kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Психологиялық тренинг. «Достарыммен мақтанамын»

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                       Психологиялық  тренинг.   

                       

                          «Достарыммен мақтанамын»

                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Мақсаты: — Тұлғаның достық туралы ұғымын кеңейту және  нақтылау.Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.

Түйінді идеялар:
Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа                                                                   Тренинг ережесі:

1.Тыңдай білу.                                                                                                                         2.Сөзді бөлмеу.                                                                                                    3.Белсенділік.                                                                                             4.Шығармашылық.                                                                                               5.Төзімділік.                                                                                                     6.Сыйластық.                                                                                                          7.Түсіністік қарым-қатынас.

Қажетті құрал жабдықттар проектор,интерактивті тақта.                                                                      Көрнекілігі: Бейне таспа, қима суреттер,                                                   Тренинг мақсатын түсіндіру.                                                                          Тренингтің кіріспе сөзі.                                                                                              Сәлеметсіздер ме, құрметті достар Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі  тренинг тақырыбы : " Достарыммен мақтанамын ".                                                                                                                

   

Дос туралы бейнефильм.

Бейнефильм  көрсетіледі, содан әр тұлғның өз ойы, пікірі тыңдалады.

        Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Біз бүгінгі трениннг достық туралы әңгімелесеміз                                                                                        

   Тренинг барысы:

    Танысу.                                                                                                                               Армысың  досым                                                                                                                          Кел, маған қосыл.                                                                                                                                                                 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Психологиялық тренинг. «Достарыммен мақтанамын»»



Психологиялық тренинг.

«Достарыммен мақтанамын»

Мақсаты: — Тұлғаның достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау.Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.

Түйінді идеялар:
Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа Тренинг ережесі:

1.Тыңдай білу. 2.Сөзді бөлмеу. 3.Белсенділік. 4.Шығармашылық. 5.Төзімділік. 6.Сыйластық. 7.Түсіністік қарым-қатынас.

Қажетті құрал жабдықттар проектор ,интерактивті тақта. Көрнекілігі: Бейне таспа, қима суреттер, Тренинг мақсатын түсіндіру. Тренингтің кіріспе сөзі . Сәлеметсіздер ме, құрметті достар Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі тренинг тақырыбы : " Достарыммен мақтанамын ".

Дос туралы бейнефильм.

Бейнефильм  көрсетіледі, содан әр тұлғның өз ойы, пікірі тыңдалады.

Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Біз бүгінгі трениннг достық туралы әңгімелесеміз

Тренинг барысы:

Танысу. Армысың досым Кел, маған қосыл . Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық .

Жер шарындай айналып, Әлемге жарық ұқсайық. Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық. Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық.

Бірінші кезеңі; Сендерді «Қуаныш шеңберін» құруға шақырамын. Шеңбер бойымен  жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере отырып,көршілеріңізбен амандасып, тілек  айтуларыңды сұраймын…

Тілектеріңе көп рахмет

Екінші кезеңі; «Пантомимо» Шумақты өлең оқиды ,«пантомимо» арқылы көрсету керек . Барлығы. Мақсаты; есте сақтау,ойлау,дене қимылы,жылдамдықа, шапшаңдықа ептіліке баулу.

Жоны қара тақтайдай, Бауыры аппақ мақтадай. Мекендейдi мұз-қарды, Сүйедi тек ызғарды. Бұлғандайды, қашпайды, Асықпайды, саспайды, Мұз үстiнде билейдi, Бiрақ белiн имейдi.    (Пингвин)

Жылқы тұмсық,

Ешкi құйрық,

Есек құлақ,

Түйе ерiндi,

Төрт аяғы тең емес,

Бiрi ұзын,

Бiрi қысқа,

Қорқақ өзi,

Қыли көзi.    (Қоян)


Қырда жүрер ол жортып,

Iнi де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын?    (Түлкi)


Мұртын сипап күн бойы,

Бетiн сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады.     (Мысық)



Төрт түлiктiң рэкетi,

Түзде жүрер көк серi.    (Қасқыр)


Үшінші кезеңі: « Әнді тап» дос туралы әнді табу керек,

Мақсаты; есте сақтау,ойлау,жылдамдықа, шапшаңдықа ептіліке баулу.

Көрнекі құралдар:таспа.


Төртінші кезеңі: Ойын«Достық неден басталады,достыққа не жарасады»?

Көрнекі құралдар:(Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды.)

Шарты: Егер мен айтқан оймен келіссеңдер қызыл түсті көтереміз,егер келіспесеңдер көтермейміз.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма? -Достық бірліктен бастала ма?

Бесінші кезеңі:« Өз жартынды тап » Мозайка әдісімен суреттерді құрастыру.Барлығына суреттер таратылады. Көрнекілікпен жұмыс,суретте не жетіспейді?Ұқсастығын тап?

Мақсаты: Түр-түсті ажырата білуін,заттарды танып ажырата білуін, зейіннің қажетті обьектіге тұрақтата алуын анықтау .

Көрнекі құралдар: әр түрлі суреттер. Талдау; Суреттерді құрастырғанда қандай қыйындықтар болды?

Қорытынды сөз.

   

Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас.  Бір-бірлерінің  көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Адам досына ғана өз сырын айта алады, шынын жасырмайды. Дос болу дегеніміз-керек кезде қол ұшын беру, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам бақытты.

М.Мақатаевтың «Дос» туралы өлеңінің бір  шумағын  сендерге оқып беруге рұқсат етіндер:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген — адамның көрігі екен
Достық деген — ақылдың серігі екен .



Осындай құрмет тұтар,адал, шын жанашыр достарың көп болсын, достарыңды құрметтеп, олармен әрқашан тату болыңдар!

«Жүректен  жүрекке»   Оқушыларды шеңберге тұрғызып,  қол ұстастырып, Жігіттер тобының орындауындағы «Жан досым»   әнін бірге орындап, тренингімізді аяқтаймыз.

Жан досым»

Іздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар екен бала күнгі досыңнан!


Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін, жырымыз да бітпесін!


Қос бұтағы секілденіп ағаштың,

Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

Жол тапсақ та бірге жүріп жол таптық,

Адассақ та бірге жүріп адастық.


Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін, жырымыз да бітпес





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Психологиялық тренинг. «Достарыммен мақтанамын»

Автор: Шатанова Раушангул Кабдулловна

Дата: 18.11.2018

Номер свидетельства: 486204


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства