Шығармашылық диктант
1. Берілген түбірлерден туынды сөз жаса, сондай сөздер кездесетін мақал-
мәтелді есіңе түсір.
Еңбек, жол, мақтан, ақыл, мал, ел, жыр, жел, сен, өнер, күл.
2. Мына сөздердің түбірін тап, жалғанып тұрған сөз тудырушы ма, сөз түрлендіруші жұрнақ па? Олардан алдымен тіркес жаса , сөйлем құра.
Мазасыздану,дәріхана,оқытушы,майлы,бұлттану,жаңбырлы,ерекшелік,сәнді,сәнқой,көтеріңкі,көгілдір,білгіш,айтқан,бармаған,жақсылық,таңбалы,суретте,қасиетті,үлкендеу,алыңқыра,келетін,келгіште,қабаған,апай,үйшік,үлкенірек.
3.а) Мына жұрнақтарды «шаш» сөзінің антониміне жалғасақ, қандай түбірлес сөздер пайда болады?
-ын, -а, -қы, -улы, -л, -ыс, -ғыш.
ә) «түнеу» сөзінің синонимін пайдаланып,түбірлес жаса.
-ақ, -шыл, -сыз.
б) «тар» сөзінің антонимінен түбірлес сөздер жаса.
-ей, -іт, -шілік.
в) «аз» сөзінің антонимінен түбірлес сөздер жаса.
- ей, -шілік, -шіл, -сін, -те.
4.Төмендегі сөздердің қайсысы түбір сөз,қайсысы туынды сөз?
Әңгіме, әңгімені, әңгімеле, дос, достық, үн, үнсіз, сурет, суретші, ас, астық, мақтан, мақтаныш, серуенде, же, жеміс, сый, сыйлық, жылы, жылын, ки, киім, жи, жиын.