Пәні: қазақ әдебиеті | Мектеп:М.Арын атындағыҚҚОМ |
Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» /А,Ә/ Кейіпкерлер бейнесі |
Күні: 21.11.17 | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабаққа негізделген оқу мақсаты | 5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау (5.Б/С1) шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Шығарманың тақырыбын анықтап, мазмұнын түсінеді |
Оқушылардың басым бөлігі: Шығарманың идеясын анықтап, сұрақтар құрастырып, талдай алады |
Кейбір оқушылар: Шығарма идеясына сай өзіндік пікір білдіреді |
Бағалау критерийі | Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын сипаттайды |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Еңбектің адам өміріндегі қажеттілігін сипаттап айта алады |
Негізгі сөздер мен тіркестер: Отыз үйлі кедей, егін егу, қорған салдыру, көшпелі халық, бай болу |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған тармақтар: Шығармада қандай өзекті мәселе көтерілген? Сейітқұл сыртқы жаулардан қорғану үшін қандай шаралар қолданады? Қандай себептермен Қабырға өзенінің бойын таңдайды? |
Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба? |
Неліктен Сейітқұл еліне жайлы қоныс іздегенін айта аласыз ба? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Сейітқұлдың бойындағы жақсы қасиеттерді құндылықтар тұрғысынан сипаттап жазу |
Құндылықтарға баулу | Кейіпкер әрекеті арқылы еңбекке баулу, әлеуметтік жұмыспен қамту, еңбек өнімділігін арттыру, өмір сапасын тұрақтандыру |
Алдыңғы оқу | Ы.Алтынсарин «Әңгіме» |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыздар) | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Психологиялық ахуал туғызу. «Шаттық шеңбер» Жүру барысы: 1.Шеңбер бойына жиналады. 2.Бір-бірлеріне алақан түйістіреді 3.Кезектесіп жылы лебіздерін айтады Мағынаны тану. Түсіну. 1.Әңгімедегі кейіпкерлерді ата? 2.Қыпшақ Сейітқұл қай жерге көшеді? 3.Әңгімедегі жер-су аттарын атаңыз? 4.Қыпшақ Сейітқұл еңбек арқылы қалай мұратқа жетті? «Жасырын сөзді тап» әдісі арқылы сыныпты екі топқа бөлу. Таратылған қима қағаздардағы сөздерді мағынасы жағынан топтастыра отырып, еңбек тақырыбындағы екі мақалды оқушылар құрастырады. Қима қағаздары арқылы сынып екі топқа бөлінеді. (Еңбек және Байлық) тобы - Не туралы мақал құрастырдыңдар? - Еңбек туралы тағы басқа қандай мақалдар білесіңдер? - Адал еңбек дегенді қалай түсінесіңдер? - Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлап отырсыңдар? | |
Сабақтың ортасы | Т|Ж. 1-тапсырма. Шығармадан мағынасы қиын сөздерді теріп жазу; Сол сөздерің мағынасын ашу. Сөз | Сіздің ойыңызша мағынасы қандай | Тобыр | Қалың, көпшілік | Барымта | Мал-дүние,құн | Шығыр | Су айдайтын құрылғы | Шыңдауыл | Барлаушы | Шым | Өсімдік,жасыл шөп | Кент | Қала | Дескрипторлар: -Мәтіндегі мағынасы қиын сөздерді табады. -сөздердің мағынасын ашады. ҚБ. «Басбармақ» әдісі Т/Ж. 3-тапсырма. «Пікір алмасу» Әңгіме мазмұны бойынша оқушыларға сұрақ құрастыру тапсырылады.Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. 1.Қыпшақ Сейітқұл қандай ойға қалды? 2.Елді байыту үшін қайда барды? 3. Қабырғаның бойына келген Сейітқұл кедейлерге не берді? 4.Кедейлер қалай еңбек етті? 5. Егіннен шыққан өнімнің артығын қайда апарады? 6. Қыпшақ Сейітқұл ел алдында қандай құрметке ие болды? Дескрипторлар: 1.Мәтін бойынша сұрақ құрастырады. 2. Құрылған сұрақтарды талқылай алады. 3.Жауапқа сай өзіндік пікір білдіреді. ҚБ: ҚБ. «Басбармақ» әдісі | Стикер |
Сабақтың аяқталуы | Рефлексия. Нені білдім? Нені білгім келеді? Үйге: «Сейтқұл халқының тұрмысын жақсарту жайлы арманына қалай жетті?» деген тақырыпта эссе жазады. | |
Қосымша ақпарат | | |
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Шығарма мазмұны бойынша кейбір оқушылар өз пікірлерін еркін жазба өлең түрінде жазады | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? «Басбармақ» әдісі Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс Еңбекке баулу |
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|