дәлелдемелері бар ұсыныстар жасау.

тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру;

-тиеу-түсіру пунктерінің жұмыс көлемін есептеу алгоритмі және екі нұсқа бойынша тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру көрсеткіштерін техникалық-экономикалық тұрғыдан дәлелдеу, оның тиімдісін таңдап алу;

-әр түрлі жүктерді тиеу-түсіру технологиясы және ЭЕМ-ді пайдаланып, тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландырудың барынша өнімді әрі үнемді технологиясын таңдап алу мысалдары.

Жүктерді тиеудің, түсіру мен сорттаудың технологиялық үрдісі жүк операцияларының жиынтығы болып табылады және тиеу-түсіру жұмыстарының (вагон-автомобиль, вагон-қойма және т.с.с). қабылдаған нұсқасына сәйкес жүкпен атқарылатын іс әрекеттерін сипаты мен реттілігін айқындайды. Технологиялық операциялары жүк пен атқарылатын іс әрекеттерді (іліп алу, басқа жерге апарып қою, тақтау, қалау және т.с.с.) сипаттап көрсетеді Жүк операциялары дегеніміз – бұл жергілікті жүктерді тиеу және түсіру, транзиттік жүктерді сорттау, қайта тиеу (жүктерді қоймадан көлікке, бір түріне екінші түріне жеткізіп тиеу), құю (тиеу), құйып алу (түсіру), қойма операцияларына жатады.

Жүк опеарациялары былайша бөлінеді:

-негізгі операциялар - мұнда жүктерді жылжытуға қатысты ең ауыр жұмыстар атқарылады;

-қосалқы операциялар - мұнда жүктерді алу және қою, механизмдермен ілгіштерді пайдалану, жүктерді қатарлап үю секілді жұмыстар атқарылады.

Механикаландыру деңгейі. Механикаландырудың мынадай төрт деңгейі бар:

-нөльдік деңгей, қиындылығы мен қауіптілігіне қарамастан, негізгі операциялар қолмен атқарылады;

-бірінші деңгей негізгі операцияларды машиналар, ал қалғандары қолмен атқарылатын жағдайда, мысалы, тиеу-түсіру жұмыстарына бір механизатор және төрт жұмысшы қатысатын кезде тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырылған деп есептеледі.

-екінші деңгей, мұнда негізгі операцияларды машиналар атқарады, мысалы, тиеу-түсіру жұмыстарына жұмысшыларды қатыстырмастан, бір механизатор ғана атқарады. Мұндай деңгей тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыруға жатады;

-үшінші деңгей, мұнда жүк операциялары адамның қатысуынсыз атқарылады, ал адамның рөлі бағдармаларды реттеуге ғана қатысты болады. Тиеу-түсіру жұмыстарының мұндай деңгейі – автоматтандырылған деңгейге жатады.

Көліктің негізгі мақсаты – бұл халық шаруашылығының жүктер мен жолаушыларды мінсіз тасымалдау жөніндегі талаптарын толығымен, дер кезінде әрі сапалы қанағаттандыра отырып, барынша пайда табу, көліктің кірісін арттыру.

Көліктің міндеттері – бұл жүктер мен жолаушылар тасымалдауды теміржол көлігіне деген мұқтаждықты толығымен, дер кезінде әрі сапалы қанағаттандыру.

Көлік қызметкерлеріне қойылатын талап – жалпы жұрт пайдаланатын орындарда жүктердің тәулік бойы және жыл бойы тиелуі мен түсірілуін қамтамасыз ету. Мұнда мынадай көрсеткіштер сақталуға тиіс:

-тасымалдаудың өзіндік құны барынша аз болуға тиіс - С→min;

-жұмыс нормасы (еңбек өнімділігі) барынша көп болуға тиіс – Жн → max;

-көлік құралдарының бос тұрып қалуы барынша аз болуға тиіс – t → min;

-алынатын пайда барынша көп болуға тиіс.

Көлікке қойылатын міндеттерді шешу үшін мынадай жұмыс бағыттары бар:

1. Көлік-жүк жүйесін дамыту, ол мынадай міндеттерден туындайды: шығынды стансаларды, жүк пункттерін және кірме жолдарды қысқартып, жұмысты ірі негізгі стансаларға шоғырландыру қажет.

Жалпы жұрт пайдаланатын орындарда механикаландырылға дистанса

құралдарының көмегімен жүк операциялары атқарылатын экономикалық ауданға қызмет көрсететін және көршілес бір немесе бірнеше шығынды стансадан қосымша жүк айналымын қабылдап, оның механикаландырылған өңдеуден, жинаудан өткізе алатын, автомобиль көлігімен дер кезінде тасымалдауды қамтамасыз ете алатын станса негізгі станса деп есептеледі.

Жалпы жұрт пайдаланатын, жүк айналымы шағын орындарды жабудың және осыған орай жүк тасқынын механизация құралдарымен жарақтандырылған негізгі жүк стансаларына бағыттаудың тиімділігі техникалық-экономикалық есептеулер арқылы және автомобильмен тасымалдау қашықтығының артуына байланысты туындайтын қосымша шығындардың жиынтығын салыстыру жолымен анықталады.

2. Жүктерді контейнерлермен және пакеттермен тасымалдауға өту – бұл контейнерлік және пакеттік тасымалдауды дамыту. Бұл әдісте жұмыс орындары ірілендірілетіндіктен, жүктерді контейнерлермен және пакеттермен тасымалдау экономикалық тұрғыдан ұтымды болып шығады.

3. Тиеу – түсіру жұмыстарында автоматты жүк ілгіштерді енгізу яғни жүкті темір арқанмен іліп алудан және одан босатудың қолмен атқарылатын операцияларын автоматты операциялармен алмастырып, жүктерді тиеу және түсіру үрдісін жеделдету. Мұндай жағдайда тиеу-түсіру жұмыстарына жұмсалатын шығындар азаяды, еңбек өнімділігі артады және жұмыстың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Мысалы, жұмысшылар мен механизаторлар қысқа уақытта контейнерді ұстап бекіту мен босату кезіндегі қауіпті жұмыстан босатылады.

4. Теміржол техникасын одан әрі дамыту, яғни жүктерді өзі түсіретін жылжымалы құрамды шығару. Қазір әмбебап (жабық және ашық вагондар) және мамандандырылған жылжымалы құрамдар – үйілген жүктерді (астық, минералдық тыңайтқыштар және т.с.с.) тасымалдайтын «хоппер» үлгісіндегі вагондар бар. Думпкарларды еңкейткенде жүк өздігінен түсіріледі. Мұнда жүк түсірудің өзіндік құны кемиді.

5. Жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған көлік-қойма кешендерін салу, ЭЕМ-сы негізінде осы кешендер арқылы автоматты басқару жүйелерін енгізу. Қазіргі уақытта автоматты басқару жүйесімен контейнерлік тасымалдау әдісі қолданылуда, сөйтіп бұл буындағы қызметкерлер штаты айтарлықтай азайтылған. Автоматты басқару жүйесімен жұмыс істейтін жүк стансалар санын көбейту. Бұл автоматтандырудың едәуір жоғары деңгейі болып саналады.

6. Болашақтың перспективті бағыты – робот техникасы құралдарын шығарын, өндіріске енгізу.

Жалпы, тиеу-түсіру жұмысын механикаландыру теміржол көлігінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл халық шаруашылығының алдына үлкен бір міндеттерді туындатып отырғанын атап өтуіміз керек. Мұндағы басты мақсат – адамдарды ауыр қол еңбегі мен қауіпті жұмыс аймағынан босатуға бағытталған әлеуметтік міндеттерді шешу болып табылады.












































1. Бөлім. Тәулiктiк есептелетін жүк ағындарын анықтау және жүктi қайта өңдейтiн цех түрiн таңдау


1.1. Тәуліктік жүк ағынын анықтау


Тәулiктiк есептелетін жүк ағыны жылдық жүк ағынының негiзiнде анықталады, әр жүк түрi бойынша қабылдау және жөнелтудi жеке есептейдi.

Есеп мына формуламен анықталады:

(1.1)

мұнда: Qж- қабылдау және жөнелту бойынша жылдық жүк ағыны, т.,

Кн- жүктi қабылдап, жөнелту тең еместiгiнiң коэффициентi (1.1 кесте)


Кесте 1.1 - Жүктердi қабылдау және жөнелтудің тең еместiгiнің коэффициентi
Жүктiң түрi

Кн

Ыдысты-дара, контейнерлер, ауырсалмақты, металдар, мұнай өнiмдерi

1.05-1.2

Көмiр, ағаш, құрылыс, рудалық емес материалдар, минералды тыңыйтқыштар

1.1-1.25

Астық

1.5-3.5

Көкөнiстер

2-4


Тапсырмалардағы берілген жылдық жүк ағыны мәліметтері негізінде тәуліктік жүк ағыны жоғарыда келтірілген (1.1) формуласы арқылы анықталады:


  1. Контейнер 5 т. Кесте 1.1-ден Кн = 1,2 аламыз.


Қабылдау (түсіру) Жөнелту (тиеу)



  1. Мақтан = 1,2)


Қабылдау (түсіру) Жөнелту (тиеу)



  1. Көмір



  1. Цемент






    1. 1.2. Тәуліктік вагон ағынын анықтау


Тәулiктiк вагон ағыны вагондарды техникалық тиеу шамасын есептеумен анықталады және парктегi вагонның пайыздық қатнасын тәулiктiк жүк ағыны негiзiнде қабылдап және жөнелтiп мына формуламен әр бөлек қарастырамыз:


(1.2)


Мұндағы: Ртехн –вагонға берiлген жүктердiң техникалық тиелу шамасы (қосымша 6) .

Вагондарға контейнерлердi тиеу мөлшері: 4 бiлiктi контейнер тасығышқа немесе 4 бiлiктi жайдақ вагондарға:

- брутто салмағы 3т. “10 - 12” дана контейнер орналастырылады;

- брутто салмағы 5т. “5 - 6” дана контейнерді;

- брутто салмағы 20т. контейнердiң “2” данасын артады.

Ауыр салмақты және салмақты жүктермен вагондарға тиеудің техникалық шамасы, тапсырмада көрсетiлгендей, жергiлiктi шама бойынша анықталады.

Егер олардың габариттi мөлшерi көрсетiлмесе, ауырсалмақты жүктер үшiн мынаны қабылдайды:


Ртехн = 0,8*Рп.с. , т/ваг (1.3)


Мұнда: Ртехн – тиеудегi техникалық шама, т/ваг

Рпс – вагонның жүк көтерiмдiлiгi, т (қосымша 6).


Тәуліктік вагон ағынын жүк түрлеріне байланысты (1.2) және (1.3) формулалары арқылы 6-қосымшадағы Ртех – шамасын пайдаланып анықтайды.

Контейнерлік жүктер үшін:

Pтех = n ∙ Pконт, , т/вагон,

Мұндағы: n - бір вагонға сиятын контейнер саны,

Рконт – контейнерді жүктеудің техникалық нормасы,

(қосымша 6).


  1. Контейнер 5т, n = 6 (бір вагонға 5т контейнерден 6-ауы сияды), Рконт ≈ 3т.


Қабылдау (түсіру) Жөнелту (тиеу)


2. Мақта


Қабылдау (түсіру) Жөнелту (тиеу)



3. Көмір


Жөнелту (тиеу)



4.Цемент

Қабылдау (түсіру)


Ыдысты-дара жүктермен тиелген вагондардың техникалық тиелу нормасын, оларды стандарт типтегі табандықтарда тасымалдағанда (өлшемі 1240x840 мм), бір табандықта орналасатын жүктің салмағы және орын санын есептеу арқылы, және вагонға сиятын табандық санымен анықтауға болады; осы жүктерді бөлек орындармен және пакеттермен табандықсыз тасымалдағанда – вагонға сиятын орын саны арқылы, оларды рационалды жайғастырғанда вагонның ұзындығы, биіктігі және ені бойынша анықтауға болады.

Шамамен есептегенде вагонның тиелуін 0.451 тоннаға дейiнгi пакеттiң шартты салмағымен белгiлеуге болады (қолданудағы электротежегiш түрiне тәуелдi). Пакеттiң мөлшерi ені бойынша 840 мм-ден, ұзындығы бойынша 1240 мм-ден және екi ярусты тиеуде биіктігі 1150 мм-ден, бiр ярусты тиеуде 1900 мм аспауы қажет.

Бөлек орындармен немесе пакеттермен бір ярусты тиелгенде вагонның орташа тиелуін мына формуламен есептеп шығаруға болады:


(1.4)

мұнда: Fв- вагон еденiнiң iшкi ауданы, м2

P- бiр орыннның немесе жүк пакетiнiң салмағы, т

Kу- төсем тығыздығын ескеретiн, коэффициент, (Kу=0.85-0,9)

Fм- бiр жүк ағынының немесе бiр пакеттiң ауданы, м2

Екi қабаттап тиеуде пакет саны екi есе көп болады.


    1. Жүкті қайта өндеу цех (қойма) түрін тандау


Берiлген жүк үшiн цех түрiн таңдауда ТТЖКМА және ҚО қамтамасыз ететiн, жаңа үнемдi қойма түрiн алғаны дұрыс.

Жүктің қасиетінен тәуелдi, оларды сақтаудың шарты мен мерзiмiнен, бос алаңшаның болуынан, механизация құрылғылары және т.б. шарттар бойынша мынадай қойма түрiн қабылдайды: жабық, павильон типті, жабық немесе ашық жайдақ (платформа), ашық алаңша, силосты бункерлi, жартылай бункерлi, штабельді, эстакадо-штабельді, штабель-эстакадо-жерасты және т.б. Қоймалардың бөлінуі оларда орындалатын жүк операциялары бойынша жасалады; жөнелту, қабылдау, қабылдап-жөнелту, жүктердi сұрыптау т.б. Орындалатын жүк операцияларына байланысты қоймалар; қабылдау, жөнелту, қабылдау және жөнелту, жүктерді сұрыптау және с.с. болып бөлінеді.

Жобаланған қойма құрылыстары құрылыс нормасы және ережелеріндегі (ҚНжЕ) шарттарды қанағаттандыруы қажет.

Станцияның жүк аудандары үшін, жүк құрылыстарының типтік жобасы Баскөлікжоба бірлектісінде (главтранспроектте) жасалған. Мысалы, ыдысты-дара жүктерді өңдеуге механикаландырылған ангар типті цехтың ұзындығы 72 м-ден 288 м-ге жететін төрт түрі ұсынылады. I және II тип – бірсаңылаулы (однопролетный) механикаландырылған цех саңылауы 24 және 30 м, сонымен қатар, II цехты жүкті сұрыптау үшін қолданғанда екі жол енгізіледі. III типте – екі саңылаулы механикаланырылған цех (30+30 м), қабылдап- жөнелтілетін жүктерді өңдеуге, сонымен қатар ұсақ жүктерді жөнелтулерді сұрыптауға - үш жол енгізіледі. IV тип – үш саңылаулы біріктірілген механикаландырылған цех (24+30+24 м) ұсақ және вагонмен жөнелтулердің үлкен көлемін - төрт жол енгізілген.

Бірнеше қойма типтерінің сызбалары және сипаттамасы [3,6,7,8,12] келтірілген.

Барлық қойма түрлерiнде ТТЖМ және ҚО ЭП-103 т.б. ашауызды электротиегiш көмегiмен қарастырылады.

Ыдысты-дара жүктер үшiн жабық қойма немесе автоматттандырылған қоймалардың жаңа жобасы жасалуы мүмкiн [3,6,12].

Контейнерлердi өңдеуге механикаланған цехты таңдауда, контейнер алаңдарының типтік жобаларының басшылығымен жасау ұсылынады [2,3-12].

Ақтара тиелетiн жүк үшiн жоғарылатқан жолдармен штабельдi сақтау қоймалары қолданылуы мүмкiн: штабельдi жерасты, эстакадо-штабельді-жерасты, бункерлi, жартылай бункерлi т.б.

Контейнер, ауыр салмақты, орманды және ақтара тиелетiн жүктердi қайта өңдеу үшiн ашық механикаландырылған цехтар түрiнiң негiзгi көрсеткiштерi [2,3,11,12] келтiрiлген.

Бізге берілген жүктердің түріне, қасиеттеріне, сақтау шарттарына байланысты, жүкті қайта өңдейтін цехтардың келесі түрлерін таңдаймыз:

-қапталған қант, мақта өнімдері атмосфералық жауын – шашыннан қорғауды қажет ететіндіктен оларға жабық қойма түрін,

- ал тілінген ағаш үшін қойма алаңының беті таптап нығыздалған немесе әртүрлі жамылғыдан тұратын жауын – шашыннан сақтайтын ашық қойма түрін,

- контейнер үшін, өзі жабық қойма ретінде қызмет атқаратындықтан, жабық қоймаларға қарағанда ашық қоймалар әлдеқайда арзан болғандықтан, оған да ашық қойма түрін таңдаймыз.



2. Бөлім. Қоймалардың параметрлерін және

тиеу-түсіру фронтын анықтау


2.1. Қойма алаңының сыйымдылығын анықтау


Қойманың қажетті сиымдылығын анықтағанда жүктің қоймаға тоқталмай, бір көліктен екіншісіне тікелей тиеу көлемін көрсету керек және осы көлемге қоймаға есептелген жүк ағынын азайту керек.

Тiкелей нұсқа бойынша тиелудегi жүк саны осыны құрайды:


Qн =kп * Qт , т (2.1)


Мұнда: kп – тiкелей нұсқа бойынша тиеу коэффициентi (2.1-кесте)


Кесте 2.1 - Жүк ауданда жүктердi қабылдау және жөнелту бойынша қайта тиеу коэффициентi

Жүк түрi

кп

Ыдысты-дара жүктер

0.15-0.3

Контейнерлер, ауыр салмақты жүктер

0.15-0.4

Қалған барлық жүктер

0.10-0.20


Автомобиль және темiржол көлiгiнiң нақты жұмыс графигiн құрған соң тiкелей нұсқа бойынша тиеу мөлшерiнiң нақты есептеуi орындалуы мүмкiн.

Қойманың сиымдылығы тәулiктiк жүк айналымы мен сақтау мерзiмiне тәуелдi болғандықтан, келесі формула бойынша анықталады:


т (2.2)


мұнда: Qтқаб – жүктердi станцияға қабылдау бойынша жүк айналым, т

Qтжөн – жүктердi жөнелту бойынша жүк айналым, т

қабылдау бойынша жүктердi сақтау мерзiмi, тәулiк (қосымша 1)

жүктердi жөнелту бойынша сақтау мерзiмi, тәулiк (қосымша 1)

тiкелей нұсқа бойынша тиеу коэффициентi, жүктердi қабылдау және жөнелту бойынша (2.1-кесте).

Демек, (2.2) формуласына сай, қойма сиымдылығын берілген жүктер үшін төмендегіше есептейміз:



Мақта: ; ; т, т,

.


т

Көмір: , ()т, сондықтан:


т


Цемент: (, т), болғандықтан:


т



Контейнер алаңының сиымдылығын контейнер орындарында есептеу қажет:


(2.3)



мұнда: - Nтқаб, Nтжөн – жүк тиелген контейнерлердi тәулiктiк қабылдау немесе жөнелту, [контейнер];

- Nбос-қабылдаудағы немесе жөнелтудегi бос контейнерлер саны, [контейнер];

контейнерлердi қабылдау немесе жөнелту бойынша сақтау мерзiмi, тәулiк (қосымша1);

бос контейнерлердi тәулiктiк сақтау мерзiмi, (егер олар бос жағдайда қабылданса, қабылдау бойынша немесе олар станциядан бос жағдайда жөнелтiлсе жөнелту бойынша қабылдаған жөн);

0,03 – жарамсыз контейнерлерге қосымша сиымдылықты ескеретiн коэффициент;

- жарамсыз контейнерлердiң жөндеуде тұрған уақыты, =0,5 тәулiк.

Жүк тиелген контейнерлердiң орташа тәулiктiк қабылдануы мен жөнелтiлуi:

конт. (2.4)

конт. (2.5)

мұнда: qк- контейнерге орташа жүк тиеу, т/конт.


Бос контейнерлер саны:

Nбос=Nтқаб-Nтжөн , конт., (2.6)

егер: Nтқаб Nтжөн болса (2.7)

Ал егер NтжөнNтқаб (2.8) болса, онда :

Nбос= Nтжөн - Nтқаб, (2.9)

Контейнерлердің сыйымдылығын (2.3) формуласы бойынша есептейміз. Ол үшін алдымен жүк тиелген контейнерлердің орташа тәуліктік қабылдануы және жөнелтілуін (2.4) ÷ (2.5) формулаларын қолданып есептеп алуымыз қажет:


конт.


конт,


мұндағы qk берілген контейнердің орташа жүктелуі, 5т контейнері үшін qk = 3т/конт.

болғандықтан:


= - = 263 – 165 = 98 конт.


Егер болғанда, онда


= - түрінде анықтайтын едік.


Сонымен контейнер алаңының сыйымдылығы (; ; тәулік; ; ; ):


контейнер-орын.


2.2. Қойма ауданының сызықтық өлшемдерін

және ТТЖ фронтын анықтау


Жүк аудандағы қоймада жүктердi сақтау мерзiмi станция және тораптарды жобалау бойынша нұсқамен қатысты бекiтiледi, ал кiрме жолдарда - қойма қызмет көрсететін өнеркәсiптiң техникалық үрдiсімен және оперативтi қорлардың талап етілуімен сәйкес анықталады.

Қойманың ауданын және сызықтық өлшемдерін анықтау бірнеше әдістермен жүргізіледі:

Элементар алаңдар әдісімен;

Тура есептеу әдісімен;

Арнайы қоймалар үшін – эстакадо-жерасты, бункерлі, силосты, автоматтандырылған және с.с.

Шамамен есептеу әдісімен 1м2 қойманың ауданына келетін орташа салмақ арқылы.

Элементар алаңдар арқылы қойманың ұзындығын, енін, және ауданын есептеу сұлбасы және тәртібі [3-6, 12] келтірілген.

Бұл әдісте элементар алаңның өлшемі қойылады және онда орналасатын жүк саны анықталады. Соңынан қойманың қажетті сиымдылығы бір элементар алаңның жүк көтерімділігіне бөлінеді, сол арқылы алаңдардың саны анықталады. Элементар алаңның алынған санын көбейтіп, қойманың жалпы ауданын алады.

Сонымен, мысалы, контейнер қоймасының өлшемiн анықтау үшiн контейнер сақталатын ауданның енiн анықтау керек, контейнердi сонда орналастырудың рациональды сызбасын таңдау керек, осы сызбада элементар алаңды көрсету керек, және элементар алаңның сиымдылығын контейнермен анықтап, барлық контейнер айналымы үшiн элементар алаң санын белгiлеу қажет. Ұзындығы бойынша, жұмыс фронтының бойымен бір элементар алаң орналасады, және алаң саны қойманың ұзындығын орнатады, соңғысын жүк фронтымен байланыстыра. Осыдан соң қойманың жалпы жоспарын жасайды және оның енін бекітеді.

Әр контейнерге еркiн кiру үшiн, тiптi бiр жағынан болса да контейнердi алаңда орналастыру сызбасын таңдауда өткел енiн 0,6 м етiп қарастыру қажет. 5т әрбір контейнер аудан негізінде 3т екі контейнерге эквивалентті, онда барлық есептеулерді салмағы брутто 3т контейнерлермен жүргізген ыңғайлы. Арнайы контейнерлер болған жағдайда, есептеулер осы контейнерлердің фактілі өлшемдері арқылы анықталады.

Контейнер алаңының енi механизм құрылғысының параметрiнен, ал ұзындығы болса, контейнердi орналастыру сызбасының қабылдануынан тәуелдi.

Контейнер алаңының ұзындығы үлкен болса оның енін паралель орналасқан екі алаңға тең деп қабылдау керек.

Контейнер алаңын жобалағанда контейнерлерді және алаңда комплекттерді [3,4,12] орналастыруды ұстану керек.

Контейнер алаңына төрттағанды электрлі кранның барлық түрі қызмет көрсететін болса, контейнерлерді екі қатарға ұзындығын кран жолы осіне параллель етіп орналастырады. Комплект арасына аралық 1 метрден кем емес қойылады. Қоймаларды консольсіз төрт тағанды кранмен немесе көпірлі кранмен жабдықтағанда, кран саңылауына темір жолдың жылжымалы құрамы немесе автомобиль енгізіледі. Бұл жағдайда қойма бойымен автокөлік үшін кран ортасынан жол салу тиімсіз, өйткені бұндай жол көп орын қажет етеді.

Екі консольді электрлі төрт тағанды кранмен жабдықталған алаңның артықшылығы вагондарды бір консолі арқылы жүк операцияларына, ал автомобильдерге екінші консольі арқылы беруге мүмкіндік болады.

Төрт тағанды екi консольдi кран қызмет көрсететiн контейнер алаңының енi;


м (2.10)

мұнда; lпр- кранның саңылауы

lт- кранның жүрiс арбасының габаритi, м

lб- аудандағы соңғы контейнер мен жүрiс арбашасының түсу бөлiгiнiң арасындағы қауiпсiздiк саңлауы. Бұл саңылау биiктiгi 2м болғанда 700 мм-ден кем болмауы қажет, егер биiктiгi 2 метрден жоғары болса –1100 мм-ден кем болмауы керек.

Vкп – ауданның енiн бiле отырып контейнердiң орналасу сызбасын құру керек және болашақта қойма ұзындығын анықтау қажет.

Контейнер алаңының енін Вк-ны біліп контейнерлер қоймасының алаңшасының енін анықтау керек.

1). Сонымен (2.10) формуласын пайдаланып контейнер алаңшасының (төрттағанды екі консольды краны бар) енін есептейік ( ):


Bk = м;


Bk - контейнерлік алаңнын ені. Енді әр контейнердің өлшемдері белгілі болғандықтан (қосымша 4, УУК-5У типті 5т контейнердің: ені Bk = 2,1м, ұзындығы ) және әр контейнерге еркін кіру үшін (тіпті бір шағынан болса да) ұзындығы 0,6м болатын өткел тастау керектігін ескеріп, 4х6 түрінде орналасқан элементар алаңшаның енін есептейік:



Элементар алаңшаның ұзындығын -ді есептеген соң, онда орналасқан контейнерлердің санын біліп: шт, элементар алаңшалардың санын - түрінде есептеп, соңынан қойманың жалпы ұзындығын табамыз:


2). Контейнерлерден басқа барлық жүктер үшін қойма алаңының мөлшері қабылдау (түсіру) және жөнелту (тиеу) операциялары үшін:


а) Станция жүк алаңы:


, м2 (2.11)


мұндағы - Qт- қабылдау және жөнелту бойынша жылдық жүк ағыны, т.,;

- - тиеу-түсіру машиналарының (ТТМ) өту жолдарына қажет қосымша алаңын есептейтін коэффицент, (қосымша 6);

- - қойма алаңшасының 1м2-на түсетін орташа жүк, т/м2, (қосымша 1).

- жүктерді қоймада сақтау мерзімі, тәулік (қосымша 1)

Мақта үшін:

Қабылдау Жөнелту


м2 == 3557


б) Кірме жолдағы материалдар үшін қойма алаңының формуласы:

Көмір үшін:

Жөнелту

м2



Цемент үшін:

Қабылдау

м2


Қоймалардың қажетті ұзындықтары келесі формуламен анықталады:


, (2,13)


мұндағы Bk – алынған қойманың ені Bk= 30м. Олай болса (2.13)-тен табатынымыз:


Мақта: Қабылдау Жөнелту

= = ==119 м


Көмір:


Цемент:

= = =46,8 м


Автомобильдер үшін контейнер қатарларының арасынын шетінен кіру жолдарын салған дұрыс.

Контейнердi автомобильге тиеп-түсiру үшiн, соңғысын жебе бағытының аймағына енгізу керек. Осы мақсатпен алаңның ұзына бойы өткел жолдарын автомобильдiң кiру және шығуын кедергiсiз қамтамасыз ететiндей қарастыру керек. элементар аудан ұзындығын және пэп оларға орналасқан контейнер санын есептеп белгiлеген соң, элементар ауданша санын және контейнер алаңының ұзындығын анықтаймыз:


, м (2.13.)

мұндағы: - қойманың сыйымдылығы, т;

1 м2 орташа салмақ бойынша қойма ауданының шамалап есептелуi мына формуламен анықталады:


; м2 (2.14)

мұнда: Vс – қойма сиымдылығы, т

Кдоп – тиеп-түсiру машиналарын өткелдер мен жолға қосымша қою ауданын ескеретiн коэффициент

Р- 1м2 қойма ауданына жүктiң түсiретін орташа салмағы, т/м2.


Главтранспроект жасаған жоба бойынша буылып-түйiлген жүктердi қайта өңдеу үшiн жабық қойма енi келесі түрде қабылданады: бiрсаңылаулы – 18, 24, 30 м, екiсаңылаулы – 30+30 м, үшсаңылаулы – 24 + 30 + 24 м.

Қойманың типтiк жобасын таңдаған соң қойманың қажеттi ұзындығын анықтауға болады:

; м ( 2.15)

мұнда; вқойма – алынған типтi жобадағы қойма енi, м [1- 5, 11]


Кiрме жолдарда сақталатын жүктер үшiн қойма аудандары: орманды, ақтарыла тиелген жүктер, қаратүстi металдар, ауырсалмақты жүктерге мына формуламен анықтауға болады;

, м2 (2.16)

мұнда tхр- жүктердi сақтау мерзiмi, тәулiк

K- өткел және жолды ескертушi, коэффициент

Pн- 1м2 қойма ауданына түсiрлген салмақ, т/м2


Дән, цемент, минералды тыңайтқыштар т. б. сақтау үшiн қоймалар жабық вагондарда тасымалданатын үйiндi жүктер қатарында элеваторларда сақтаған дұрыс.

Жоғарыда келтiрiлген формула бойынша мұнай өнiмдерi үшiн санын, сиымдылығын, резервуарларын анықтауға болады.

Минералды тыңайтқыштар қоймасы 500, 1000, 1500, 2000, 3000 сиымдылықпен, ал силос сиымдылығы 250-500 т. жабдықталады, цемент үшiн сиымдылық – 240, 360, 480, 720, 1100, 2500, 4000, 6000, 12000 т., силос сиымдылығы 160-625 т; мұнай өнiмдерi үшiн 123, 40, 345, 414, 737, 108, 2145, 3352, 4870 м2 көлемдi резервуарлар қолданылады; ақшыл мұнай өнiмдерi үшiн – сиымдылығын 100, 500, 1000, 2000, 3000, 5000, 10000 м3.

Арнайы қоймалардың өлшемдері (эстакадалы-жерасты, бункерлі, жартылай бункерлі, автоматтандырылған) [2,3,4,5] -те келтірілген.

Қойма ұзындығы Lск- ыдысты-дара жүктер, контейнерлер, ауырсалмақты жүктер және кейбiр салмақты жүктерді штабельдi сақтауда мынадай жағдай қабылдау керек, ол бiр-бiрiне тең немесе тиеп-түсiру фронтынан Lфр-үлкен, яғни осы шарт сақталуы керек:


Lск Lфр (2.20)


2.3. Тиеу және түсіру фронтының өлшемдерін есептеу


Тиеп-түсiру фронты деп жүк пунктiнiң бөлiгi түсiндiрiледi, мұнда жүктердi вагонға (автомобилге, су көлігіне) тиеу немесе вагоннан (автомобилден, су көлігінен) түсiру жүргізіледі.


Тиеп - түсiру фронтының ұзындығы:


; м (2.21)


Мұндаағы: nт- тәулiктегi тиелген немесе тиеудегi вагондар саны,

lв – вагон ұзындығы, м (қосымша 2)

z – тәулiктегi вагондарды беру саны (тапсырмадан).


1. Контейнерлер


Қабылдау Жөнелту

м м


  1. Мақта


Қабылдау Жөнелту

м м


  1. Көмір


Жөнелту

м


  1. Цемент


Қабылдау

м


Автомобиль фронтының ұзындығы келесі формула арқылы есептеледі:


, (2.22)


мұндағы - Ка – жүктерді автокөліктермен шығарудың тәуліктік біркелкілік еместігінін коэффиценті (Ка = 1,35÷1,5);

- tа=qа*Hв + tв; сағат (2.23)

мұнда Нв- автомобилдi жөнелтудiң уақыт нормасы, сағ.(қосымша 6)

tв- автомобильдiң келу, кету уақыты, сағ (0.15-0.2)

qа- бiр автомобильдiң орташа тиелуi, (5т).

Тгд- жүк ауданының жұмыс ұзақтығы, ( 12-сағ.)

Енді (2.23), (2.22) формулаларын пайдаланып автомобильдiң келу, кету уақытын, сонан соң LФР шамасының мәндерін есептейік:


2) Мақта ta = 5 · 0,314 + 0,2 = 1,77 сағ.


Қабылдау Жөнелту


м; м;


3) Көмір Жөнелту


ta = 5 · 0,0220 + 0,2 =0,31 сағ.


м;



4) Цемент

Қабылдау


ta = 5 · 0,0137 + 0,2 = 0,27 сағ.


м;


Контейнерлерді тасуда (2.22) формуласы келесі түрде жазылады:


, м (2,24)


мұндағы - конт. алаңшасының сыйымдылығы, конт-орын,

- бір автокөлікке тиелетін контейнерлер саны.

- автокөлік ұзындығы (қосымша 3).


Сонымен


м;


Етер болса, типтік ережелер нормасын бұзбай, қойма алаңының енін азайту арқылы шартын қанағатандыруымыз керек.

Қойманың жарықтандырылуы, өртке қарсы қондырғылары және басқа да құрал-жабдықтары құрылыс нормалары мен ережелеріне сай орындалады.

Автомобиль және жылжымалы құрам үшiн қойманың есептелген ұзындығын фронт ұзындығымен теңестiру қажет. Егер Lқойма Lфр болса, онда қойма ауданын өзгерпей, типтік жоба нормаларын сақтап, қойманың ұзындығын қойманың енін азайту арқылы жасалады.

Жарықты, өртке қарсы құрылғыларды және басқа қойманың құрылғыларын есептеу ҚНжЕ негізінде жасалады. Курстық жұмысты орындау барысында [2,3-12, 16-18] келтірілген нормалар қолданылды.



3. Бөлім. Тиеу-түсіру жұмыстарына қажетті ТТМ санын анықтау

3.1. Машинаның ауысымды пайдалану өнімділігін есептеу

ТТМ және қондырғыларының қажеттi саны екi әдiспен анықталады:

  1. тікелей есептеу әдiсiмен;

  2. ауысымды өңдеу нормасы арқылы.

Бiрiншi әдiспен есептеуде ауысымды өңдеу нормасы және машиналардың техникалық өнімділігі анықталады, екінші әдісте – машиналар саны ауысымды өңдеу нормасы арқылы анықталады, ЕНВ (ед. норма врем.) немесе ауысымды пайдалану өнімділігі ретінде анықталуы мүмкін.

Машиналардың техникалық және пайдалану өнімділігі [13, 17] келтірілген формулалар бойынша анықталады.

Машинаның ауысымды пайдалану өнiмдiлiгi;

т/сағ (3.1)

мұнда; Кв- ауысымдагы жұмыс кешiнде жүк көтерiмдiлiгi және уақыты бойынша машинаны қолдану коэффициентi (Кв=0.75-0.8)

Тм – ауысым ұзақтығы, сағат (Тм=12 сағ.)

Пт- машинаның техникалық өнiмдiлiгi, т/сағат.

ПТ – шамасы келесі өрнекпен анықталады:

(3.1' )

мұндағы Нвыр – ауысымдағы өнімділік нормасы [13, 17] (қосымша 6);

tсм – ауысымның уақыттық мәні (tсм = 7 сағ).

Олай болса ПТ – шамасын (3.1') – өрнегімен, ал Пэем - шамасын (3.1)-мен есептейік:

1. Контейнер 5т

т/сағ

Пэем = 0,8 · 12 · 7,57 = 72,7 т

2.Мақта Қабылдау Жөнелту

т/сағ ==3,2 т/сағ


Пэем= 0,8 · 12 · 3,6 = 35 т =0.8 т


3. Көмір


т/сағ

Пэем= 0,8 · 12 · 38,1 = 366 т

4. Цемент


т/сағ

Пэем = 0,8 · 12 · 73 = 701 т


Тиеу-түсіру және ішкі қойма жұмыстарының санын және сипатын көрсетуге жасалған жүк ағынының сұлбасы бойынша, тонна-операциямен есептелетін жүктермен жасалатын операциялардың жалпы көлемін табады.

Жөнелту бойынша жүк ағынының тәуліктік есебі, мысалы, автомобилден штабельге түсірілетін жүк бөлігіне, ал вагонды бергенде – вагонға тиелетін таразымен өлшенген жүк бөлігіне және с.с. тең болады.

Жөнелту бойынша қойма үшiн тәулiктiк есептелген жүк ағыны:

, т., (3.2)

мұндағы: кс- қойма iшiндегi жүктердi өңдеу операциялары және

сұрыптаумен өлшеудi ескерушi коэффициент;

кп- тiкелей нұсқа бойынша жүктi тиеу коэффициентi;

- i-шi жүктiң орташа тәулiктiк жөнелтуi (жұмыстың

бiрiншi бөлiмiнде есептелген), т.

Жүктiң қабылдануы бойынша есептелген жүк ағыны да осы үрдістей әдiстермен анықталады.

Енді (3.2) формуласын пайдаланып - і-ші жүктің орташа тәуліктегі қабылданғаны мен жөнелтілуін анықтаймыз:


1. Контейнер 5т

Қабылдау Жөнелту


т т


2. Мақта


Қабылдау Жөнелту


т т


3. Көмір

Жөнелту т


4. Цемент

Қабылдау т

Механикаланған қайта өңдеудiң жылдық көлемi:

, т (3.3)

мұндағы: - қабылдау қоймасында орындалатын жұмыстың

тәулiктiк көлемi, т.

Механикаланған қайта өңдеу жұмыстарының жылдық көлемі формуласына сай:



1. Контейнер 5т

т.


2. Мақта


т.



3. Көмір


т.


4. Цемент


т.

















3.2. Тиеп-түсіру машиналарын қажетті санын анықтау


Тиеп-түсiру машиналарының қажеттi саны:

, дана, (3.4)

мұндағы: - - әр жүк түрi бойынша механикаландырылып қайта өңдеудiң жылдық көлемi, т.;

- машина жасаудың ауысым нормасы, т.;

m- тәулiк iшiндегi машина жұмысының ауысым саны;

tp – жыл iшiндегi бос тұрған машинаның регламенттелген уақыты, (50-70) тәулiк. Шыққан санның аз мәнiн ыдысты-дара жүктер үшiн, көп мәнiн қалған жүктер үшiн қабылдаймыз.

Тиеп-түсіру машиналарының қажетті саны (3.4) формулаға сай анықталады:


1. Контейнер 5т

дана


2. Мақта Қабылдау Жөнелту

дана



3. Көмір


дана



4. Цемент

дана














Қорытынды


Осы курстық жұмыста берілген тапсырмаларға сай тәулiктiк есептелетін жүк ағыны, қоймалардың параметрлері және тиеп-түсiру фронты, сонымен қатар тиеу-түсіру жұмыстарына қажетті машиналар мен механизмдер (ТТМ) санын табу есептері шешілді.

Жүктерді тиеу-түсірудің технологиялық үрдістері жасалып, соның ішінде, контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру технологиясын анықтайтын факторлар келтірілді.

Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстары және қойма операцияларының технологиялары мен оларды механикаландырылу мәселелерімен қатар көліктік - қойма жұмыстарының тиімді жоспарларын құру есебінің математикалық моделі, тасып - тиеуге кететін шығын ең аз болатын қойма операцияларының тиімді (оптималды) жоспарын ЭЕМ-ді пайдаланып табу мәселелері қарастырылды.

Жалпы қорыта келе айтатын болсақ, жүктерді контейнерлермен және пакеттермен тасымалдауға өту – бұл контейнерлік және пакеттік тасымалдауды дамыту. Бұл әдісте жұмыс орындары ірілендірілетіндіктен, жүктерді контейнерлермен және пакеттермен тасымалдау экономикалық тұрғыдан ұтымды болып шығады.

Тиеу – түсіру жұмыстарында автоматты жүк ілгіштерді енгізу яғни жүкті темір арқанмен іліп алудан және одан босатудың қолмен атқарылатын операцияларын автоматты операциялармен алмастырып, жүктерді тиеу және түсіру үрдісін жеделдету. Мұндай жағдайда тиеу-түсіру жұмыстарына жұмсалатын шығындар азаяды, еңбек өнімділігі артады және жұмыстың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Мысалы, жұмысшылар мен механизаторлар қысқа уақытта контейнерді ұстап бекіту мен босату кезіндегі қауіпті жұмыстан босатылады.

Теміржол техникасын одан әрі дамыту, яғни жүктерді өзі түсіретін жылжымалы құрамды шығару. Қазір әмбебап (жабық және ашық вагондар) және мамандандырылған жылжымалы құрамдар – үйілген жүктерді (астық, минералдық тыңайтқыштар және т.с.с.) тасымалдайтын «хоппер» үлгісіндегі вагондар бар. Думпкарларды еңкейткенде жүк өздігінен түсіріледі. Мұнда жүк түсірудің өзіндік құны кемиді.

Жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған көлік-қойма кешендерін салу, ЭЕМ-сы негізінде осы кешендер арқылы автоматты басқару жүйелерін енгізу. Қазіргі уақытта автоматты басқару жүйесімен контейнерлік тасымалдау әдісі қолданылуда, сөйтіп бұл буындағы қызметкерлер штаты айтарлықтай азайтылған. Автоматты басқару жүйесімен жұмыс істейтін жүк стансалар санын көбейту. Бұл автоматтандырудың едәуір жоғары деңгейі болып саналады.

Болашақтың перспективті бағыты – робот техникасы құралдарын шығарып, өндіріске енгізу.
























Әдебиеттер тiзiмi


Автор(лар)

Аталуы

Порошин В.В.,

Тасыбаева Ш.Б.,

АлесееваН.В.

РМҚК М.Әуезов атындағы ОҚМУ. Әдістемелік нұсқаулық - СМЖ. Курстық жобалауды (жұмысты) ұйымдастыру. ӘН ОҚМУ 7.14 – 2008.


Бекжанова С.Е., Бекжанов З.С., т.б.

Жүк тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен механикаландырылуы. Оқулық. Астана: «Парасат әлемі» баспасы, 2006. - 210б.

Гриневич Г. П.

Комплексная механизация и автоматизация погрузочно-разгрузочных работ на железнодорожном транспорте. М., Транспорт, 1981. 344 с.

Батищев И.И.

Организация и механизация ПРР на автомобильном транспорте. М.: Транспорт, 1983. 216с.

Козбагаров Р.А.

Технология и механизация погрузочно-разгрузочных работ на автомобильном транспорте. Учебное пособие. А.: КазАТК, 2004. -236с.

Смехов А.А.

Автоматизированное управление транспортно-складскими процессами. М., Транспорт, 1985. 240 с.

И.С. Карабасов и др.

Комплексная механизация и автоматизация ПРР. Алматы, 1991. 174с.

И. П. Кривцов

Погрузочно-разгрузочные работы на транспорте. М., Транспорт, 1985. 200с.

З.П. Шерле и др.

Организация и механизация перегрузочных работ в речных портах. М., Транспорт, 1984. 232 с.

А.А. Смехов и др.

Грузоведение, сохранность и крепление грузов. М., Транспорт, 1989. 240с.

А.А. Коган и др.

Контейнерная транспортная система. М., Транспорт, 1991. 268 с.

Калтахчян А. Т., Малов А. Д.

Выбор рационального технологического варианта механизации и автоматизации погрузочно-разгрузочных работ. Методические указания к курсовому проекту. М.: МИИТ, 1986. 86с.

Савин В.И.

Перевозки грузов железнодорожным транспортом: справочное пособие / М.: Изд. «Дело и Сервис», 2007. – 760с.

Камардинов О.

Информатика. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2006.- 360 б.

Рычков В.

Самоучитель Excel 2000 СПб. 2000. - 460с.

ЕНВиВ ПРР

Единые нормы выработки и времени на вагонные, автотранспотные и складские ПРР. М.: Экономика, 1987.-156с.

Антоневич Э.Ф.

Погрузочно-разгрузочные работы: Справочник. М., Транспорт, 1972. 287 с

Типовой техн.

ПРГС

Типовой технологический процесс работы грузовой станции. М.: Транспорт, 1978.

ЕНВиВ

Единые нормы выработки и времени на вагонные, автотранспортные и складские погрузочно-разгрузочные работы. М.: Транспорт, 1978.

ПТБ

Правила техники безопасности и производственной санитарии при производстве погрузочно-разгрузочных работ на железнодорожном транспорте. М.: Транспотрт, 1978.







ҚОСЫМШАЛАР

Қосымша 1.

Жүктерді сақтау мерзімі, 1м2 қойманың ауданына түсетін орташа салмақ, қайта тиеу коэффициенті және жүктерді қабылдау және жөнелту біркелкізідігін көрсететін коэффициент

Жүк түрі

tс, сут

Рн, т/м2

β

kн

Жөнелтуге дейін

Қабылдаған соң

Станцияның жүк ауданы

Ыдысты-дара жүктер:

Вагондық жөнелтім

шағын жөнелтім


1,0

2,0


2,0

2,5


0,6-0,8

0,4-0,5


0,15-0,30

0,03-0,05


1,05-1,20

1,05-1,20

Контейнерлер

1,0

2,0

0,5-0,6

0,15-0,40

1,05-1,20

Ауырсалмақты жүктер

1,0

2,5

0,8-0,9

0,15-0,40

1,05-1,20

Дөңгелекті және а/ш техника

1,0

2,0

0,6-0,9

-

1,10-1,20

Цемент, әк, алебастр, бор, минеральды тыңайтқыштар


-


2,5


2,0-2,5


0,10-0,20


1,15-1,25

Ақтара тасымалданатын жүктер

-

3,0

1,3-1,5

0,10-0,20

1,10-1,25

Кірме жол

Рудалық және рудалық емес пайдалы қазбалар (флюстер, фосфориттер және т.б.)


20-30


3-5


2-8


-


1,10-1,20

Қатты отын (көмір, кокс)

20-30

3-5

2-6

-

1,10-1,20

Мұнай және мұнай өнімдері

20-30

15-20

-

-

1,15-1,25

Ағаш:

домалақ

тілінген


10-30

15-40


5-10

5-10


1-2

1-2


-

-


1,10-1,25

1,10-1,20

Кірпіш, цемент, әк, және т.б. құрылыс материалдары


10-20


3-5


2,0-2,5


-


1,10-1,25

Металл жиынтығы

20-30

3-5

0,5-2,0

-

1,20-1,25

Металлдар (рельс, құбыр және т.б.)

20-30

3-5

1,5-1,0

-

1,10-1,20

Металл бұйымдары, станоктар

10-15

3-5

0,5-2,0

-

1,10-1,20

Химикаттар, тыңайтқыштар

20-30

5-10

1,5-2,0

-

1,15-1,25

Астық

10-20

10-20

1,5-3,0

-

1,5-3,5

Қант қызылшасы

20-30

15-10

1,5-2,5

-

2,0-4,0

Көкөністер

5-10

20-30

0,8-1,5

-

2,0-4,0

Қағаз және картон

20-35

20-30

1,1-1,5

-

1,10-1,20





Қосымша 2. Әмбебап вагондардың негізгі техникалық сипаттамалары.


Жабық

Платформа

Жартылай ашық

Жүк көтергіштігі, т

64

62-64

66

62

125

63-65

Типі

-

-

мет.борт

дер.борт

-

-

Кузовтың көлемі, м3

120

106 и 90

-

-

138,5

73

Ось саны

4

4

4

4

8

4

Ыдыс, т

22,1

22,2

21

22

45,5

22,4

Автосцеп осі бойынша ұзындығы, мм

14730

14730

14620

14194

20240

13920

Ішкі өлшемдері, мм:


ұзындығы

ені

биіктігі



13800

2760

2791



13430

2750

2402



13300

2770

-



12874

2770

-



18770

2850

2502



12126

2878

Борттарының биіктігі,

Көлденең мм:

бүйір



-

-



-

-



400

500



305

455



-

-



-

-

Рельстен пол деңгейіне дейін, мм


-


-


1300


1270


-


-

Ауырлық центрінің биіктігі

-

-

0,8

0,8

1,13

-

Люк саны

-

-

-

-

22

-

База, мм

-

-

9720

9294

12070

8650

Жүктің көлемі «шапкасыз», м3

-

-

18,5

15,73

-

-


Қосымша 3.Автомобилдердің негізгі техникалық параметрлері

Автомобиль маркасы

Жүк көтергіштігі, т

Масса, т

Айналу радиусы, м

Габариттік өлшемдері

Ішкі өлшемдері

l

b

h

l

b

h

Бортовые:

ЗИЛ-130

5,0

4,3

8,0

6675

2500

2350

3750

2325

685

ЗИЛ-131

5,0

6,46

10,2

6900

2500

2480

3600

2322

346

ГАЗ-53А

4,0

3,25

8,0

6395

2380

2220

3750

2170

680

ГАЗ-66

2,0

3,44

9,5

5655

2343

2440

3330

2050

890

УАЗ-451ДМ

1,0

1,51

6,0

4460

2044

2040

2600

1870

470

УРАЛ-377

7,5

7,28

10,5

7600

2500

2620

4500

2326

715

МАЗ-600

7,5

6,50

8,5

7330

2650

2640

4860

2325

605

КамАЗ-53202

8,0

7,50

9,5

8295

2496

3370

6100

2320

500

Самосвалы:

ЗИЛ-ММЗ-555

4,5

4,58

8,8

5475

2420

2500

2995

2210

650

МАЗ-205

6,0

6,60

8,8

6065

2638

2430

3000

2000

600

МАЗ-503Б

7,0

6,80

7,5

5785

2600

2640

3280

2284

670

КрАЗ-229Б

10,0

12,05

10,5

8190

2650

2780

4585

2430

800







Қосымша 4. Әмбебап контейнерлердің негізгі параметрлері

Тип

Брутто массасы, т

Сыртқы өлшемдері, мм

Ішкі өлшемдері, мм

Ішкі көлемі, м3

l

b

h

l

b

h


Ірі тонналы

1АА

30

30,48

12192

2438

2591

11988

2330

2350

65,5

30

30,48

12192

-

2438

-

-

2197

61,3

1АХ

30

30,48

12192

-

2438

-

-

*

*

1ВВ

25

25,40

9125

-

2591

5931

-

2350

48,8

25

25,40

9125

-

2438

-

-

2197

45,7

1ВХ

25

25,40

9125

-

2438

-

-

*

*

1СС

24

24,00

6058

-

2591

5887

-

2350

32,1

24

24,00

6058

-

2438

-

-

2197

30,0

1СХ

24

24,00

6058

-

-

-

-

*

*

10

10,16

2991

-

-

2802

-

2197

14,8

1ДХ

10

10,16

2991

-

-

-

-

*

*

Орта тонналы

УУКП-5(6)

5

6

2100

2650

2591

1950

2515

2310

11,3

УУКП-5

5

5

-

-

-

-

-

2310

-

УУК-5

5

5

-

-

2400

-

-

2310

10,3

УУК-5У

5

5

2100

2650

2400

1950

2515

2128

5,1

УУКП-3(5)

3

5

-

1325

2591

1980

1225

2380

5,7

УУК-3(5)

3

5

-

-

2400

1980

-

2128

5,1

УУК-3

3

3

-

-

2591

1980

-

-

5,1




Қосымша 5. Вагон-сағат, локомотив –сағат құны, тенге

Маневрдегі локомотив-сағ

1230

Вагон тип байланысты; Вагон-сағ:

Жабық

Жартылай

Платформа


59

15

11


Қосымша 6. Вагондарды тиеудің техникалық уақыт (Нвр) және ауысымнық өнім (Нвр) нормалары, техникалық тиелу шамасы (Ртех), қосымша өткелдер коэффициенті (Кдоп).

Жүктер

Нвр.

Нвыр.

Ртех

Кдоп

Тиеу

Түсіру

Тиеу

Түсіру


Дара жүктер

0,248

112,9

30-45

1,55-1,7

Картофель

-төгілген

-сеткада


0,648

0,432


10,8

16,2


45-50


1,7

Ауыр салм. жүктер

0,119

177

55,2

1,6-1,75

Астық

0,153

0,203

45,8

34,5

63

1,1-1,2

Тас

0,246

28,4

63

1,7-1,8

Гразий

0,0247

0,297

283

236

60-70

1,3-1,5

Щебень

0,0295

0,354

237

198

63

1,3-1,5

Песок

0,0206

0,0235

340

298

60-70

1,3-1,5

Флюсы

0,324

0,171

21,6

41

63

1,3-1,5

Руда

0,0324

0,0389

216

180

63

1,3-1,5

Уголь

0,0220

0,0262

318

267

60-70

1,3-1,5

Цемент

0,0178

0,0137

392

510

60-70

1,3-1,5

Известь

0,933

0,843

7,5

8,3

63

1,3-1,5

Кирпич

0,399

0,395

17,5

17,7

63

1,5

Трубы

0,0435

322

40

1,3-1,5

Темір-бет.өні

0,038

183

30-50

1,5-1,6

Бумага

0,0645

108,5

30-45

1,55-1,7

Тыңайтқыш

0,0493

0,0593

142

118

45

1,3-1,7

Чугун

0,244

0,233

28,7

30

60-65

1,55-1,7

Рельсы

0,0377

371

55-60

1,3-1,5

Прокат

0,270

0,225

25,9

31,1

55-60

1,3-1,5

Колесн.тех

0,467

0,368

15

19

55,2

1,5-1,7

Ұн

0,0345

203

30-55

1,55-1,7

Комбикорм

0,389

0,357

18

19,6

45-50

1,1-1,2

Қант

0,959

7,3

30-55

1,55-1,7

Мақта

0,314

0,279

22,3

25,1

45-50

1,55-1,7

Кругл.лес

0,714

0,186

9,8

37,7

40-55

1,5

Тақта

0,642

0,543

10,9

12,9

35-50

1,3-1,5

Шпалы

0,515

0,166

13,6

42,1

45-55

1,5

Кокс

0,0366

0,0440

191

159

55-63

1,1-1,2

Нефть



63-65


Шынжыр табанды.тех.

0,538

0,467

13

15

55-60

1,5-1,7


Қосымша 7. Двигатель қуаты, кВТ

Механизмдер атауы


Механизмдер түрі

1

Автопогрузчики

4043

4008

4013

4075


Двигатель қуаты, кВТ

70

104

70

115

2

Электропогрузчики

ЕТ-501

ЕТ-506

ЕТ-506,1

ЕТ-511


Двигатель қуаты, кВТ

1,1

8,0

6,2

6,3

3

Кран

КД-05

КК-6

ККС-10

КДКК-10


Двигатель қуаты, кВТ

23,3

51,5

42,0

54,2



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тиеу-түсіру жұмыстары және қойма операцияларының технологиясы мен механикаландырылуы

Автор: Туменбаев Даурен Кыдырбекович

Дата: 14.06.2017

Номер свидетельства: 421741


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства