Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шараның тақырыбы:«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»»
Тақырыбы:«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Көрнекілігі: интерактивтік тақта, маркерлер, фломастерлер т.б 1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу.
Топтардың таныстырылуы.
Әділ қазы алқасын сайлау
Қайырлы күн, құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»- деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.
Сайыста үш топ сынға түседі. Әр топтың аты, ұраны болу шарт. Сайысымыз 5бөлімнен тұрады
І. Таныстыру
ІІ. Жедел жауап
ІІІ. Бәрін білгім келеді
ІV. Мықты болсаң, тауып көр
V. Білімінді шыңда.
І бөлім: «Жедел жауап»
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.
І топқа:
Қазақстан астанасы қай қала?
Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым?
Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?
Қазақтың атақты күрес шебері
1- маусым қандай мереке?
ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары
Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма
2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары
Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер?
Абайдың шын аты кім?
ІІ. топқа:
Қазақстан рәміздерін ата.
Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
Бөлудің компоненттерін ата.
Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ?
Қазақтың үш биін ата.
Қазақстан Тәуелсіздік күні
Қазақстанның атақты суретшісі
6-шілде қандай мереке?
2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы
Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?
ІІІ топқа.
1. Бір айда неше апта бар?
2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? 3. Заттың атын білдіретін сөз табы?
4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? 5. Қосудың компоненттерін ата.
6. Қосуға кері амалды ата.
7. Бір жылда неше күн бар?
8. Заттың қимылын білдіретін сөз табы.
9. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.
10. 12 – сәуір қандай мейрам?
ІІ бөлім. «Бәрін білгім келеді»
Бұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау үш топтың өз еркінде. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.
Қазақ тілі
10. Фонетика нені зерттейді. (Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін сала)
20. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)
30. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)
40. Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атап бер. (Дара сан есім және күрделі сан есім)
Тақырыптар ұяшығы. Тақырыптарды таңдау оқушының өз еркінде.
Төрт тақырып бойынша берілген ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
«Қазақстан»
10 ұпай. Қазақстан Елтаңбасының түсі қандай? (алтын, көгілдір)
20 ұпай. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты? (1993)
30 ұпай. Қазақстан халқының саны қанша? (16 млн. астам)
40 ұпай. Қазақстанның «Швейцариясы» қандай аймақ? (Бурабай)
«Грамматикалық ереже»
10 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? (бас әріп)
30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер (антоним)
«Ұлы адамдар»
10 ұпай. Ұлы жүздің биі (Төле би)
20 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы. ( Шоқан)
30 ұпай. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
40 ұпай. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
«Телехабарлар
ІІІ бөлім: «Мықты болсаң, тауып көр»
Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.
І топқа.
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста])
Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk [чок])
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])
ІІ топқа.
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа; воздух; air [эйа])
Айдағаны … ешкі,
Ысқырығы жер жарады. (бес; пять; five [файф])
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка; ruler [руле])
ІІІ топқа.
Білімді мыңды жығады,
Білекті … жығады. ( бір; один; one [уан])
Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко; apple [эйпл])
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])
ІV бөлім: «Біліміңді шында» Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет. 1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу 2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын 3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет 4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш 5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан 6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары 7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы 8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
9. 4 жұмыртқа 4 минутта піссе, 1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут)
Қорытынды.
Әділ қазы алқасы бағалайды. І бөлім: «Жедел жауап»
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.