kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йымдастырыл?ан о?у іс - ?рекетіні? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?йымдастырыл?ан о?у іс - ?рекетіні? жоспары. Та?ырыбы: Майма? ма? - ма? басады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йымдастырыл?ан о?у іс - ?рекетіні? жоспары»


Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Маймақ маң-маң басады.

Мақсаты:

а) аюдың ізін қылқаламмен, қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету;

ә) жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке дербес әрекет етуі мен белсенділігін дамыту;

б) қыс мезгілінде аңдарға, жан-жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден аюдың суреті салынған парақтар, қарындаштар, ойыншық аю.

Алдын ала орындалатын жұмыс: қысқы аңдардың тіршілігі туралы әңгіме.

Сөздік жұмыс: маймақ, маң-маң.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық











Ұйымдастырушылық-ізденістік































Рефлексиялық-түзетушілік




Педагог балаларға серуен кезінде көптеген іздерді көріп, бақылағандары туралы айтқызады және аюдың қорбаңдап, қоянның секіріп жүретіні жайлы естеріне түсіреді.

Аюдың бас­қан ізін қарлы боран соғып, басып тастағандықтан, өз үйін таба алмай жүргенін айтады.

- Міне, сол аю сендерден көмек сұрай келіпті.

Қонаққа келген аюды кіргізеді.


Педагог жұмбақ жасырады:

Өзіне болған қорған орман,

Ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң.

Ол не екен, балалар? (Аю)

Балалар жауап беруге қиналса, педагог көмектеседі.

Педагог балалардың аюдың түсін, дене бөліктерін атап берулерін сұрайды.

Аю қалай жүреді деп сұрап, аюдың корбаңдап, маң-маң басып жүретінін түсіндіре және өзі сол қимылды көрсетіп, балаларға аюдың жүрісін кайталауды ұсынады. Олар музыка әуенімен қорбаңдаған аюдың жүрісін салып көрсетеді.


-Осы аюдың жүрген ізін қалай саламыз, кәне, маған тақтаға қараңдар. Қағазға қылқаламмен қалай үлкен дақ түсіруге болатынын көрсетеді.

-Домалақ, бұл аюдың табаны, енді майлы қарындашпен оның тырнағының іздерін саламыз.

Екі-үш дақ түсіріп көрсетеді. Іздердің ретімен кезек-кезек салынатынын түсіндіреді.

Балалар сурет салуға кіріседі. Жұмыс барысында балалардың ұқыпты жұмыс істеуін қадағалайды.

-Сендердің салған суреттерің арқылы аю өз үйін тез тауып алды, қатты қуанды. Педагог аюдың алғысын жеткізеді.

Әр сурет талданып, әр балаға жеке бағыт-бағдар беріледі. Педагог сурет салынып болған соң ойыншық аюды осы іздермен жүргізіп көруді ұсынады.

Балалар педагогке

қызығушылықпен карап,

әңгімесін тыңдайды.












Балалар жауабын табуы керек.









Аюдың дене бөліктерін, түсін айтады.


Балалар маң-маң басқан аюдың жүрісін қайталайды.












Балалар қарындашпен аюдың іздерін салады.



Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: аюдың қимыл-қозғалысын, іздердің әртүрлі болатындығын.

Игереді: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейтеді.

Меңгереді: қылқалам мен қарындашты кезектестіріп пайдалану арқылы із түсіре білуді.






Есеп:

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
?йымдастырыл?ан о?у іс - ?рекетіні? жоспары

Автор: Ищанова Ляззат Ирлановна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325703


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства