kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаһандану үрдісінде отандық электронды оқулықтарды химия сабағында пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа  технологияны меңгеру оқытушының оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаһандану үрдісінде отандық электронды оқулықтарды химия сабағында пайдалану»

ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНДЕ ОТАНДЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ХИМИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ

Арзахметова Алия Полатбековна

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің химия биология пәнінің оқытушысы


«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту үрдісіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу үрдісінің деңгейі к өтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Жылдан жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқыту үрдісінің негізгі мəселесі — оқушыға іргелі де терең, тиянақты жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті адамды ғылыми ойлауға, оның əдіс-тəсілдерін білуге, өзін- өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызады.

Дәстүрлі сабақтағы ең қажетті басшылыққа алынатын сабақ элементі болып табылатын оқулық құралы секілді қазіргі жаңа технологиялы сабақтардың барлығында дерлік электронды оқу құралдары пайдаланылады. Электронды оқу құралдары — жаңа сабақты түсіндіру, тірек-сызбалары, тақырыптық тапсырмалар, тақырыптық тест жұмыстары, логикалық тапсырмалар, жаттығу тапсырмалары секілді бірнеше сабақ элементтерін қамтитын кешенді электронды жинақ.

Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі – пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электронды оқулық оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді.

Электрондық оқулық – бұл мультимедиялық оқулық, осы себепті электронды оқулықтың құрылымы жаңа деңгейде болуы қажет. Электрондық оқулықтың ең қажетті элементі – аудиохабар мен видеолар болып табылады. Мультимедиялық электронды оқулықта берілетін материалдар суреттер, кестелер, сұлбалар арқылы оқушылар тез ұғынып, керек болса, ақпараттық дискетке, бейне таспаға көшіріп алып, өз бетінше оқуға мүмкіндік береді.

Мультимедиялық кешен мәліметтерді, дыбыс, анимация және графикалық бейнелерді біріктіріп, оларды аналогтық түрден сандық түрде және керісінше сандық түрден аналогтық түрге аударуға мүмкіндік беретін көп функциялы технология.

Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады: оқу; оқыту; бақылау жəне тексеру.

Электрондық оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын жəне олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нəтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ақпараттық білім беру танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар, білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік əдістерін даярлап береді. Электрондық оқулықтар əр түрлі ақпарат жиынтығын, оқушыларға білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы толық мəлімет бере алады.

Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі ақпараттық, жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығы — модульден тұрады, ол оқушының толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.

Гипермəтінде елестететін мəтінді пайдалану (негізгі сөзді түрлі бояумен жəне шрифтпен ерекшелеу), жоғары сапалы бейнелердің, суреттердің дидактикалық талаптарына жауап береді, оқып отырған материалды қабылдауды жеңілдетеді.

Электрондық оқулықтың əр шағын модуліне қосымша материалды толық меңгеру үшін, студенттердің өз бетінше шығармашылық жұмыстармен айналысуы үшін өтілген оқу материалдарына сəйкес тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі беріледі. Тапсырмаларды тексеру шағын модульді аяқтағаннан соң, ал тест арқылы бақылау негізгі модульді өткеннен соң жүргізіледі. Оқушылардың дидактикалық жəне əдістемелік даярлықтарына арналған тапсырмалар олардың белсенділігін қалыптастырады.

Электронды оқулық ерекшелігі — жоғары мобильдігі мен икемділігі, онда көптеген иллюстрациялар, бейнефильмдер көріністері енгізілген. Электронды оқулық күнбе-күн, түскен жаңалықтармен қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Сонымен қатар оқулық оқушыға тест сұрақтарын қойып, жауабына нақты бағасын алуға жағдай жасайды. Қажет болған жағдайда оқушы мəтінге қайтадан оралып, түсінбей қалған жерін қайта қарап, тақырып соңындағы бақылау тестіні немесе кестені толтырады. Міне, осы кезде оқушының жеке бас психологиясына электронды оқулық назар аударады десе де болады. Топ алдында жіберген қатесін тауып, түзетуге тырыспаса, «ұялшақтығынан», ал электрондық оқулықтың көмегімен ол қажетіне қарай кейін оралып, дұрыс жауабына келеді

Компьютерлік мультимедиямен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмыстары арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады. Бұдан соң оқушының өз бетінше оқуға қызығушылығы артады, білімін көтеруге ұмтылады. Ж. Аймауытовтың: «Баланың ынтасын арттыру үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек» деп айтқанын ескерсек, танымдық іс–әрекеттердің қозғаушы күші, қызығушылықты тудыратын – компьютердің, электронды оқулықтың, интерактивті тақтаның рөлі оқушылар үшін ерекше екені белгілі. Сабақта жиі қолданылатын графикалық (сызба, кесте, диаграммалар), бейнелеу (фото, картина, сурет, кинолар), табиғи (зат пен құбылыстың суретін көрсету), түрлі көлемдегі көрнекіліктерді компьютерде көрсетудің ауқымдылығы мен тиімділігі оқулық пен танымдық үрдіске жаңа сипат береді.

Химия пәні экспериментальды ғылым болғандықтан, көптеген тәжірибелер жасауға тура келеді. Бұл әдістің тиімділігі химиялық реактивтерді үнемді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушылардың таным деңгейін дамытуға теориялық білімнің эксперимент, тәжірибе арқылы бекітілуіне үлкен рөл атқарады. Электрондық оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек–сигналдар арқылы оқыту. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша мағлұматтар ала алады. Осы алған мәліметтерді компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды.

Химия пәні бойынша сапалы білім беріп, ой–өрісін кеңейтуде бейнефильмдердің маңызы ерекше. Негізгі жалпы білім көлемінде мектеп оқушыларына бағдарлама бойынша жалпы білім беретін пәндерге аз уақыт бөлінетін болғандықтан, уақытты үнемді пайдалану мақсатында техникалық құралдармен жабдықталған оқыту кабинетінде мультимедиялық компьютер, проектордың көмегімен сабақта өткен тақырыптарды қайталау, оқушылардың білімін ұштау, дамыту мақсатында жаңа технологиялық әдістерді қолдануға мүмкіндік бар.

Енді электронды оқулықпен өтілетін химиялық тест тапсырмаларына тоқталайық. Электронды оқулық жүктелген кезде гипермәтін арқылы жүзеге асады. Білім алушы әр берілген теориялық түсінік арқылы қысқаша анықтама алады. Оқулықтың бірінші бетінде мазмұны көрсетілген, химиялық негізгі түсініктемелеріне, химиялық формулалар мен теңдеулерге, реакциялардың жіктелулеріне және т.б. теориялық түсінік беріледі. Әр бөлім бойынша берілген тақырыптарды тестілеу әдісімен тексеруге болады. Тексеріп қана қоймайды және нәтижесін де ала алады. Берілген тесттік тапсырманың 45-не дұрыс жауап берсе 5-тік балмен,35-не жауап берсе 4-тік балмен,  25-не жауап берсе 3-тік балмен, 25–тен төмен жауап берсе  2-лік бағамен бағаланады.

Химия сабақтарында электронды оқу құралдарын пайдалану сабақ барысында оқушылардың жеке жұмыстануына мүмкіндік  туғызады. Яғни деңгейі төмен оқушы аз да болса өз бетімен орындағанына риза болатын болса, қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушылар деңгейімен шектеліп қалмай одан әрі күрделі деңгей тапсырмаларын орындап, өз жетістіктерңн көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ─ ұстаз шеберлігінің белгісі.

Осы бағытта жасалған «Химиялық байланыстар» тарауының тақырыптарына арналған электронды оқулықтың бір бөлшегі ұсынамын. Бұл электронды оқулық оқушылардың белсенділігін, білім сапасын заман талабына сай дамытып, оқушыны талдауға, салыстыруға, танымдық қабілетін тануға ұмтылдырады.

Оқушыларға химиялық байланыстардың түрлерін анықтау және оларды бір - бірінен ажырата білу, алған білімдерін одан әрі дамыту міндеті қойылды. Алдымен байланыстың түрлеріне сипаттама мәтін түрінде беріліп және элементтердің бір-бірімен байланысуы көрсетіледі. Барлық тәжірибелердің бейнесі электронды кітапша бойынша әр оқушының алдында компьютердің мониторында көрсетіліп тұрса, дыбысы колонкалар арқылы естіледі.

Оқушыларды ұйымдастырып болған соң бес минуттық бақылау диктанты алынады. Тапсырма әр оқушының алдында компьютерге енгізілген. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, сол тақырыпқа байланысты белсенділік тудыратын сұрақтар қойылады. Одан кейін байланыс ұғымдары таныстырылып, олардың барлық қасиеттеріне тоқталады.

Электронды оқулықтан химиялық қасиеттеріне байланысты тәжірибелердің бейне көріністері бөлімін басу арқылы көре алады. Сабақ қорытындыланғаннан кейін бекіту сұрақтары электронды оқулықтағы күрделілігі үшінші деңгейлі есептер орындау арқылы жалғасады.

Оқыту мақсаты білім талабына сай жүргізіліп, қорытынды беріледі. Байланыстар туралы түсініктің қалыптасуы бүкіл сабақ бойы көрініп, жоспар толығымен орындалады.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білімді беруде электрондық оқулықтарды химия сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Электронды оқулықтар арқылы химия сабағында сирек кездесетін элементтердің суретін, бейне файлдар арқылы зертханалық жұмыстардың қалай жүретінін көруге болады.

Білім берудің тиімді әдістерінің бірі – электронды оқулық екенін мойындаймыз. Себебі, әр оқушының өзіндік жұмыс жасауына, іс жүзінде көре алмайтын тәжірибе жұмысын компьютер арқылы орындай да алатыны қуантады.

XXI ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.

Жаңа  технологияны меңгеру оқытушының оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.






Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Қыстаубаев Е. Ақпараттық технологияны пайдалану// Химия мектепте –2010, №3.

Курдюшова Т.Н. Компьютерная технология обучения химии: достоинства и недостатки.// Химия в школе, 2002г. №8.

Химия, экология пәнін оқытуда компьютерлік жүйесінің кейбір элементтерін қолдану.// Жоғарғы оқу орнында білім беруді ізгілдендіру және жаңа технологияларды енгізу мәселелері (ІІІ оқу–әдістемелік конференция), Ақтөбе, 2003ж.

Әбселемова А. Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі//Қазақстан мектебі ─ 2002ж. №11-12.

Атабаева Г.М. Химия пәнінде жаңа технологиялық әдістерді қолдану// Қазақстан кәсіпкері – 2007ж. №6

Искакова З. Электрондық оқулық// Химия мекепте, 2007ж, №3

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жаһандану үрдісінде отандық электронды оқулықтарды химия сабағында пайдалану

Автор: Арзахметова Алия Полатбековна

Дата: 03.04.2018

Номер свидетельства: 464784


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства