kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Түсірулік геодезиялық тораптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-бөлім. Түсірулік геодезиялық тораптар

6.1. Геодезиялық тораптар туралы жалпы мағлұматтар

  1. Геодезиялық тораптар туралы түсінік және оның түрлері.
  2. ТМД-ң Мемлекеттік геодезиялық торабы, міндеті, құру сызбасы мен әдістері, жіктемесі және техникалық сипаттамасы.
  3. Жиілету торабы: міндеті және әдістері, сызбасы, техникалық сипаттамасы.
  4. Түсірімге негіздеу торабы: міндеті және тәсілдері, пландық және биіктік түсірулік геодезиялық тораптардың құрылуы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Түсірулік геодезиялық тораптар»


6-бөлім. Түсірулік геодезиялық тораптар

6.1. Геодезиялық тораптар туралы жалпы мағлұматтар

  1. Геодезиялық тораптар туралы түсінік және оның түрлері.

  2. ТМД-ң Мемлекеттік геодезиялық торабы, міндеті, құру сызбасы мен әдістері, жіктемесі және техникалық сипаттамасы.

  3. Жиілету торабы: міндеті және әдістері, сызбасы, техникалық сипаттамасы.

  4. Түсірімге негіздеу торабы: міндеті және тәсілдері, пландық және биіктік түсірулік геодезиялық тораптардың құрылуы.

  1. Геодезиялық тораптар туралы түсінік және оның түрлері.

Геодезиялық жұмыстарды ғылыми түрде жүргізу төмендегі принциптердің міндетті түрде орындалуын қажет етеді.

  1. Геодезиялық тірек торларын «Жалпыдан жалқыға көшу» алдымен геодезиялық бостапқы (тірек) торлары құрылады, олардың координаталары жоғары дәлдікпен табылады да, олар әрі қарай жиілетеді.

  2. Өлшеу, есептеу және графиктік жұмыстардың әрбір кезеңдерінде міндетті түрде тексере отырып, бастапқы өлшеулер нәтижесінің дәлдігіне көз жетпейінше, кейінгі өлшеулерге кіріспеу.

Мемлекеттік геодезиялық торап (МГТ) –– координаттары планда (х,у) және биіктігі (Н) белгілі жер бетінде бекітілген тіректер (пунктер)жиынтығын айтады.

Сонымен қатар біркелкі талаптарды қанағаттандыруы тиіс;

  • Жердің пішіні мен аумағын табу:

    • ауыл шаруашылық, ғылым және мемлекет қорғанысы сияқты мәселелерді шешуге арналған

    • мемлекеттің аумағын картографиялау, жер – асты кеңесі және комуникацияны ескере отырып олардың бәрін топографиялық түсіру және сандық карта шығару.

    • Жердің қолдану, бақылау және мемлекеттік табиғат ресурстарын игеру қоршаған ортаны қорғауды геодезиялық торап қамтамасыз етеді, бастапқы геодезиялық мәліметтер құрлық, теңіз және ауа навигацияларын қамтамассыз ету.

Мемлекеттік геодезиялық торап (МГТ) – мемлекет аумағында біркелкі координаттың таратылуын және басқа да геодезиялық тораптарға бастапқы болып құрылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік геодезиялық торап пландық (Х,У) және биіктік (Н) болып бөлінеді. Бұрышты, қабырғаларының ұзындығын өлшеу дәлдігі бойынша мемлекеттік геодезиялық торап 1, 2, 3, 4 класстарға бөлінеді және де фундаментті астрономо геодезиялық торап (ФАГС) болып бөлінеді.

Геодезиялық торап 1 класс астрономо геодезиялық торап (АГС), ал 2, 3, 4 класстары –жиілендіру торабы болып табылады. Геодезиялық торап – мемлекеттік геодезиялық торап, жиілендіру торабы және түсірілімге негіздеу торабы болып бөлінеді. Астрономо – геодезиялық тораб (АГТ) мемлекеттік геодезиялық торабтың масштабы мен бағыталуын табады. АГТ бекеттерінің орындарын – екі геодезиялықкоординат жүйесімен анықтайды – бүкілжерлік және референцтік.

Бүкілжерлік координат жүйесі – барлық жердің Красовский эллипсойдына қатынасады. Екі жүйенің арасына байланыс орнатылады.




  1. ТМД-ң Мемекеттік геодезиялық торабы, міндеті, құру сызбасы мен әдістері, жіктемесі және техникалық сипаттамасы.

Мемлекеттік геодезиялық тораптың құрылуы әртүрлі әдістермен триангуляциялық, полигонометриялық және трилотерация, қазіргі кезде Жер серігінің әдістерімен жүзеге асуда.

Триангуляция - геодезиялық тораптарды үшбұрыш ретінде қарастыру тәсілі жақсы көріністі қамтамасыз ету үшін триангуляция бекеттерін белгілер мен перамидалар орнатылады. Әрбір ұшбұрыштың көлденеңінен барлық үш бұрышын өлшейді. Трнангуляция торабында базистік жақ деп аталатын кейбір жақтарын өлшейді.

Триангуляция мемлекеттік пландық геодезиялық торабты құрудың негізгі тәсілі болып табылады.

Триангуляция –– әрқайсысында үш горизонталь бұрышы мен торапты анықтауда базис қабырғасы өлшенген бір бірімен жалғасқан үшбұрыштар жиынтығын айтады.

ТМД-ң мемлекеттік геодезиялық торабы –– барлық масштабтардағы топографиялық карталардың негізі болып табылады.

Ауыл шаруашылық, халық шаруашылығында, ғылым және мемлекет қорғанысы сияқты мәселелерді шешуде біркелкі талаптарды қанағаттандыруы тиіс;

таблица № 1 жіктемесі және техникалық сипаттамасы.

Триан. Кл.

қабырға ұзындығы

бұрыш өлшеуде

орташа квадраттық шекті қателігі (секунд)

Үшбұрыштардағы шекті қателігі

(секунд)

Базисты

қабырғаны өлшегенде салыс.ы шекті қателігі

1

20-25

0,7

3,0

1: 400 000

2

7-20

1,0

4,0

1: 300 000

3

5-8

1,5

6,0

1: 200 000

4

2-5

2,0

8,0

1: 200 000

ТРИАНГУЛЯЦИЯ 1 – 4 КЛАССТАР СЫЗБАСЫ

















  1. Жиілету торабы: міндеті және әдістері, құру сұлбасы, техникалық сипаттамасы.

Жиілету торабының құрылуы әртүрлі әдістермен полигонометрия, триангуляция, қазіргі кезде Жер серігінің әдістерімен жүзеге асуда.

Мемлекеттің аумағын картографиялау, тау кең, жер – асты кеңесі және комуникацияны ескере отырып олардың бәрін топографиялық түсіру және сандық карта шығару да, инженерлік жұмыстарда маңызы зор.

Полигонометрия геодезиялық торабты бекеттердің ара қашықтығын және бұрыштарын өлшеу арқылы құрастыратын тәсіл. Полигонометрияны жабық беткейлерде тригонометрияның орнына қолданылады. Полигонометрияда өлшенетің арақашықтар мен бұрыштар нақтылығы триангуляциядағы секілді бірдей болу керек. Триангуляция және полигонометрияның МГТ кіретін классификациясы және негізгі нақтылығы берілген. Бұрышты, қабырғаларының ұзындығын өлшеу дәлдігі бойынша полигонометрия 1, 2, 3, 4 класстарға бөлінеді.

Мемлекеттік геодезиялық торабтық бекеттер тығыздығы үлкен масштабтың тоно – түсірілімдер шығару үшін жеткіліксіз, сондықтан оларға қосымша 1 және 2 разрядтағы геодезиялық торабтар қосылады,ол олардың негізінде - әр түрлі инжинерлік – геодезиялық жұмыстарда қолданылады.

Полигонометрия – жүрістер түрінде немесе жүйелік жүрістер негізінде дамиды, мұнда бұрылыс бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді. Мысалы қарапайым теодолит жүрісін айтуға болады. таблица № 2

Полигонометрия

класстары

Қабырғалар саны

Қабырғалар ұзындығы, км

бұрыш өлшеуде

орташа квадраттық шекті қателігі //

Ұзындық өлшегенде салыстырмалы шекті қателігі

1

12

8-30

0,4

1: 400 000

2

6

5 - 18

1,0

1: 200 000

3

6

2-10

1,5

1: 100 000

4

20

0,25 - 2

2,0

1: 40 000

полигонометрия әдісімен мемлекеттік геодезиялық тораптың құрылуы



Геодезиялық түсірілімге негіздеу тораптары: міндеті және тәсілдері, пландық және биіктік геодезиялық түсірілім тораптардың құрылуы.


Түсірілімге негіздеу торабтың құрылуы әртүрлі әдістермен теодолит жүрістері, мензулалык жүрістер, тахеометрлік жүрістер, қиылыстыру әдістері (тура, кері, полярлық) жүзеге асуда.

Пландық түсірісте жүйелері теодолиттік, тахеометриялық мензулалық жүрістер немесе триангуляция арқылы құрылады. Мәселен 1: 500 масштабтағы түсіруде пункт саны 4 тен кем болмауы керек. 1: 2 000 масштабтағы түсіруде пункт саны 10 нан, ал 1: 1 000 масштабтағы түсіруде пункт саны 16 дан кем болмауы керек

Ара қашықтықтарды өлшеу қиынға түсетін жерлерде түсіру пунктері үшбұрыштар тізбегін құру, тура және кері қиылыстыру (засечки) әдістері не теодолиттік жүрістері арқылы анықталады.

Түсірудің масштабтарын өндіріс жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты алынады.

таблица № 3Теодолит жүрістерінде салыстырмалы шекті қателігі

Масш

таб

Салынғ.терр. (м.)

Салынб. терр(м.)

1 / N =

1 / 3 000

1/ N =

1 / 2 000

1 / N =

1 / 1 000

1 / N =

1 / 2 000

1 / N =

1 / 1000

Берілген пунктер арасындағы жүрістің шекті ұзындығы, км

1: 5 000

350

500

6,0

4,0

2,0

6,0

3,0

1: 2 000

200

300

3,0

2,0

1,0

3,6

1,5

1: 1 000

150

200

1,8

1,2

0,6

1,5

1,5

1: 500

100

150

0,9

0,6

0,3

-

-

ТЕОДОЛИТТІК ЖҮРІСТЕР СЫЗБАСЫ

1 –жиілету торабының даму бағыты;

2 – теодолиттік жүрістер;

3 – түсірілім негізін ары қарай жиілету тахеометриялық мензулалық жүрістерімен

  1. Геодезиялық пунктерді жергілікті жерде белгілеу және бекіту.


МГТ дамытуына байланысты сұрақтардың жауабы «Жоғарғы геодезия» курсында беріледі. Геодезиялық торабтың 1 және 2 кластағы ортақ тығыздығы 50 кв.м бір бекет (пункт) болу қажет.

Тау жыныстарын өндіретін бассейіндерде және өндіру объектілерінде тұрғылықты жерлерде геодезиялық тораб ереже бойынша координаттары жергілікті жүйе бойынша есептелінеді. Жергілікті жүйе бойынша координат орнатылған соң Гаусс – Крюгердің үшградустық зоналық және осьтік мередиандық проекциясы қолданылады, жергілікті жүйенің координаттары мемлекеттік тік бұрыштың координаттар жүйесімен сәйкес болу керек.

Топографиялық түсірілімді қамтамассыз ету үшін МГТ бекеттер тығыздығы мынадай болу қажет.

-1:25000 және 1:10000 масштабтық түсірілім үшін 50 кв.км – 1 бекет.

-1:5000 масштабтың түсірілімі үшін 20-30 кв. Км-ге 1 – бекет

-1:2000 және одан үлкен масштабтық түсірілім үшін 5-15 кв.км-ге 1 бекет.

1. Центр пунктерінің ішкі құрылымы

а -топырақтың мезгілімен қату райондарында

б -топырақтың мезгілімен еру райондарында

в – жартас маркасы

г - қабырғалық центр.

2. Сыртқыбелгілер

а - металлдық пирамида,

б - күрделі сигнал.

5



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Түсірулік геодезиялық тораптар

Автор: Садвакасова Алемгуль Оралхановна

Дата: 25.03.2018

Номер свидетельства: 463353


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства