kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тіл дамыту» та?ырыбында жазыл?ан арнаулы курс ба?дарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: С?здік ?орын молайту?а, ?з ойын жаты? с?йлемдермен жеткізе білуге да?дыландыру.

Міндеттері:

1.Т?л?аны синтаксистік материалдарды ашы? ажырата білуге ?йрету.К?ркем м?тіндерді м?нерлеп, сазына келтіріп о?у?а баулу;

2.С?йлемде айтыл?ан ойды? м?нін, мазм?нын жете ме?гере білуге ?алыптастыру.?з бетімен іздене білуге ?йрету;

3.?осымша материалдармен сауатты ж?мыс істей білу.Шы?армашылы? ?асиеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тіл дамыту» та?ырыбында жазыл?ан арнаулы курс ба?дарламасы»

Ақтөбе қаласы № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алипбаева Галия Байдасекқызының 9 класс оқушыларына арнап «Тіл дамыту» тақырыбында жазылған арнаулы курс бағдарламасына

Пікір



 Бұл бағдарлама тіл білімінің келесі бір саласы синтаксис бойынша тілдік материалдарды сатылай кешенді талдауға арналады.

Мұнда синтаксистік материалдарды сатылай кешенді талдау: сөз тіркесі, оның түрлері, жай сөйлем, олардың түрлері жайлы меңгерген теориялық материалдарын рет-ретімен сызба бойынша жүйелі талдап үйренуге, оқушылардың сөздік қорын молайтуға, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге, көркем мәтіндерді мәнерлеп сазына келтіріп оқуға, сөйлемде айтылған ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгеруге ықпалын тигізеді.

Берілген арнайы бағдарламада тілдік материалдарды сатылай кешенді талдай меңгерту-оқушылар білімін тереңдетіп, берілген білімнің ұзақ уақыт естерінде сақталатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, грамматикадан алған білімдерін тексеру үшін сызбаны толықтыру, мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап беру, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы жүзеге асады. Үлгерім оқушылардың алған білімдерін тест жұмыстарын орындату арқылы тексеріп отырады.

Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы. Тілдің рухы деген өте бір құдыретті ұғым. Ол біздің салт-санамыз, дәстүріміз, ұлттық психологиямыз, дүние танымымыз.

Бағдарлама 9 сыныптың қазақ тілі пәні материалдарын (тереңдетіп) кең көлемде меңгертуге арналған. Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан жүргізіледі.

Берілген бағдарлама 9 класс оқушыларының грамматикадан білімдерін тереңдетуге қолдануға болады деп ұсынамын.





Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

Мемлекеттік университеті

Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. А.З.Тілеуова







Түсінік хат



Бұл бағдарлама 9 класс оқушыларына арнап жазылған:

9 класс – жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат.



Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын  тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар  оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты — оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау,  қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.



Мақсаты:Сөздік қорын молайтуға, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру.


Міндеттері:

1.Тұлғаны синтаксистік материалдарды ашық ажырата білуге үйрету.Көркем мәтіндерді мәнерлеп, сазына келтіріп оқуға баулу;

2.Сөйлемде айтылған ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгере білуге қалыптастыру.Өз бетімен іздене білуге үйрету;

3.Қосымша материалдармен сауатты жұмыс істей білу.Шығармашылық қасиеттерін дамыту.


Міндетті деңгейге қойылатын талаптар:

  • өз беттерімен мәтіндер, сценарийлер құрастыра білу;

  • талдау, пікір айта білу;

  • тарихи – мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгерту;

  • шағын мақала, өлең, ертегілерді ойдан шығарту, талдау жасауға икемдеу.



Мүмкіндік деңгейге қойылатын талаптар:

  • қазақ тілінің (танымдық) халықтық сипатын танытатын тілдегі сөйлемдердің түрлерін, олардың атқаратын қызметін, байланыс түрлерін терең меңгере отырып, қазақ тілінің сөз байлығын, әр сөздің мағыналық ерекшелігін жете танып, өмірде таңдап, талғап қолдана білу.

  • Ауызекі сөйлеу барысында, түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты сөйлеп, сауатты жазу машығын қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже:

  • өздігінен шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады;

  • сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады;

  • сөздік қорын өз бетінше толықтырады;

  • оқу материалдары бойынша дискурсқа (диалог, сұхбат, әңгіме, инсценировка, пікір алмасу) т.б. қажетті дағдыларды меңгерді.

Қосымша ақылы курстың  жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:

Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;

Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;

Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың жаңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу;

Деңгейлік тапсырмалар орындау;

Қорытындылау: оқушылардың білімі  әр тақырыпты өткен сайын тест жұмыстары арқылы бағаланады.

Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

Оқушылар нені білу керек:

— қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;

— білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

— талдау машығының жоғары болуы;

— орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;

— салыстыра алу қабілетінің басым болуы;

Оқушылар нені үйрену керек:

— тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;

— грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

— сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

— деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;



























«Тіл дамыту» атты қосымша ақылы курс бағдарламасының мазмұны


Аптасына - 1 сағат, жылына - 34 сағат.


Кіріспе. (1 сағат)

Курстың мақсаты мен міндеті. Оқушыларға қойылатын талаптар. Тіл дамыту сабағында біз не білеміз?

Тұрлаулы мүшелерге талдау жасау нормалары. (5 сағат) Синтаксистік талдау. Жай сөйлемді сатылай комплексті талдау. Бастауышты сатылай комплексті талдау. Баяндауышты сатылай комплексті талдау. Сөз таптарымен байланысы.

Тұрлаусыз мүшелерге талдау жасау нормалары. (6 сағат)

Толықтауышты сатылай комплексті талдау. Мәтінмен жұмыс. Анықтауышты сатылай комплексті талдау. Шығармашылық жұмыс. Пысықтауышты сатылай комплексті талдау. Тұрлаусыз мүшелерге талдау жасау.

Жай сөйлем түрлерін сатылай талдау. (6 сағат)

Жалаң , жайылма сөйлемдерді сатылай комплексті талдау. Толымды , толымсыз сөйлемдерді сатылай комплексті талдау. Жақты , жақсыз сөйлемдерді сатылай комплексті талдау. Атаулы сөйлемдерді сатылай комплексті талдау. Сөйлемнің байланысу тәсілдерін сатылай комплексті талдау. Сөйлемнің байланысу түрлерін сатылай комплексті талдау.

Құрмалас сөйлем. Оның түрлерін сатылай комплексті талдау (3 сағат)

Сөз таптарын сатылай талдау. (12 сағат)

Етістіктің шақтарын сатылай комплексті талдау (3 сағат). Етістіктің райларын сатылай комплексті талдау. (3 сағат). Зат есімді сатылай комплексті талдау. Сын есімді сатылай комплексті талдау. Сан есімді сатылай комплексті талдау. Есімдікті сатылай комплексті талдау. Үстеуді сатылай комплексті талдау. Шылау сөздерді сатылай комплексті талдау. Қорытынды сабақтар. (1сағат) Курс не берді? (Рефлексия)






















«Тіл дамыту» арнаулы курс бағдарламасының күнтізбелік тақырыптық жоспары.

Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.



Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Уақыты


Орындалатын

жұмыс

түрлері

Курстың мақсаты мен міндеті. Оқушыларға қойылатын талаптар. Тіл дамыту сабағында біз не білеміз?

1



Абай

«Білімдіден шыққан сөз», жаттау , сатылы кешенді талдау

Синтаксистік талдау.

1



Мәтінді мазмұндау , сатылы кешенді талдау

Жай сөйлемді сатылай комплексті талдау

1



Бастауышты сатылай комплексті талдау

1


Мәтін құрастыру

Баяндауышты сатылай комплексті талдау

1



Шығармашылық диктант

Сөз таптарымен байланысы

1



Толықтауышты сатылай комплексті талдау

1



Жұмбақ құрастыру , сатылы кешенді талдау

Мәтінмен жұмыс

1



Анықтауышты сатылай комплексті талдау

1



Шәкәрім

«Жастарға» мазмұндау

Шығармашылық жұмыс

1



Пысықтауышты сатылай комплексті талдау

1



Сценарий құрастыру

Тұрлаусыз мүшелерге талдау жасау

1



Жалаң , жайылма сөйлемдерді сатылай комплексті талдау

1


Н.Назарбаев

жолдаудан үзінді сатылы кешенді талдау

Толымды , толымсыз сөйлемдерді сатылай комплексті талдау

1


«Әр өлеңі – бір әлем»

Шәкәрім Қ. мазмұндау

Жақты , жақсыз сөйлемдерді сатылай комплексті талдау

1


Н.Назарбаев

«Абай туралы» сатылы кешенді талдау

Атаулы сөйлемдерді сатылай комплексті талдау

1


«Аталар сөзі - ақылдың кені» сатылы кешенді талдау

Етістіктің шақтарын сатылай комплексті талдау. Осы шақ

1



«Тәлім сөз – тәрбие туралы» жаттау , сатылы кешенді талдау

Келер шақ

1



Өткен шақ

1



Етістіктің райларын сатылай комплексті талдау.Ашық, шарттыы райлары

1



Даналардан шыққан сөз» сатылы кешенді талдау

Қалау рай

1



Бұйрық рай

1



Сөйлемнің байланысу тәсілдерін сатылай комплексті талдау

1



Сөйлемнің байланысу түрлерін сатылай комплексті талдау

1


«Аталы сөз - баталы сөз» сатылы кешенді талдау

Зат есімді сатылай комплексті талдау

1


Жұмбақ шешу шешіміне сатылы кешенді талдау

Сын есімді сатылай комплексті талдау

1



Сан есімді сатылай комплексті талдау

1


Теориялық материалмен жұмыс

Есімдікті сатылай комплексті талдау

1



Үстеуді сатылай комплексті талдау

1


Ақпарат сараптамалық, бағдарлама жасау

Шылау сөздерді сатылай комплексті талдау

1



Құрмалас сөйлем.Оның түрлерін сатылай комплексті талдау

1


Баяндама жасату

Салалас құрмалас сөйлем

1



Сабақтас құрмалас сөйлем

1


Ақпарат – сараптамалық, бағдарлама жасау

Қорытынды.Курс не берді? (Рефлексия)

1









































Пайдаланған әдебиеттер



  1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі», «Атамұра», 2006 ж.;

  2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап», 2007 ж.;

  3. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап», 2007ж.;

  4. Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы;

  5. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихи тұлғалар» Алматы,2006 ж.;

  6. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005 ж.;

  7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008ж.











































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ




3 орта мектеп



БЕКІТІЛДІ

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

2015 жылғы «___» __________

________бұйрығымен







Б А Ғ Д А Р Л АМ А

«Тіл дамыту»

Қазақ тілі, 9 класс























Ақтөбе, 2015 жыл



Курс бағдарламасының негізі Ш.К.Бектұровтың «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006 ж, еңбегі бойынша құрастырылды.


Құрастырған_№ 3 орта мектебініңқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алипбаева Галия Байдасековна.



№3 орта мектептің әдістемелік кеңесі отырысында қазақ тілінен «Тіл дамыту» тақырыбындағы Г.Б. Алипбаеваның 9 класқа арналған қосымша ақылы курс бағдарламасы талқыланды.





Хаттама №________ «____»_______________2015 жыл

Мектеп директоры _______________ Ш.К.Умирзакова





















Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Тіл дамыту» қосымша ақылы курс бағдарламасымақұлданды.

Хаттама №________ «____»_______________2015 жыл

Сараптау комиссиясының төрағасы _________ Мухамбетова Ж.Ж.











ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ




3 орта мектеп



БЕКІТІЛДІ

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

2015 жылғы «___» __________

________бұйрығымен







Б А Ғ Д А Р Л А М А

«Грамматика еліне саяхат»

Қазақ тілі, 8 класс























Ақтөбе, 2015 жыл



Курс бағдарламасының негізі «Грамматика еліне саяхат» арнаулы курсы А. Байтұрсыновтың «Тіл тағдыры»Алматы,1992 оқулығы басшылыққа алынып жасалды.



№3 орта мектептің әдістемелік кеңесі отырысында қазақ тілінен «Грамматика еліне саяхат» тақырыбындағы Ж.Р.Қойшиғаринаның 8 класқа арналған арнаулы курс бағдарламасы талқыланды.







Хаттама №________ «____»_______________2015 жыл

Мектеп директоры _______________ Ш.К.Умирзакова





















Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Грамматика еліне саяхат» арнаулы курсы мақұлданды.

Хаттама №________ «____»_______________2015 жыл

Сараптау комиссиясының төрағасы _________ Мухамбетова Ж.Ж.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Тіл дамыту» та?ырыбында жазыл?ан арнаулы курс ба?дарламасы

Автор: Алипбаева Галия Байдасековна

Дата: 17.06.2016

Номер свидетельства: 335087


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства