kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?р саба?та а? жауын боп жауатын..."(эссе)

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                            Индер ауданы, Есбол селосы

                   Жамбыл атында?ы орта мектебі

І санатты ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі

              Утешова Майра Избасаровна

«?р саба?та а? жа?быр боп жауатын.»

                                                    (Эссе)

                                                                   М??аліммін мазасыз білім десе,
                                                                   К?з майымды тауысты к?нім неше.
                                                                   Рахат тауып ?алар ем б?л ша?та да
                                                                   Т?н бойы о?ып кірпігім ілінбесе…

                                                                                                       Е.Н?сіпбеков

?р адам ?мірге келіп, тіршілік еткеннен со?, ?мірде ?з орнын тап?ысы келеді.Абай атамыз айт?андай, «д?ниеге кірпіш болып ?аланып», ?з ізін ?алдыруды арман етеді. ?стаз баланы? болаша?ыны? жол н?с?аушысы ?ой. ?стаз бола ж?ріп, ?згені де т?рбиелейсі?, ?зі?де т?рбиеленесі?. Асыл ?жені? «айналайыны мен а? тілегі», ананы? мейірім шаш?ан а? ж?регімен т?рбиеленген ауыл адамы, біз ?шін, ?стаз – ?лы т?л?а. Осы с?з ес білгелі мені? де санама ??йылумен келеді.

         Жала? ая? су кешіп, асыр салып ??мда ойнап ?скен ауыл баласыны? балалы?ын байсалдылы??а айырбастат?анда сол ?стаз болатын.Ендеше, мен де ауыл м??аліміні? алдын к?ріп, т?рбиесін ал?ан ?арапайым ?аза? ?ызымын. Кішкентай кезімнен аяулы да, асыл  «?стаз деген -  ?лы есім» деп арда?татып ?йреткен ?негесі мені ?стазды? жол?а алып келді.

         ?стазды? маманды??а ?олымыз жетпейтіндей к?рінуші едік.

Киелі мекен Тайсой?ан топыра?ы – мені? ту?ан жерім. Жетпісінші жылдарды? ая?ында арман ?уып, ??лын - тайдай бірге ?скен достарыммен бірге мен де мектеп бітіруші т?лек атан?аным ?лі к?нге дейін есімде.

Хал?ымызды? біртуар перзенті, ?аза? с?з ?неріні? айтулы са?ла?тарыны? бірі Оралхан Б?кей ?з к?нделігіне: «Мектеп ?абыр?асында ж?ргенде армандауды? ?лкен м?ні барын ?з басымнан кештім. Журналист болам дедім. Болдым.Ал кластасым - Же?іс ?ш?ыш болам деді.Болды.Демек, ?иялдаудан ас?ан ерлік жо?», деп жазыпты.

Шынында да, ?иялдаудан бас?а ж?йрік жо? екен. Мектеп ?абыр?асында ж?ріп,  а?са?ан арманым орындалып, ара?а к?п жылдар салып, ?з ?алауыммен ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі атандым.

Т?уелсіздік ал?аннан кейінгі жылдар ішінде егемен еліміз дамуды?, жа?аруды? да??ыл жолына т?сті. Болаша??а ?лкен сеніммен ?арайтын болды?.

Мен тіл маманы бол?анды?тан, ?зге ?лтты? балаларына ?аза? тілінде д?рыс с?йлеуге, ойын еркін жеткізуге ?йретіп ?ана ?оймай, оларды ?аза? хал?ыны? салт – д?ст?рін, м?дениетін сыйлау?а, мемлекеттік тілді ?адір т?тып, сыйласты?пен ?арау?а ?йретемін.

«Т?рбие тілден басталады» деген емес пе дана хал?ымыз.Ана омырауынан ажырама?ан кезде – а? б?бегін ана тіліні? а? уызымен ауыздандыра бастайды.Ана тілі – адамны? ??мыр бойы серігі, рухани ?азы?ы, к?рестегі ??ралы. «Ана с?ті бой ?сіреді, ана тілі ой ?сіреді» деген ?ла?атты с?з бекер айтылма?ан. ?аза? хал?ы болаша? ?амын ?атты ойластыр?ан ?ой. Мектеп табалдыры?ын тарыдай болып бас?ан ж?не таудай болып шы??ан б?лдіршіндерді сауаттылы??а ?йрету - бізді? ?олымызда.Олай болса, елімізді? болаша?ын ойлайтын, саналы азаматтарымыз ?асиетті тілімізді биік – биік шы?дар?а шы?арып, ?лемдік тілдер ?атарына ?оссын дегім келеді.

«?стаз ш?кіртке к?н болып к?рініп, н?р болып т?гілуі керек» - демекші, жа?а ?асыр м??аліміні? бойында сергектік, бай?а?ышты?, сезімталды?, ?ділдік, байсалдылы?, ?стамдылы? сия?ты ?асиеттеріні?  б?рі болып, олар мейірімділікпен ?штасып жатса  ?ана  біз ойла?ан ма?сатымыз?а, «?лы ?стаз» деген ?адірлі атауды? шын иегері болатынымыз?а сенемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?р саба?та а? жауын боп жауатын..."(эссе) »

Индер ауданы, Есбол селосы

Жамбыл атындағы орта мектебі

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Утешова Майра Избасаровна



«Әр сабақта ақ жаңбыр боп жауатын ...»

(Эссе)

Мұғаліммін мазасыз білім десе,
Көз майымды тауысты күнім неше.
Рахат тауып қалар ем бұл шақта да
Түн бойы оқып кірпігім ілінбесе…

Е.Нүсіпбеков

Әр адам өмірге келіп, тіршілік еткеннен соң, өмірде өз орнын тапқысы келеді.Абай атамыз айтқандай, «дүниеге кірпіш болып қаланып», өз ізін қалдыруды арман етеді. Ұстаз баланың болашағының жол нұсқаушысы ғой. Ұстаз бола жүріп, өзгені де тәрбиелейсің, өзіңде тәрбиеленесің. Асыл әженің «айналайыны мен ақ тілегі», ананың мейірім шашқан ақ жүрегімен тәрбиеленген ауыл адамы, біз үшін, ұстаз – ұлы тұлға. Осы сөз ес білгелі менің де санама құйылумен келеді.

Жалаң аяқ су кешіп, асыр салып құмда ойнап өскен ауыл баласының балалығын байсалдылыққа айырбастатқанда сол ұстаз болатын.Ендеше, мен де ауыл мұғалімінің алдын көріп, тәрбиесін алған қарапайым қазақ қызымын. Кішкентай кезімнен аяулы да, асыл «ұстаз деген - ұлы есім» деп ардақтатып үйреткен өнегесі мені ұстаздық жолға алып келді.

Ұстаздық мамандыққа қолымыз жетпейтіндей көрінуші едік.

Киелі мекен Тайсойған топырағы – менің туған жерім. Жетпісінші жылдардың аяғында арман қуып, құлын - тайдай бірге өскен достарыммен бірге мен де мектеп бітіруші түлек атанғаным әлі күнге дейін есімде.

Халқымыздың біртуар перзенті, қазақ сөз өнерінің айтулы саңлақтарының бірі Оралхан Бөкей өз күнделігіне: «Мектеп қабырғасында жүргенде армандаудың үлкен мәні барын өз басымнан кештім. Журналист болам дедім. Болдым.Ал кластасым - Жеңіс ұшқыш болам деді.Болды.Демек, қиялдаудан асқан ерлік жоқ», деп жазыпты.

Шынында да, қиялдаудан басқа жүйрік жоқ екен. Мектеп қабырғасында жүріп, аңсаған арманым орындалып, араға көп жылдар салып, өз қалауыммен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі атандым.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде егемен еліміз дамудың, жаңарудың даңғыл жолына түсті. Болашаққа үлкен сеніммен қарайтын болдық.

Мен тіл маманы болғандықтан, өзге ұлттың балаларына қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт – дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін.

«Тәрбие тілден басталады» деген емес пе дана халқымыз.Ана омырауынан ажырамаған кезде – ақ бөбегін ана тілінің ақ уызымен ауыздандыра бастайды.Ана тілі – адамның ғұмыр бойы серігі, рухани қазығы, күрестегі құралы. «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Қазақ халқы болашақ қамын қатты ойластырған ғой. Мектеп табалдырығын тарыдай болып басқан және таудай болып шыққан бүлдіршіндерді сауаттылыққа үйрету - біздің қолымызда.Олай болса, еліміздің болашағын ойлайтын, саналы азаматтарымыз қасиетті тілімізді биік – биік шыңдарға шығарып, әлемдік тілдер қатарына қоссын дегім келеді.

«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек» - демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерінің бәрі болып, олар мейірімділікпен ұштасып жатса ғана біз ойлаған мақсатымызға, «Ұлы ұстаз» деген қадірлі атаудың шын иегері болатынымызға сенемін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?р саба?та а? жауын боп жауатын..."(эссе)

Автор: Утешова Майра Избасаровна

Дата: 24.04.2015

Номер свидетельства: 205313


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства