М?сіреповті ма?тауды? керегі жо?,
М?сіреповпен ма?тану керек.
Зейнолла ?абдолов
?абит М?сірепов - ?аза? ?дебиетіні? проза, драматургия, к?семс?з, ?деби сын салаларыны? дамуына е?бегін сі?ірген ?лкен суреткер-жазушы.
Жазушы талантын ?ай шы?армасынан болсын тану?а болады, алайда аса к?рнектілері де бар. Ел басына т?скен ауыр о?и?аларды барлы? а?и?атымен аны? айта алатын, осы бір ерекше туындыларында еліне, жеріне деген адамгершілік сезімі мен патриотты? сезімі тере?нен к?рінеді.
Просмотр содержимого документа
«Ғабит Мүсірепов. Тест тапсырмалары»
Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ,
Мүсіреповпен мақтану керек.
Зейнолла Қабдолов.
Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, көсемсөз, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген үлкен суреткер-жазушы.
Жазушы талантын қай шығармасынан болсын тануға болады, алайда аса көрнектілері де бар. Ел басына түскен ауыр оқиғаларды барлық ақиқатымен анық айта алатын, осы бір ерекше туындыларында еліне, жеріне деген адал адамгершілік сезімі мен патриоттық сезімі тереңнен көрінеді.
Жазушыға тән шеберлікпен жазылған алғашқы әңгімесі – «Қос шалқар». Қос Шалқардың қойнауында екі түрлі өмірді көргенін, екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяндайды.
Ғабит Мүсіреповтің азаматтық және қаламгерлік қасиетін айқындай түскен «Талпақ танау» мен «Шұғыла» сол кездегі қазақ әңгімесінің айтулы шығармаларының қатарына жатады. 1932 жылдың сұмдығы мен қулығы әшкереленген бұл қос шығарма – батылдығымен, қайсарлығымен бірге композиция мен сюжеті әдемі өрілген әсерлі шығармалар. «Шұғыла» - Ғабиттің азаматтық тұлғасын танытқан батыл шығарма.
Ел тұрмысы ауыр болғанымен, тірлік ағымы өз қалауын алға тарта береді. Сол жылы Ғабит өзінің өмірлік тақырыбы болған, әрқашанда сүйсініп, сүйіп жырлаған ана тақырыбына барып, жазу мәнеріндегі көтеріңкі, лепті рухтың да бастауын табады. «Ер ана», «Ақлима» сияқты әңгімелерінде адамның қаһарлы жылдардағы ерлік ісі, рухани дарқандығы жырланады. Нағима, Наталья, Ақлима, Қапия бейнесі ел рухының асқақтығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді.
«Қазақ солдатында» жауынгерлердің ұлы шайқастығы қаһармандық ерлігін жазушы үлкен патриоттық сезіммен бейнелейді. Романның қаһармандары – туған елін, халқын шексіз сүйген Отанның адал ұлдары. Олардың бойында Отан мен халық алдындағы қасиетті борышты терең ұғынудан туған биік патриоттық сезім басым. Шығарманың қаһармандары – қатардағы жауынгерлер. Олар қан майданда ғаламат ерліктер жасайды, дұшпанмен табан тірескен айқастарда қаһармандықтың, тапқырлықтың, төзімділіктің керемет өнегесін көрсетті.
Жарқын өмір сүрген біздің ардақты жерлес ағамыздың аты, оның ғасырлар бойғы өшпейтін бейнесі, жалынды патриотизмі жас ұрпақ арасында жанды әсер тудыра біледі. Бүгінгі жасқа қалған мұра көп. Қазіргі кезенде осы мұралардың асылын ала білгеніміз абзал.
Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы бойынша тест тапсырмалар.
Ғабит Мүсіреповтің туған жылын белгілеңіз.
а) 1903ж.
б) 1902 ж.
с) 1905 ж.
д)1904 ж.
Ғабит Мүсіреповтің туған жерін көрсетіңіз.
а) Солтүстік Қазақстан облысы
б) Жамбыл облысы
с) Ақтөбе облысы
д) Атырау облысы
Мүсіреповтің ауылдық мектебінде оқыған жылдарын анықтаңыз.
а) 1916-1918
б) 1918-1921
с) 1923-1926
д)1927-1928
Жазушының анасын анықтаңыз.
а) Айман
б) Сабира
с) Шолпан
д)Дина
Ғабиттің әкесінің аты кім?
а) Мұхамед
б) Махат
с) Махмұт
д)Мұхтар
Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы болған жылдарды белгілеңіз.
а) 1921-1923
б) 1923-1926
с) 1928-1932
д)1933-1934
«Ана» кітабының шыққан жылын анықтаңыз.
а) 1933 ж.
б) 1932 ж.
с) 1935 ж.
д)1934 ж.
«Ер ана» әңгімесінің басты кейіпкері кім?
а) Қапия
б) Ақлима
с) Наталья
д) Әмина
Жазушының алғашқы ұстазын белгілеңіз.
а) Бекет Өтетілеуов
б) Сабит Мұқанов
с) Шоқан Уәлиханов
д) Сапарғали Бегалин
«-Мүмкін мал шығар...
Орыстар мал деп асырайды ғой.. » - бұл сөздер қай әңгімеден?
а) «Көк үйдегі көршілер»
б) «Талпақ танау»
с) «Өмір»
д) «Ақлима»
Жазушының тұңғыш туындысын анықтаңыз.
а) «Айгүл қойшының бір күні»
б) «Ашынған ана»
с) «Жапон әңгімелері»
д) «Тулаған толқында»
«Оянған өлке» романы қай журналда жарияланған?
а) «Жаңа өмір»
б) «Ара-шмель»
с) «Әдебиет және искусство»
д) «Ақ желкен»
Ғ. Мүсіреповтің шығармаларының басты тақырыбы.
а) соғыс туралы
б) ана жөнінде
с) Отан туралы
д) достық жөнінде
«Қазақ солдаты» қай жылы жарық көрді?
а) 1950 ж.
б) 1940 ж.
с) 1960 ж.
д) 1970 ж.
«Өлімді жеңген ананы» кімнен аударды?
а) Л. Толстой
б)М. Горький
с) А.С. Пушкин
д) М.Ю. Лермонтов
Ғ. Мүсірепов 1923-1926 ж. Орынбордағы жұмысшы факультетінде кіммен бірге оқыды?
а) М. Әуезов
б) С. Беғалин
с) С. Мұқанов
д) С. Мәуленов
Өз өмірі жайлы қай әңгімесінде сипаттаған?
а) «Ер ана»
б) «Ананың арашасы»
с) «Қос шалқар»
д) «Автобиографиялық әңгіме»
Ғ. Мүсірепов 1956-1957 жылы қандай журналдың бас редакторы болып істейді?
а) «Жаңа өмір»
б) «Ара-шмель»
с) «Жұлдыз»
д) «Ақ желкен»
«Автобиографиялық әңгіме» қай жылы жарыққа шыққан?
а) 1954 ж.
б) 1963 ж.
с) 1956 ж.
д) 1967 ж.
Ғ. Мүсірепов «Халықтар достығы» орденімен қай жылы марапатталды?
а) 1981 ж.
б) 1984 ж.
с) 1983 ж.
д) 1982 ж.
Ғ. Мүсіреповке «Социалистік Еңбек Ері» атағы қай жылы берілді?
а) 1974 ж.
б) 1975 ж.
с) 1976 ж.
д) 1977 ж.
«Мақтасақ – әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді» бұл қай шығармадан?
а) «Ақлима»
б) «Ер ана»
с) «Өлімді жеңген ана»
д) «Қос шалқар»
«Қазақ солдаты» романының бас кейіпкері кім?
а) Есенғали
б) Қайырғали
с) Темірғали
д) Сапарғали
«Ұлпан» қандай шығарма?
а) роман
б) өлең
с) драма
д) жыр
«Қыз Жібек» драмасының тақырыбы қандай?
а) білім
б) махаббат
с) достық
д) ойын-сауық