kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: «Вафли қамырынан дайындалған «вафли түтүкшелері», құймақ қамырынан дайындалған түрлі салмалары бар құймақтар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Құймақ және вафли қамырларының құрамын, дайындау бірізділігін, олардан дайындалатын бұйымдар, салмағы, пішіндеу әдістерін үйрену, жылулық өңдеу әдістері, пісіру уақыты, температурасы туралы білімдерін бекіту. Сапасына қойылатын талаптар, сақтау мерзімдерін үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Вафли қамырынан дайындалған «вафли түтүкшелері», құймақ қамырынан дайындалған түрлі салмалары бар құймақтар»»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан Білім басқармасы

МКҚК Орал «Сервис» технологиялық колледжі



Бекітемін:

Директордың ө/о ісі

жөніндегі орынбасары

Д.С. Жиналеева

_______________




Өндірістік оқыту сабағының әдістемелік дайындамасы

Тақырыбы: «Вафли қамырынан дайындалған «вафли түтүкшелері», құймақ қамырынан дайындалған түрлі салмалары бар құймақтар»






Дайындаған: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері: Кажмулдина Н. С.









Орал қаласы- 2016 ж.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Ашытқысыз қамыр және одан дайындалатын тағамдар

Сабақтың тақырыбы: Вафли қамырынан дайындалған «вафли түтүкшелері», құймақ қамырынан дайындалған түрлі салмалары бар құймақтар.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Құймақ және вафли қамырларының құрамын, дайындау бірізділігін, олардан дайындалатын бұйымдар, салмағы, пішіндеу әдістерін үйрену, жылулық өңдеу әдістері, пісіру уақыты, температурасы туралы білімдерін бекіту. Сапасына қойылатын талаптар, сақтау мерзімдерін үйрету.

  • Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге бағыттау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, техникалық жетістіктерге қызығушылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұлттық тәрбиеге, құрмет көрсетуге, мамандыққа бағдарлау, ұқыптылыққа, тазалыққа, өзіндік және өзара көмек көрсетуге, жауапкершілікке, белсенділікке, іскерлікке баулу.

Сабақтың материалдық жабдықталуы: Интерактивтік тақта, сұлбалар, технологиялық нұсқау карталары.

Сабақтың түрі: Еңбек процесі мен жиынтық операцияларын үйрету.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылардың сәлемдесуі.

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

3. Оқушылардың сыртқы түрін тексеру.

4. Жұмыс орнын сабаққа дайындау.


ІІ. Кіріспе нұсқау:

Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау:

  1. Ашытқысыз қамыр түлерін атаңыз? (май қоспа, құймақ, вафли, миндальді, пряник, бисквитті, қайнатылған, үгілмелі, қаптамалы қамыр, үй кеспесіне, тұшпараға арналған, сұйық қамыр).

  2. Ашытқылы қамырдың ашытқысыз қамырдан айырмашылығы неде?(ашытқылы қамырдың құрамына ашытқы қосылып ашытады).

  3. Ашытқылы қамырды дайындаудың қанша әдісі бар? (ашытқылы қамырды екі әдіспен дайындайды: апарлы және апарсыз).

  4. Апарсыз әдіспен ашытқылы қамыр дайындағанда судың немесе сүттің температурасы қанша градус болуы керек? (35-40ºС).

Жаңа тақырыпты баяндау (шағын конспект):

Вафли қамырынан дайындалған «вафли түтүкшелері».

Вафли қамырын дайындау құймақ қамырын дайындау технологиясына ұқсас болып келеді, айырмашылығы құймақ қамырына сүт немесе су қосады. Вафли қамырының құрамына қант ұнның салмағымен бірдей қосылары, соның салдарынан қанттың көмегімен вафлиге қытырлақтық қасиет береді. Сондай ақ қамыр құрамындағы жұмыртқаның сары уызы жабысқақтықты азайтады және пісіру кезінде ағып кетуді азайтады.

  1. Вафли қамырынан дайындалған «вафли түтүкшелері»

Құрамы: 200гр жұмыртқа, 150гр маргарин майы, 200гр ұн,

200гр қант.

Шығымы: 50 дана вафли түтүкшелері.


Маргарин майын қантпен буда ерітіп, әбден еріген соң суытады да жұмыртқа қосып көпсітеді содан соң ұн қосып араластырады. Дайын қамырды вафли пісіргіш жабдығын қыздырып қамырды үлестеп құйып пісіреді, ыссылай вафли жапрақшаларын түтүеше көлемінде орайды.

Құймақ қамырынан дайындалған түрлі салмалары бар құймақтар.

Құймақ қамырының консистенциясы сұйық болғандықтан қолмен немесе көрпсіткіш машиналарымен көпсітеді, араластырады. Дайын құймақ қамырын диаметрі 22см шойын табаны қыздырып майлайдыда қамырды үлестеп құйып пісіреді, дайын құймақтың қалыңдығы 1,5-2мм болуы тиіс.

  1. Құймақ қамырынан дайындалған түрлі тартымы бар құймақтар.

Құрамы: 416гр ұн, 25гр қант, 1040 сүт немесе су, 83гр жұмыртқа,

8гр тұз, 335гр тартым.

Шығымы: 1335гр.


Сүтке немесе суға қант, жұмыртқа, тұз, ұн қосып араластырады немесе көпсітеді де шойын табаны қыздырып пісіреді. Дайын құймақтың ортасына тартым салып орайды. Тартым ретінде тәтті немесе тұзды тартым қолдануға болады. Мысалы: сүзбе, алма тартымдары, джем, повидло, тосап, ет немесе орамжапырақ тартымдары.



Жаңа тақырыпты игертуге байланысты еңбек тәсілдерін көрсету:

Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын дайындау технологиясының сақталуына, жабдықтар мен аспаптарды дұрыс таңдап алуларына, кауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына, үнемділікке, жылумен өңдеу кезінде қажетті температураның сақталуына аударамын.

Кіріспе нұсқаудың жаңа тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау –

5-7 мин.

  1. Вафли қамырымен құймақ қамырының ұқсастығы неде?

  2. Вафли қамырының құрамындағы қант қандай қасиет береді?

  3. Құймақ дайындау үшін қандай таба қолданады және диаметрі қанша болуы керек?

  4. Дайын құймақтың қалындығы қанша болуы тиіс?

  5. Дайын құймақты қандай тартымдармен ұсынады?

ІІІ. Жаттығулар мен оқушылардың өз бетімен жұмысы: бригада мүшелерінің берілген тапсырмаға сәйкес жұмыстарды бөлуі, дәмрәсім жинағы бойынша өнімдерді әзірлеуі, әзірлеуге арналған қажетті аспаптарды іріктеп алуы, жылулық өңдеу жұмыстары, дайын тағамдарды әсемдеу, ұсыну.

Ағымдық нұсқау. Жұмыс орнын қарап өткенде: оқушылардың барлығы түгел жұмыспен қамтылуын, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді қатаң сақтауын, жабдықтар мен аспаптарды дұрыс пайдалануын, дайындау технологиясының сақталуын, уақытты үнемдеуін, ұқыпты, таза жұмыс жасауларын, жұмыс орнының тазалығын қадағалаймын.

ІV. Қорытынды нұсқау

  1. Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару.

Сабақ барысындағы жұмыстың ұйымдастырылуы, берілген тапсырманың технологияға сәйкес орындалуы, теғхникалық қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуы, уақыттың үнемделуі, ептіліктері мен енжарлықтары, жұмыс орнының тазалықтары, таза, ұқыпты жұмыс жасаулары, бір-біріне көмектесулері туралы қорытынды жасау.

  1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.

Ұйымшылдылығымен, ептілігімен, ұқыптылығымен, өзіне тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен орындаған, өзгелерге көмектесе білген оқушылардың жұмыстарын атап өту.

  1. Қателерді сипаттап, олардың себебін анықтап, қателерін түзету.

Әрбір жеке оқушының сабақ барысында жіберген қателіктерін түзету, себебін анықтау.

  1. Жабдықтардың, жұмыс уақытының, еңбек тәсілдерінің тиімді пайдалануын талдау.

  2. Бағалау.

  3. Үйге тапсырма:

  4. Жұмыс орнын тазалау.


Ө/о шебері: Кажмулдина Назгүл Сансызбайқызы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Кажмулдина Назгуль Сансызбаевна

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415507


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства