kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі. Оқылым.Тыңдалым.Лексика-грамматикалық тест. /Орыс мектебінің 11-сынып оқушыларына арналған/

Нажмите, чтобы узнать подробности

2016-2017 оқу жылында мектепті бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілетін болды.

Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша бітірушілердің қорытынды аттестаттауы олардың тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген оқу пәндерін  меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім деп көрсетілген.    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі. Оқылым.Тыңдалым.Лексика-грамматикалық тест. /Орыс мектебінің 11-сынып оқушыларына арналған/»




Аудирование


Чтение


1.Қозыбасы қандай атауға жатады?

А) елді мекен

В) аудан орталығы

С) тарихи жер

Д) құрылыс атауы Е) өзен атауы



1.Жолаушылар қайда бара жатады?

А) Төле биге

В) Сырым батырға

С) Жәңгір ханға

Д) Тойлауға Е) Ауылға



2.XV ғасырда құрылған қазақ хандығы қайда шаңырақ көтерді?

А) Сырдарияда

В) Қозыбасыда

С) Сайрамда

Д) Түркістанда

Е) Әулиеатада



2.Олар жолда кімге жолығады?

А) әйелге

В) балаға

С) жаушыға

Д) ханға

Е) жолаушыға



3.Қазақ хандығының ең алғашқы билеушілері кімдер болды?

А) Керей мен Жәнібек

В) Жәңгір хан

С) Абылай хан

Д) Қасым мен Тәуке хан

Е) Хақназар мен Есім хан



3.Жолаушыларға кездескен адам оларға не табыстайды?

А) Ханға арналған сыйлық

В) Сырым батырға аманат

С) үлкен дорба

Д) қомақты қаржы

Е) қызық кітап



4.Шоқы неге Қозыбасы деп аталған?

А) Шоқының бітімі қойдың басына ұқсас болғандықтан

В) Қазақ даласында кездесетіндіктен

С) Сол өңірде қой-қозылар көп жайылғандықтан

Д) Шоқының бітімі қозының басына ұқсас болғандықтан

Е) Төрт түлік мал көп болғандықтан



4.Жолаушыларға кездескен адам кім болып шығады?

А) Сырымның қарындасы

В) Бір жолаушының әпкесі

С) Ханның қызы

Д) жаудың адамы

Е) көршінің қызы


5.Қозыбасы қай өңірде орналасты?

А) Жамбыл облысы, Байзақ, Жамбыл аудандары

В) Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы

С) Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы

Д) Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы

Е) Жамбыл облысы, Мойынқұм, Шу аудандары


5.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз?

А) Оқ жетпес жерге кылыш суырма.

В) Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

С) Аманатқа қиянат жасама

Д) Ырыс алды ынтымақ.

Е) Күш атасын танымайды.









ЛЕКСИКО-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ


1. Тұрақты тіркестерге ортақ мағына



?

сақалын сипап қалу

тақырға отырғызып кету

мұзға отырғызып кету

A) сөйлеу

B) мадақтау

C) күлу

D) қалжыңдау

E) алдау


2. Сену, нану сөздеріне синоним болатын диалект сөзді белгілеңіз.

A) Ұялу.

B) Қату.

C) Көну.

D) Қағу.

E) Илану.


3. Берілген сөйлемнің ішінен тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз.

Омар берілген тапсырманы дұрыс орындады.

A) Орындады.

B) Тапсырманы.

C) Омар.

D) Берілген.

E) Дұрыс.


4. Тізбекке қажетті термин сөз: дыбыс, буын, екпін, интонация

A) морфология

B) орфография

C) фонетика

D) грамматика

E) лексика


5. Буын үндестігі сақталмаған қос сөзді көрсетіңіз.

A) Пара-пар.

B) Көстең-көстең.

C) Көршілес.

D) Салқын қанды.

E) Көрпе-жастық.


6. Туынды сөзді табыңыз.

A) Қақ.

B) Шегеле.

C) Ірімшік.

D) Шелек.

E) Құрт.


7. Топтау сан есімді табыңыз.

A) Отыз.

B) Отыз-отыздан.

C) Отызға жуық.

D) Отызыншы.

E) Отыз шақты.



8. Барыс септік жалғауын көрсетіңіз.:

A) -ды, -ді.

B) -нан, -нен.

C) -мен, -бен.

D) -ның, -нің.

E) -ға, -ге.


9. Сөйлемге қажет тыныс белгісін көрсетіңіз.

Қарашы, қандай әдемі құстар еді

A) Үтір.

B) Леп белгісі.

C) Сұрақ белгісі.

D) Нүктелі үтір.

E) Көп нүкте.




10. Тұрақты тіркестерге ортақ мағына

Ит терісін басына қаптады.

Жер жебіріне жетті.

A) ұрысты

B) сөгіс берді

C) соқты

D) ұрды

E) айбаттанды


11.Көптік мағына беріп тұрған жалғауды табыңыз.

А) Ауылдың маңы - терең сай.

В) Тәуелсіздік біздің арманымыз еді.

С) Үй жиhаздарын жинау.

D) Білімдіден шыққан сөз.

Е) Отаным - бақыт ордасы.


12. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

A) Қара бұрыш.

B) Мен менсу.

C) Той топыр.

D) Мен десе.

E) Қақ шеке.


13. Туынды сын есімді тіркесті табыңыз.

A) Терең өзен.

B) Сұр пальто.

C) Биік жартас.

D) Аласа үй.

E) Құлынды бие.



14. Диалект сөздерді көрсетіңіз.

А) Оның, соған,тасбиық.

В) Бөз, боз.

С) Көпшік, дарбаза.

D) Орман, тоғай.

Е) Қара, ат.


15. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

А) Дәрежесі үлкейген екен.

В) Олар үйін үлкейтіп салуда.

С) Атамның жасы үлкейді.

D) Бекболаттың көзі үлкейіп барады.

Е) Қарны үлкейді, қампиды.


16. Омонимді белгілеңіз: "Ол сенен он жас үлкен".

А) сенен

В) үлкен

С) он

D) ол

Е) жас


17. «Арқанның ... жақсы, әңгіменің ... жақсы» мақалына сай келетін антонимдік жұпты табыңыз

А) алыс – жақын

В) қатты – жұмсақ

С) ұзыны – қысқасы

D) көп – аз

Е) сулы – құрғақ


18. Дара етістікті көрсетіңіз

А) су жылжып ағып жатыр

В) Марат ерте тұрып кетті

С) Асқар бүгін не ертең келеді

D) балалар ойнап жүр

Е) олар бір-бірімен әңгімелесіп отыр



19. Сөйлемдегі тыныс белгілердің қойылу себебін көрсетіңіз.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!

A) Көңіл күйін білдіретін сөйлемдегі ой аяқталмай қалған.

B) Екі ұдай сезіммен айтылған сөйлем.

C) Төл сөз бен автор сөзі қатысқан сөйлем.

D) Жалғаулықсыз қарсылықты құрмалас сөйлем.

E) Ой аяқталмай үзіліп қалған сөйлем.



20. Себеп бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды

B) Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп еді

C) Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды

D) Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шықты

E) Наурыз туса да, қыстау әлі қыстың қатаң кәрінде болатын


Чтение

1-мәтін.

Сырымның үш қасиеті


Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса, алдарынан әйел шығады. Олар жөн сұрасады. Әйел жолаушылардың Сырымға бара жатқанын біледі. Әйел жолаушыларға беріп жіберетін аманаты бар екенін айтып, сон ы Сырымға жеткізуді өтінеді.

- Ол не аманат, жеңіл ме, ауыр ма? - деп сұрайды жолаушылар.

- Қадірін білсеңіз, жеңіл де емес, алып жүруге ауыр да емес,- дейді де, әйел басындағы орамалын шешіп, бір тал шашты төбесінен, бір тал шашты желкесінен, бір тал шашты маңдайынан жұлып алып, жолаушыларға береді. Содан кейін оң жақ қолтығынан бір жапырақ шүберек жыртып береді. Тезек теріп жүрген қабының бір бұрышын жыртып алып, оны да Сырымға жеткізуін өтінді. Жолаушылар “Мұны кім берді деп айтамыз!” - дегенде, әйел: “Сырымның өзі біледі”, - деп жауап қайтарады. Жолаушылар Сырым аулына келіп, болған мән-жайды айтып, аманатын тапсырады.

- Сендер мұны не деп шештіңдер? - дейді Сырым.

Жолаушылар:

- Шеше алмадық, - дейді.

- Бұл әйел Байбақты баласы көрінеді, елден ерте кеткен екен. Желкеден шаш алғаны - туған жерім, туысқан елім артымда қалды дегені. Төбеден шаш алғаны - содан бері мына бастан бірталай уақыт өтті дегені. Маңдайынан шаш алғаны - әлі жаспын, өмірден үмітім бар дегені. Көйлектің оң жақ қолтығынан шүберек жыртып бергені - қолтықта бауыр бар. Мен сенің бауырыңмын дегені. Байбақтының баласы екенін осыдан білдім. Қаптың бұрышын бергені - үйге тезекпен кіріп, күлмен шығып, күң болып жүрмін дегені, - дейді Сырым.

Біраз күн өткен соң, Сырым әйелдің аулына келеді. Мұндағылар қонақты жақсы қарсы алады. Ертеңіне ауылдың бір үлкен ақсақалы:

- Не жұмыспен келдің? - деп сұрайды.

Сонда Сырым:

- Саған арзан, маған қымбат, сенің қолыңда менің бір сүйегім - қарындасым жүр екен. Пұлын алып бересің бе, құнын алып бересің бе? -дейді.

- Бұрын сен ол қарындасыңды көріп пе едің? - дейді ақсақал.

- Жоқ, көргенім жоқ,- дейді Сырым.

Сонда ақсақал:

- Бір түсті киінген қырық әйел, қырық еркек қарама-қарсы жүреді. Сол уақытта бір-біріңді танысаңдар, бірге ауылдарыңа қайтыңдар. Танымасаңдар, ол осында қалады, - дейді.

Сөйтіп, қырық еркек пен қырық әйел қарама-қарсы жүргенде, көп әйелдің ортасында келе жатқан Байбақтының қызы қасындағы әйелдің құлағына:

- Анау қырық адамды бастап, қырық бірінші болып келе жатқан менің ағам Сырым, - деп сыбырлайды. Сырым да Байбақты қызын тани кетеді. Сонда ақсақал:

- Бір-біріңді қалай таныдыңдар? - деп сұрағанда Сырым:

- Қырық әйелдің отыз тоғызы өтіп бара жатқан еркектің бәрінің бетіне қарап, санап шықты. Ал мына әйел қатарынан асып кеткенше, менен көзін аудармады. Содан таптым, - дейді.

Ақсақал әйелден:

- Сырымды қалай таныдың? - деп сұрағанда ол:

- Сырымда ерекше үш қасиет бар: біріншісі - батырға біткен тұлғасы, екіншісі - өжет мінезі, үшіншісі - асқан даналығы бар деп еститін едім. Сырым маған толық денелі, кең кеуделі, шалқақ төсті, жолбарыс бетті болып көрінеді. Басы да елден ерек, торсық шекелі екен. Ағамды осыдан




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Сугирбекова Айман Избасаровна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391770


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства