kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья"?зге тілді о?ушылар?а мемлекеттік тілді о?ыту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Білім беру ж?йесіндегі ?зекті м?селелер ?атарында ?р?ашан мемлекеттік тілді  ме?герту м?селесі т?рады.

        Тіл – адамзат баласыны? рухани к?ш-?уаты, елімізді? тірегі. ?ай п?нні? болмасын жалпы білім беру ж?йесіндегі ма?ызын танытатын негізгі сипат- сол п?н мазм?ны мен ?о?амды? – ?леуметтік с?ранымны? ?зара с?йкестігі.

      Мемлекеттік тілді ?йретуді? ма?саты- о?ушыларды? с?йлеу тілін дамыту, ?арым- ?атынас жасау?а м?мкіндік ту?ызу. Демек, ?аза? тілін мемлекеттік тіл ретінде о?ыту барысында ?зіндік ой- тол?амын жеткізе алатын, кез- келген адаммен тілдік ?арым- ?атынас?а  т?се алатын, компетентті, іскер азамат т?рбиелеп шы?у. ?аза? тілін о?ып – ?йренуді? барысында о?ушы ?аза? хал?ыны? тарихын, ?дебиетін, жерін, ?алымдарын, а?ын- жазушыларын  танып біледі. Орыс тілді о?ушылар?а ?аза? тілін о?ытуда е? бірінші эстетикалы? тал?ам?а сай безендірілген кабинет, о?ытуды? ?рт?рлі ??ралдары, кестелер, о?улы?тар, техникалы?- ??рал жабды?тар, информациялы? ??ралдар болуы ?ажет. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья"?зге тілді о?ушылар?а мемлекеттік тілді о?ыту" »

Өзге тілді оқушыларға мемлекеттік тілді оқыту

ЖББ № 17 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Байрова А.Е.

Білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер қатарында әрқашан мемлекеттік тілді меңгерту мәселесі тұрады.

Тіл – адамзат баласының рухани күш-қуаты, еліміздің тірегі. Қай пәннің болмасын жалпы білім беру жүйесіндегі маңызын танытатын негізгі сипат- сол пән мазмұны мен қоғамдық – әлеуметтік сұранымның өзара сәйкестігі.

Мемлекеттік тілді үйретудің мақсаты- оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, қарым- қатынас жасауға мүмкіндік туғызу. Демек, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту барысында өзіндік ой- толғамын жеткізе алатын, кез- келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, компетентті, іскер азамат тәрбиелеп шығу. Қазақ тілін оқып – үйренудің барысында оқушы қазақ халқының тарихын, әдебиетін, жерін, ғалымдарын, ақын- жазушыларын танып біледі. Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқытудың әртүрлі құралдары, кестелер, оқулықтар, техникалық- құрал жабдықтар, информациялық құралдар болуы қажет.

Бұлар біріншіден, оқушылардың білімге деген құмарлық қасиеттерін дамытып, білім алуға қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Екіншіден, әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту.Сонда ғана орыс тілді оқушы қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсіне меңгереді деп ойлаймын. Өз сабақтарымда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі жұмыс түрлерін қолданамын. Жаттығып жатқан сөздер мен тіркестерінде жіберілген әріпті орнына қою, жаңа терминологиялық сөз бен сөз тіркестерін айту кезінде жазып алу, дыбысталуы ұқсас сөздердің грамматикалық формасын ауыстыру, т.б. тапсырмалар. Мысалы: жалған ұқсастық тудыратын сөздер (сыр (ішкі) – сыр (түрлі - түстер), бұтақ- (үрім бұтақ; ағаштың бұтағы т.т.).Сөйлесім жаттығуларын орындағанда:

  • мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу;

  • мәтін абзацтарына ат қою;

  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;

  • мәтін жоспарын құру т.б.тапсырмалар.

Мәтінді аудиотаспадан, бейнематериалдардан тыңдату арқылы оқушылардың есінде қалдыруға тырысамын. Лексикалық материалдарды оқыту барысында сөздік минимумды іріктеп алып, лексикалық қорды үнемі жетілдіріп отырамын, сөздердің бір – бірімен байланысу амалы мен лексикалық единицаларды іс жүзінде қолдана білу заңдылығын үздіксіз үйретіп, ойларын тиянақтап, аяқталған сөйлемдер арқылы жеткізе алуға, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне мән берулеріне талап қоямын. Шығармашылық жұмыс арқылы теориялық білімдерін практикамен ұштастырамын. Шығармашылық жұмыс оқушыны өз бетінше ізденуге, өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Лексикалық тақырыпқа байланысты шығармашылық топқа өлең жазу, тақырыпқа байланысты өз көзқарастарын айту т.б. тапсырмалар берілсе,келесі деңгейлі оқушыларға талдау жұмыстарын (септеу, жіктеу,тәуелдеу т.б. тапсырмалар) беру арқылы қорытамын.Орыс тілді оқушылар үшін өлең шығару, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізу қиынға түседі, әйткенмен тырысып бағады.Оқу үрдісінде оқушылардың алған білімін бақылау барысында тест әдісін де қолданамын. Тест уақытты үнемдейді, оқушылар өз білімі мен біліктілігінің қандай дәрежеде екеніне көзі жетеді.

Қандай мұғалім болмасын сабақ барысында оқушылардың барлығы сабаққа белсене қатысқанын қалайды. Мен көп сөйлемейтін, көзге ілінбей сыртта қалатын оқушыларды сабақ бойы қозғаймын.Оқу,сөз тіркесін,қысқа сөйлемдер құрастыру т.б. тапсырмалар беру арқылы.

Ұстаз баланы сыйласа, құрметтесе, әрбір сабақ мейрам сияқты болса, мұғалім оқушымен дос, тең болса ғана өз пайдасын келтіреді, оқушылардың білгірлігі дамиды, сөйлеу, мәдениеті артады, тілге деген сүйіспеншілігі қалыптасады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде.Республикалық ғылыми басылым, 2006.

2.Мажитова Ш.М, Головина К.М. Тілдік қатынас негіздері/ Дәрістер курсы.Қарағанды, Болашақ – Баспа, 2007.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Статья"?зге тілді о?ушылар?а мемлекеттік тілді о?ыту"

Автор: Байрова Айман Елеусызбаевна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153569


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства