kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «Он сауса?ты? ??діреті».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Он сауса?ты? ??діреті». Саба?ты? ма?саты: 1. О?ушылар?а ?ол?нермен жал?ау адамны? жолдас бола алмайтынды?ын т?сіндіре отырып, ?нерге деген ?ызы?ушылы?ын, ?з ?нерін ба?алай білуге баулу. Е?бек ??ралдарын пайдалана білу мен ойлау ?абілетін ?алыптастыру. 2. ?р т?рлі материалдарды пайдалану ар?ылы бай?а?ышты?ын, шы?армашылы? ?абілетін, ?иялын, ?ол ептілігін дамыту. 3. Е?бек м?дениетін са?тау?а, адам е?бегін ??рметтеуге, батылды??а, е?бек с?йгіштік пен ??ыптылы??а т?рбиелеу. ?дісі: С?ра?-жауап, н?с?ау беру, кроссворд шешу, талдау. ?олданылатын жабды?тар: ?атты ?а?аз, т?рлі т?сті ?а?аз, ?айшы, ?арындаш, ермексаз, д?нді да?ылдар, таби?и материалдар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «Он сауса?ты? ??діреті». »

Сабақтың тақырыбы: «Он саусақтың құдіреті».

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қолөнермен жалқау адамның жолдас

бола алмайтындығын түсіндіре отырып, өнерге деген

қызығушылығын, өз өнерін бағалай білуге баулу.

Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау

қабілетін қалыптастыру.

2. Әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы

байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын,

қол ептілігін дамыту.

3. Еңбек мәдениетін сақтауға, адам еңбегін

құрметтеуге, батылдыққа, еңбек сүйгіштік пен

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, нұсқау беру, кроссворд шешу, талдау.

Қолданылатын жабдықтар: қатты қағаз, түрлі түсті қағаз, қайшы,

қарындаш, ермексаз, дәнді дақылдар, табиғи

материалдар.

Көрнекілігі: крассворд сызылған плакат, балалар шығармашылығынан

көрме.

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Топ намысын қорғауға,

Балалар шықты ортаға – деп сайысымызға қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

Енді осы қызықты сайысқа қатысушы оқушыларымызды таныстырып өтейін.

І-топ. «Шеберлер» тобы.

ІІ-топ. «Өнерлілер» тобы.

Осы өнерлі шебер балалардың еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Сайыс кезеңдері:

1-айналым «Таныстыру».

2-айналым «Ойлан, тап» (сұрақ-жауап).

3-айналым «Жалғасын тап» (мақал-мәтел).

4-айналым «Он саусақтың құдіреті» (шығармашылық жұмыс)

«Шебер қолдар» тақырыбында ұйымдастырушылық-танымдық әңгіме. ІІ. Негізгі бөлім.

Кіріспе сөз.

«Дүниеде түрлі өнер көп, өнерді тапқан шебер көп» - деп С.Дөнентаев ағамыз айтқандай біз қай заманда өмір сүрсек те, адам өміріндегі ең негізгі іс – ол еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны күнделікті өздеріңнің ата-аналарыңның тынымсыз еңбектерінен байқауға болады. Дана халқымыз «Баланы бастан» деген нақылды бекер айтпаса керек. Тәлім-тәрбие алуда, теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен байланысты. Еңбек үстінде адам шыңдалады, икемделеді, шеберленеді.

  • Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Осы жақсы қасиеттерді біз еңбекке баулу пәні арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз. Ендеше, сол пәннен ерекше шеберлігімен көзге түскен 3 класс оқушыларының қатысуымен «Он саусақтың құдіреті» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

  1. Таныстыру:

«Сәлем-сөздің анасы», әр топ атымен, ұранымен таныстырады.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнер-білім жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетсе деймін.

«Шеберлер» тобынан «Өнерлілер» тобына жалынды сәлем,

«Өнерлілер» тобынан «Шеберлер» тобына жалынды сәлем.

  1. «Кім – жылдам» (сұрақ-жауап).

Қолөнері халқымның өрістенсін,

Әрқашан Алла берсін берекесін.

Егіз ұғым өнер мен білім деген,

Сайыскерлер білімін сынап көрсін.

Келесі «Кім жылдам» сайысымызда қай топ сұрағымызға жылдам жауап береді.

  1. Теріден жасалған бұйым?

  2. Металдан сәндік бұйымдар жасайтын шебер?

  3. Қағаздан бүктеу арқылы әр түрлі бұйымдар жасау өнері?

  4. Құрақ көрпе жасау үшін қандай геометриялық үлгілер қолданылады?

  5. Матаның қандай түрлерін білесіңдер

  6. Аппликация дегеніміз не?

Келесі «Құрал-сайман» сөзінен тұратын еңбекке байланысты кроссворд шешейік.


ы




ж



ш

е

й


б


қ



л

а

т

о

қ

а

қ

ц

і

и

қ

ұ

р

а

л

-

с

а

й

м

а

н


т


р

а


ы

ғ

р


е

қ

ы

м

з

а

к


ы

н


ғ

з

у


ш

д



ы


л




а

ш

ь

ш



  1. «Жалғасын тап!» (мақал-мәтелдер).

Ата-дәстүр абырой көтергенге,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз мақал мен-мәтелдерге, - дей келе мақал-мәтелдерді жалғастыру кезеңіне де келіп жеттік.

  1. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей

  1. Көз қорқақ, қол батыр

  2. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті!

  3. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

  4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

  5. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.


  1. «Он саусақтың құдіреті» (шығармашылық жұмыс).

Шеберлікте шек жоқ,

Жалқаулыққа жол жоқ.

Өнерлінің қолынан,

Тамып тұрған бал көп.

Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу. Қауіпсіздік ережесі мен жеке бас гигиенасын, қайшымен жұмыс істеу ережесін сақтау.

Құрал-жабдықтарымызды партаның бетіне реттеп қойып аламыз. Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек. Әрқайсысы өздерінің алдындағы материалдармен жұмыс істейді.

Өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер. Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатындығын жақсылап ойланып алыңыздар.

Балалардың әр қайсысы жасаған заттарын неден, қалай жасағанын айтып өтті.

  1. Қорытындылау.

Кімдер шешен, кім іскер білейікші,

Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті

Ал сайыскерге тек сәттілік тілейікші, - дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Қазылар алқасына сөз беру.

Марапаттау.

Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді аяқтайық.














Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық аудандық білім бөлімі

Балалар шығармашылығы орталығы

Бітік орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы







Сабақ тақырыбы:


«Он саусақтың құдіреті»








Орындаған: үйірме жетекшісі А.Н.Сарсенгазиева.











2013-2014 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: «Салт дәстүр – асыл қазына».

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

  2. Тіл мәдениетіне, ұлттық сана-сезіміне, әдемілік пен әсемдікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сайыс сабақ

Қолданылатын жабдықтар: нақыл сөздер, асықтар, қоржын, кесте.

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.

І топ «Мұрагер»

ІІ топ «Еркем-ай»

Алдымен сайыскерлердің ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған топты дәл анықтап беретін әділ-қазы алқасымен таныстырып алайық:

1. Қайсақова А.Б – оқу ісі жөніндегі орынбасары

2. Аймағамбетова Х.А – қосымша білім беру педагогы

3. Бимағанбетов С.С. – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ендеше көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

1. «Келіңіз танысайық» (өз тобын таныстырып, ұран айту)

2. «Зерделінің ойы озық» (Қоржыннан асық ала отырып, сол асық нөмірі бойынша сұрақтарға 1 мин. ішінде жауап беру).

3. «Шебердің қолы алтын» (ою-өрнек)

4. «Салт-дәстүр нәрі» (әр топ қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету).

Қазір ең алдымен тақырыбымызды ашып алайық.

Егер мына тұрған криптограмманы шешсек бүгінгі біздің тақырыбымызда не жайлы айтылатыны ашылады.

  • Қандай сандар көріп тұрсыңдар? Олар қандай сандар? (киелі, қасиетті сандар). Ендеше осы сандар арқылы көбейтумен берілген тапсырмаларды орындап, шыққан сандарды төменде берілген кестенің ұяшықтарына орналастырыңыздар. Оның артында берілген әріптерден бір сөз шығады.

3 х 3/ 4 х 4/ 5 х 5/ 6 х 6/ 7 х 7/ 7 х 9/ 9 х 9/

С а л т – д ә с т ү р

42) 9) 25) 49) 63) 20) 16) 42) 49) 81 36

- Ал енді балалар қандай сөз шықты (салт-дәстүр)

Ендеше, бүгінгі біздің тақырыбымыз осы бағытта болмақ. Тақырыбымыздың аты «Салт дәстүр – асыл қазына».

ІІ. Негізгі бөлім:

Кіріспе сөз.

Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Нағашыбай Шайкенов «Ұлт дәстүрі – заңнан да биік», - деген. Демек салт дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен, әдепті ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Халқыңа деген құрмет оның салт дәстүрін қастерлеумен бағаланады. Ал, дәстүр өмір сүру салты, ендеше балаларды бұл қырынан да сынап көрелік.

І бөлім: «Келіңіздер танысайық» бөлімі бойынша әр топ өз топ аттары мен ұрандарын таныстырып өтеді.

Мұғалім: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған – дей отыра екінші бөлімімізге кезек берейік.

ІІ бөлім: Зерделінің ойы озық» (1 мин. ішінде кім жылдам сұрақтарға жауап берсе, сол көп ұпай жинайды).

І топ «Мұрагер» тобына:

  1. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? (кереге)

  2. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр (шашу)

  3. Тойдың кешкі ойынын өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең? (тойбастар)

  4. Домбауылы жекпе-жекке шақырған батыр? (Батырдың аты Ерторғын)

  5. Қазақтың қыз-жігіттері кешкі уақытта жиналып ойнайтын ұлттық ойындардың бірі (алтыбақан).

ІІ топ «Еркем-ай» тобына:

  1. Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөлігінің бірі (уық).

  2. Кез келген жерде айтыла бермейтін ұғым (бата).

  3. Екі жас босаға аттап келе жатқанда айтылатын өлең (жар-жар).

  4. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» деген үзінді қай бидің сөзі? (Қазыбек би)

  5. Бір топ аттылар жарысын не деген? (көкпар)

ІІІ бөлім: «Шебердің қолы алтын» дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Бұл бөлімнің шарты бойынша екі топ ою ояды. Күрделі әрі ұқыпты ойылған ою жоғары бағаланады.

. ІҮ бөлім: «Салт-дәстүр нәрі» (әр топ қазақтың салт-дәстүрінен көрініс

көрсету).

Қорытынды: Құрметті көрермендер! Сіздер бүгін «Салт-дәстүр – асыл

қазына» атты кешімізді тамашаладыңыздар.Қазақ халқының әрбір

тұжырымды ойы,мақал-мәтелі, тыйым сөздері-тәрбиенің мол мұрасы

екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың

әдет-ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен

келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық

борышымыз деуге болады. Ал ендігі сөзді әділқазылар алқасына

берейік. Марапаттау сөз.

Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «Он сауса?ты? ??діреті».

Автор: Саресенгазиева Алия Насибуллиевна

Дата: 06.03.2015

Номер свидетельства: 182912


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства