kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жеміс жесен-жетілесін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға тамақтануға байланысты мәліметтер беру керек.Соның ішінде жеміс-жидектерге байланысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жеміс жесен-жетілесін»

Жеміс жесең - жетілесің.



Сабактың мақсаты:


1.Білімділік: Оқушыларға дәрумендер туралы неғұрлым мол мағлұмат беру.


2.Тәрбиелік: Дені сау ұрпақ тәрбиелеу.Қалай ауырмауға болатынын ұғындыру.Жеміс- жидектердің,көкөністердің адам ағзасы үшін пайдасын түсіндіру.

3.Дамытушылық:Өз денсаулығын сақтауға дағдыландыру.


Құрал- жабдықтар: Жеміс – жидектер,көкөністер.Құтыларға құйылған шырындар.Қатыстырылған оқушылар шығармашылығы.Жеміс, көкөністерді тағам ретінде пайдалануға насихаттау бетшесі.


.Әдісі: Көрініс түрінде өткізу.



Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Бүгінгі таңда алынған тақырып ата­-аналар және бағдарламасын игеру үшін оқушының ойлау қабілеті жоғары болу керек.Ол үшін,балалар,дендерің сау болуы қажет.

Экологиялық аймақ.Қазақстанда 8062 жалпы білім беретін мектеп бар екен.Онда 3млн. 100 мыңдай бала оқиды.Есеп бойынша балалардың денсаулығы нашарлап барады.Соңғы 5 жылда бұл мәселе 22% -ға өсіп кеткен.Балалардың денсаулығы ішетін тағамына тікелей байланысты.Статистика бойынша ағзада Fe жетісеушілігі бірінші орында тұр.

“Витамин” сөзі 100 жылдан астам уақыт пайдаланып келеді.1880 жылы Лунин тағамдардың құрамында болатынын айтқан. “Вита” латынша “өмір” деген мағынаны береді.Біз бұл сөзді дәрумен деп қазақшалағанбыз.Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 1адамға жеміс пен көкөністің 1 күндік нормасы  400гр. екен деген болжам айтып отыр (шамамен 0,5 кг).

1) Бүгін біз “дәрумендерді қайдан аламыз?” деген сұраққа жауап іздейміз.

2)Дәрумен жетіспесе қндай ауру пайда болады?

Құрметті балалар! “Тамақтану” деген өз алдына бір ғылым. Онымен көптеген адамдар айналысады.Қазастан “Тамақтану проблемалары” институтының директоры, Ғылым академиясының акдемигі Төрегелді Шарманов “Денсаулық” журналының (2002 ж ) №7 санында:“Дәрігер емдейді деп денсаулыққа немқұрайлы қарауға болмайды” деген.“Соңғы 30 жыл ішінде жеміс,көкөніс және күнбағыс майымен тамақтанамын” деп жазған.

1) –Балалар,айтыңдаршы,тағамдардың қандай түрлері болады?

Жауап:1.Ет тағамдары;2Cүт тағамдары;3Жеміс-жидектер;4Көкөністер;

2) - Ішетін тағамдарымыз қандай болуы керек?

Жауап: 1.Дәмді 2.Өте тұзды 3.Өте ыстық емес 4.Өте салқын емес 5.Таза ыдыста


1 бөлім

- Балалрдың сүйікті журналы- “Балдырғанда’ жарияланған жазушы Нұрлыбек Сафиннің

“Көкөністердің айтысы” деп аталатын қойылымды тамашалайық.

Бағбан жер тырмалап жүреді.Оқушылардың қасына келіп,оларға қарап:


Мұқалмаған жігері,

Атай әлі күшінде

Қашан көрсең жүреді,

Алма бақтың ішінде.

Ізгі еңбегі ір талға,

Жеміс болып тұрғандай.

Жеміс нәрі атайға,

Қуат беріп тұрғандай.

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді.

Ертелі кеш кетпені,

Иығынан түспейді.

Кетеді.

Бағбан (Күнбағыстың жанына келіп):

Күнбағыс-ау,күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Құйқылжисың құт алып.

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

Жуа,Сәбіз,Баклажан ұйықтап жатады.Күнбағыс түрегеліп қалғып тұрады.Кенет Күнбағыс жерден басын жұлып алады.

Күнбағыс:

-Күнді,күнді қараңдар!Шуағын сеуіп,дүниені нұрға бөліп келеді.Тұрыңдар,қане,тұрыңдар, Күнді көріңдер!

(Әрқайсысын жұлқылап оятып шығады)

Баклажан ұйқысырап:

  • Сонша айқайлап не болды сонша?


Қызанақ:

  • Соны айтшы! Ұйқымызды бұздың ғой.( Есінейді)

Күнбағыс:

  • Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты жан-жаққа көз салсаңдар болмай ма? Ғажап қой,ғажап! Күннің шығып келе жатқаны қандай керемет! Ештеңе көрмейсіңдер.Ештеңе білмей өтесіңдер ғой! Сендер тіпті ешкімге керек емессіңдер.

Баклажан мен қызанақ жылайды.

Қызанақ: Біздің пайдамыз көп.

Баклажан: Қызанақ,бауырым,сәл сабыр етші.Мен айтайын.

Сол кезде Жуа,Сәбіз,Картоп оянып кетеді.

Жуа: Не болды?

Сәбіз: Бұл не айқай?

Картоп: Сендерге не жетпейді?

Баклажан: Әуелі біліп алмайсыңдар ма, менің не айтайын деп тұрғанымды? Менде К тұздары,Са тұздары бар.Онымен кейбір ауруларды емдейді.Міне,менің пайдам!

Қызанақ: Мен, мен де айтайыншы.Менде С витамині бар. Басқасын былай қойғанда Fe,Р,К тұздары бар.

Жуа: Ә,ә білдім! Не айтып тұрғаныңды. Мен тұрғанда сенлерге не жоқ.Менде С,В витаминдері өте мол.Басқа тұздар да көп кездеседі.Сондықтан жөтелге,тұмауға,күйген жерге,тағы да басқа ауруларға еммін.Осылайша, адамға көбірек пайдалымын.

Картоп: Әй,әй,жуажан,қалай ұялмайсың? Сен адамды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп сен мына мені айт.Менде глюкоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.Амин қышқылдары да кездеседі.Минералды тұздар бар.Менде өте көп заттар бар.

Сәбіз (Бетін шымшып): Ұят-ай! Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой. Мақтансам мен мақтанайын.Адам мені әуелі дәрі-дәрмек ретінде өсіреді.Содан кейін тамақ ретінде өсіреді.Мені қан азайғанда, демікпе болғанда,асқазан ауруына,басқа да ауруларға пайдаланады.Қатерлі ісіктерге қарсы жұмсайды.Мен пайдалымын!

Күнбағыс: Уа,Адам! Біздің дауымызды шешіп беріңіз.Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсысымыз адамға пайдалымыз?

Адам: Ә,солай ма? Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар. Мені күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамаққа пісіремін. Оған қызанақ пен баклажанды қосып жіберсеңдер, тамақ тіпті дәмді болады. Сондықтан,бәрің де пайдалысыңдар . Дәрілік қасиет бәріңде бар. Сендер жақсы өссін деп кетпенді қолдан тастамаймыз. Енді дауды қойыңдар! Күннің нұрын, ауаның тазасын жұтып алаңсыз өсе беріңдер.

Ән: “Өсіп келе жатырмыз” (Мұғалім өлең мазмұнына тоқалады).

Қорытынды.

Мұғалім: Міне, балалар, ұай көкөністі алсақ та бәрі адам ағзасына пайдалы екен. I Петр күнбағыстың тұқымын Голландиядан Ресейге әкеліп өсірген. Кейін Қазақстанда өсірілді.

Мұғалім : Біздің ата – бабамыз көшпелі халық. Төрт түлік мал өсірген. Ет, сүт тағамдары көп пайдаланған. Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз Рамазан айында қыста аузын құрма жемісімен, жазда сумен ашқан екен. Жемістің ағзаға қажеттілігін түсінген. Әйел адамдарға Жемісгүл, Қарақат, Анар , Алма, Арша, Үзім деп ат қойған.





























"Үшағаш негізгі орта мектебі"КММ






Тәрбие сағаты:

Жеміс жесең –жетілесің”

5-9-сынып





Өткізген: М Тапауов









2021оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Жеміс жесен-жетілесін

Автор: тапауов муратбек толеугалиулы

Дата: 18.05.2021

Номер свидетельства: 580776


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства