Тест әдісі, тесттің негізгі түрлері, мәліметтерді жинақтау және интерпретация
Тест әдісі, тесттің негізгі түрлері, мәліметтерді жинақтау және интерпретация
Тест әдісі, тесттің негізгі түрлері, мәліметтерді жинақтау және интерпретация
Тест әдісінің түрлері және маңызы мен нәтижелігі Тест (англ. test) сынау, тексеру, талдау. «Тест» – психология мен педагогикадасыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.Тест – ағылшын сөзі, «сынақ», «байқау» деген мағынаны білдіреді де, белгілі тапсырма беру арқылы оқушылардың ақыл — ой сапаларын сынап көрсететін әдіс.«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды.Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы — оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады.Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады, бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплектісін жасай алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тест әдісі, тесттің негізгі түрлері, мәліметтерді жинақтау және интерпретация»
Сабақ жоспары 18
Топ
МДО-192/Б
МДО-161
Күні
5.05.20
8.04.20
Пән аты: Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер (іс жүзіндегі психолог) Оқытушы: Абдунабиева Зарина Махсуджановна Дәрістің тақырыбы:Тест әдісі, тесттің негізгі түрлері, мәліметтерді жинақтау және интерпретация
Дәрістің түрі: Тәжірибелік
Оқыту әдісі: Оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру .
1. Білімділік: Студенттерге психологияның құрылымы,әдісі жәнеміндеттері туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту адамгершілік қасиеттерін дамыту, өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Адам жан-дүниесі жайлі білім, біліктерін молайту, ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту.
Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: лекция материалы, оқулық, плакт, кесте түсті суреттер.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттерді түгелдеу, сабаққа даярлау.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: сауалнама, сұрақ жауаптар
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: Дарис баяны
Тест әдісі, тесттің негізгі түрлері, мәліметтерді жинақтау және интерпретация
Тест әдісінің түрлері және маңызы мен нәтижелігі Тест (англ. test) сынау, тексеру, талдау. «Тест» – психология мен педагогикадасыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.Тест – ағылшын сөзі, «сынақ», «байқау» деген мағынаны білдіреді де, белгілі тапсырма беру арқылы оқушылардың ақыл — ой сапаларын сынап көрсететін әдіс.«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды.Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы — оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады.Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады, бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплектісін жасай алады. Ал, тест тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін тексерудің қатаң формасын машықтандырады.Жалпы педагогикада тестік бақылау бір — бірімен тығыз байланысты 3 қызметті орындайды: диагностикалық, оқыту және тәрбиелік.Диагностикалық қызмет бұл тестілеудің ең негізгі және ең айқын атқаратын қызметі, оқушының білім деңгейін, пән бойынша тақырыпты қалай меңгергенін анықтайды. Оқушының білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау болып табылады. Диагностиканың объективтілігі, ауқымы және жылдамдығы бойынша, тестілеу педагогикалық бақылаудың барлық қалған үлгілерінен асып түседі.Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.Оқыту қызметі оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тесттердің, орындалған тесттің қорытындысын талдау болып табылады.Тәрбиелеу қызметі оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта тапсырманы орындап үлгеру қасиеттерін тәрбиелейді. Тестті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді, білімдерінде кемшіліктерді анықтап, жоюға көмектеседі, өз қабілеттерін дамытуға тырысуды қалыптастырады.Білімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың артықшылығы да, кемшілігі де болады.Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба,нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.
Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.Тест формасы:
Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар.Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті».Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ — жауап түрінде тексеру.Мұғалім тест тапсырмаларды тек оқушылардың білімін бақылауда ғана емес қолдана алады. Тест тапсырмалардың көмегімен оқу үрдісінде оқушылардың өз — өзін бақылауын ұйымдастыруға болады.Осындай тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтап, тақырып бойынша білімдерін өздігінен тексеруге және өз — өзін бақылауды жүзеге асыру әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жоғарыда айтылып кеткендей, әрбір тест жүргізгеннен кейін оқытудың нәтижесінің статистикасын алу қажет.Берілген кесте бойынша жауап нәтижелерін өңдеуден өткіздіру өте ыңғайлы. Кестенің төменгі жолында әрбір сұрақ бойынша қателердің жалпы саны саналады да формула бойынша осы берілген сұрақты меңгерудің пайыз көрсеткішін анықтауға болады:К = N/n х 100%,К –меңгеру пайызы,N – дұрыс жауаптар саны,n – берілген тест бойыншажұмыс істеген оқушылар саны.Оқытудың коммуникативтік әдісінің енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы алғанда тест: педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест — педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде, сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып: біріншіден — өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден — алған білімдерін тәжірибеде, күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған орай бұл тест екігебөлінеді:
Тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.
Сөйлеу тілі тесті. Көбіне жағдаяттық тақыраптағы сұрақ — жауап тапсырмаларынан тұрады.
Интерпретация (interpretation) - 1) нақты тілде ұсынылған кейбір синтаксистік аяқталған мәтіннің мағынасына түсініктеме беру; 2) мәліметтерді, әдетте, программада немесе оның қандай да бір үзіндісінде (операторда) агрегациялаудың, алгоритмдік мәнін автоматты түрде табу мен талдауды орындау.
4.Жаңа материалды бекіту: 1. Тест әдісінің түрлері және маңызы мен нәтижелігі.
2. Интерпретация.
Қорытындылау(білімді бағалау) Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау. Үй тапсырмасы: Сабақ бойынша глоссари жазу.