kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Заманауи автокөліктер»

Нажмите, чтобы узнать подробности

жаңа заман, жаңа талапқа сай демекші, білім алушылар қазіргі таңда күнен-күнге дамып келе жатқан автокөліктерді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Заманауи автокөліктер»»

Омаров Азамат Бақытұлы

Алматы автомеханика колледжі

Өндірістік оқыту шебері

Алматы облысы, Жетісу ауданы


Автолайн тақырыбы: «Заманауи автокөліктер»


Мақсаты: «Білім алушылардың өткен жаңалықтар және заманауи автокөліктер бойынша мағлұмат ала отырып , өз мамандығына сүйіспеншілігін арттыру.

Автолайн жаңалықтардың өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, білім алушылар және қонақтар!!! Сіздерге колледжіміздің жаңалықтары мен әр заманның "Темір тұлпарлары" жайында мағлұматтарды назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер!




1-жүргізуші: «Заманауи автокөліктер» - атты автолайн жаңалықтарын ашық деп жариялаймыз!





Автолайн жаңалықтарының мақсаты:

Жаңа заман жаңа талапқа сай демекші, білім алушыларға қазіргі таңда күннен күнге дамып келе жатқан автокөліктердің соңғы модельдерін таныстыра отырып, өз мамандықтарының мақтанышы болуға тәрбиелеу, қазіргі қоғам талабы дамыған автокөлікті қажет ететіндігін ұғындыру. Бүгінгі автолайн жаңалықтарымызды дайындау барысында топ мүшелері көп ізденді, сондықтан бүгін сіздер автокөліктердің дамыған, заманауи түрлерінен және қазіргі қарбалас сәтте колледж жаңалықтарынан хабардар болады деген сенімдеміз.


1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті тыңдармандар! Эфирде Автолайн жаңалықтары! Қызықты информация тек бізде ғана! Қазіргі жастар жаңалықтарды аса көп тыңдай бермейді! Сондықтан келесі сөзді әріптесім Нұрдаулетке берсем...


2-жүргізуші: Өткен аптаға шолу жасайтын болсақ, Алматы автомеханика колледжінің 3 курс білім алушылары өндірістік практикадан келген болатын, атап айтқанда, Садуақосов Қазыбек, Жұмаділов Дастан, жұмыс орындарынан ерекшеленіп, көзге түсіп, «Алғыс хаттармен» оралып және өндіріс орындарының басшылары аталған білім алушыларды ары қарай да жұмысқа қабылдауға ұсыныс тастаған болатын.

Өндірістік практикада колледж білім алушылары таңдаған мамандығының қыр-сырын тікелей жұмыс орнында танып, алдағы уакытта колледжіміздің абыройын асқақтатып, Республикалық, Әлемдік деңгейде жеткен жетістіктері мен жақсылықтарын жұршылыққа паш етпек!!!

1-жүргізуші: Әр заманның өзіне сай тұлпарлары болады. Мысалға айта кететін болсақ: Кеңес Одағы кезіндегі автокөліктер: "Волга", "Жигули", "Москвич", "Запорожец"

"Волга" - Нұржан

"Жигули" - Нұрсәт

"Москвич" - Нұрислам

"Запорожец" - Асет

2-жүргізуші: Лондон тұрғындарына келетін болсақ.... эфирде келесі сөз әріптесімізде (видео)

1-жүргізуші: Колледж жаңалықтарына келетін болсақ, осы аптадан бастап 2 курс білім алушыларға, техника қауіпсіздігі туралы нұсқау беріліп, өндірістік практикаға жіберілді . Келесі кезекте біздің білім алушылар мынандай заманауи автоколіктермен жұмыс жасайды және техникалық қызмет көрсетеді (слайд1)

Әлемдегі ең қымбат автокөлік шығаратын компаниялар туралы естіген боларсыздар. Алайда, бүгінде ең қымбатқа бағаланатын темір тұлпарлар жайлы көп білмеуіңіз мүмкін, оның бірі Maybach Exelero.

Келесі авто колігіміз Ferrari F12 Berlinetta TRS


Атын құпияда ұстауды талап еткен клиенттің тапсырысы бойынша жинақталған. Тапсырыс беруші Ferrari-ге F12 Berlinetta купесінің ашық, ерекше нұсқасын жасауды талап еткен. Ресми емес ақпараттар бойынша, бұл ерекше көліктің құны $4,2 миллионнан асқан

McLaren X-1

Бұл үлгі Special Operations бөлімінің инженерлерімен Таяу Шығыстық құпия клиенттің арнайы тапсырысымен жасалған. Сатып алушының барлық қалауы 7 миллион долларды құраған.

Porsche 911 Panamericana

Автокөлік Porsche компаниясының директоры Ферри Поршенің туған күніне 1989 жылы сыйланды.

Ford GT90

Детройт автосалонында 1995 жылы көрсетілген концепт өндірушілермен «әлемдегі ең қарымды суперкар» деп ұсынылды. Шынымен де, автомобильдің төрт трубиналы 12-цилиндрлі агрегаты 720 ат күшіне тең келетін, ал мәлімделген жылдамдығы шамамен 407 километр сағатқа жететін. Айта кетерлігі, он жылдан кейін тура осындай жылдамдыққа ие Bugatti Veyron суперкары пайда болды.

Rolls-Royce Hyperion

Бұл эксклюзивті көлікті коллекционер Роланд Холл тапсырыспен жасатқан. Rolls-Royce Hyperion 2008 жылы кабриолет кейпінде жасалған. Оның сырт пішіні 1930 жылдары Rollers кузовтық ателье шығаратын үлгілерден келген. Дизайнымен аты аңызға айналған Pininfarina ательесі айналысқан.

Cadillac Cien

Компанияның 100 жылдық мерейтойына арнайы құрастырылған. Мерейгерге тән, Cien сол сәттегі ең озық технологиялармен қамтылған болатын. Ол OnStar коммуникациялар серігінің жиынтығына, Communiport дыбыспен басқару жүйесіне, тұрақ көмекшісіне және маңдай айнасына жол суретін экранда үлкейтіп көрсететін түнгі бақылау жүйесіне ие еді.

BMW Gran Coupe Pininfarina Lusso

Атына қарап, бұл автокөлікті шығаруға қандай компаниялар атсалысқанын байқауға болады. Купенің төрторынды интерьері, құрастырушылардың айтуы бойынша, заманауи сәнқойлық пен сенімді динамиканың қосындысы. Ол қымбат былғары мен каури ағашымен қапталған.

Peugeot Onyx

Ерекшелікті қалайтын француздар «тас» атауымен, әдеттен тыс материалдармен суперкар құрастырды. Карбоннан өзге, Peugeot Onyx құрылысына жез, киіз бен қағаз пайдаланылды. Француздар Peugeot Onyx-ті сериялап шығармаймыз деп бірден айтты, алайда болашақта қандай стилистикалық бағытты ұстанатынын айқындап берді.

2-жүргізуші

............. ең үлкен автокөлік салынды (видео)

1-жүргізуші

Бүгінгі күнгі келіп түскен ақпараттар легі осындай . Шетелдік өнімдерге көп еліктеп, қызыға бермей, өз өнімдерімізді дамытатын, Сіздерсіздер! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Автолайн жаңалықтарды үзбей тыңдап жүріңіздер!

Енді осымен біздің "ААК жаңалықтары Автолайн" кешіміз өз мәресіне жетті. Өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда, техника заманы - күн сайын дамып жатқан автокөліктер! Бұл нені білдіреді? Бұл сіздердің білімге талпынып, оқудан шаршамай, жалықпай әрдайым ізденісте болып, Заманға сай өз ісінің маманы болуларыңызды талап етеді! Бүгінгі "Автолайн" жаңалықтары сіздердің өз мамандықтарыңызды бұдан да мақтаныш тұта отырып, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!»- деп Абай атамыз айтып кеткендей, келешекте мемлекетіміздің білікті де, білімді де маман иесі болуларыңызға тілектеспін!!! Ден қойып, назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет!!!



Омаров Азамат Бақытұлы

Алматы автомеханика колледжі

Өндірістік оқыту шебері

87079159591

[email protected]


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Заманауи автокөліктер»

Автор: Омаров Азамат Бакытович

Дата: 16.03.2021

Номер свидетельства: 575677


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства