kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ш т??ырлы тіл саясаты - ел жастарыны? болаша??а бастар жолы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тiлдердi? ?шт??ырлы?ы - ?ш тiлдi, ?аза?, орыс ж?не а?ылшын тiлдерiн ?аза?стан азаматтарыны? бiрдей ме?геруiн ме?зегейді,оны? ішінде ?аза? тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ?лт аралы? ?атынас тiлi ж?не а?ылшын тiлi - жа?анды? экономика?а ойда?ыдай кiрiгу тiлi. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ш т??ырлы тіл саясаты - ел жастарыны? болаша??а бастар жолы»

«Үш тұғырлы тіл саясаты - ел жастарының болашаққа бастар жолы»



Тiлдердiң үштұғырлығы - үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегейді,оның ішінде қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi.

Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес. Ол «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» - деген болатын.

Үштұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегенiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты – мемлекеттiк қазақ тiлiнiң халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi, әрине мемлекеттiк тiл. Қазiргi жастар елiмiздiң болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттiк тiлiмен тiкелей байланысты екенiн жақсы түсiнедi және сонымен қатар әлемдiк үдерiстiң талабына сай көп тiлдi меңгерудiң де өмiр талабы екенiн жақсы бiледi.

«Үш тұғырлы тіл» мәселесін халық дұрыс түсінбей отыр. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс не ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады.Яғни, орыс тілі мен ағылшын тілі қазақ тілінің көлеңкесінде, ығында жүреді. Президентіміз айтқандай, үш тілдің ішінде қазақ тіліне басымдық беріліп, қалған екі тіл сол ана тілімізге бағынышты күйде болады.

Әрине, дамыған өркениетті 30 елдің қатарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты, шын мәнінде, елдің ертеңі үшін керек нәрсе. Мәселен, Қазақстанда заң мамандары, экономика мамандары өте көп және жұмыссыз. Бірақ, көп компаниялар мен кәсіпорындар заңгерлер мен экономистерге зәру. Әрине, мемлекеттік тілмен қатар, ағылшын, орыс тілдерін білетін, өз мамандығының нағыз іскерлеріне. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында «Үш тұғырлы тіл» идеологиясы дүниеге келіп отыр.Яғни, елімізге қажетті, үштілді меңгерген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің

білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасайтын кадрлар ауадай қажет.Аталмыш кадрлар мәселесін «Үш тұғырлы тіл» саясаты оп-оңай шешіп бере алады.

Біздің елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. Бірақ, Үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлеуі Қазақстандық демократияның айқын көрінісі. Біз осындай демократияның арқасында ғана әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай аламыз. Билік үш тілді үйрену, қолдану аясын бір сызықтың бойына емес, үш сызыққа, әрқайсысының өз орнын көрсететін саясат жүргізіп, мемлекеттік тілдің бірінші болып дамуын қадағалайды. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Үш тұғырлы тіл арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесі көре алады. Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек етіп келеді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды барлық салаларында жүзеге аса береді.. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтеріліп, мәңгілік тілге айналады. Тағы қайталап айту керек, «Үш тұғырлы тіл» саясаты мемлекеттік тілді өшіруді емес, өсіруді, дамытуды көздейді.

Үш тұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi : қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегенiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты – мемлекеттiк қазақ тiлiнiң халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi, әрине мемлекеттiк тiл.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар,

әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» - мемлекетіміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді ең бірінші орынға қойып дамыта беретінін, оның болашағы үшін алаңдамау керек екенін баса айтады. Президентіміздің бұл айтқандарына назар салатын болсақ, расында, мемлекеттік тіл – қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, ағылшын мен орыс тілін өзінің көлеңкесінде ұстап, ығына ығыстырып, үш тұғырдың ең үстінде тұрады. Демек, қазақ тілінің болашағына қауіптенетіндер алаңдамаса да болады. Себебі, мемлекеттік тіліміздің ары қарай дамуына президентіміздің, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі кепілдік беріп отыр.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда.

Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі.

Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.

Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренеміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда.

«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.

Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.

Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.

«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік, ағайын!

Қорыта айтқанда, «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік » - деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық! Бiлiм мен ғылымның, экономиканың, бизнестiң, саясаттың, жалпы бәсекелестiктiң қарыштап дамып отырған бүгiнгiдей жақандану кезеңiнде Елбасы көрегендiк танытып, алдымызға үш тiлдi бiлу қажеттiгiн қойып отыр. Әсiресе, өскелең ұрпақтың жастар алдында бiрнеше тiл бiлу мiндетi тұр. Олай болса, бүгiнгi Қазақстан азаматтарының парызы - «өзге тiлдiң бәрiн меңгерiп, мемлекеттiк тiлдi құрметтеу» деп бiлемiн!





Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. « Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекттік саясаттың басты мақсаты» / Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 6 ақпан, 2008 жыл

2. Рысбаева Г.К. «Шетел тілін білу-жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттігінің кепілі», « Мектептегі шет тілі» журналы 2012, № 3, 3-6 б.

3. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методологии и теории А., 2005-262с.

4. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы – 2002 ж.

5. Мектептегі шет тілі №1 2008, №5 2010, №4 2012 6. Ж.Е. Сманқұлова. Оқытудың интерактивті әдісі. Алматы, 2005



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ш т??ырлы тіл саясаты - ел жастарыны? болаша??а бастар жолы

Автор: Нурбергенова Индира Татарбековна

Дата: 27.05.2016

Номер свидетельства: 330643


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства