kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Олимпиадные задания по казахскому языку 9 класс (тестовые задания)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Олимпиадалы? тапсырмалар

                                               9 сынып

  1. Мазм?ндама/?зге ?лт ?кілдері/, шы?арма/?аза?/                                              / 25 ?пай/
  1. Тест                                                                                                                        /20 ?пай/
  2. М?тінді о?ып,  ?ыс?а т?рде мазм?нын ауызша айту.                                        /6 ?пай/

Бізді? елімізде ша?ын ж?не орта к?сіпкерлік ?ызметпен айналысатын адамдарды ша?ын ж?не орта к?сіпкерлер деп атайды. К?сіпкерлер ?здеріні? жеке фирмасын, серіктестігін, акционерлік ?о?амын, та?ы бас?а ша?ын бизнес т?рлерін ??рады. К?сіпкерлер ?з к?сібіне ?аржыны ?зі табады. Олар мемлекетке салы? т?леп отырады. Сондай-а? халы?ты? т??рмысына, м?дениетіне, денсаулы?ына ?олдау к?рсетіп, ?айырымдылы? шаралар?а ?атыса алады.  

  1. Т?ра?ты с?з тіркестеріні? баламасын тауып жазу.                                            /3 ?пай/

Тіл табысу-

Тілін ж?тып ?ою –

Тілде тиек жо? - 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Олимпиадные задания по казахскому языку 9 класс (тестовые задания) »

Олимпиадалық тапсырмалар

9 сынып

  1. Мазмұндама/өзге ұлт өкілдері/, шығарма/қазақ/ / 25 ұпай/

  2. Тест /20 ұпай/

  3. Мәтінді оқып, қысқа түрде мазмұнын ауызша айту. /6 ұпай/

Біздің елімізде шағын және орта кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдарды шағын және орта кәсіпкерлер деп атайды. Кәсіпкерлер өздерінің жеке фирмасын, серіктестігін, акционерлік қоғамын, тағы басқа шағын бизнес түрлерін құрады. Кәсіпкерлер өз кәсібіне қаржыны өзі табады. Олар мемлекетке салық төлеп отырады. Сондай-ақ халықтың тұүрмысына, мәдениетіне, денсаулығына қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларға қатыса алады.

  1. Тұрақты сөз тіркестерінің баламасын тауып жазу. /3 ұпай/

Тіл табысу-

Тілін жұтып қою –

Тілде тиек жоқ -

5. Сөйлемдерді жалғастыру. /3 ұпай/

ХХІ ғасыр Қазақстан жастарының алдына жаңа ........ .

Нарық заң талабына сай болу үшін ........ ........... игеруге ұмтылу керек.

  1. Келесі сөйлемдерді жақшадағы сөздердің керектісімен жалғастырыңдар. /2 ұпай/

Көп тіл білетін адамды ....... деп атайды. /бизнесмен, полиглот, промоутер/

Қазіргі кезде ыңғайлы байланыс құралдарының бірі боп ....... табылады. /радио, теледидар, интернет/

  1. Төл сөзді сөйлемдерді төлеу сөзді сөйлемдерге айналдыру. /3 ұпай/

«Келешек – өткен тарихты қорғау» - дейді О.Сүлейменов.

Маған әкем: « Әмірені тыңдаған адам бақытты»,- деп айтушы еді.

8. 1.Қазақ әдебиетінің кезеңдері.

2. « Шығыстың Аристотелі» деп кімді атаған?

3. «...Әкем қаһанды хан қылған,

Шешем қатынды паң қылған

Теңдесі жоқ тәңірім –

Көк аспанның әмірі.

Тозбасын деп түркілер

Хан бол деп ел бағына,

Отырғызды тағыма.

Бірақ елім бай емес,

Ерлігіне сай емес » - өлең жолдары қай жырдан алынған? /10 ұпай/

  1. Сөйлемдерді салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын табу.Сөйлем

мүшелеріне талдау. /3 ұпай/

1. «Қазақстан -2030» - еліміздің даму болашағы.

2. Елбасының бағдарламасын біз қолдаймыз, өйткені мұнда еліміздің даму болашағы .

10. Ерлік, батырлық туралы 5 мақал-мәтілді жазу /5 ұпай/



Ең жоғары ұпай – 80 ұпай






















































Олимпиадалық тапсырмалар

10 сынып


  1. Мазмұндама /өзге ұлт өкілдеріне/ /25 ұпай/

  2. Шығарма / қазақ балаларына/ /25 ұпай/


  1. Шашылған сөздерден сөйлем құру, синтаксистік талдау жасау, құрмалас сөйлемдер жасау. /2 ұпай/

    1. Адамның, және, досы, сенімді, көмекшісі, орман.

    2. Ылғалдықты, сақтауға, жерде, ол, көмектеседі.


  1. Суретпен жұмыс. /5 ұпай/

Диалог, монолог құрастыру.


  1. Туған жер, Отан туралы 5 мақал-мәтел. /5 ұпай/


  1. Мәтінмен жұмыс /5 ұпай/

а/ қазақшадан орысшаға аудару.

ә/орысшадан қазақшаға аудару.


  1. Салыстыру. /3 ұпай/

а/ және, мен, пен, бен

ә/ма,ме, па,пе, ба,бе

б/ үшін, туралы, кейін, дейін

Ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?


  1. Қатесін тауып, дәлелде: /2 ұпай/

мектепім

  1. 1. «О, Сарыарқа, Сарыарқа!» өлеңінің авторы кім?

2. «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» аталған ақын.

3. Мынау заман қай заман?

Азулығы бар заман,

Азусызға тар заман...

Зарлығының белгісі,

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген.

Мұның өзі – тар заман, - өлең жолдары кімдікі. /10 ұпай/


  1. 1. Шешеңнің әкесі саған кім болады? /3 ұпай/

2. Әпкеңнің күйеуі саған кім болады?

3. Бір отбасындағы екі қыз бала қалай аталады?


  1. Тест. /20 ұпай/

Ең жоғары ұпай – 80 ұпай



Олимпиадалық тапсырмалар

11сынып


1.Мазмұндама.


2.Шашылған сөздерден салалас құрмалас сөйлем жасау, синтаксистік талдау жасау.

Түркістанға, келген,орналасқан,мұнда, Сайрам, қалалардың, Қожа Ахмет, бірі, дүниеге, жақын.

3. «Туған жердің табиғаты»

Диалог, монолог құрастыру.


4.Туған жер, Отан туралы 5 мақал-мәтел.


5.Мәтінмен жұмыс

а/ қазақшадан орысшаға аудару.

ә/ орысшадан қазақшаға аудару.


  1. Жуынды, айтқызды, тазаланды, жинасты сөздерінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?


  1. Қатесін тауып, дәлелде:

Ол оның әкеге хат жазды.


  1. 1. «Бес арыс» деп кімді айтады? Олардың қандай шығармаларын білесің?

2. «Абай жолы» романын жазған жазушы.

3. Қандай көркем құралдарын білесің, оларды ата.


  1. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – біздің табыстарымыз!» тақырыбы бойынша әңгімеле.


  1. Тест.












10 сыныпқа арналған олимпиадалық тесттер


  1. «Қазақстан – 2030» Республика Президентінің несі?

а/ бағдарламасы

ә/ жолдауы

б/ баяндамасы

  1. Есіл өзенінің бойында орналасқан қала?

а/ Алматы

ә/ Астана

б/ Қызылорда

  1. «Жеті Жарғы» заңы қай ханның тұсында жазылған?

а/ Есім хан

ә/ Абылай хан

б/ Тәуке хан

  1. Келесі сызба бойынша жасалған сөзді табыңыз

а/ мүмкіндіктер

ә/ гуманистік

б/ тәуелсіздік

  1. «Астана – Бәйтерек» кешенінің биәктігі

а/ 97 метр

ә/ 98 метр

б/ 99 метр

  1. «Мектепке келді» сөз тіркесінің түрін анықта.

а/ матасу

ә/ меңгеру

б/ қабысу

  1. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологизмінің баламасын тап.

а/ жақсы

ә/ жуас

б/ тәртіпті

  1. «Көмектесті» сөзі қай етісте тұр?

а/ ырықсыз етіс

ә/ өзгелік етіс

б/ ортақ етіс

  1. а,е жалғауы қай септіктің жалғауы?

а/ табыс септік

ә/ барыс септік

б/ жатыс септік

  1. ғана, қана, тек демеуліктің қай түрі?

а/ нақтылық

ә/ күшейткіш

б/ шектік




11 сыныпқа арналған олимпиадалық тесттер


1.Қазақстанның егемендік алған жылы.

а/ 1990

ә/ 1988

б/ 1995

2. Ақмола облысының орталығы.

а/ Ақмола

ә/ Алматы

б/ Көкшетау

3.«жақсы оқиды» сөз тіркесінің тіркес түрін анықта.

а/ қиысу

ә/ матасу

б/ жанасу

  1. «қысы-жазы» күрделі сөзінің жасалуын анықта

а/ біріккен сөз

ә/ қос сөз

б/ сөз тіркесі

  1. «айтқызды» сөзінің етіс түрін анықта

а/ ырықсыз етіс

ә/ өзгелік етіс

б/ ортақ етіс

  1. «таяқ тастам жер» фразеологизмінің бамасын тап

а/ жақын

ә/ алыс

б/ тез

  1. Есімшелі сөз тіркесін тап

а/ оқыған азамат

ә/ жақсы оқыған

б/ оқыған жоқ

  1. «бармақпын» сөзінің шағын анықта?

а/ өткен шақ

ә/ келер шақ

б/ ежелгі өткен шақ

  1. «оған» есімдігінің септігін анықта.

а/ табыс септік

ә/ барыс септік

б/ шығыс септік

  1. «қала» сөзінің синонимын тап.

а/ жаран

ә/ қаһар

б/ шаһар


Мазмұндама

Ащы балмұздақ.

Онда жаз болатын. Қолында торы бар Боташ дүкенге келе жатты. Қарсы алдынан көрші Смайыл аға жолықты. Оның торында төрт қатығы бар екен.

-Қайда барасың? – деді ол, Боташқа күлімдей қарап.

-Дүкенге.

-Қатық алмақпысың?

- Иә.

-Қатық таусылып қалыпты. Бүгін аз әкеліпті, адам да көп болды,- деді Смайыл аға Боташқа. Боташ қиналып қалды.

-Жарайды. Мына қатықтың екеуін ала ғой. Ақшасын бідің үйге апарып берерсің,- деді.

Бірақ Боташ ақшасын бермеді. Анасына айтпай ол ақшаға балмұздақ алып жеді.

Қыс түсті. Смайыл аға жаңа пәтер алып, қаланың басқа ауданына көшіп кетті.

Бірде Боташ кітап дүкеніне кірген. Бір суретті кітапшаны сатып алды. Альбом жасау үшін маркалар керек еді, қымбат екен, ақшасы жетпеді. Сол кезде оның көзі дәл төбесінен өзіне күле қарап тұрған Смайыл ағаға түсті. Ол Боташтың қынжылып тұрғанын көріп, әлгі маркаларды сатып әперді.

-Тоңып қалма. Күр суық,- деді ол Боташқа аса қамқорлықпен қоштасып тұрып. Боташ болса үн қатпады. Екі қатықтың ақшасын қайтарып бермегеніне өкінді. Сондағы тәтті балмұздақ қазір тым ащы сезілді.

/Ә.Баубеков/



Достар.

Қазыбек пен Қалкен киноға келе жатты. Екеуі де көңілді. Қазыбек Қалкенге бұрылып:

-Қалкен, есептен «екі» алғаныңды апаң біле ме?- деп сұрады.

-Жоқ. Ақырын,- деді Қалкен жан-жағына қарап алып, сыбырлап, - апам оны білсе мені киноға жібере ме. Баяғыда-ақ ұрсып-ұрсып, үстелге шегелеп қоймай ма.

-Апаң сондай қатал кісі сияқты емес қой.

-Баласы үйге екілік баға әкелсе, қандай ана ренжімейді дейсің.

-Қалкен, мен саған есептен көмектесейін. Алдымен бүгінгі екіні жоятын болайық.

-Менің қарсылығым жоқ,- деп Қалкен қуанып кетті.

-Досына қиындық үстінде қол ұшын бермеген адам жолдас бола ала ма? Кешке міндетті түрде сіздің үйге барамын. Сенің алған екілігің маған да қойылған баға деп есепте.

-Сен өміріңде екілік алып көрген жоқсың ғой, - деп таңдана қарады Қалкен досына.

- Екі алмасам, кеше алдым. Оны ертең төртке түзетеміз,- деп Қазыбек жолдасына сенім артты.

/М.Төрежанов/










9 сыныпқа арналған тест сауалдары


1. “Сұлу” сөзінің синонимін табыңыз.

  1. A) Көп.

  2. B) Атақты.

  3. C) Ақылды.

  4. D) Көрікті.

  5. E) Белгілі.

2. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.

A) Нүкте.

B) Белес.

C) Жалғыз.

D) Жеңіс.

E) Жомарт.

3. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.

A) Сен дегенде сөз бар ма?

B) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.

C) Балалардың соңғы ермегі–“Ақсүйек”, “Соқыр теке”.

D) “Келешек- өткен тарихты қорғау”, - дейді Олжас Сүлейменов.

E) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

4. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді табыңыз.

A) Доссың.

B) Досқа.

C) Досым.

D) Досты.

E) Достар.

5. Сын есімнің күшейтпелі шырайын анықтаңыз.

A) Қоғамдық.

B) Төзімді.

C) Толық.

D) Қап- қара.

E) Кәсіптік.

6. Шылауы бар сөйлемді табыңыз.

A) Бүгін биге кім барады?

B) Шаңғымен төмен қарай зырлап келеді.

C) Түнде қайда болдың?

D) Халқыңа адал еңбек қыл.

E) Қанат досымен әңгімелесіп тұр.

7. Қалай, мынау, біз – сөздері қай сөз табына жататынын анықтаңыз.

A) Есімдіктер.

B) Етістіктер.

C) Сын есімдер.

D) Сан есімдер.

E) Зат есімдер.

8. Негізгі етістікті белгілеңіз.

A) Оқы.

B) Гүлде.

C) Ойла.

D) Ойна.

E) Тұзда.

9. Шылау сөздердің түрлерін көрсетіңіз.

A) Демеулік, септеулік, жалғаулық.

B) Анықтауыш, жалғаулық.

C) Бастауыш, баяндауыш.

D) Етістік, есімдік.

E) Септік жалғаулар.

10. Шақыру одағайын көрсетіңіз.

A) Цып – цып.

B) Алақай.

C) Қап.

D) Бәрекелді.

E) Тәйт.




































9 сынып оқушыларына ұсынылатын шығарма тақырыптары




1. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі кілті – білім.

2. «Пәлен жерде пайда бар,

Өз жеріңдей қайда бар?»

3. «Қос тіл – қос қанатың»






































11 сынып оқушыларына арналған шығарма тақырыптары


  1. «Бірлігімен ел берік».

  2. «Уақыт алтыннан қымбат»

  3. «Бақыт пен байлықтың иесі – еңбек»





11 сынып оқушыларына арналған шығарма тақырыптары


  1. «Бірлігімен ел берік».

  2. «Уақыт алтыннан қымбат»

  3. «Бақыт пен байлықтың иесі – еңбек»






11 сынып оқушыларына арналған шығарма тақырыптары


  1. «Бірлігімен ел берік».

  2. «Уақыт алтыннан қымбат»

  3. «Бақыт пен байлықтың иесі – еңбек»





11 сынып оқушыларына арналған шығарма тақырыптары


  1. «Бірлігімен ел берік».

  2. «Уақыт алтыннан қымбат»

  3. «Бақыт пен байлықтың иесі – еңбек»




























Олимпиада тапсырмаларын тексеретін мұғалімдерге :


Ұққанды жазуды, мазмұндама, шығарманы тексеруде келесі критерийлер ескеріледі:

  1. Тақырыпты ашу

  2. Ой жүйесі

  3. Тыныс белгілері

  4. Орфографиялық кателер

  5. Өзіндік ерекшеліктері


Суретпен жұмыс жасағанда оқушының келесі дағдылары бағаланады:

  1. Ой жүйесі

  2. Сөйлем құрағанда сөздерді дұрыс қою.

  3. Әңгімеде ережелерді пайдалану

  4. Төл сөз бен төлеу сөзді дұрыс пайдалану.


Мәтін аударуды тексергенде келесі критерийлерді ескеру керек:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқуы

  2. Әрбір сөйлемді аударғанда негізгі ойын тану

  3. Қорытынды жасай білуі.


Тест орындауында оқушылар әрбір жауапқа 2 ұпай алады.


Әдебиет сұрақтарына жауап бергенде оқушылар сұрақты оқып, толық жауап беру керек.

Егер әдеби шығармадан үзінді бойынша жауап беретін болса, алдымен үзінді мәнерлеп оқып, кейін сұраққа жауап береді.






















Олимпиаданың мектепішілік турын өткізуге

жауапты мұғалімдер


Өткізілетін уақыты – 30.10.2010 Басталуы – 12-00 сағат


Пән

Кабинет

Сыныптар

Оқыт.тілі

Жауапты мұғалімдер

Қазақ тілі

4

4

Орыс

Нұрбаева Д.С.

Кажмағамбетова Қ.Д.

Бейсенбаева А.С.

Қазақ тілі

3

5

Орыс

Масалимова Г.Ж.

Казкенова Қ.К.

Ельтаева С.Д.

Қазақ тілі

6

6

Орыс

Мыктыбаева Н.Д,

Болат Г.Т.

Жалелова Б.К.

Қазақ тілі

34

7-8

Орыс

Машрапова А.Т.

Смаилова Р.К.

Аятова Г.К.

Қазақ тілі

13

9-11

Орыс

Жексенова А.Б.

Талипова Ж.Е.

Сапенова Г.Т.

Қазақ тілі

35

5-9

Қазақ

Омарова А.Е.

Мусина Г.С.

Математика

информатика

5

5-9

Қазақ

Хамиева Ж.Ө.

Флорю О.Н.

Биология/химия

48

7-9

Қазақ

Барлыканова Ә.М.

Станбекова А.М.

Тарих/география

51

7-9

Қазақ

Хажихан Б.

Смагулова Б.К.

Физика

39

8-9

Қазақ

Ахметжанова А.С.

Ахмарова С.Д.

Шетел тілі

55

5-9

Қазақ

Аубакирова Ә.С

Тогумова М.М.

Орыс тілі

46

4-9

Қазақ

Шарапиденова Г.Т.

Шойынбаева Н.Н.

Қазақ тілі

Математика

Дүниетану

30

Қазақ

Әбілманова Ж.Ш.

Жазкей С.

Қайыргожина Д.К.















































Қазақ тілінен орысшаға аудару.

Сен білесің бе?

Бұл күнде Жер бетіндегі адамдардың 5000-дай тілде сөйлейтіні анықталған. Олардың ішіндегі 13-і ұлы тіл болып саналады. Бұлар: қытай, ағылшын, үнді, орыс, неміс, жапон, испан, француз, бенгал, малайя, португал, итальян, араб тілдері. Мысалы қытай тілінде миллиардтан астам адам сөйлейді.

Сонымен қатар жылдан-жылға құрып бара жатқан тілдер де бар. Лингвисттердің зерттеуі бойынша, дәл қазір 46-ға тарта тіл жоғалып кетуге жақын. Өйткені осы тілдерде сөйлейтін не бары бірде-екілі адам ғана қалыпты. Құрып кеткен эскимостың эян тілінде апалы-сіңлілі екі-ақ әйел сөйлейді екен, яғни бұл тіл осы екі әйелмен кетеді деген сөз.

Тіл жоғалса, этнос та жоқ болады.


Орыс тілінен қазақшаға аудару.

Из истории государственных символов.

Флаг – один из древних государственных символов. Флаг появился впервые пять тысяч лет назад на Ближнем Востоке. Это были флаги с изображением птиц, зверей, богов. Самый древний флаг найден в Иране. Он занесен в книгу рекордов Гиннеса. Этот флаг выполнен из четырехугольного металла. На национальных флагах каждой страны используются изображения различного цвета. Наиболее часто встречаются трехцветные флаги.



Қазақ тілінен орысшаға аудару.

Сен білесің бе?

Бұл күнде Жер бетіндегі адамдардың 5000-дай тілде сөйлейтіні анықталған. Олардың ішіндегі 13-і ұлы тіл болып саналады. Бұлар: қытай, ағылшын, үнді, орыс, неміс, жапон, испан, француз, бенгал, малайя, португал, итальян, араб тілдері. Мысалы қытай тілінде миллиардтан астам адам сөйлейді.

Сонымен қатар жылдан-жылға құрып бара жатқан тілдер де бар. Лингвисттердің зерттеуі бойынша, дәл қазір 46-ға тарта тіл жоғалып кетуге жақын. Өйткені осы тілдерде сөйлейтін не бары бірде-екілі адам ғана қалыпты. Құрып кеткен эскимостың эян тілінде апалы-сіңлілі екі-ақ әйел сөйлейді екен, яғни бұл тіл осы екі әйелмен кетеді деген сөз.

Тіл жоғалса, этнос та жоқ болады.


Орыс тілінен қазақшаға аудару.

Из истории государственных символов.

Флаг – один из древних государственных символов. Флаг появился впервые пять тысяч лет назад на Ближнем Востоке. Это были флаги с изображением птиц, зверей, богов. Самый древний флаг найден в Иране. Он занесен в книгу рекордов Гиннеса. Этот флаг выполнен из четырехугольного металла. На национальных флагах каждой страны используются изображения различного цвета. Наиболее часто встречаются трехцветные флаги.










Олимпиадалық тапсырмалар.

  1. сынып


І. Мазмұндама. /30ұпай/

ІІ. Мәтінмен жұмыс.


Ерте заманда бидай жабайы өседі. Сол кездері тамыры мықты арам шөптер ақ бидай өсіп тұрған жердің ылғалын тартып алады, биіктері оған сәуле түсірмеуге тырысады.

Сөйтіп, ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай береді. Ақырында ол өлер халге жетеді. Үст інен әрлі-берлі ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне ешкім құлақ аспайды. Кейбір құстар ақ бидайдың әлі жас дәнін шоқып кетеді.

Енді «өлдім ғой»деген сәтте ақ бидайға садақ асыған , аң аулап жүрген адам тап болады. Бидай адамға мұңын шағады.

Адам найзасын бұтаққа сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы арамшөптің бәрін отап, тып-типыл етеді. Бидайға ауыз салып жатқан тамырларды найзаның ұшымен қопарып тастайды. Сонан соң ағып жатқан бұлаққа барып, қос уысын толтырып, су алып келеді.

Әлсіреп қалған бидай мөлдір суға рақаттана қанып, бой түзеп, құлпырып өсе береді. Содан бері бидайды адамдар өсіретін болыпты.


Тапсырмалар:

  1. Мәтінге ат қойыңдар. /2 ұпай/

  2. Жоспар құрыңдар. /10 ұпай/

  3. «Айналасындағы» сөзінің жасалу жолын көрсетіңдер. / 5 ұпай/

  4. Келесі қатарды жалғастырыңдар:

Бидай, арпа, ...., .......

Егінші, комбайншы,....., .... , ....., .......

Бауырсақ, күлше нан, ..... /3 ұпай/

  1. «Сол кездері тамыры мықты арам шөптер ақ бибыңадай өсіп тұрған жердің ылғалын тартып алады, биіктері оған сәуле түсірмеуге тырысады».-

сөйлем мүшелеріне талдап, сипаттамасын беріңдер. /10 ұпай/

  1. «жалбарынады», «мұңын шағады», «құлақ аспайды» -сөздерінің баламасын табыңдар. /5 ұпай/

  2. «мықты», «құлпырады», «мөлдір» сөздерінің антонимдерін табыңдар. /5 ұп/


ІІІ.Өлеңді талдаңдар:

Ерлік, елдік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,-

Нұрлы жұлдыз- бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Таралған түрік балаларын бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

/тақырыбы, идеясы, көркем құралдары/ /20 ұпай/

ІҮ. Мәнерлеп оқу. /Бағдарламадан тыс өлеңді жатқа айтыңыздар/. /10 ұпай/


Ең жоғары ұпай - 100 ұпай.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Олимпиадные задания по казахскому языку 9 класс (тестовые задания)

Автор: Машрапова Акмарал Темирбулатовна

Дата: 12.06.2014

Номер свидетельства: 103030

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Олимпиадные тесты по Истории Казахстана (8-9 классы)"
    ["seo_title"] => string(53) "olimpiadnyie-tiesty-po-istorii-kazakhstana-8-9-klassy"
    ["file_id"] => string(6) "296179"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1455951824"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства