kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сочинение Fkbtdjq Pfhbys на тему "Ынтыма?ы жарас?ан ту?ан ?лкем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?кем – мені? ма?танышым» На?ыз ?ке а?ылг?й де ас?ар жан, Барлы? ?рпа? ?келерден бастал?ан. Ал, ?келер, ?здері?е арнал?ан Жазыл?ан б?гінгі шы?армалар. Отбасында ?кені? орны б?лек. ?ке – сол ша?ыра?ты? бар ауыртпалы?ын к?теретін, асырап-ба?у?а да, жа?сы т?лім-т?рбие беруге де міндетті адам. ?ке – бала ?шін ас?ар тау. ?ке ?ам?орлы?ы дегеніміз – отбасы м?шелерін ?рт?рлі п?ле-жаладан ?ор?ап отыратын ?асиетті ??ым. Сонды?тан ?кені сыйлау, о?ан ?лкен ??рметпен, ілтипатпен ?арау баланы? парызы болма?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сочинение Fkbtdjq Pfhbys на тему "Ынтыма?ы жарас?ан ту?ан ?лкем"»

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Н.К. Крупская атындағы №4 ОМ

8 «Б» сынып оқушысы Алиева Зарина

Жетекшісі: Джуматаева П.М.

Ынтымағы жарасқан туған өлкем

«Көп ұлтты болуымыз — біздің байлығымыз, мақтанышымыз…

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады…»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Қазақстанда 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, еліміздегі 471 – ден астам ұлттық мәдени бірлестіктер ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт- дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Елімізде үштілділік негізінде және басқа да тілдерде түрлі газеттер, журналдар, кітаптар шығарылады. Түрлі ұлттық театрлар да жұмыс істейді. Мәселен, Қарағанды қаласында Станиславский атындағы орыс драма театры, Алматыда Жүргенов атындағы қазақ драма театры, Теміртауда неміс драма театры бар. Сонымен қатар ұлттық радиоарналар жұмыс істейді.

Туған өлкем - Балқаш қаласы да көпұлтты. Қаламызда төрт ұлттық мәдени орталық бар. Олар: кәріс, украин, татар, неміс ұлттық мәдени орталықтары. Аталған ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен жүргізіліп жатқан жұмыстар қаламыздағы этностардың дамуына ықпалын тигізуде. Олардың мектепішілік, қалалық іс – шараларға да берері көп. Елімізде де, қаламызда да Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс шаралар өткізілуде.

Солардың бірі сынып жетекшім Перизат Майрамкуловнаның ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған сыныптан тыс іс - шара. Аталған іс- шараға УҰМО жетекшісі Гильфер Нина Альбиновна, ТҰМО мүшесі Залялова Фарида Салимжановна, шақырылды. Аталған ұлттық мәдени орталықтардан ұлттық киімдерін, ұлттық ыдыстарын, ұлттық музыкалық аспаптарын, ұлттық тағамдары, ана тілдерінде шығатын газет журналдарын, мемлекеттік туларын, картасын алып, сыныбымызда қазақ, украин, неміс, татар, әзербайджан халықтарының ұлттық орталықтарын құрдық. Себебі біздің де сыныбымыз көпұлтты. Іс - шара өте қызықты өтті. Іс - шараға әр ұлттық орталық өзі туралы қабырға газеттерін шығарды, презентацияларын жасап, ана тілдерінде қорғады, өз ұлттық орталықтарын нақышына келтіріп безендірді. Содан кейін өнерлерін тамашаладық. Татар халқы орталығы ұлттық биімен таныстырса, қазақ халқы салт- дәстүрінен көрініс көрсетті, украин халқы орталығының оқушылары ана тілінде өлең оқыды, неміс халқы орталығының мүшелері би биледі. Мен әзербайжан ұлт өкілімін. Мен әзербайжан және қазақ тілімен аралас ән айттым, кейін оны сынып жетекшіммен мектепішілік іс - шарада орындадық. Осылайша, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы толық мәлімет алып, әр түрлі ұлт өкілдері туралы қызықты деректермен, сыныбымыздағы ұлт өкілдерінің өнерлерімен таныстық. Бізге іс- шара өте ұнады. Қалалық Білім Бөлімінен келген қонақтар, ҰМО жетекшілері де риза болды. Этномәдени бірлестіктерінің өкілдері ана тілдерінде тілектерін білдіріп, іс- шараны жандандыра түсті. Сыныбымыздағы, қаламыздағы, еліміздегі ұлттар достығы мәңгі жасасын деп тілеймін!

«Ел бірлігі — ең асыл қасиет....» деп Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі — Қазақстан халықтарының бірлігі. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сочинение Fkbtdjq Pfhbys на тему "Ынтыма?ы жарас?ан ту?ан ?лкем"

Автор: Джуматаева Перизат Майрамкуловна

Дата: 23.11.2015

Номер свидетельства: 257273


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства