Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Білім ?нер сайысы" »
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебіБижанова БибигульСалимовна Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: Білім мен өнер сайысы
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды өз ортасында, өзге ортада өзін еркін сезіне алуға, өнерін орнынды көрсете білуге үйрету.
2.Ұйымдастырушылық пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды өнерін орнынды көрсете білуге,тапқырлыққа, мәдениеттілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қанатты сөздер т.б.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар! Оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын, білімді оқушыларды анықтайтын, білімге, өнерге қызығушылықтарын арттыратын «Білім мен өнер сайысына хош келдіңіздер!
Сайыстырып шыңдаймыз өрендерді,
Үйретеміз ән, жырды, өлеңді енді.
Көрмекке балғындардың өнерлерін,
Шақырамыз жанкүйер көрерменді дегендей, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасы: Мектебіміздің директоры: Алимова Айткүл Едіресқызы, оқу ісінің меңгерушісі: Нуркина Алма Аңсағанқызы және оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі: Салпенова Айнұр
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
3 кезең «Тіл өнері»
4 кезең «Ойлан, тап!» Капитандар сайысы
5 кезең «Өнерпаз болсаң»
1 кезең Таныстыру
Кез келді сайыс жүгін табыстырар,
Өнерді бір-бірімен салыстырар,
Ал, қазір алдарыңда көрерменім,
Сайыс топ бірін-бірі таныстырар.
1 топ:«Қыран» тобы
Ұраны: «Қырандай самғаймыз, оттай лаулаймыз!»
2 топ: «Қарлығаш»
Ұраны: «Жер шарын аралап, білімді жинаймыз!»
Қиындықтан сірә да,біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.
2 кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әр топқа әріп беремін. топ мүшелері сұрақтарға сол әріптермен басталатын сөзбен жауап береді.
Қыран тобы: Ш Е К
1. Мектеп саған ұнай ма?
2. Бүгінгі сайысқа дайындығың қалай?
3. Күн қандай?
4. Оқи берсең кім боласың?
5. Жаздың бірінші айы?
6. Кітаптан не үйренесің?
Қарлығаш тобы: С А Б
1. Ет жемесең түсіңе не кіреді?
2. Гүлдің түсі қандай?
3. Сумкаңда не болады?
4. Кіммен досың?
5. Шешен адам не бастайды?
6. Барар жеріңе немен жетесің?
Өлең 4 сынып оқушысы Асмираны қарсы алайық
Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Оқушыларды болашаққа ие дейміз.
3 кезең «Тіл өнері»
Берілген мақалды жалғастыр,
1. Өз елім-өлең төсегім.
2. Ел іші – алтын бесік..
3.Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы .
4. Бірінші байлық-денсаулық.
5. Дені саудың- жаны сау.
6. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне.
би
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім-тәрбие алар ма?
4 кезең «Ойлан, тап!» Капитандар сайысы
1. Төрт бұрышта 4 мысық отыр, әр мысықтың алдында бір мысық отыр. Барлығы неше мысық отыр? (4 мысық)
2. Отан қайдан басталады? (отбасынан)
3. Денені шынықтыратын пән? (Дене шынықтыру)
1. Дастарқан басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Әр адам неше алма жеді?
2. Қазақстан мемлекетін кім басқарады?
3. 1 желтоқсан қандай мейрам?
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны,
Әнге сенің қанша икемің бар екен?
Тыңдап алып, жалғастырсақ қайтеді?
5 кезең «Өнерпаз болсаң»
Әр топтан бір оқушыдан өнер көрсетеді
Қорытынды:Қазақстан деген сөзге кластер құру
топ мүшелері бірге орындайды, Әр топқа ватман беру.