kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен бір жұмбақ адаммын оныда ойла" Абай өмір сүрген дәуірінің ерекшілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кіріспе. Абайдың өмірі мен шығармашылығымен танысу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен бір жұмбақ адаммын оныда ойла" Абай өмір сүрген дәуірінің ерекшілігі»

Тексерілді:

Күні: 01.09.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Cабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла». Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайтану курсы, Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Жаңа сабақты түсіндіру.


Кіріспе.


Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелертоптастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;

шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

Курсты оқытудың мақсаты:

1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын,ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға,толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

Курс жүктемесінің көлемі:

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;


Абай дәуірі - Абай өмір сүріп, шығармашылық қызметпен айналысқан кезең – XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ қауымының әлеуметтік, экономикалық саяси және мәдениет өміріндегі түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Бұл өзгерістер соншама белгілі деңгейде бір жарым ғасырға созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарында аяқталған қазақ жерінің Россияға қосылуына байланысты туындады. Патша әкімшілігіне өлкені отаршылдық тұрғыда игеру үшін қазақ даласына басқарудың барлық біріңғай жүйесін енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру арқылы Қазақстанды түгел дерлік бағындыру қажет болды. Сібір қырғыздары аймағына Орта жүз жайлаулары, Ұлы жүздің Батыс Сібір губернаторлығының қарамағындағы бөлігі қарайтын. «Жарғыға» сәйкес бұл жерлер, болыстар мен ауылдарға бөлінеді. Округтар қауымының рулық бөліністерін ескере отырып, қысқа қоныстар негізінде ұйымдастырылды. 19 ғасырдың бас кезінде патшалық құрылыстың ең басты тірегі болған сұлтандардың экономикалық және саяси жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Олардың феодалдық билеуші ретіндегі праволары мен ықпалы барған сайын шектеле түсті. Бірте – бірте батырлар да қоғамдағы өз мәнінен айырыла бастады. Сұлтандар өкіметінің құлдырауына байланысты алым – салық жинайтын төлеңгіттердің де қажеті болмай қалды. Жаңа әкімшілік құрылыс бойынша басқаратын округтарға бөлінді. Орта жүз жері сұлтандар басқаратын округтарға бөлінді,аға сұлтандар бұрынғыдай емес, сайланып қойылатын болды. Сайлау барысында жергілікті патша әкімшілігі бақылау жасады. Бұдан былай билеуші сұлтандыққа бұрынғыдай « Ақсүйек» атанған Шыңғыс әулетінің өкілдері ғана емес, ру феодалдарынан көтерілген дәулетті адамдар да сайланатын болды.
Ру феодалдарының ішінде руларды басқарған билердің шарты күшті болды. Экономикалық билікті қолдарына жинақтап, сот ісін жүргізген билер өздері басқарған рулар ішінде көптеген артықшылықтар болды. Жерді бөлу билігі солардың қолына көшті, ру аралық соғыстар мен қақтығыстарда саяси белсенділігі артты. «Жарғыда» билер сотына шектеу қойылып оны бірте – бірте жалпы мемлекеттік сотпен алмастыру көзделді. Ірі байлардың, сондай – ақ, болыстардың, сайланып қойылатын соттардың, ауы ақсақалдарының ықпалы күшейді. Халықтың басым көпшілігін әр түрлі патриархалдық – феодалдық қанауға ұшыраған қазақ шаруалары құрды.
19 ғасырдың екінші жартысында өзара кереғар келетін түрлі право нормалары: әдет (Қазақтардың әдет – ғұрыптық правосы), шариғат (мұсылмандық право нормалары) және жалпы орыстық право нормалары қатар қолданылды. Тарихи деректерге қарағанда Абай Павлодар, Қарқаралы, Семей, Өскемен уездері мен Семей облысы Зайсан приставтығы билерінің 1885 жылы ру аралық Шар съезіне қабылданған ережені дайындауға қатысқан. Ол ұсынған жоба 93 баптан тұрды. Онда қазақтың дәстүрлік праволық заң жүйелері көрініс тапқан, сонымен қатар азаматтық және отбасылық – некелік қатынастарға байланысты жаңа дәуір талабы да ескерілген. Отарлық саясаттың күшеюіне қазақтың әдет –ғұрып заңдарының бірқатар негізгі ережелері бірте –бірте патша өкіметінің қылмысты істер заңдары нормаларымен алмастырыла бастады. 19- ғасырдың ортасында Қазақстанның саяси өмірі ру аралық күреске толы болды.Бұл күресте феодалды билеуші топ әдеттегісінше тек қана өздеріне пайдалы экономикалық және саяси мақсаттарды көздеп, ол алауыздық қақтығыстарды бұқара халыққа ру мүддесін қорғау жолындағы күрес етіп көрсетуге тырысты.Құнанбайдың заңға қарсы әрекеттегі істерді қозғау ұзаққа созылды, ол 1862 жылға дейін созылып нәтижесіз қалды. Бұл тергеудің мұнша ұзаққа созылуы – ру аралық күресті бәсеңдету үшін ерекше жағдайларда ғана болмаса батыл шаралар қолдана қоймайтын патша өкіметінің отаршылдық саясатын айқын дәлелдейді. Патша өкіметі оларды әдетте отаршылдыққа қарсы күрестен бұрып әкету үшін жергілікті жерлерде қазақ руларын іштей өзара қақтығыстар жағдайында ұстауға тырысты.
Туған жеріне оралып, Көкше – Тобықты болысының ел билігін қолына алып, болыстық қызметке қайта отырумен аяқталған Құнанбай ісінің ақыры - патша өкіметінің осы саясатының айқын көрінісі. Бұл жер тұтастығы – қандас туыстық (Бір атаның) ұрпақтары туралы түсінікпен қатар идеологиялық мәселеде көбіне патриархалы – рулық сарқыншақтарды мүдде тұтып, руды экономикалық және саяси жағынан біріктіруге негіз болды. Халықтың санасындағы патриархалы – рулық сарқыншақтар еңбекшілердің таптық сана – сезімінің қалыптасуын кешеулетеді. Таптық күрестің дамуына тежеу болып, феодалдардың оны өз мүдделерін қорғау үшін пайдалануларына көмектесті.


ІІІ Сабақты бекіту: Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін құрылысына қарай талдатамын.

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?

Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?

Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?

Асау жүрек аяғын шалыс басқан

Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бишара,

Сіздерге еркін тиер, байқап қара.

Екі күймек бір жанға әділет пе?

Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,

Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,

Етекбасты көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,

Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.

Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,

Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,

Мен келмеске кетермін түк өндірмей.

Өлең шіркін - өсекші, жүртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей.

¹Ғадауат (арабша) - дұшпандық, ашу, жек көру


ІV Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Абай өмір сүрген дәуір қандай кезеңге тұспа-тұс келді?

  2. Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деп жырлауының себебі неде?

  3. Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі неде?


V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


Үйге тапсырма: Абайтану курс туралы түсінік.

































Тексерілді:

Күні: 08.09.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Cабақтың тақырыбы: Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: лекция сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау: Абайтану курс туралы түсінік.

Сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау:

  1. Абай өмір сүрген дәуір қандай кезеңге тұспа-тұс келді?

  2. Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деп жырлауының себебі неде?

  3. Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі неде?


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.


Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар

Қазіргі әдебиеттану ғылымында абайтану ғылымының бір тармағы болып абайтану тарихы да өрісін кеңейтіп келе жатыр десек қателесе қоймаймыз. Сол себепті абайтану мәселесін сөз еткенде абайтану тарихына да тоқталмай өту мүмкін емес. Осы ретте «Абайтану ғылымының бел-белестері» деп аталатын ғылыми еңбек жазған академик, филология ғылымдарының докторы, профессоры Серік Смайылұлы Қирабаевтың келесі бір пікіріне назар аударсақ, ол төмендегідей: «Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайдың алғашқы зерттеушілерінің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды».

Абайтану тарихына қатысты ғалым Зәки Ахметов былай деп бағамдайды: «Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады».

Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.

Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдер өте аз, сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды. Ал кейінгі жинақтарды айтсақ, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдер 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітапта жарияланды. 1922 жылы Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар сол 1909 жылы жинақта жария болған шығармаларды қамтиды.

І.Жансүгіров 1923 жылы «Тілші» газетінде Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды көрсетті.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т. б. атсалысты. Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын мойындаған жөн.

Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтан және 1934 жылы жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.

Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов болды. Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі боп табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге  асырылды. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Алдағы уақытта осы ғылыми басылым үнемі негізге алынуға тиіс. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, саналуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.

40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйінішәлиев, М.Мырзахметов, А.Ысқақов, Р.Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты.

Абайтану тарихында тың серпіліс жасаған, жаңа сарын қалыптастырған, ең бастысы қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану тарихын жасаған ғалым М.Мырзахметұлы. Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұзақ жылдар бойы абайтану ғылымына қосқан орасан зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған М.Мырзахметұлының бұл кітабында ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен архив қазыналары егжей-тегжейлі екшеленіп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған. Бір ғасырдан бастам уақыттағы ұлы ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бүгінгі күн тұрғысынан жан-жақты таразыланды, ой елегінен өткізіледі, баяндалады.

Ұлы Абай мұрасын тануда, танытуда, дәлірек айтқанда абайтану тарихын жасауда ерекше роль атқаратын зерттеулердің бірі монографиялық зерттеулер десек қателесе қоймаймыз. М.Мырзахметұлы өзінің бұл мәселелерге арнаған еңбегін «Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде» деп атапты. Демек ғалым Абай мұраларын там-тұмдап зерттеудің нәтижелері уақыт өте келе үлкен, көлемді іргелі зерттеуге ұласқан тарихын атап көрсетеді.

Абайтану тарихын сөз етіп отырғанда ұлы Абайдың әдеби мектебі жайында айтпай кету мүмкін емес. Сол себепті профессор Мырзахметұлы бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, зерттеу нысанасы етеді.

Қазіргі кезде, әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеологиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылымы жаңа белеске көтеріліп, жалғаса, толыға беруі керек. Абай творчествосының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер ғана абайтану ғылымын байыта түспек.


ІV Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Серік Сымайылұлы Қирабаев абайтану ғылымына қатысты қандай пікір айтты?

  2. «Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады». Пікірді айтқан ғалым.

  3. 40-50 жылдарда Абайтану ғылымының жаңа белеске көтерілуіне үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.

  4. Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген ғалымды атаңыз.


V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


Үйге тапсырма:

  1. Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

























Тексерілді:

Күні: 15.09.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Cабақтың тақырыбы: Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері. (Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Сымайылов, З.Шашкин)


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абай еңбектеріне қатысты зерттеулер, ой-пікірлер туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: лекция сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

Сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау:

  1. Серік Сымайылұлы Қирабаев абайтану ғылымына қатысты қандай пікір айтты?

  2. «Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады». Пікірді айтқан ғалым.

  3. 40-50 жылдарда Абайтану ғылымының жаңа белеске көтерілуіне үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.

  4. Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген ғалымды атаңыз.


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.


Абай еңбектеріне қатысты зерттеулер, ой-пікірлер


Ғаббас Тоғжанов Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі – «Абай» атты моногр. очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол – сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған ультрасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрғанмен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы - өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.), - дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай - самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), -деп түйіндейді.

Ғ.Тоғжановтың «Абай» зерттеу еңбегі – қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы жарық көрген зерттеу еңбек. Қазандағы «Кәмил Жақып» баспаханасынан латын алфавитімен жарық көрген. Автор өз зерттеуін шағын 10 тақырыпқа және қорытынды бөлімге бөліп, Абайдың ақындық жолына, ол өскен уақыт пен ортаға, ақынның жекелеген көзқарастарына, оған шығыс және орыс әдебиетінің ықпалы тақырыптарына шолу жасауды ниет еткен. Автор Абай шығармалары туралы кезінде келелі пікір айтқан А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, I. Жансүгіров, Т. Рысқұлов тұжырымдарын теріске шығаруға күш салып, әділ төрелік тізгінін әміршілдік-әкімшілік нұсқауларға ұстатып, елеулі қателіктерге ұрынған. Абайды байшыл-феодалшыл ақын ретінде көрсетіп, оның әйел теңдігіне, кедейлерге көзқарасы керітартпа діншілдік талаптардан аса алмады, ұлт ақыны емес, ұлтшылдық пиғылы басым болды деп айыптайды. Абай ақындығының қалыптасу жолындағы Шығыс классиктері шығармаларының маңызын теріске шығарып, оның шыншылдық сара жолын белгілеп берген орыс әдебиеті ғана деген сыңаржақ тұжырымға ұрынады. Күнбе-күнгі тұрмыстық көріністерді ғана сынап, үлкен әлеум. мәселелерді, жалпыхалықтық тақырыптарды көтере алмады, көп өлеңі қысқа үгіт, өсиет түріндегі нәрселер ғана деген қате тұжырымдар жасайды. Дегенмен кітап соңында «Абай – самородок, қарадан оқымай шыққан талант» деп мойындауға мәжбүр болады, оның шыншылдық, қазақ поэзиясындағы жаңашыл-дық қызметін, аудармашылық шеберлігін жақсы жағынан атап өтеді. Кітап соңында қосымша ретінде автордың «Ескі әдебиет мұраларын пайдалану жайында» деген мақаласы берілген. Кітап көлемі 10,5 б. т., 8000 дана болып басылған. Жаңа туып келе жатқан ұлт буржуазиясының өкілі болуы себепті де Абай буржуазияшыл әдебиеттің ақыны, қазақ қоғамындағы буржуазияшыл ойдың атасы деген көзқарасты І.Қабылов, Ы.Мұстанбаев, Ғ.Тоғжанов, Ә.Лекеров, С.Асфандияров, Ә.Мәметова

т.б. ұстанды. Мысалы, Ғ.Тоғжанов: Абай шығармаларын «… әбден капиталдасқан қазақ байының тілегінен туған жыр» деп танытты. Абай қазақ даласындағы жаңадан туып қалыптасып келе жатқан буржуазиялық топтың идеологы деген көзқарасты 30-шы жылдардағы қазақ әдебиетінің сын жанрында кең көлемде насихаттап таратуда Ғ. Тоғжановтың әрекеті басым жатты. Абайтану тарихында тұңғыш монографиялық «Абай» кітабын жазған Ғ. Тоғжановтың зерттеулік еңбегі айта қаларлықтай құбылыс болса да, ол тұрпайы социологиялық танымның шеңберінен шыға алмады.
1920 жылы басталған Абай мұрасы жайында айтыс та қоғам талабынан туындады. С.Мұқанов «Қара тақтайға жазылып жүрмеңдер шешендер» (1923), Ғ.Тоғжанов «Абай» (1935), І.Қабылов «Абайдың философиясы және оған сын» (1928) мақалалары Абайды бай табынан шыққан ақын ретінде бағалаған.

Ы. Мұстанбайұлы «Абай» (1928), «Ақын Абай және пәлсапашыл Ілияс туралы» (1929), М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» мақалаларында ақын шығармашылығын қоғамдық-танымдық қызметін ашып бере алды. Абай өлеңдері төңірегінде 20- жылдарда,одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды.Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны»атты 1913 жылы жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы,ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы,өнерпаздық өзгешелігін,асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің,білгірліктің,өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың,талғампаздықтың үлгісі деуге лайық.Бекейханов, Байтұрсынов, Дулатов ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып,ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов,Ғ.Сағди,ы.Мұстамбайұлы және Н.Н.Белослюдов тағы басқалар ат салысты.Абайдың соңғы ақындарының ішінен Ж.Аймауытұлы М.Дулатұлын ерекше атап,оның ақындық өнеріне,өлеңдерінің күшті қуаттылығына жоғары баға берді. «Міржақыптың көркем әдебиеттегі ұстазы-Абай...Ахмет,Міржақыптар алғаш қолдарына қалам алып,әдебиет майданына құтты қадамдарын бастаған шақта,олардың көз алдына адастырмас жарық жұлдыз-Темірқазық-Абай тұрды»,деген Қ.Мұхамедханұлының пікірі А.Байтұрсынов,М.Дулатұлының Абайды өздеріне ұстаз санап,үлгі тұтқандығын анықтайды.

Абайдың әдеби мұрасын халықтық тұрғыдан танытуда революционер – демократтардың пікіріне сүйене отырып, 30 – шы жылдардың ортасында тұңғыш рет Абайды халықтық ақын ретінде танытуда бастама пікір көтерген әдебиет сыншысы Мұқаметжан Қаратаев еді. Өзінің А. С. Пушкинге арналған мақаласында: «Пушкин поэзиясында Белинский тапқан халықтық, сатира, көркемдік деген үш элемент Абайдың поэзиясында да табылады… Екеуінің шығармасында да, халықтың, еңбекші адамның тілегі көрініп тұрады», - деп Абайды халықтық мүдденің жыршысы ретінде таныстырады. Осы мақаланың артынша – ақ Абайдың әдеби мұрасын танып бағалауда елеулі кедергіге айналған кейбір Абай мұрасын зерттеушілердің (С. Мұқанов, І. Жансүгіров, Ғ. Тоғжанов, І. Қабылов т.б.) тұрпайы социологиялық көзқарастары алғаш рет сынға алынып: «Абай маңындағы сынның әлі күнге дейін жетіліп кетпеуіне негізгі себеп – осы вульгарлық әдіс» - әдебиет саласында сірескен пікір сеңінің бұзыла бастаған қалпын көрсетті.
Нәзір Төреқұловтың «Әдебиетімізге көз салу» мақаласы. Бұл мақала жалпы осы қазақ халқының әдеби тілінің жаңашылыдығына, келешекте ұлт әдебиетіне үлес қосу. Орыс Европа әдебиетіне еру мақұлырақ болар деп шештім. Үйткені шарқта ұлт әдебиеттері жалғыз Европа мәдениеті басшылығы арқасында жарыққа шықты. Европа мәдениеті мектептерінде оқып жатқандар ұлт әдебиет мектептерін ашты. Шнасилар, Қамалдар, Әминдер, татарда Тоқай, Ғаяз, бірінші газетші Смайл Гаспиринский, қазақта Абай, баршылары Франк, орыс әдебиеттерінің пікірлері идиалдарымен мәлім болды-баптанды. Европа еліктеу менімше онша қорқынышты емес. Үйткені Европа мәдениетінің бір асылы дух критицизма рух сыны; бұл бізді жүре алмайтын тұйыққа, шыға алмайтын шыңырауға алып кетпес. Еліктеуіміз өлшеуден шығып бара жатса, рух сыны бізді және көзімізді көрсетер. Абай әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біздің үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе Абай үшін араб, ғажам жолы да ашық еді.
С.Мұқанов Абай өлеңіндегі жаңашылдық туралы пікірлері С.Мұқановтың «Жарық жұлдыз» (А.Құнанбаев шығармашылығы туралы) кітабы. Абай – қалам ұстап әдебиет майданына аттанарда өзінің ой-өрісімен түсініп, өзінің қай заманда туғанын, ақындық талантын не мақсатқа пайдалану қажетті екенін анықтай алған ақын.

Өзінің бұрынғы және өз заманындағы қазақ әдебиетін Абайдың қаншалық білгендігі оның шығармаларынан көрінеді.Жалпы қазақ өмірінде поэзияның орны қандай екендігін Абайдың қалай ұққандығы оның мына өлеңінен көрінеді:

Біреудің кісісі өлсе қаралы ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол?

Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,

Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.

Қынаменде, жар-жар мен бет ашар бар,

Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл? деп қазақтың өмірінде поэзияның осындай ерекше орны барлығын ұққан және сол туралы өлең жазған Абай пікірін былайша қорытады:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдің қызығының бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең. Өзінен бұрынғы және өзімен тұстас қазақ ақындарын Абай «жамаулы, құраулы» өлең жазғандықтан ғана өлеңнің көркемдігі, түрі «нашарлықтан» ғана мінемейді, олардың мән-мақсатының жағдайлығынанда мінейді. Ол:

Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,

Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап. Абай бұл өлеңінде «ақындар» деп қазақтың ақын атаулысын түгел алмай, олардың ішінен «мал үшін тілін безеп, жанын жалдағандарды» екшелеп алса, не сол «жанын жалдаған» кім екенін атап айтса, біз бұл арада «онысы дұрыс» дер едік те жүре берер ек. Себебі қайдағы мақтаншақ байға барып, қайыршылық қып мақтау өлең айтып, сөзін малға сатып, өлеңнің қадірін кетіретін «ақындар» қазақта Абайға шейін де, Абай тұсында да, Абайдан кейін де аз болмаған деп айтып кетеді.
С.Мұхановтың «Қара тақтаға жазылып журмендер шешендер»мақаласы.

Өзінің танымын білім деңгейімен таразылау қаперінеде келмеген Сәбит Мұқанов “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” деген аты шулы мақаласын жариялады. Абай жайындағы Сәбит Мұқановтың бұл ең алғашқы пікірі. Тырнақ астынан кір іздегендер де, күнгейінен гөрі көлеңкесін шұқып көрсеткісі келгендер де “аты дардай” осы мақаланы ауызға алады. Атышулы мақаланың атын “ауызтолтырып” айтатындардың бәрі болмағанмен көпшілігі мақалаға шынттап зер салмайды. Олай дейтін себебіміз, автор Абайдың ата-тегінің бай-манап екенін кінәлағаны болмаса, ақындық шеберлігіне тәнті екені көрініп-ақ тұр. «Абай және оның шығармалары туралы көпшілік алдына менің алғаш ауыз ашуым - бұдан 22 жыл бұрын – 1923 жыл еді. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санында «Қара тақтаға жазылмандар, шешендер» деген мақаламда мен Абайды «байлардың Абайы, біздің Абай емес» деген пікірді айтып шықтым. Бұндай солақай, сауатсыз, саяси жағынан да, ғылымдық жағынан да қате жазылған мақаламның шығуына не жағдай себеп болғанын мен 1942 ж. басылған «ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабымда (10-11-беттер) айтқам. Осындай түсінікте болғандықтан Абай туралы баста жиналған біраз пікірлерге қорытынды жасау мақсатымен оқушыларға ұсынғалы отырған осы еңбекті жазуға қалам алдым», - деп, алдына қойған игі мақсатын санап-санап шығады. Сәбиттің құжат жинауы, оны кітапқа орналастыруы керемет қызық. Оларды пайдалануы иненің көзінен ететіндей жып-жинақы десек жалған болар, ал ағыл- тегіл мол дерек жинайтынына және оқушыны сонымен елітіп тастайтынына ешкім шүбә келтіре алмас. Соңдықтан да болар тарихи деректерге аңыздық сипат дарып, көп реттерде осының өзі рас па екен деген күдік те тудырады. Ал, шындығына келгенде өсем әңгімелеңген деректердің негізінде шындық бар. Сондықтан Мұқановтың қаламынан туған макала-зерттеулерге кесек-кесегімен келтіретін мағлұматтарға айрықша ұқыптылықпен қарап, әдеби-мәдени және рухани тарихымыздың кажетіне жаратқан абзап. Абайдың ақындығын танып білуге Сәбит айрықша үлес қосқан зерттеушінің бірі екендігінде сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тәжірибені сәтті уштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян.


ІV Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30-жылдары айрықша көзге түскен жазушы?

  2. «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғаған ғалым?

  3. Ғ.Тоғжановтың қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы жарық көрген зерттеу еңбегін айт.

  4. І.Қабылов қандай мақаласында Абайды бай табынан шыққан ақын ретінде бағалаған?


V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


Үйге тапсырма:

  1. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері (Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Сымайылов, З.Шашкин) туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

3


Абайтану

10





Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.

Сабақтың жалпы мақсаты:Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлерін ұғындындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

Электрондық оқулық

Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ



МҰҚАНОВ Сәбит (1900-73) - қазақтың көрнектіжазушысы, қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі. ҚазССР ҒА-ның академигі. Абайәлемі көп айтылып, жазылып, зерттелінген сайынзорайып, биіктей беретін құбылыс. Абайдың әдебимұрасын тану мәселесінің көптеген қаламгерлереңбектерінде, сыни ойларында әр қилы деңгейдекөрінгені де белгілі. Бір ғана 20-жылдарда, атапайтсақ, А. Сегізбаев: «...Абайдан соңғы ақындардың сөздері тіпті басқа түрге кірген. Оған себеп –Абай кейінгі ақындарға жөн сілтеп, бетін түзеген»десе («Қызыл Қазақстан», 1922, №11), Б. Кенжебаевтың«Абай»атты мақаласында («Еңбекші қазақ»,1925, 14, 15тамыз)прогресшіл, халық ақыны ретінде бағаланды. Осы кезеңдегі Мұқанов мақалаларындаАбай мұрасы әр түрлі деңгейде көрініп, ақынды«байдың Абайы - біздің Абай емес» дегенді айтты(мыс, «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласын еске алуға болады). Бірақ

жазушының Абайға өнер иесі ретінде қарап, үлгіеткен тұстары мол болды. Ол «Абай – халық ақыны» атты көлемді мақаласында (1939) өзінің Абай туралы бұрынғы ойларының теріс екенін мойындап,керісінше ақын шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін әділ бағалау арқылы ағартушы-демократ, ұлттық поэзияның үздігі дәрежесінде таныды. Мұқановтың Абай жөнінде сүбелі зерттеулер жасағанын «Жарқын жұлдыздар»(1964) монографиясы дәлелдейді. «Бұл монографиялықеңбегімді 1945 жылы жазып бітірген ем. Ақындықшеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды тереңбілу, оның мұрасын игеру ісін мен өзіме кезектіміндет тапқандықтан көлемді еңбек жазумен шұғылданып жүретінмін»,- дейді.«Абай – зор кісі. Ол–зорақын да, зор ойшыл да, зор қоғамшыл да, зор

күресшіл де. Оның осы бейнелерін түгел қамту,әрине, оңай міндет емес. Сондықтан Абайды толықзерттеу, толық ұғу бір жылдың, я бір ұрпақтыңміндеті ғана емес, көп жылдардың, көп ұрпақтардыңміндеті. Әйткенмен, әр ұрпақ өз қолына түскенматериалға сүйене отырып, өз ой өрісі жеткен пікірді

айтуға міндетті.

Оқушылардың алдына ұсынып отырған менің бұл еңбегім әдебиеттегі рухани атамыз Абайдың, оның еңбектерін сүйіп оқушы халықтың алдында Абайтуралы біраз жылдан бері жиналып қорытылған пікірді айту мақсатымен жазылды» дегенді айтып алуды айрықша қасиет деп тапты және өзінің Абай жөніндегі ой-пікірлерінің өзгеру кезеңдерін түсіндіруді шарт санаған.

«Абай және оның шығармалары туралы көпшілік алдына менің алғаш ауыз ашуым – бұдан 22 жыл бұрын - 1923 жыл еді. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санында «Қара тақтаға жазылмаңдар шешендер» деген мақаламда мен Абайды «байлардың Абайы, біздің Абай емес» деген пікірді айтып шықтым. Бұндай солақай, сауатсыз, саяси жағынан да, ғылымдық жағынан да қате жазылған мақаламның шығуына не жағдай себеп болғанын мен 1942 ж. басылған «ХVIІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабымда (10-11-беттер) айтқам.Осындай түсінікте болғандықтан Абай туралы баста жиналған біраз пікірлерге қорытынды жасау мақсатымен оқушыларға ұсынғалы отырған осы еңбекті жазуға қалам алдым», - деп, алдына қойған игі мақсатын санап-санап шығады. Сәбиттің құжат жинауы, оны кітапқа орналастыруы керемет қызық.

Оларды пайдалануы иненің көзінен өтетіндей жып-жинақы десек жалған болар, ал ағыл-тегіл мол дерек жинайтынына және оқушыны сонымен елітіп тастайтынына ешкім шүбә келтіре алмас. Сондықтан да болар тарихи деректерге аңыздық сипат дарып, көп реттерде осының өзі рас па екен деген күдік те тудырады. Ал, шындығына келгенде әсем әңгімеленген деректердің негізіңде шындық бар. Сондықтан Мұқановтың қаламынан туған мақала-зерттеулерге кесек-кесегімен келтіретін мағлұматтарға айрықша ұқыптылықпен қарап, әдеби-мәдени және рухани тарихымыздың қажетіне жаратқан абзал. Абайдың ақындығын танып білуге Сәбит айрықша үлес қосқан зерттеушінің бірі екендігінде сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тәжірибені сәтті ұштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян. Қазақ поэзиясының ұлттық табиғатынан туатын екі заң бар:

«Бірінші – төрт буыннан артық буыны бар сөзді қазақ поэзиясы қабылдаған емес. Төрт буыннан артық буыны бар сөз қазақ поэзиясына кірсе, ондай сөз поэзияның ырғақтық заңын тас-талқан ғып бұзып, поэзияны прозаға айналдырып жібереді.

Екінші – қазақтың «сөз буыны» дегені, мәселен, орыстың сөз буыны емес. Қазақ сөзінде бес әріпті буын түгіл, «жұрт, «құрт», «сырт» сияқты төрт әріпті сөздер сирек кездеседі. Қазақ сөзінің басым көпшілігі үш әріпті буындардан құралады, Қазақ поэзиясы буынында үш әріптен артық әрпі бар сөзді талғап қабылдайды» деген теориялық ойлар Сәбиттің өте нәзік те терең зерттеуші екендігін көрсетіп, әдебиеттануға зор үлес болып қосылады.

Осы ойын әрі тарамдата келіп, «Абайға шейін қазак өлеңдеріңце ұш тұрлі түр болатын», - деп, «жыр» мен «қара өлеңге» тоқтайды да, үшінші түр деп атағанына терең талдаужасамайды. Қалай болғанда, Абайдың ақындық шеберлігін, қазақ өлең жүйесіне жасаған реформалары мен жаңалықтарын ашып берді. «Осы үшеуінен басқа өлең түрі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында жоқ. Абаи осы үш түрдің үшеуін де өзінің шығармаларында үнемі қолданады. Бірақ қазақ поэзиясындағы өлең құрылысындағы бұл үлгілерді Абай бұрынғы дәстүрлі күйінде ғана қабылдамай, ол үлгілерді өңдейді, өнерлендіреді» деп білді. Алайда бұған Мұқановтың өзі де ортақтас екенін ұмытпайық.

1939 жылы Абайдың екі томдығына жазған алғы сөзінде «Абайдан бұрын қазақ поэзиясында екі-ақ түр болды» деп тұжырымдағанын бірнеше жылдан кейін сынық, кетік жолға бола үшінші түрді шығаруы әрине, тереңірек зерттеуді қажет етері сөзсіз. Қалай болғанда да ғылыми ойлар әркездегі ізденіс-топшылауларға байланысты өзгеріп отырғаны жөн, әйтпесе, «бір рет айттым, енді одан қайтпаймын» деп қасарысу әшейінгі менменсіген пенделік болмақ. Ал өзгеріске ұшырау, дамытып отыру, бірде сәтті, бірде шалыс түсу секеттейтін нәрсе емес. 1945 ж. Абай туралы кесек монография жазған шығармаларына тән бір ерекшелікті айрықша айта кеткен жөн. Ол –Сәбиттің тарихи шежірелігі. Абайға байланысты айтылатын ой арқылы қазақ оқырманын өзінің тарихына тереңірек үңілдіре түсу, қызықтыра баяндау машығы осы монографияда мейлінше анық көрінеді. Кейбір зерттеушілер Сәбеңнің бұл тәсілін сюжетті ауырлату, артық деталь деп есептегенімен, өзінің азаматтық тарихы түбегейлеп жазылмаған қазақ сияқты момын халық үшін, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін айрықша қажет. Осы тұрғыдан келгенде Сәбиттің шежірелік түйіндерінің күні енді туды, халық қажетіне енді мықтап жарайды. Абайды айтқанда халықтың тарихын қосарлап отырмаса Абайдың ұлылығын тануға кеселін тигізер еді. Жалғыз Мұқанов қана емес, қолына қалам алған жанның, ел мақсатын айтпақ болған шешендер мен ойлылардың Абайсыз ауыз ашпайтынын ескерер болсақ, онда Сәбиттің жамбасы қара жерге тигенше ұлы кемеңгер ақынның рухын айрықша ардақтап өткенін көреміз. «Қазағым» дегенді «ұлтым» деген мағынада түсінген Абай туған халқының өмір шындығының араламаған түкпірін қоймады және көрген-білгендерінің барлық бейнесін шығармаларына түсіріп отырды. Ол өмір шындығының тіркеушісі емес, көрген-білгендерінің сыншысы және кем-кетікті қатты сынау арқылы түзетуге тырысушы. Сондықтан ол ұлт ақыны. Қазақ халқының ұлт әдебиетін, ұлт тілін өркендетуде Абайға ешкім тең келмейді. Абайға шейін де, Абайдың тұсында да қазақтың ұлт мәдениетін Абайдай көтерген ақын жоқ. Абай жасап кеткен биік – тым зор биік. Қазақтың Абайдан кейінгі ақындары идея жағынан болмаса, өлеңнің шеберлігін ол биіктен әлі де асыра алған жоқ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, тұңғыш просветитель-демократ, классик ақын – Абай» деген қорытынды тұжырымы Мұқановтың ғалымдық танымын, жазушылық арын айқын танытады.

«Жарқын жұлдыздар» монографиясында ақын өскен орта, ата-тегі, емір кезеңдері, дүниеге, сөз өнеріне көзқарасы туралы зерттеу жүргізіп, тиянақты тұжырымдар айтты. Жазушы сөзімен айтсақ: «Абайдың ата-тегін де, өз өмірін де, ақындық таланты мен шеберлігін де, оқу-білім де, жалпы адамдық, өз ұлтының пікірлерін де, өміріндегі, шығармаларындағы күшті я әлсіз жақтарын да түгел қамту» көзделген(«Жарқын жұлдыздар»,-А., 1980, 169-б.). Зерттеуші «Абай Құнанбаев» дейтін монографиялық еңбегінде даналық қорытындыларға, қанатты, ғибратты ойларға мейлінше бай қарасөздеріне зейін аударады. Қарасөздеріндегі көркемдік шеберліктің бір сыры ақынның дарынды шешендердің мұрасын жетік һәм терең үйреніп білгендігінен деп түйіндейді. Зерттеуші Абай поэзиясының бейнелілік-суреттілік жүйесіне, ақындық тілімен құрылысына талдау жасайды. Абайдың Шығыстың классикалық әдебиетімен байланысы және А. С. Пушкиннен, М. Ю. Лермонтовтан, И. А. Крыловтан аударылған шығармалары жөнінде ой өрбітеді. Ұлы ақынның табиғат лирикасындағы философиялық ой да, сурет те, сыр да біртұтастықта екендігін көрсетеді. Яғни Абайдың жаратылысты сөйлетіп, құпиясын төгілте суреттеп жеткізіп, ой-сезім мұхитының ағыс-толқындарын тудырып, ғаламат қуаттың көзіне айналатындығын дәлелдейді.

Осы еңбегінде: «Ұлттық тіл – сол ұлттың тіршілігінің айнасы да, құралы да. Әрбір ұлттың тілі – сол ұлттың барлық мүшесіне түсінікті бола білсе ғана тіршілігінің айнасы мен құралы болады», - деп жазады. Шынында да, Абай позиясы – қазақ өмірінің айнасы. Демек, ол ана тілінің сөздік қорын сарқа пайдаланған, соның ну орманына еркін шүйгіген ерен дарын. Мұқанов ұлы ақын туындатқан шендестірулерге, ауыстыруларға, теңеулерге, әсірелеулерге ой сәулесін түсіреді. Олардың қазақ халқының шаруа кәсібімен, тұрмыс-салтымен, аңшылық, малшылық дәстүрлерімен төркіндес, тамырлас екендігін баяндаған, Абайдың қазақ өлеңіне енгізген өзгеріс-жаңалықтарына тоқталған. Фольклорлық поэзияға жыр үлгісі мен қара өлең шумағы тән болса, ал қазақтың поэзиясына Абай жиырмаға жуық түр қосты пайымдайды. Абай жыр үлгісімен «Өзгеге, көңілім тоярсың...», «Болыс болдым мінеки...», «Жаздыгүн шілде болғанда...» сияқты өлеңдерін шығарған. Мұнда «бірқалыпты үйлес жиі қолданылғандығын ескертеді зерттеуші. Ақын енгізген жаңалықтарды анықтау үстінде, оның өлеңдерінің буындық, тармақтық, ұйқастық, шумақтық, ырғақтық құрылысының ерекшеліктерін есепке алады. Абайдың өлеңіне кіргізген ұшан-теңіз өзгерістерін осылайша жіктейді: «Асылы «осы жаңалықтарында қазақ поэзиясына тән заңды (өлеңге төрт буыннан артық буыны бар сөз қоспау, қазақ сөзінінің құрылысын сақтау) бұзбайды, қатты сақтайды. Мұқанов ақынның композиторлық шеберлігіне де назар аударған Ол музыка зерттеушіА. В.Затаевичке Абайдың «Татьянаның Онегинге жазған хатын» өз орындап, нотаға түсірткен. Ақындық Мұқанов жолда ұлы Абай шығармаларын зерттеу үстінде өзі де одан көп ұлағат алды. Мұқановқа «Аққан жұлдыз» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілген.


Смайылов Есмағамбет Самұратұлы (1911-1966) – әдебеиет зерттеуші, сыншы. Абай тақырыбына 30-жылдардан бастап қалам тартқан. Ол З.Шашкинмен бірлесіп жазған «Абайдың поэтикасы» («Әдебиет майданы», 1934, №11-12), «Абайдың өлең өрнектері» («Соц.Қазақстан», 30 желтоқсан) атты мақалаларында ұлы ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталады. «Абайдың этикалық көзқарасы» («Қазақстан мұғалімі», 1954, 9 қыркүйек) деген зерттеу еңбегінде ұлы ақынның мәңгі өлмес даңқын, оның өнерге қояр талап-талғамын, аудармашылық шеберлігін тілге тиек етеді. «АБАЙ» - ақынның туғанына 95 жыл толуына орай Қазақ мемлекеттік баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық көрген әдеби-өмірбаяндық материалдар жинағы. Латын әрпімен басылған. Құрастырғандар - Есмағамбет Ысмайылов пен Қалижан Бекхожин. Кітап 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде Абайдың өмірбаяны ғылыми түрғыдан баяндалып, өлеңдерінің көркемдік, жаңашылдық ерекшеліктері талданады. 2-бөлімге ақынның әр жылдары жазылған 16 өлеңі топтастырылған. Соңғы бөлімде Абай шығармалары басылымдарының, ақын жайындағы зерттеу еңбектер мен көркем туындылардың көрсеткіш библиографиясы ұсынылған. Жинақ әдебиет зерттеушілеріне, жалпы оқырман қауымға арналған. Көлемі 3 б. т.,10 мың дана болып басылған.

Шашкин З. 1934 жылы Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толғанын атап өту іс-шарасында З.Шашкин т.б. ақындар ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. З.Шашкин мен Е.Смайыловтың «Абайдың поэтикасы» («Әдебиет майданы», 1934, №11-12) атты проблемалық-зерттеу мақалалары жарияланды.

III. Ойтолғаныс сатысы


Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.


Үзінді

Беті

Пікір






Сабақты қорыту.























Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.



















Тексерілді:

Күні: 22.09.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Cабақтың тақырыбы: Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі. Абайдың отыз екінші қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі, Абайдың отыз екінші қара сөзі туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: лекция сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері (Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Сымайылов, З.Шашкин) туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

Сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау:

  1. Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30-жылдары айрықша көзге түскен жазушы?

  2. «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғаған ғалым?

  3. Ғ.Тоғжановтың қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы жарық көрген зерттеу еңбегін айт.

  4. І.Қабылов қандай мақаласында Абайды бай табынан шыққан ақын ретінде бағалаған?


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі.

Абай ХІХ ғасырдың 90-жылдары өзінің ой-толғаныстарын қарасөздермен жазған. Қарасөздер ақынның соңғы туындылар қатарына жатады.Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес-ғақлиялық даналық сөздер.Онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алған.Абай қарасөздерін жазуға зор дайындықпен келген.Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель,Платон шығармаларын да,Шығыстың ойшылдары Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр,Иасауи т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кірісті.
Қарасөздерінің жалпы саны-қырық бес.Оларды тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Дүниенің тылсым сырын танып-білу мәселесіне «Жетінші», «Он тоғызыншы», «Отыз бір», «Отыз сегізінші», « Қырық үшінші».
2. Ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық,талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынауға арналған. «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші»
3. Ар-ұят, адамгешілік мәселелері «Бесінші», «Он бірінші», «Он сегізінші», «Отыз үшінші» сөздерінде әңгіме болады.
4. Ғылым,білім,өнер жайында «Жиырма бесінші» сөзінде әңгіме етеді.

Абайдың отыз екінші қара сөзі

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас – өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші – әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза қылу, екіншісі – берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші – осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі – құданың, екінші – халықтың, үшінші – дәулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – ақылдың, ардың – бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!


ІV Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.


V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма:

  1. Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі. Абайдың отыз екінші қара сөзі туралы түсінік.

  2. Талдау.

Тексерілді:

Күні: 29.09.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Cабақтың тақырыбы: Абайдың хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайдың хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру:

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Абайдың отыз екінші қарасөзі туралы түсінік.

  2. Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі туралы реферат жазу.


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.


Абайдың хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы

Абай қазақ халқын кедейліктен, мешеуліктен құтылдыру үшін, оқу-ағарту, ғылым-білімді дамыту керек деп қараған. Сондықтан да, бұл үшін алдымен мән табу, шаруашылықты дамыту идеясын алға қойған. Ол былай деп көрсетеді:

«Балаларды оқытқан жақсы, мұнда алдымен мал табу керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын. Мал тапса қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер керек. Соны үйренейік деп, балама үйретейін деп ойына жақсы түседі».

Бұл жерде Абай адамдардың ықтысади орны адамдардың идеясын белгілейтіндігін негіз ете отырып, ықтысатты дамыту белгілі ықтысади негізде оқу-ағартуды, ғылымды дамыту сынды тура идеаны алға қойып отыр.

Абай оқу-ағартуды, ғылымды дамытуды дәріптеумен қатар, тәрбиеленушілердің үйрену позициясы, мақсаты қатарлы мәселелер жөніндегі қуаттамасын да алға қойған.

«Білім-ғылымды талап қылушылар, әуелі білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір керекті нәрсесіне керек болар еді, деп іздемеске керек» дейді. Бұдан Абайдың оқу- ағарту, ғылым істерінің бағдары айқын болуын даріптеп отырғанын байқаймыз. Абай былай дейді:

«Білім-ғылымның өзіне ғана құмар болып, бір ғана білмектің өзін даулет көрсең, егер дін көңілің басқа нарсе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, онда білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешенің мейірімі секілді болады. Бастапқыдай болғанда тапқан шешеңнің мейріміндей болады, ақиқат мақсатпен білмек үшін мейірленбек керек». Ақиқатты табу мақсатымен үйрену – Абайдың ағарту идеясының өзекті мазмұны.

Абайда 19-ғасырдың өзінде-ақ «бәсеке» идеясын алға қойған. Ол былай дейді:

«Үйренуде азырақ бахас* көңілді пысықтандыру үшін залалды емес. Көбірек бахас адамды түзету түгіл бұзады. Мұның себебі: әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды. Жеңбек үшін баха қылады. Ондай бахас хуістілікті* зорайтады. Адамшылықты зорайтпайды. Бәлкім азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды. Адамды шатастырып жалған сөзге жеңілдірмекші болады». Жоғарыдағы Абай қуаттап отырған бәсеке, ғылымның мақсатын мақсат еткен. Атап айтқанда, ақиқатты іздеу, табиғат сырын ашу мақсатымен бәсекені қанат жайдыру болып табылады. Мүлде жеке мүдде негізіндегі бәсеке емес. Абай ішкерлей түсіп қанаушы таптардың өз бас пайдалары үшін жүргізетін бәсекелерінің келтіріп шығаратын зардаптарын жеріне жеткізе әшкерелеп көрсеткен:

«Бахас өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хырсылану* жарамайды. Хырсылансаң өз-өзімшіл ғұрулық*, мақтаншақтық, хуістішілдік бойын жеңсе, ондай кісі қорлық келтіретұғын ұрыс-төбелестен қашық болмайды». Ендеше бір Абайдың бәсеке идеясына социалистік бәсекенің белгілі факторлары бар деп айта аламыз.

Абай сол дәуірде Қазақстанның Россияның отарына айналып, қазақ халқы орыстардың қорлауына ұшырап отырған жағдайға қарата, орыстардың залалынан қашық болу үшін, олардың ғылым мен техникасын үйреніп, олардың теңдік алу сынды дәріптемесін алға қойған.

«Орысша оқу керек. Хикмет те, мал да өнер де, ғылым да – бәрі де орыста тұр. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі: «Олар дүниенің тілін біледі. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әр біреуінің тілін, өнерін білген кісі онымен бір дейік, дағукасына* кіреді. Аса арсыздана жалынбайды».

Орыстың ғылымы, өнері, дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Бірақ осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар, соның қаруымен тағы да қазақты алдасам деген екен дейді. Жоқ олай емес, малды қалай адал еңбек қылғанда табылады екен. Соны үйренейін, мені көріп жаңа үйренушілер көбейсін. Ұлықсыған орыстың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, ел болып жұрт білгенді біліп, жұрт қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек». Міне, бұл абайдың ағарту идеасының ең соңғы мақсаты.

«Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар: адамның ішінде бірі моахаза*. Екіншісі берік мұхафаза қылу*, бұл екі қуатты зорайту жағында болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды» дейді Абай. Басқа сөзбен айқанда, бірінші – демократиялық ғылыми талқы арқылы ғылымды дамыту; екінші – бұқараның ғылымды қорғауы және қастерлеуі арқылы ғылым мен техниканы дамыту. Бұл Абайдың ағарту идеясының белгілі дәрежеде бұқаралығы бар екендігін толық көрсетіп береді.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы өз дәуіріне дейінгі дүние данышпандарының даналық мәйегін толық меңгерген және бүкіл көшпелілер әлемінің дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көркем ойының мүмкіндігін бойына сіңірген, сол қасиеттері арқылы адамзат санасының дамуына үлес қосқан дара тұлға. Абай 10 жасында Семей қаласындағы Ризаның медресесіне оқуға түседі. Бұл мешіттің ұстаздары сол замандағы алдыңғы қатарлы жәдидизм ағымында білім алған, исі түркі мен мұсылман әлеміне танымдық жаңалық әкелген, дін мен ғылымды, азаматтықты ту етіп ұстаған Шаһабуддин Маржани мен Мұхаммед Ғабдукидің, Ғазалидің жолын қуған оқымыстылар еді. Бұл медреседе ғылымның негізгі салаларының барлығы да оқытылатын. Абайдың таным көзі шәкірт кезінде ашылды.
Қырық жасынан бастап Абай ғылымға бет қояды. Өзінің бойындағы талантын ұлтының рухани игілігіне қызмет етуге жұмылдырады. Шығыс тарихын, дүние тарихын, діни ағымдардың философиялары мен тәпсірлерін, философия, жаратылыстану, мемлекеттер тарихы мәселелеріне зерттеуші ретінде қарады.
Данышпан өзінің рухани кемелденуіне қасиетті Құранды негіз еткені белгілі. Ол Құран Кәрімді жақсы біліп, рухани нәрін өзінің бойына толық қабылдай білген. Бұл – сопылық дәстүр. Сопылардың рухани жолдағы алғашқы қадамы исламның негізгі кағидаларын өз бойларына сіңіріп, оларды өмір тәртібі, күнделікті тұрмыс көрінісі ретінде қабылдауға үйренеді. Ол үшін алғашқы сәтінен бастап қасиетті Құранды жадына сақтап, оны толығымен зерттейді. Сопылардың көпшілігі қасиетті Құранды түгелдей жатқа біліп, кари деңгейіне көтеріледі. Бұл рухани жетілуге керекті алғашқы шарт қана. "Шариғаттан" өтіп "Тарихатқа" жеткенде адам алған білімін бойына сіңіріп, оны өзінің мінезіне, өзіндік қасиетіне айналдырады. Сопылық жолдағы адам әрі қарай үздіксіз тәжірибе, жаттығулар жасай отырып Хақпен байланыс орнатады, ол байланысты әрі қарай жетілдірсе, тек сонда ғана өмірдің негізгі мақсаты Түп Иеге, Хақиқатқа жетеді. Сондықтан өмірдің негізгі мақсатына жеткізетін деңгейді сопылар "Хақиқат" деп атайды. Абайдың бұл жолды "бек шетін, бек нәзік" деп атауы тегін емес. Бұл сөздің үлкен мағынасы бар.
Абай ілімі бойынша: әлем өмірінің мақсаты — өзін Жаратушының ықпалымен өмір сүру. Кім болса да бір нәрсені жасаса, өзінің керегіне жарату үшін жасайтыны тәрізді, Жаратушы да әлемді жаратқанда тек өз ризалығы үшін жаратты. Себебі, Ол мәңгі, сондықтан Оның жаратылу себебі жоқ, керісінше, әуел бастан Оның өзінен басқа ешкім де, яғни басқа Жаратушы да жоқ. Өз тілегімен, ләззат алу үшін, Жаратушы рухани болмысты жаратты. Бірақ кейбір жандар өздеріне берілген аздаған еркіндікті дұрыс пайдалана алмай, өздерінің міндетін ұмытып, Жаратушының тілегін емес, өздерін қанағаттандырғысы келді. Бұл — білместік. Шексіз мейірімді Жаратушы ешкімнің еркіне қарсы емес, сондықтан Ол фәни болмысты жаратты да, Жаратушыны ұмытып, өздерін ләззаттандырғысы келген жандарды әркімнің қалауына қарай өз несібесімен бақи әлемнен, яғни рухани өмірден фәни әлемге, яғни материалдық өмірге жіберді. Бұл материалдық әлем өздерінің қылмысы үшін жазасын өтейтін абақты тәрізді. Осыдан фәни өмірдегі барлығымыз да Жаратушының ырқынан шыкқан күнәһарлар екенімізді түсінеміз.
Жаратушы шексіз мейірімді болғандықтан, бұл материалдық әлемде Ол ешкімді де жіберген қателіктері үшін жазаламайды. Жаратушы тек қана материалдық әлемнің заңдылығын ғана жасады, ал оны дұрыс, не болмаса бұрыс қолдануына байланысты өмірдің әділет (қарымта) заңы бойынша әркім өмірдің рақатын, не болмаса қасіретін көреді. Абайдың айтуынша, бұған Жаратушы араласпайды. Осылайша әркім өзінің бақытын өзі жасайды. Бұл фәни өмірге әркім өздерінің қалауы бойынша ләззат алу үшін жіберілді. Бірақ материалдық әлем — рухани әлем емес. Рухани әлемде барлығы мәңгілікті, білімге және ләззатқа толы болса, материалдық әлемде барлығы керісінше, уақытша, білместікке және қайғы-қасіретке толы. Абай ілімі бойынша, бұл өмірдегі қызықтың барлығы да жалықтыратын, уақытша және шындығы жоқ жалған. Сондықтан әркім тіршілік барысында осыны түсінуі керек. Сонда өмірдің басты мақсатын орындауға — кейін қарай, Алла тағалаға қайтуға мүмкіндік туады. "Өзге мақсат ақылға қона ма екен!" — деуі сондықтан данышпанның.
Бұл мақсатқа жету үшін әуелі білім алу арқылы білместіктен арылу керек. Сонан соң Алла тағалаға таза құлшылық жасаумен жүрек көзін ашып, Абай сөзімен айтқанда "сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті". Ол үшін "адамзаттың бәрін сүй бауырым деп". Сонда ғана кім болса да өзінің фәни әлемге келген мақсатына жете алады.
Адамның ең қасиетті сезімінің бірі – діни сенім. Ал "суық ақыл" тұрғысынан келсек дін атаулының барлығы да өзінің жолын қабылдаған адамдарды туа сала рухани және психологиялық тәуелділікке мәжбүр етеді ғой. "Құран-Кәрім" бойынша әрбір мұсылман "Алла біреу, қияметқайым хақ, Мұхаммед Алланың елшісі" екенін уағызбен емес, өзінің білімі арқылы танып, табынуы керек. Бұл "Құранның" ұлы және ең әділетті қағидасының бірі. Абайдың: «Кімде кім жақсы, жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тиюға аузымыз бармайды. Ләкин сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы әкетпесе де, (ғибадат) қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі иманның иғтихаттан (байламын) маһхам-мек (бекітбек) керек, екінші үйреніп жеткенше осы болады ғой деп тоқтамай, үйрене беру керек,... Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты-ғибадат болмайды», - деп отырғаны да сол. Алланың хақ екенін ақылыңмен біл дейді. Демек, рухани тәуелділікті бос құлшылықпен алма, ғылымды қару етіп таным арқылы иман келтір дейді. Бұл деген сөз психологиялық тәуелділікке қарсы пікір. Абай табиғи түсінікті былай қойғанда Алланың өзін сеніммен танып барып құлшылық етпеген пендені «жанның қоры» деп есептейді. «...Иман сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди (түйсік арқылы) иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап: «ақты» «қара» деп, я «қараны» «ақ» деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Аллаһ өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ»,- деп қорытады Абай. Иман - Абай үшін жан бостандығының кепілі.
        Абайдың:

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас,

- деуі жай ғана уағыз емес.
Мұнда Алла жолын терең зерттеп, оған шын ниетімен сенген, ғылыми тұжырым жасап, философиялық мағына тапқан тұлғаның толғанысы, санасының сәулесі жатыр. Ол Аллаға біреудің уағызы арқылы, яғни рухани және психологиялық тәуелділік арқылы жеткен жоқ. Тәуелсіз таным арқылы жетті. Бұл пікір өзгенің пікірі емес, Абайдың өз пікірі. Сондықтан ол сеніммен:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті,

- дейді.
Жан бостандығын, жан тазалығын Абай Алладан іздейді және Алланың ақ жолынан табады. Алладан өзгеге рухыңды тәуелді етпе дейді. Ал Абай патша ағзамның қазақ халқын шоқындыру туралы жарлығы дайындалып жатқанын жақсы білген. Дінді өзгерту, Абай үшін рухани құлдыққа, басыбайлылыққа түсу. Ол шырмауға бір түскен адам қайтып шыға алмайды.
Қазақ елінің жағдайында бұл толықтай ұлт ретінде жойылып кету деген сөз. Дінін сату - Абай үшін қасиетсіздіктің белгісі. Шоқынуды антұрғандық деп ұғады. Миссионерлік қозғалысқа, оның  жымысқы  тәсілдерінен жиіркене қарап:

Қасиетсіз туған - ол да жат,
Күңкілдеп берер сазаңды,

- дейді Абай.
Мұнда "уағызды" - күңкілдеу деп отыр. Абайдың ноғайларды "дінге де берік" деп үлгі тұтуының бір мәнісі осы шоқындыру туралы уағызды білдіргенде.
Абайдың рухани кемелденуінде негізгі білім бұлағы қасиетті Құран болған. Өмірдің негізгі мақсатын түсіну, Құдай тағаланы тану жолдары туралы Абай ілімі мен қасиетті Құран қағидалары жақсы үндесіп жатады. Ойшылдың бізге қалдырған мұрасының ақиқаттығы мен өміршеңдігінің себебі міне осында.


ІV Сөздікпен жұмыс:

Хуістілігі – күндеу.

Бахасы – арабша елес. Бәсекелес.

Хырсылану – Арабша бұл жерде өзімшілдік мағнада.

Ғұрулық – мен-мендік.

Дағу – Арабша талас – тартыс, айтыс.

Молахаза – Арабша пікірлеу.

Молафаза – сақтау, қорғау.


V Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Абай танымындағы «бахас» деген не?

  2. Абай танымындағы «хақиқат» деген не?

  3. Абай не үшін орыстардың ғылым мен техникасын үйреніп, олардың теңдік алу сынды дәріптемесін алға қойған?

  4. Абайдың ағарту идеасының мақсаты не?

  5. Абай ілімі бойынша: әлем өмірінің мақсаты не?

  6. Абай жан бостандығын, жан тазалығын қайдан іздейді және қайдан табады?


Үйге тапсырма:

  1. Абайдың хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.


VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.










Тексерілді:

Күні: 06.10.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Cабақтың тақырыбы: Абайдың отыз үшінші қара сөзі


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайдың отыз үшінші қара сөзі туралы толық түрде түсінік бере отырып, тәлім-тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру. Ақынның жан-жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып, бүгінгімен тоғыстыру;
2. Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Абайдың хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

Өткен сабақты сұрақ қою арқылы пысықтау:

  1. Абай танымындағы «бахас» деген не?

  2. Абай танымындағы «хақиқат» деген не?

  3. Абай не үшін орыстардың ғылым мен техникасын үйреніп, олардың теңдік алу сынды дәріптемесін алға қойған?

  4. Абайдың ағарту идеасының мақсаты не?

  5. Абай ілімі бойынша: әлем өмірінің мақсаты не?

  6. Абай жан бостандығын, жан тазалығын қайдан іздейді және қайдан табады?


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

⦁ Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар...
( отыз үшінші, отыз жетінші қарасөздермен танысу)
⦁ Талап еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой...
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.

Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!

⦁ Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

⦁ Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос...
⦁ Зайырлы қоғам, жоғары руханият - Мәңгілік Ел!

Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы мен ерен құбылыс саналардай ерекшелігі — отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасты, жиренудің орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен жаңа қасиеттерімен байытқандығы. Абай армандары — тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында оның орайын келтіруге мүмкіндік енді туып отыр.
Н. Ә. Назарбаев

Абай сан сұраққа жауап іздейді. Қара сөздеріндегі «қазақтың жалқау болатұғын себебі не?», «үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен?» «Ырыс алды – тірлік дейді, бұл қай тірлік?» «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?» т. с.
Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
Жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –
Ынтымақтан туындар бар жақсылық – деп Фариза жырлағандай Абай тірлікті, білім, ғылымсүйгіштікті, ынтымақты, ырысты қалады. Абайдың нақылы үлкен ой, терең мазмұнды, халықтың нақыл сөздерімен де, шетелдің ақыл иесі, ұлы адамдарының нақыл сөздерімен де тең түседі. Басқаларын былай қойғанда, Абайдың «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» дейтін сөзі – асқан құнды пікір де, қорытылған өмір шындығы. Абайдың нақыл сөздерінің ішінде бүгінгі жастарды тәрбиелеу үшін де пайдалы жақтары көп. Оның қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т. б. жөніндегі пікірлері бүгінгі тәрбие жұмыстарына нақтылы құрал болуға жарайды.

Абайдың отыз үшінші қара сөзі

Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.

Әуелі – бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.

Екінші – ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады.

Үшінші – «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.

Төртінші – тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?


ІV Талдау.

Абайдың қай қара сөзі болмасын, жүрекпен түсініп, көңілге түйетін нақылдарға бай. Бұл қара сөзінде де, арам ойдан алшақ болуға шақырады хакім. Барлық адамзаттың өзге тіршілік иелерінен сөйлей алатын қабілетімен ерекшеленіп тұратын қасиеті бар. Сондай қасиеттерінің бірі де бірегейі  бір іске икемді болуы. Ішкен тамаққа тойып алып, бүк түсіп жата беру адам баласына үлкен сын болмақ. Ал Абай атамыздың бұл ретте айтқысы келген ойы қандай? «Өнері бардың кеселі бар» деген ойды ұстанып, оның төрт түрін көрсетеді. «Бойымдағы өнерім өзіме жетеді» деп білім-ғылым қумай, тым асыра қанағатшылдыққа салынып, талапсыздыққа бой алдыру  пендені кері бағытқа салады десе, екінші бір айтар ойы  еріншектік. Бауыржан Момышұлы атамыз «Адамды үш нәрсе бүлдіреді: арақ, ақша, атақ» деп айтқан екен. Малға мастанып, қит ете қалса, көп жұмыс бітіргендей ақысын сұрап тұруы  қателік. Бұл ретте, «сыйға – сый, сыраға – бал» деген халық нақылын айтсақ, артық етпес. Еңбегіне қарай, ақысын да береді емес пе? Әр зат өз шамасымен болуы керек дегенді ұстанған ұлт ғұламасы үшінші кемшілігінде нендей ой айтты екен? Мақтаған сиырдың күйін кешіп, арзан мақтаудың артынан еріп, аса дандайсып кету өмірден адасудың бір сорақысы екенін айтпақшы. Ақырғы кемшілігі – қарызға бату. «Жасап берші» деген бір ауыз сөзін «мен де біреудің пайдасына керек екенмін» деп жерге тастамай, мойнына алып, шектелген уақытына дейін бітіріп бере алмай жүрсе ше? Басқадан қарыз алып айыбын жуып-шаятынын қайтесің? Сөйтіп, анда тартса, мында жетпей, мында тартса, анда жетпей, «екі қолын мұрнына қыстырдының» күйін кешпек. Тоқ етері, артылған істің жауапкершілігін сезіне білу керек. Өз заманының жайын айтып отырса да, бұның жалғасы қазіргі өмірде көрініс беріп жатқаны жалған емес. Сондықтан, ардың жүгін арқалаған 550 жылдық тарихы бар ұлттың болашағына жалқаулық, салғырттық, боямашылдық деген кері пиғылдар жараспасы хақ.


V Сабақты бекіту:

Топтастыру.
⦁ Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
⦁ Бірлік болмай тірлік болмайды
⦁ Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос
⦁ Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді
⦁ Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба...
⦁ Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын...
⦁ Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой
⦁ Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан
⦁ Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар
⦁ Тұрпайы мінез – тағы жат, надандықтың белгісі
⦁ Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.


Үйге тапсырма: Қарасөздерді оқып өлеңдерімен салыстыру, сәйкестендіру.


VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.














Тексерілді:

Күні: 13.10.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақ тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға көркем сөздің асылы – поэзиядағы Абайдың жаңа үлгілерін таныту. Абай өмірі және  шығармашылығымен  таныстыру. Абайдың  поэзияға қояр талабын түсіндіру, өлеңді өнер деп ұғындыру;

  2. Тәрбиелік: Абай өлеңдерін, поэзияны сүюге, оны түсіне білуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету, тіл байлағын өрістету.


Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.


Сабақ типі: Жаңа сабақ.


Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, кесте, баяндау әдісі, көрнекілік, ой қорыту.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау: Қарасөздерді оқып өлеңдерімен салыстыру, сәйкестендіру.


ІІІ Жаңа сабақ:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге! – деп Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының гулдеуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.


«Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абайдың 1887 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған дейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған.

Өлеңнің жариялануы.

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды бірқатар текстологиялық өзгерістерге ұшыраған. Барлық жинақтарда 1909 жылғы басылым негізіңде 3-шумақтың 2-3-жолдары «Қосарлы бәйітсымал келді арасы», «Қисынмен қызықты болмаса сөз», 4-шумақтың 3-4- жолдары «Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенше өз шамасы», 7-шумақтың 2-жолы «Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап», 13- шумақтың 3-жолы «Мақтан қуған мал құмар нені ұға алсын» делінген. Ал Мүрсейіт қолжазбаларында бұл жолдар «Қосарлық бәйітсымал келді арасы, Қисынды қызығымен болмаса сөз», «Бір сөзін бір сөзіне қиыстырған, Әркімнің келгенінше өз шамасы», «Мақтап өлең айтыпты әркімге арнап», «Жел буаз, жел өкпөлер нені ұға алсын» болып алынған. 1938, 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіттің 1910 жылғы қолжазбасы мен 1909 жылғы жинақ бойынша 6-шумақтың 3-жолы «Ақындары ақылсыз, надан келіп» ретінде берілсе, Мүрсейіттің 1907жылғы қолжазбасы мен 1933жылғы басылымда «Ақындары ақылсыз, надан болып» түрінде жазылған. 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда, Мүрсейіт қолжазбаларында 8-шумақтың 4-жолы «Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап» болса, 1957, 1977 жылғы басылымдарда 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап», 9-шумақтың 4-жолы 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда, Мүрсейіт қолжазбаларында «Былжырақ керінеді бәрі даңдақ», 1909 жылғы жинақта «Былжырақ көрінеді солар даңдақ», ал 1957, 1977 жылғы басылымдарда бұл жол 1933 жылғы жинаққа орай «Былжырақ көрінеді соларды аңдап» болып өзгерілген. 10-шумақтың 1-2-жолдары барлық басылымдарда «Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап» болса, Мүрсейіт қолжазбаларында «Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап» түрінде келеді. 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 11-шумақтың 3-жолы «Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін» болып алынса, 1957,1977 басылымдарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларымен 1909 жылғы жинақ бойынша «Әншейін кун еткізбек әңгімеге» деп алынған. 12- шумақтың 2-жолы 1957 жылғы басылымда «Кісімсіген жеп кетер білімсіз көп» делінсе, қалған жинақтарда, Мүрсейіт қолжазбаларында «Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп» түрінде берілген. Абайдың бұл өлеңіне А.М.Гурьевич ән-романс жазған. Туынды ағылшын, араб, башқұрт, белорус, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.


ІV Талдау.

  1. Өлеңдегі 3 негізгі ой.


Өлең қандай болуы тиіс

Бұрынғының ақындарын сынау

Тыңдаушыға айтары

Өз поэзиясында жаңа мақсат барын жариялайды. Ол әлеуметтік шындықты жариялау. Өлеңді бөтен сөзбен былғамау талап торы қойылады. Халық мүддесі жұмсауды мақсат етеді.

Өлеңнің сатып, күн көріс көрген жағымсыз, жарамсақ ақындарға ыза болып, қатты сынайды. Ақын өнерін,саудаға салу, сөз қадірін кетіру, арсыздық деп қарайды

Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге, бағалауды.

Тыңдаушыларды тәрбиелеу қажеттігіне назар аударды.

 

  1. Өлеңді сатылай кешенді талдау.

1. Авторы. Абай Құнанбайүлы

2. Тақырып. Бұл өнер туындысы,әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық.

3. Жанр түрі. Поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі өлшеммен

4. Идеясы. Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады. Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.

5. Шумақ. Өлең шумақтан тұрады. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. Тармақ. Өлең тармақтан тұрады. Тармақ-өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ. Тармақ бунақтан тұрады. Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын. Өлең буыннан түрады. Буын сөздің қурамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.

9. Теңеу – Өтірік пен өсекті жүндей сабап

Эпиттет – Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын.

Метафора – Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап.

Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады


  1. Оқушыға өлең шумағын талдату

Ө-лең//сөз-дің пат-ша-сы/, сөз са-ра-сы, а
Қи-ын-нан// қи-ыс-ты-рар//ер да-на-сы а
Тіл-ге же-ңіл,//жү-рек-ке//жы-лы ти-іп, б
Теп-те-гіс//жұ-мыр кел-сін//ай-на-ла-сы а

1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ, 11 буынды, қара өлең ұйқасы


V Сөздікпен жұмыс:

Аят (арабша) — құран сөзі
Хадис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі
Бәйіт (арабша) — өлең сымал — өлең секілді
Құтпа (арабша) — уағыз оқу, сөйлеу мағынасында
Мүнәжәт (арабша) — Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту


VІ Сабақты қорытындылау

Ақыл-ой, ақындықтың киесі – Абай,

Түгел сөздің түбі бір жүйесі – Абай.

«Өлең – сөздің  патшасы» десе Абай,

Патшаға енді ұсынбас төрді Абай,

Патша мүлде тағымен төңкерілген,

Өлеңнің құдіретті иесі – Абай!

«Сөздің құдіреттілігі – қоғамды өзгертетін күш» деген болатын Абай. Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.


VІІ Үйге тапсырма: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жаттау.


VІІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.



































Тексерілді:

Күні: 20.10.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Cабақтың тақырыбы: Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Ақынның өмір жолымен таныстыру, ақын өлеңіндегі ақынға, сөз өнеріне қояр талабы мен шарты, эстетикалық жаңа принципін, халық өнерінің қорғаушысы, сол өнерге қызмет етуші екендігін таныту, талдау;
2. Дамытушылық: сөз өнері туралы жазған өлеңдерінің идеялық-көркемдік қасиетін жүйелеп, өз бетімен іздене білуге, өлең композициясындағы түйінді ойлар мен сырлы сөздерге өзіндік пікір қалыптастыра білуге ықпал ету, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, шығармашылық ізденісін дамыту;
3. Тәрбиелік: оқушы бойына сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіре отырып, мақтаныш сезімін тудыру, ұлыларымызды құрметтеу, даналардың даралығын бағалауға, бір-бірінің пікірін тыңдай біліп, шешім шығаруға, қорытынды ой қалыптастыруға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, өз пікірі, топтастыру, іздендіру, проблемалық.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, кітаптар көрмесі, слайд, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жаттау.


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:


Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы


Ең алдымен, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді. Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздық етуші әулие ғұламасы – бәрі де өленді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындаған дін ұғымдарын, өзіне шартты түрде керекке жаратады. Өлеңнің сол ортадағы беделін көтеру үшін пайдаланады. Болмаса, исламның анық дін басы үгітшілерінің – имам, сопыларының, молда, ишандарының көзімен қарағанда, Абай өлең сөз туралы жариялап отырған жаңалықты түгелімен күпірлік деп санар еді. Өзі бағасын көтермек болған өлеңді құдай айтқан құранмен, пайғамбар айтқан хадиспен теңеуден артық дін бұзарлық болмас. Абай ол арасын жақсы ұғынса да, мына тұста сол дін авторитеттерін өз керегіне жаратады. Онысы және өзінің терең нанымы емес, халық ұғымына берілген баж деп танылу керек.


Өлеңдегі эстетикалық принцип


Осыдан ары Абай эстетикалық жаңа принцип жариялайды.

«... Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?» – дегенде, жаңа ғана осының алдында аталған исламияттік норманың барлығын оп-оңай атап өтіп, тура 1860 жылдарда Н. Г.Чернышевский, Н. А.Добролюбовтай революциялық-демократтар әдебиет үшін жариялаған эстетикалық негізге ден қояды. «Іші – алтын, сырты – күміс» демек, мазмұн мен түр мәселесіне Абайдың өз көзқарасын анықтайды. Түрден мазмұн қымбатырақ, бағалырақ дегенді анық танытады. Дәл осындай озық оймен Абай орыстың классикалық әдебиетінің ішіндегі ең биік шындығын танып, талғап алғанын көрсетеді... Осыдан кейінгі көп шумақтарда айтылатын ойларының барлығымен Абай ақындықтың, соның ішінде өз ақындығының жаңа платформасын, үлкен декларациясын жариялайды. Бұл жөнінде Абайдың толғаулы ойы, диалектикалық отрицание дәрежесіне, философиялық биікке өрлейді. Өткен тарих қалдырған әдебиетке тарихтық, философиялық қатты сынмен, қатал соқтығады. Бұрынғы қазақтың «жүйрігі, шешені» деген ескі биін мақал көлеміндегі жаттанды шешендіктен аспаған арзан ойдың көзқарасын көрсеткендер деп біледі. Әсіресе бұрынғы ақындардың кейбір топтарына ерекше қатты соқтығады. Сатымсақ ақынды – жағымпаз, жанын жалдаған жексұрын ақын етіп, өнер ұстап жүрудің орнына қайыршылыққа кеткен сорлылықты әшкерелейді... Сонымен қатар өзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді. Өсиет өлең халық дертінің, тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше құрал деп біледі. Ал, Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл, тазалық жолдар болғандықтан, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең-өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады... Абай «сөз түзелді, сен де түзел» дегенде, бір-ақ ауыз етілу сөзді айтып отырған жоқ. Осыдан бұрынғы жазылған және кейін жазылатын барлық шығармаларында, жаңағы сияқты өзгеше нанымды көп таратып танытады. Өзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, өлең ұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп түсінген. Өз еңбегін сондайлық ұлы жолдағы үлкен адам мүддесі бар, ерекше еңбек деп түсінген. Абай енді өлеңдік шығарманың өзін де жанр мен түр жағынан іріктеп, талдап алады.

«...Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап»,
– деген толғауда үлкен мән, терең сыр бар. Халықты тәрбиелейтін анық ұстаздық сөз өзіне бөлек бір алуан болсын. Онда терең оймен, ашық шындықпен аралас үлкен тәрбиелік мән, мағына болсын дейді. Ал осылай талап қойған Абай ақындықтың көпшілігі тудыратын әңгімелі поэзия, уақиғалы, қызық сюжетті поэмаға сынмен қарайды. Оны өзі жазудан тартынады. Себебі, батырлықпен қызықты жазу – оқушының көңілін ақын өзі баулып, бастаймын деп отырған тәрбиелік жолдан алаң етіп, аударып әкетеді. Ондай шығарманы оқушы ойланып, тәлім алатын боп оқып тыңдамай, әншейін арзан қызық, болымсыз ермек ретінде тамашалап кетеді деп біледі... Бұрын қазақ тарихында, әлеуметтік санасында болмаған жаңалықты әкелуші ақын ең әуелі өз алдындағы тарихи ескілікпен қатты шайқасады. Ескіріп, тозып, енді өмірге жарамсыз, көне боп қалған дәстүрлерден өзінің негізін аулаққа салады. Іргесін ажыратып алып, тың дүниені тарихтық жаңа жолдан іздейді. Осылайша, ақын мен ақындық туралы, олардың қоғам тірлігіндегі міндет, мүддесі туралы өзінің үлкен өріс арнасын саралап алып, бұдан кейінгі шығармаларында дәл осы бір өлеңге қалыптаған негіз бойынша әрекет етеді...


ІV Мағынаны тану. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлең мазмұнымен танысу.
(бұрын таныс емес сөздер бойынша сөздікпен жұмыс жүргізу).
1. Сөздікпен жұмыс
Даңдақ – мәнсіз, бос сөз.
Бишара – бейшара
Надан – пайымсыз, қараңғы, білімсіз.
Кісімсіп – өзін-өзі жоғары, асқақ ұстап дандайсыну, менсінбеу.
Ынсап – қанағат, тойымдылық, ұят,ар-намыс.

2. Сұрақтармен жұмыс. Әр топ берілген сұрақты алдарындағы қағазға түсіріп ортада қорғап шығады.
І топ – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», – дегенде ақынның поэзияға қояр талабы қандай?
ІІ топ –Абай өлеңді неліктен үлкен өнердеп таниды?
ІІІ топ – Абай «Қазаққа өлең деген бір қадірсіз» деп неге айтқан?
ІV топ – Абай өзінің ақындық биік мақсатын қалай түсіндірген?

V Сабақты қорытындылау:
«Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайық. Атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» – деп М.Әуезов айтқандай, Абай – дара, дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

VІ Үй тапсырмасы: «Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі» эссе жазу.


VІІ Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысы мен белсенділігін ескере отырып бағалау.


















































Тексерілді:

Күні: 20.10.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақ тақырыбы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі туралы мәлімет беру. Өлеңді мәнерлеп оқыту, жан-жақты талдату;


  1. Тәрбиелік: Абай өлеңдерін, поэзияны сүюге, оны түсіне білуге тәрбиелеу;


  1. Дамытушылық: оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету, тіл байлағын өрістету.


Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.


Сабақ типі: Жаңа сабақ


Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау әдісі, талдау, көрнекілік, ой қорыту.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау: «Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі» эссе жазу.


ІІІ Жаңа сабақ:


«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі


Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М.Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ, алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті – күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің құралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәнін тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болып алынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кербез», «Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.


ІV Өлеңді мәнерлеп оқыту:


«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

 

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды.

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

 


Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",

Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

 

Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,

Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

 

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,

Қанша қызық болады өзіңізге?


V Талдау:


Оқушыға өлең шумағын талдату.


4 3 4

Мен жаз-бай-мын // ө-лең-ді // ер-мек ү-шін, 11, а

3 4 4

Жоқ-бар-ды, // ер-те-гі-ні // тер-мек ү-шін. 11, а

4 3 5

Кө-кі-ре-гі // се-зім-ді, // ті-лі о-рам-ды, 12, б

4 3 4

Жаз-дым үл-гі // жас-тар-ға // бер-мек ү-шін. 11, а

3 4 5

Бұл сөз-ді // та-сыр ұқ-пас, // та-лап-ты ұ-ғар,12, б

4 4 4

Кө-ңі-лі-нің // кө-зі а-шық, // сер-гек ү-шін. 12, а


Шумақ: 1,

Тармақ: 6,

Бунақ: 3

Буын саны: 11-12

Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы


VІ Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы жаңа сабақты бекітемін.

  1. Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін қай жылы жазды?

  2. Өлеңде не туралы айтылады және ол кімдерге арналған?

  3. Өлең алғаш рет қандай жинақта жарияланды?

  4. Қандай тілдерге аударылған?


VІІ Үйге тапсырма:

  1. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жаттау.

  2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.


VІІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.













































Тексерілді:


Күні: 10.11.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Сынақ тест


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көз қарасын дамыту. Абай шығармашылығының асқақтығын жан-жақты таныту арқылы шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; Тест тапсырмалары арқылы алған білімдерін бекіту;

2. Тәрбиелік: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру.


Сабақтың түрі: бекіту сабағы.


Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары.


Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, тесттер жинағы.


Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Тест тапсырмалары.

1 - нұсқа
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.

2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында; В) 8жасында; С) 9жасында; Д) 10жасында; Е) 11жасында.

3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі; В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен; Д) Араб, парсы, өзбек; Е) Араб, парсы, орыс.

4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста; В) 11жаста; С) 13жаста; Д) 15жаста; Е) 16жаста.

5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.; В) 1871ж.; С) 1873ж.; Д) 1875ж.; Е) 1880ж.

6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) «Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».

7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше; В) Барлас; С) Көкпай; Д) Балта; Е) Шөже.

8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр»;
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».

9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Болыс болдым, мінеки»;
Е) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?».

10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; В) «Жаз»;

С) «Қыс»; Д) «Күз»; Е) «Жазғытұры».

11. Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
А) «Жаз»; В) «Күз»;
С) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; Д) «Жазғытұры»; Е) «Көлеңке басын ұзартып».

12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
А) қара өлең ұйқасы; В) шалыс ұйқас;

С) аралас ұйқас; Д) шұбыртпалы ұйқас; Е) кезекті ұйқас.

13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз аяқ», «Жаз»;
В) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»;
С) «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»;
Д) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып».

14. Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
А) «Желсіз түнде жарық ай»;
В) «Адамның кейбір кездері»;
С) «Өзгеге көңілім тоярсың»;
Д) «Сегіз аяқ»;
Е) «Пайда ойлама, ар ойла».

15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
А) 17; В) 21; С) 23; Д) 25; Е) 27.

16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»;
С) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
Д) «Малға достың мұңы жоқ»;
Е) «Қалың елім, қазағым».

17. Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2; В) 3; С) 4; Д) 5; Е) 7.

18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
А) «Ескендір»; В) «Масғұт»; С) «Әзім әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е) «Ләйлі - Мәжнүн».

19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.
А) «Ескендір»; В) «Масғұт»; С) «Әзім әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е) «Ләйлі - Мәжнүн».

20. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде; В) Отыз үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші сөзінде; Д) Жиырма бесінші сөзінде; Е) Он тоғызыншы сөзінде.

21. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
А) А. Байтұрсынов; В) Ш. Құдайбердіұлы;
С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) З. Ахметов.

22. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші; В) Он сегізінші; С) Он тоғызыншы; Д) Отыз бірінші; Е) Отыз сегізінші.

23. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Шендестіру; Д) Қайталау; Е) Кейіптеу.

24. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Теңеу; Д) Кейіптеу; Е) Риторикалық сұрау.

25. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;
В) «Сегіз аяқ»;
С) «Көзімнің қарасы»;
Д) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»;
Е) «Қор болды жаным».

2 - нұсқа
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Құдайбердіұлы; В) А. Байтұрсынұлы;

С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) М. Жұмабаев.

2. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
А) Оспанға; В) Ақылбайға; С) Әбдірахманға; Д) Мағауияға; Е) Мекайлға.

3. Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой..
А) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
В) «Интернатта оқып жүр»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
Е) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».

4. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А) «Евгений Онегин»; В) «Шегіртке мен құмырсқа»;
С) «Піл мен қанден»; Д) «Жалау»; Е) «Бақа мен өгіз».

5. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз.
А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»; В) «Түбінде баянды еңбек егін салған»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»; Д) «Көлеңке басын ұзартып»; Е) «Болыс болдым, мінеки».

6. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А) 20 шақты; В) 25 шақты; С) 30 шақты; Д) 35 шақты; Е) 40 шақты.

7. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?
А) 1880; В) 1883; С) 1885; Д) 1886; Е) 1889.

8. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) «Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;
С) «Сегіз аяқ»;
Д) «Құлақтан кіріп бойды алар»;
Е) «Жазғытұры».

9. Абайдың руы кім?
А) Найман; В) Керей; С) Тобықты; Д) Уақ; Е) Дулат.

10. Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды?
А) 1885ж.; В) 1886ж.; С) 1887ж.; Д) 1888ж.; Е) 1889ж.

11. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А) 101 тілге; В) 105тілге; С) 110 тілге; Д) 116 тілге; Е) 120 тілге.

12. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?
А) Шәкәрім; В) Ахмет; С) Мұхтар; Д) Көкбай; Е) Қиясбай.

13. Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза медресесі;
В) Медресе Мухаммадия;
С) Медресе Рахманқұли;
Д) Медресе Расуля;
Е) «Ғалия» медресесі.

14. Абай қай жылдары болыс болды?
А) 1874 - 1876; В) 1876 - 1878; С) 1877 - 1879; Д) 1878 - 1880; Е) 1879 - 1881.

15. Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
А) 1880 ж.; В) 1881 ж.; С) 1885 ж.; Д) 1887 ж.; Е) 1888 ж.

16. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
А) 8 жастан В) 10 жастан С) 11 жастан Д) 13 жастан Е) 15 жастан

17. Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
А) Барлас; В) Байкөкше; С) Көкпай; Д) Шөже; Е) Балта.

18. Қай өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Малға достың мұңы жоқ».

19. Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Екінші; В) Төртінші; С) Он алтыншы; Д) Он жетінші; Е) Жиырма тоғызыншы.

20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.; В) 1893ж.; С) 1895ж.; Д) 1897ж.; Е) 1898ж.

21. Құбылтудың (троптың) қай түрі?
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
А) Метонимия; В) Метафора; С) Эпитет; Д) Теңеу; Е) Ассонанс.

22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
А) 1896ж. Қазан; В) 1898ж. Орынбор;

С) 1904ж. Қазан; Д) 1908ж. Петербург; Е) 1909ж. Петербург.

23. Абайдың неше күйі бар?
А) 1; В) 2; С) 3; Д) 4; Е) 5.

24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»;
В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;
С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»;
Д) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»;
Е) «Қалауын тапса, қар жанар».

25. Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
А) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;
В) «Әбдірахманның әйелі Мағышқа»;
С) «Айттым сәлем, қалам қас»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».


ІІІ Үйге тапсырма: «Абай өлеңдерін оқынғаннан кейін түйген ойым» эссе жазу.


ІV Сабақты бағалау: тест тапсырмалары тексеріліп бағаланады.










































1 - нұсқа
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында; В) 8жасында; С) 9жасында; Д) 10жасында; Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі; В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен; Д) Араб, парсы, өзбек; Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста; В) 11жаста; С) 13жаста; Д) 15жаста; Е) 16жаста.
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.; В) 1871ж.; С) 1873ж.; Д) 1875ж.; Е) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) «Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше; В) Барлас; С) Көкпай; Д) Балта; Е) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр»;
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Болыс болдым, мінеки»;
Е) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?».
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; В) «Жаз»;

С) «Қыс»; Д) «Күз»; Е) «Жазғытұры».
11. Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
А) «Жаз»; В) «Күз»;
С) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; Д) «Жазғытұры»; Е) «Көлеңке басын ұзартып».
12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
А) қара өлең ұйқасы; В) шалыс ұйқас;

С) аралас ұйқас; Д) шұбыртпалы ұйқас; Е) кезекті ұйқас.
13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз аяқ», «Жаз»;
В) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»;
С) «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»;
Д) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып».
14. Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
А) «Желсіз түнде жарық ай»;
В) «Адамның кейбір кездері»;
С) «Өзгеге көңілім тоярсың»;
Д) «Сегіз аяқ»;
Е) «Пайда ойлама, ар ойла».
15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
А) 17; В) 21; С) 23; Д) 25; Е) 27.
16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»;
С) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
Д) «Малға достың мұңы жоқ»;
Е) «Қалың елім, қазағым».
17. Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2; В) 3; С) 4; Д) 5; Е) 7.
18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
А) «Ескендір»; В) «Масғұт»; С) «Әзім әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.
А) «Ескендір»; В) «Масғұт»; С) «Әзім әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
20. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде; В) Отыз үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші сөзінде; Д) Жиырма бесінші сөзінде; Е) Он тоғызыншы сөзінде.
21. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
А) А. Байтұрсынов; В) Ш. Құдайбердіұлы;
С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) З. Ахметов.
22. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші; В) Он сегізінші; С) Он тоғызыншы; Д) Отыз бірінші; Е) Отыз сегізінші.
23. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Шендестіру; Д) Қайталау; Е) Кейіптеу.
24. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс; В) Аллитерация; С) Теңеу; Д) Кейіптеу; Е) Риторикалық сұрау.
25. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;
В) «Сегіз аяқ»;
С) «Көзімнің қарасы»;
Д) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»;
Е) «Қор болды жаным».






2 - нұсқа
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Құдайбердіұлы; В) А. Байтұрсынұлы;

С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) М. Жұмабаев.

2. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
А) Оспанға; В) Ақылбайға; С) Әбдірахманға; Д) Мағауияға; Е) Мекайлға.

3. Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой..
А) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
В) «Интернатта оқып жүр»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
Е) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».

4. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А) «Евгений Онегин»; В) «Шегіртке мен құмырсқа»;
С) «Піл мен қанден»; Д) «Жалау»; Е) «Бақа мен өгіз».

5. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз.
А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»; В) «Түбінде баянды еңбек егін салған»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»; Д) «Көлеңке басын ұзартып»; Е) «Болыс болдым, мінеки».

6. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А) 20 шақты; В) 25 шақты; С) 30 шақты; Д) 35 шақты; Е) 40 шақты.

7. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?
А) 1880; В) 1883; С) 1885; Д) 1886; Е) 1889.

8. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) «Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;
С) «Сегіз аяқ»;
Д) «Құлақтан кіріп бойды алар»;
Е) «Жазғытұры».

9. Абайдың руы кім?
А) Найман; В) Керей; С) Тобықты; Д) Уақ; Е) Дулат.

10. Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды?
А) 1885ж.; В) 1886ж.; С) 1887ж.; Д) 1888ж.; Е) 1889ж.

11. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А) 101 тілге; В) 105тілге; С) 110 тілге; Д) 116 тілге; Е) 120 тілге.

12. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?
А) Шәкәрім; В) Ахмет; С) Мұхтар; Д) Көкбай; Е) Қиясбай.

13. Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза медресесі;
В) Медресе Мухаммадия;
С) Медресе Рахманқұли;
Д) Медресе Расуля;
Е) «Ғалия» медресесі.

14. Абай қай жылдары болыс болды?
А) 1874 - 1876; В) 1876 - 1878; С) 1877 - 1879; Д) 1878 - 1880; Е) 1879 - 1881.

15. Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
А) 1880 ж.; В) 1881 ж.; С) 1885 ж.; Д) 1887 ж.; Е) 1888 ж.

16. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
А) 8 жастан В) 10 жастан С) 11 жастан Д) 13 жастан Е) 15 жастан

17. Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
А) Барлас; В) Байкөкше; С) Көкпай; Д) Шөже; Е) Балта.

18. Қай өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Малға достың мұңы жоқ».

19. Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Екінші; В) Төртінші; С) Он алтыншы; Д) Он жетінші; Е) Жиырма тоғызыншы.

20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.; В) 1893ж.; С) 1895ж.; Д) 1897ж.; Е) 1898ж.

21. Құбылтудың (троптың) қай түрі?
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
А) Метонимия; В) Метафора; С) Эпитет; Д) Теңеу; Е) Ассонанс.

22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
А) 1896ж. Қазан; В) 1898ж. Орынбор;

С) 1904ж. Қазан; Д) 1908ж. Петербург; Е) 1909ж. Петербург.

23. Абайдың неше күйі бар?
А) 1; В) 2; С) 3; Д) 4; Е) 5.

24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»;
В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;
С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»;
Д) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»;
Е) «Қалауын тапса, қар жанар».

25. Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
А) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;
В) «Әбдірахманның әйелі Мағышқа»;
С) «Айттым сәлем, қалам қас»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».


Тексерілді:


Күні: 17.11.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі

Сабақтың мақсаты
1. Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығы және табиғат лирикасына деген сүйіспеншілігі туралы түсіндіру. Табиғатқа арналған өлеңдерінің мазмұнын игеру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру Өлеңінің идеясын ашу, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру арқылы білім көкжиегіне жетелеу;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдебиетке деген сүйіспеншілігін оята отырып, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау,
топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар  


Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ тілі


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын тексеру: «Абай өлеңдерін оқынғаннан кейін түйген ойым» эссе жазу.

ІІІ Жаңа сабақ:


Абайдың табиғат лирикасы


Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының өмір сүретін ортасы. Оны әлем классик ақындарының бәрі де жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл - күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл - күйін суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кездерінде 1886 - 1890 жылдар аралығында жазылған.
Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі – «Жаз» (1886). Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше түрлі қызықты құбылыстар, бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі суреттеледі.
Ал, «Қыс» (1888) өлеңі – нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең. Мұнда да табиғат қозғалыс - әрекеттегі күйде алынады. Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі адамның – жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды.
Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу әдеті болмаған. Бұл – Абай жаңалығы. Ақын оны қазақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. «Демалысы – үскірік, аяз бен қарды кәрі құдаға» теңейді. Бұл жерде қазақтың байырғы ұғымы қолданылады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың бейнесі арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі кеңінен суреттеледі.
Бұдан кейінгі күзге арналған екі өлеңі – «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» (1889). Алдыңғы екі өлеңде ақын назар аудармаған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі, таптық, қоғамдық қайшылықтар соңғы өлеңдерінің негізгі мазмұнын құрайды.
«Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, аңдыстырған екеуін құдайым - ай»,- деп ренжіп байға: «жас бала, кемпір - шалын тентіретпей, бір қыс сақта, тас болма сенде», - деген тілек айтады.
«Жазғытұры»(1890) өлеңінде – мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі – «ата - анадай елжіреген күннің көзі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі


«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату. Ән туралы не білетіндерін сұрау. Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

«Желсіз түнде жарық ай» Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең – ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түнжан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзендыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылы композитор Л.А.Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Лирика дегеніміз – көркем әдебиет жанрының бір түрі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:

-                   Саяси-азаматтық лирика

-                   Махаббат лирикасы

-                   Философиялық лирика

-                   Табиғат лирикасы

Эпитет дегеніміз – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушының көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз. Мысалы: сұр бұлт, дымқыл тұман, сұр жебе, қарақат көз, күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз, тістеніп сөйлеу.

Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуі.

Риторикалық сұрақ дегеніміз – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.


IV Жазбаша жұмыс:

Өлеңге сатылай кешенді талдау:

Тақырыбытабиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.

ИдеясыАдам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Жанр түрілирика,поэзия (өлең)

Шумақ5

Тармақ4

Бунақ2

Буын7-8

Ұйқасшалыс ұйқас (а-б-а-б)

Эпитет Желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай.

Кейіптеу су дірілдейді, жапырақтар сыбырласады, тау жаңғырығады, ән қосады.

Риторикалық сұрақ – келмеп пе едің сол жаққа? тұрмап па еді сүйеніп?

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәнісұлулықты түсінуге, көре білуге, табиғатты, сезімді құрметтеуге тәрбиелейді. Адамның жан дүниесін рухани байытады, көркемдейді.


V Шығармашылық жұмыс.  Қос жазба күнделігі.

 

Өлеңнен маған ұнаған үзінді

Менің ойым

 



 

 

   Білімді бекіту: Бес жолды өлең әдісі.

Кім?  (бір зат есім)

Қандай? (екі сын есім)

Не істеді? (үш етістік)

Түйін (төрт сөзден тұратын сөйлем)

Синоним (бір синоним сөз)

 

VII Үйге тапсырма беру:

  1. Абайдың табиғат лирикасы туралы түсінік.

  2. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.


VIIІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.










































Тексерілді:

Күні: 24.11.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, Абайдың реалист ақын екеніні таныту;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.
Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары.
Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:

  1. Абайдың табиғат лирикасы.

  2. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.

ІІІ Жаңа сабақ:

«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі

Біздің бүгінгі өткелі отырған өлеңіміз де табиғат лирикасына жатады. Өлең 1888 жылы жазылған. Әрқайсысы 4 тармақтан, 9 шумақтан тұрады. Бұл – Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі таңдаулы шығармаларының бірі. Көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік өлең.
Енді алдымен осы өлеңнің шығу тарихына үңіліп көрейік.
Қазақ халқының маңдайына біткен екі ұлы есім бар. Олар – дана Абай, дара Мұхтар. Ұлтымыздың қадірлі де қасиетті тұмарына арналған «Абай жолы» роман эпопеясы арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, мінез ерекшелігі бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. Абай есімі әлемнің әр түпкіріне тарады. Дара Абай арқылы Мұхтардың есімі аңызға айналғаны баршамызға аян. Енді сол «Абай жолының» беттеріне назар аударылық.
Күзектің суық сұрқыл жүдеу бір күні Абай Тәкежан аулының үстінен түседі. Ол екі жұмыспен келген еді. Бірі – Семейтаудағы Бура жоқшыларының жұмысы. Бірі – Тәкежан мен Жігітек арасындағы қыстаудағы шабындық жөнінде туындап жатқан жаңа даудың жайы. Үй иесімен қабағы келіспеген Абай ас піскенше сыртқа шығып кетеді. Абай жүдеу кедей өмірінің тұрмысын көрді.
Енді осы көрініс өлең жолдарымен қалай өрілген екен?
1. Кедейдің жүдеу өмірі;
2. Қара қи;
3. Жалшы ұлының күйі;
Көшпелі елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғарылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тіршілік кешу, жан бағы – бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы алдыңа тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.
Біздің халықтың жаз жайлауға, күз күзеуге, қыс қыстауға көшіп отырғаны белгілі. Мал шаруашылығы, әрине, осындай өмірді талап етеді. Әсіресе, мал үшін қаһарлы қыс өте ауыр әрі жайсыз. Мына бір бейнетаспадан осыған көз жеткізейік.
    Көзінің ағы мен қарасы сияқты әрбіріміздің жеке өз пікіріміз бар. Мына шумаққа назар  аударайық.
            Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай,
            Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
            Ерте барсам жерімді жеп қоям деп
            Ықтырмамен күзеуде отрар бай, — деген жолдардағы Тәкежанның бұл ісіне баға беріп көрейік. Егеменді ел ертеңі еркін ойлы азаматтар екенін естен шығармайық.
     Бүгінгі заман да осына талап етеді. Өзінің үнемшілдігімен, ұқыптылығымен, жинақылығымен ертеңгі күннің қамын жеп, белгілі бір кәсіп иесі болса, қоғам да байиды. Елбасымыз үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялап отырған белгілі. Еліміз 2030 жылға қарай шын мәнінде өркениетті елге айналары хақ. Әрине, адамгершіліктен де асып кетпеуіміз керек. Қайырымдылық жасап, әлсізге көмек көрсету — әр адамның борышы.
    Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде, ықтырмада отырған бай, мал бағып, далада жүрген кедей  жылынуға отын таба алмай бүрсең қағып, тоңған иін жылытып, шекпен тігіп отрған байғұс әйел – осының бәрі көшпелі қазақ аулының тұтас бейнесіне айналған. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар. Бір-біріне қарама-қарсы суреттер.
     Ай аттары. Қараша – бұл айда мал семіреді. Ертеде салық малы осы айда жиналатын болған. Оны халық «қаражшы» деп атаған, яғни, қаражат жинаушы. Қарашада жер оты азайып, тақырланып, суыйды. Қара жердегі суықты «қара суық» деп атаған. Жұрт қыс қамын аяқтап болады.     Желтоқсан – «жел» мен «тоқсан» деген сөздің қосындысынан шыққан. Яғни үш ай желді, боран деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер бұл айды «жел айы» деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады.

ІV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.
1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?
2. Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған?
3. Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?

V Үйге тапсырма беру:

  1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңін жатқа айту.

  2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.


VI Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


Тексерілді:


Күні: 02.12.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.

Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары.

Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:

  1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңін жатқа айту.

  2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?
2. Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған?
3. Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?


ІІІ Жаңа сабақ:

«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі

«Көлеңке басын ұзартып» – Абайдың 1900 жылы жазған философиялық терең мазмұнды өлеңі. 4 тармақты, 6 шумақтан тұрады. Заңғар көкке жол салып, ұясына қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан күннің, көлеңке басын ұзартатыны секілді, адам баласының да «тіршілік базарынан оралар шағында» «күңгірт көңіл» шырмауына оралып, «сұрғылт тартқан бейуақпен сырласатын» сәті болады. Ақынның «Алыстан сермеп...» , «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан да шықты жаңғырық» дегеніндей, көкірек көзі ояу, жан сырын ұғар адамның мүлде аз екеніне күңірене қамыққан, салып еттім деген жолының «қу соқпақ» болғанына налыған, тынысы тарылып, тұйыққа тірелген көңіл-күйі өлеңнің өн бойынан сыз тартып тұрғандай. Тыңдаушысын таппай, «Адасқан күшік секілді. Ұлып жұртқа қайтқан ой» кімді таппақ, кімді иландырмақ. Есік пен төрдей ғұмырдың «не тындырдың» деген сауалына «Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге», енді менің кінәм не деп ақталады ақын. Ақтала отырып, өз жоғын таба алмаған, өкінішпен өмір кешкен сыңай танытады. Өлең 7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында бір ғана текстологиялық өзгеріс кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909, 1939, 1954 жылғы басылымдарда 6-шумақтың 3-жолы «Жай жүргенді өрт қылып» деп алынса, 1945, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол «Жай жүргенді уерд қылып» болып берілген. Сондай-ақ 1939, 1945 жылғы жинақтарда өлеңнің жазылған кезеңі 1895 ж. деп керсетілген. Туынды ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Көлеңке басын ұзартып


Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса;

Күнді уақыт қызартып,

Көкжиектен асырса;

 

Күңгірт көңлім сырласар

Сұрғылт тартқан бейуаққа.

Төмен қарап мұңдасар,

Ой жіберіп әр жаққа.

 

Өткен өмір — қу соқпақ,

Қыдырады, талайды.

Кім алдады, кім тоқпақ

Салды, соны санайды.

 

Нені тапсаң, оны тап,

Жарамайды керекке.

Өңкей уды жиып ап,

Себеді сорлы жүрекке.

 

Адасқан күшік секілді

Ұлып жұртқа қайтқан ой.

Өкінді, жолың бекінді,

Әуре болма, оны қой.

 

Ермен шықты, итқылып,

Бидай шашқан егінге.

Жай жүргенді уирд қылып,

Тыныш өлсеңші тегінде.


Сөздік:

Ермен – биік жусан.

Уирд – әдет, машық деген мағынада (арапша).


ІV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.

  1. «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі қай жылы жазылған?

  2. Өлеңде не туралы айтылады?

  3. Өлеңнің құрылысы қандай?

  4. Алғаш қай жылы, қай жинақта жарияланды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?



V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


VI Үйге тапсырма беру:

  1. «Көлеңке басын ұзартып» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.


Тексерілді:


Күні: 08.12.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз жетінші қарасөзі


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдарымен, отыз жетінші қара сөзімен таныстыру, ой-өрістерін кеңейту, рухани-жан дүниелерін қалыптастыру;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау, салыстыру, бағалау дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелілік: Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, аудару.

Көрнекілік: Абай Құнанбайұлының портреті, өлеңдер жинағы, «қара сөздері», Абай энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. «Көлеңке басын ұзартып» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі қай жылы жазылған?

  2. Өлеңде не туралы айтылады?

  3. Өлеңнің құрылысы қандай?

  4. Алғаш қай жылы, қай жинақта жарияланды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?




ІІІ Жаңа сабақ:


Абайдың отыз жетінші қарасөзі

Абай отыз жетінші қара сөзінде нақыл сөздерді тізеді. Нақылдардың барлығы дерлік адам бойындағы адамшылық қасиеттерді ардақтауға бағытталған. "Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес", – дейді Абай. 

Жалпы, қара сөзде ақын адам бойындағы қайратсыздық, заманның адамға әсері, білімге талпыныс, достық, тіленшілік, білгенді үйрету сынды тақырыптарды қозғайды. 

"Адам  баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват", – деп әр адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылады. Осылайша, Абай заманды қалыптастыратын адамдардың өздері екендігін, сондықтан, әркім өзін дамытуға, өзін тәрбиелеуге күш салуы керектігін меңзейді. Ол, сонымен қатар, "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім", – деп, адамның кез келген уақытта өзін қолына алып, түзеле алатындығын айтады.

"Бақпен асқан патшадан 
Мимен асқан қара артық; 
Сақалын сатқан кәріден 
Еңбегін сатқан бала артық", – деп, білімге құштарлықты, адал еңбекті насихаттайды.  

Абай, осылайша, қара сөзінде қоғамдағы олқылықтарды сынап, ұрпаққа, замандастарына жақсылыққа апарар жолды меңзеп, әсер етуге тырысады.


ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ


Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.

Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.

Адамның баласы - бауырың.

Ер артық сұраса да азға разы болады.

Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.

Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.

Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?

Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын ақылы бойында қалады.

Егер ісім өнсін десең, ретін тап

Биік мансап - биік жартас

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.

Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,

Алдыңғы толқын - ағалар,

Артқы толқын - інілер,

Кезекпенен өлінер,

Баяғыдай көрінер.

Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.

Тоқ тіленші - адам сайтаны,
Харекетсіз - сопы монтаны.

Жаман дос - көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.

Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
Шәкіртсіз ғалым - тұл.

Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің.


Үш тілде сөйлет.
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез - келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
Бүгін ақынның «Отыз жетінші сөзімен» танысамыз.

IV Топпен жұмыс:
1) Отыз жетінші қара сөздерді оқып, талдайды.
2) Салыстыр.
1. Өзге ақындар шығармаларымен салыстыру.
2. Мақал - мәтелдермен, даналық сөздермен салыстыру.

V Психологиялық сәт. Сергіту.
Көршілерімен дәптерлерін алмастырып, бір - бірінің жазуына баға береді.
Адамның жазуына қарап көп нәрсені білуге болады. Атап айтсақ оның мінезін, өзін өзі бағалауын, эмоционалдылығын білдіреді. Егер жазу үлкен болса, онда ол адамның тез тіл табысқыш, ортада, қандай жер болмасын сөйлесіп кете алатындығын көрсетсе, ал жазу кішкентай болса, онда адамның тұйық мінезді екендігін көрсетеді. Бұрыштап жазылған жазу өзін ғана ойлайтын (эгоист) адамдарға тән, ал түзу жазылғандар кеңпейілді мейірімді адам екендігін көрсетеді. Жазу қатты батырылып жазылса сөзі өтімді, қолында билігі бар адам екендігін білдірсе, күңгірт жазылған жазу әлсіздікті білдіреді екен. Жазуы дұрыс адамдар көбіне асықпайтын, тура мінезді адамдарды білдірсе, ал жазуы нашар адамдар көбіне асыққыш, логикасы дамыған адам екендігін көрсетеді.

VІ Бекіту:

Ой толғаныс.
Маған ұнаған жолдар...............
Несімен ұнады?....................

VІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІІІ Үйге тапсырма:

  1. А. Құнанбаев «Отыз жетінші сөз» оқу.

  2. «Қарасөзден алған әсерім» эссе жазу.




















Тексерілді:


Күні: 15.12.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: Абайдың дүниетанымдық көзқарастары


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан ұлы Абайдың дүниетанымдық көзқарастарын оқушыларға таныту;

  2. Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық-саяси және тарихи көзқарастарынмен танытырып, кестелермен жұмыс жасауға дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру. Абай атамыздың ұлылығын, шығармаларының тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану, талдау.

Көрнекіліктері: ақынның портреті, ақын туралы ұлылар ой-пікірлері, көрме.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі. 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. А. Құнанбаев «Отыз жетінші сөз» оқу.

  2. «Қарасөзден алған әсерім» эссе жазу.

Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Абай «Отыз жетінші қарасөзінде» не туралы айтады?

  2. Қандай тақырыптарды қозғайды?

  3. Қандай қасиеттерді насихаттайды?




ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай туралы даналық ой пікірлер.
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». 
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым».
М.Әуезов 
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті». 
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом алтыны»
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ» 
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» 
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»
М.О.Әуезов

Абайдың дүниетанымдық көзқарастары


Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде:
«Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай сымпыс шолақ», - деп өмірін бос өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды. Әсіресе, пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне:
«Ары кеткен алдамыш
Мені-ақ алда, сөкпейін.
Балы тамған жас қамыс,
Ормасайшы көктейін», - деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді. Қоғам өмірін түсінуді Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Абай – ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист.

Абай – шешен. Ұлттық өнеріміздің ішінде алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» – кесімді билік айту, қажет нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау, ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық, ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай сұлу көңілі болуы қажет. 
Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі – 1885 жылы мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік-ұлттық болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне жатады. 
Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі терең талданып, әділ билік-кесімдер, шара қолдану айтылады.
Ұрлыққа барымтаға Шара қолдану: суға батқанға көмек арық, көпір, құдық бұзғандарға өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35 бап)
Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» - деп жазады.
Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» – деп бағалаған.
Дүниенің тылсым сырын надандық, танып білу талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынады. Ар-ұят, адамгершілік мәселелерін қамтыды. Абай терең зейінді адам болғандықтан өзі өмір сүрген ортасын, оның қоғамдық жағдайларын терең түсініп, ақиқаттықпен көрсете білді.

ІV Талдау:

Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:
• Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;
• Рулық құрылыс ыдырамады;
• Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;
• Қоғамдық ахуал шиеленсті;
• Халықтың күйі нашарлап кетті;
• Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған
• Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;

«Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, 
Қолға түсер, сілесі әбден қатып 
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» — деп теңдік алу үшін қанша арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен, кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын көрсетті.

V Шығармашылық тапсырма:
Абай – ақын; 
Абай – сазгер;
Абай – шешен;
Абай – ағартушы-ойшыл;
Абайдың тарихи көзқарастары;
Абай – күйші, сазгер;
Абай – аудармашы;
Абай саясаткер;
Абай төбе би – шешен.


VІ Қорытынды.

Ұлы Абай
• Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем;
• Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен;
• Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор;
• Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер);
• Аударма өнерінің үздік шебері;
• Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын;
• Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына.

VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІІІ Үйге тапсырма:

  1. Абайдың дүниетанымдық көзқарастары туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.



















Тексерілді:


Күні: 22.12.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.

Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары.

Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:

  1. Абайдың дүниетанымдық көзқарастары туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.


ІІІ Жаңа сабақ:

«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі

«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» – Абайдың 1896 жылғы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ. Шығармаларындағы басты өзекті тақырып – адамгершілік, ар, намыс мәселесі, сын семсерін сұққан жері – ынсапсыз байлық, өлшеусіз өрескел билік десек, Абай бұл өлеңінде қалтқысыз көңілмен халық мүддесін көздейтін демократтық биік деңгейге кетеріліп, қоғамдық мазмұны аса маңызды шындықтың бет пердесін ашып береді.

Ақын бұдан бұрынғы сынында ар-ұяттан бөзген, тойымсыз би-болыстарды қанша айыптаса да, ара кідік олардың ішінде де тәуірлері бар, әр нәрсе адамына қарай деген пікірдің ұштығын шығарып қоятын (Мысалы, «Бай сейілді...» өлеңінде).

Бұл ақын өмірінің белгілі бір кезеңіне ғана тән кемшілік екенін осы туындысы айқын дәлелдейді. Абай енді оларды «жақсы», «жаман» деп бөліп жармай, өз заманыңдағы барша би-болыстарға, байларға арылмастай үкім айтады. Мал жиған адамның дүниеқоңыз, құнсыздығын барынша уытты тілмен, өлтіре әшкерелейді. Байлықтың ондайларға бос күпіл, қайырусыз билік үшін ғана керек екенін ашық айтып, имандылықтан, мейірім-сауаптан ада қалған жандарға жиіркенішін білдіреді. Олар өздері шошқа болған соң, басқа адамдар ит болып көрінетінін ескертеді.

Ақын өз жұртына жаудай тиіп отырған, қоғам денесіндегі осынау жұқпалы дертті шеней отырып, оған қарсы қоятын, мерезді сылып тастайтын күшті де атайды. Ол – адал еңбек, ащы тер. Аштан өлсеңде арыңды сатпа деп, адалдыққа, адамгершілікке шақырады.

Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылыжүрек» деп біледі.

Еңбек, сана, мейірім. Бұл – Абайға дейінгі қазақ ақындары осынша өткір, уытты тілмен барынша ашынып айта қоймаған тұжырым.

Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1959 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Абай Құнанбай ұғылының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Шығарма ешқандай тек стил. өзгеріске ұшырамаған. Өлең қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.


ІV Мәтінмен жұмыс:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңі
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Мал жияды мақтанын білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,
Сорпа сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,
Алтын алсаң, береді боғынан жеп.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

  1. Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Мал-ға дос-тың // мұ-ңы жоқ // мал-дан бас-қа, 11 а
А-ла-рын-да // ша-ра жоқ // ал-да-мас-қа. 11 а
Та-бы-сы-на // та-бы-нып, // қал-таң қа-ғып, 11 б
Той-ға-ны-нан // қал-ға-нын // бер-се а-лаш-қа.
12 а
Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11

Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы


V Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.

  1. Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңі қай жылы жазылған?

  2. Шығармаларындағы басты өзекті тақырып қандай?

  3. Абай бұл өлеңінде би-болыстардың қандай мінездеріне жиіркенішпен қарайды?

  4. Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе деп біледі. Ол не?

  5. Өлең қай жылы, қай қалада, қандай жинақта жарияланды?

  6. Қандай тілдерге аударылған?

Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VIІ Үйге тапсырма беру:

  1. «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Тексерілді:


Күні: 29.12.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.

Көрнекіліктер: Абайдың өлеңдер жинағы, ақынның портреті, бүктемелер.

Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:

  1. «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңі қай жылы жазылған?

  2. Шығармаларындағы басты өзекті тақырып қандай?

  3. Абай бұл өлеңінде би-болыстардың қандай мінездеріне жиіркенішпен қарайды?

  4. Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе деп біледі. Ол не?

  5. Өлең қай жылы, қай қалада, қандай жинақта жарияланды?

  6. Қандай тілдерге аударылған?




ІІІ Жаңа сабақ:

«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі

«Түбінде баянды еңбек, егін салған..?» – Абайдың кейін табылған өлеңі.

  • Көлемі 4 жол.

  • Өлеңді 1940 жылы Қ.Мұқаметханов Семейде тұратын Ташмұхамбет деген қариядан жазып алған. Абай өлеңінде «Би болған, болыс болған өнер емес» деу арқылы мансап армандамай, мақсат қууды уағыздайды. Жасынан оқу оқып, білім алған адам ғана ұлтының ұлы болатындығын айтып, жас ұрпақтың өмірлік мақсаты осы екенін ескертеді.

  • Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды.

  • Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді.

  • Туынды қарақалпақ, орыстағы басқа тілдерге аударылған.

ІV Мәтінмен жұмыс:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі

Түбінде баянды еңбек егін салған.

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.


  1. Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Тү-бін-де // ба-ян-ды ең-бек // е-гін сал-ған. 12 а

Жа-сы-нан // о-қу о-қып, // бі-лім ал-ған. 11 а

Би бол-ған, // бо-лыс бол-ған // ө-нер е-мес, 11 б

Ең-бек-тің // бұ-дан өз-ге // бә-рі жал-ған. 11 а


Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11

Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы


V Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.

    1. Өлең қай жылы, кімнен жазылып алынды?

    2. Қай жинақта жарияланды?

    3. Қандай тілдерге аударылған?

    4. Ақын өлеңінде нені уағыздайды, нені ескертеді?

Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


VIІ Үйге тапсырма беру:

  1. «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Тексерілді:


Күні: 12.01.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: Абайдың үшінші қарасөзі


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдарымен, үшінші қара сөзімен таныстыру, ой-өрістерін кеңейту, рухани-жан дүниелерін қалыптастыру;

  2. Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау, салыстыру, бағалау дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелілік: Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, сұрақ-жауап,

түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбайұлының портреті, өлеңдер жинағы, «қара сөздері», Абай энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

    1. Өлең қай жылы, кімнен жазылып алынды?

    2. Қай жинақта жарияланды?

    3. Қандай тілдерге аударылған?

    4. Ақын өлеңінде нені уағыздайды, нені ескертеді?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.

  1. Абайдың қарасөздері.

Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.

ҮШІНШІ СӨЗ

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.

Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым – солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы осы.

Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық.

Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді. Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады.

Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание – тергеу шығарады. Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп.

Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз. Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды? Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келеді: Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын. Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник пенен военный губернатордың назначениесімен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Оның себебі: әуелі – қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да - пайдалы іс, екінші – назначениемен болған болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді.

Уә және назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлки жоғалар еді. Уә және әрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.

Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендікпенен түссе, әйтпесе түспесе.

Ол билерге даугер адамдар қалмай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып, біте берсе; егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай, бітім болар еді.

1891


IV Топпен жұмыс:
1) Отыз жетінші қара сөздерді оқып, талдайды.
2) Салыстыр.
1. Өзге ақындар шығармаларымен салыстыру.
2. Мақал-мәтелдермен, даналық сөздермен салыстыру.

V Психологиялық сәт. Сергіту.
Көршілерімен дәптерлерін алмастырып, бір-бірінің жазуына баға береді.
Адамның жазуына қарап көп нәрсені білуге болады. Атап айтсақ оның мінезін, өзін өзі бағалауын, эмоционалдылығын білдіреді. Егер жазу үлкен болса, онда ол адамның тез тіл табысқыш, ортада, қандай жер болмасын сөйлесіп кете алатындығын көрсетсе, ал жазу кішкентай болса, онда адамның тұйық мінезді екендігін көрсетеді. Бұрыштап жазылған жазу өзін ғана ойлайтын (эгоист) адамдарға тән, ал түзу жазылғандар кеңпейілді мейірімді адам екендігін көрсетеді. Жазу қатты батырылып жазылса сөзі өтімді, қолында билігі бар адам екендігін білдірсе, күңгірт жазылған жазу әлсіздікті білдіреді екен. Жазуы дұрыс адамдар көбіне асықпайтын, тура мінезді адамдарды білдірсе, ал жазуы нашар адамдар көбіне асыққыш, логикасы дамыған адам екендігін көрсетеді.

VІ Сабақты бекіту:

Ой толғаныс.
Маған ұнаған жолдар...............
Несімен ұнады?....................

VІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІІІ Үйге тапсырма:

  1. А. Құнанбаев «Үшінші сөз» оқу.

  2. «Қарасөзден алған әсерім» эссе жазу.
























Тексерілді:


Күні: 19.01.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: Ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы көзқарасы


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы көзқарасымен таныстыру, ой-өрістерін кеңейту, рухани-жан дүниелерін қалыптастыру;

  2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

  3. Тәрбиелілік: Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. А. Құнанбаев «Үшінші сөз» оқу.

  2. «Қарасөзден алған әсерім» эссе жазу.

Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы көзқарасы

Халқымыздың данышпан ұлы Абай Құнанбаев туралы ғылымның сан алуан саласында жазылған еңбектер өте көп. Абай тануға елеулі үлес қосқан ғалымдарымыз Мекемтас Мырзахметов пен Құлшат Өмірәлиевтың келтірген деректері бойынша 50-жылдардан бастап Абайдың әр саладағы шығармашылық қызметі туралы зертеушілердің қаламының 20 монография 2000-ға жуық мақала мен зерттеу жарық көрген екен. Абайдың әр саладағы көзқарасын жан-жақты, терең зерттеу нәтижесінде біз оның күнге дейін беймәлім келе жатқан баға жетпес құнды ойларын танып білу, қазақ қоғамының сол замандағы, тіпті қазіргі кездегі қайшылықтарының себептерін аңғарамыз. 
Абайдың әдеби мұрасын зерттеу тарихында ұлы ақынның дүниеге көзқарасының бір саласы-оның саяси әлеуметтік көзқарасы кеңестік дәуірдің 20 жылдардан бастап-ақ қызу таласқа түскен еді, бірақ соңғы жылдарға дейін бұл туралы көптеген мақалалар мен зерттеулер еңбектерінде жол жөнекей сөз етілсе де, арнайы түрде ғылыми зерттеу нысанасына алынбай келді. Әрі Абай шығармаларының әлеуметтік беті туралы дұрыс шешімін таппай, көп жылдар бойы өзекті талас- тартыстардың қайнар көзіне айналып келді. Абай мұрасының әлеуметтік беті, көбінесе, тұрпайы социологиялық таным шеңберінен шыға алмай келуіндегі басты кедергі тап күресідеген марксистік танымды қоғамдық пікірді ендіруінде жатыр. Яғни Абайдың әлеуметтік беті жасанды таным тұрғысынан қарайды. Оны бұзу ол тұста мүмкін емес болатын-ды. Әсіресе, бұған зерттеушілердің назары ақынның сатералық шығармаларын сөз еткенде көбірек ауды. 
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.» Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қазақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды. 
Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтікмәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт араснда еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай: 
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған, -  деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді. 
Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсы з салдарын ашып көрсетті. 
Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа деп ескертті. 
«Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеге, ұрлық,зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселрге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандырып жіберетінін айтты. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш қуат, жэігер такбылада бермейді.Сондықтан да Абай «Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдары мен қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамдажұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды:қылмыстың өршуін, қайыршылықтың, нашақорлық пен маскүнемдіктің, жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық. 
Абай қазақ қоғамын дамытудың халыққа білім беру, олардың ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жететін жол деп түсіндірді.
Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасаалып қойылған нәрселерді сезбеппіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз. 
Абай тұжырымның «Отыз сегізінші сөзінде» тереңдете келіп, ғылымның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және әлеуметтік рөлін былай пайымдайды: «Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады». 
Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу-бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын байқатады. 
Ғылымның бірден-бір мақсаты-қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ақпаратты «көп жинағаны бар адам» сынап, орындысын, орынсызын-бәрінде бағанағы нәрселерінен есеп болып, қарап табады. Ұлай етіп харекетке түскен адамды ақылды дейміз».
Абай ғылыми зерттеулер кәсіби деңгейде жүргізілгенде ғана жақсы нәтиже береді деп түсінді. Абай статистикалық мәліметтердің ғылым үшін маңыздылығын жақсы білгендіктен, оны санақ мәліметтері қатты қызықтырған. 1878 жылы құрылған Семей облыстық санақ комитетіне өмірінің соңына дейін мүше болған. Статистикалық мәліметтер қоғамда жүріп жатқан процестер туралы анық, әділ, ғылыми деректер беретін болғандықтан, Абай Қоңыр-Көкше еліне болыстың управителі сайланып, өзі басқарып отырған болыстың жәй күйін баяндайтын статистикалық мәліметтерді өз қолымен жазып, облыстық басқармаға жіберіп отырған: «1876 жылдың аяғында болыс та 4163 еркек, 3393 әйел. Қыстайтын жерлер саны-1004,оның 469-ы тастан, кірпіштен қаланған қытауларда, 535-і киіз үйде қыстайды. Болыста 900 түйе, 4500 жылқы, 1350 ірі қара мал, 30150 қой-ешкі»,- деп жаза келіп, одан қанша төл алынды, қыста өлгені, тамақ үшін пайдаланғаны, т.б.көрсетеді де, болыстағы егін шаруашылығының жайын баяндайды: «19 шаңырақ егін шаруашылығымен шұғылданады. Абай елдің әлеуметтік-экономикалық хал-жайын:мал, егін шаруашылығын, елдің әлі де жартылай көшпелі, жартылай отырықшы күйде қалып отырғанын терең сезінді. Мұндай жағдайда өркениетті елдер дәрежесіне қосыла алмайтынын білді.Ол ғылым мен білімнің маңызды функциясы адамда тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру деп санады.Қоғамның болашағы саналаты н жастарға бағыттап жазған өлеңдері мен қара сөздерінде оларды жағымсыз жәйттерден сақтандырып, жақсылыққа ұмтылу керек екендігін түсіндіріп, тұлғаны қалыптастыратын қасиеттерді белгілеп берді. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде Абай: 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз... 
Өсек, өтірік,мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ- 
Бес дұшпаның білсеңіз 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой- 
Бес асыл іс, көнсеңіз, - деп, адамды тұлға етерлік әлеуметтік қасиеттерді саралап көрсетеді. Ол тұлға мәселесін әлеуметтендіру процесін ұштастырады. Әлеуметтендірудің негізгі агенттеріне Абай баланың ата-анасы ағайын-туыстарын, білім мен ғылым орындарын, дін мекемелерін, т.б. жатқызады. Осы агенттер арқылы әлеуметтендіру процесі жүзеге асады, соның нәтижесінде тұлға қалыптасады. 
Абай дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М. Әуезовтың пікірінше, Абай үшін дін адамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған. Абай дін мәселесін өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды. Абай осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Оыз сегізінші сөзін» жазып, намаз ғибраттарына жеке-жеке тоқталып, әрқайсы мән-мағынасын ұқтырды. Дін үнемі аралық, әділеттілік пен имандылықты уағыздаушы деп түсінді. 

ІV Үйге тапсырма:

  1. Ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы көзқарасы

  2. Реферат жазу.


V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


















Тексерілді:


Күні: 26.01.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;

  2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;


  1. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.


Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. Ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы көзқарасы

  2. Реферат жазу.


ІІІ Жаңа сабақ:

  1. Мәнерлеп оқу:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.

Бай алады «кезінде көп берем» деп,
«Жетпей тұрған жеріңде тек берем» деп.
Би мен болыс алады күшін сатып,
«Мен қазақтан кегіңді әперем» деп.

Жарлы алады: қызметпен өткерем деп,
Елубасы – «шар салып», леп «берем» деп.
Жалаңқая жат мінез жау алады
Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.

Дос алады, бермесең, бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп.
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырқ берем деп.

«Сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем» деп,
«Сүйер жансып, сүйкімді бет берем» деп.
Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар «бас-аяғын тексерем» деп.

Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,
Мал берсем мен мендік бол деп берем деп.
Қара қарға сықылды шуласар жұрт:
«Кім көп берсе, мен соған серт берем» деп.

Бұзыларда ойламас, бет көрем деп,
Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.
Қабаған итше өшігіп шыға келер,
«Мен қапсам, бір жеріңді бөксерер» деп.

Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп.
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,
Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп.

Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.
Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен,
Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?

Атаны бал аңдиды, ағаны іні,
Ит қорлық немене екен сүйткен күні?
Арын сатқан мал үшін антұрғанның
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.

Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар,
Паруардигәр жаратқан несін жан қып!

Ант ішіп күнде берген жаны құрысын,
Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.
Бір атқа жүз құбылған, жүзі күйгір,
Өз үйінде шертиген паңы құрсын.


  1. Талдау:

3 5 5

Қар-тай-дық, // қай-ғы ой-ла-дық, // ұл-ғай-ды ар-ман, 13

3 4 4
Шо-ши-мын // ке-йін-гі жас // ба-ла-лар-дан. 11

4 3 4
Те-рін сат-пай, // тел-мі-ріп // кө-зін са-тып, 11

3 4 5
Теп-те-гіс // жұрт-тың бә-рі // бол-ды а-лар-ман. 12


Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11

Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы


ІV Сабақты бекіту:

Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?


V Үйге тапсырма:

  1. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.


VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.








Тексерілді:


Күні: 02.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;

  2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;


  1. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.


Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.


Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?



ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» – Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 50 жол. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқын саралап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би, болыс, елубасы, жау, жарлы, дос, сұм-сұрқия, аларман, орыс, паң. Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдықпен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулық-сұмдық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп бопсалайды, қалай қорқытады, қалай торға түсіреді – осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суретке айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от түскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуға бет бұрған. Жұз құбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледі. Аруақты ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қарғыс айтқан қаһарлы байламы бар. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1954 жылғы жинақта 3-шумақтың 3-жолы «Жалаң қаққан жат мінез жау алады» болса, 1939, 1945, 1957 жылғы басылымдарда «Жалаңқая жат мінез жау алады» деп берілген. Мүрсейіт қолжазбаларында 6-шумақтың 2-жолы «Мал сойсам, сен мендік бол деп берем деп», 7-шумақтың 2-жолы «Ант бұзуды кім ойлар дерт көрем деп», 10-шумақтың 2-жолы «Ит қорлық немене екен көрген күні» делінсе, жинақтарда 1909 жылғы басылым негізінде «Ет берсем, сен мендік бол деп берем деп», «Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп», «Ит қорлық немесе екен сүйткен күні» болып алынған. Кейінгі басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары бойынша 6-шумақтың 3-жолы «Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен», 10-шумақтың 3-жолы «Арын сатқан мал ушін антұрғанның» деп берілсе, 1909 жылғы жинақта бұл жолдар «Қара қарға сықылды шуласын жұрт», «Бар ма екен жай журген жұрт қанағатпен», «Жанын сатқан мал үшін антұрғанның» болып алынған. 1933, 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 11-шумақтың 3-жолы «Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар» делінсе, қалған басылымдарда Мұрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы жинақ негізінде «Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда соңғы шумақтың соңғы жолы «Өз үйінде шіренғен паңы құрсын» болса, 1957, 1977 жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылым бойынша «Өз үйінде шартиген паңы құрсын» деп берілген. Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.


ІV Жаңа сабақты меңгерту:

  1. Мәнерлеп оқу:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.

Бай алады «кезінде көп берем» деп,
«Жетпей тұрған жеріңде тек берем» деп.
Би мен болыс алады күшін сатып,
«Мен қазақтан кегіңді әперем» деп.

Жарлы алады: қызметпен өткерем деп,
Елубасы – «шар салып», леп «берем» деп.
Жалаңқая жат мінез жау алады
Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.

Дос алады, бермесең, бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп.
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырқ берем деп.

«Сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем» деп,
«Сүйер жансып, сүйкімді бет берем» деп.
Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар «бас-аяғын тексерем» деп.

Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,
Мал берсем мен мендік бол деп берем деп.
Қара қарға сықылды шуласар жұрт:
«Кім көп берсе, мен соған серт берем» деп.

Бұзыларда ойламас, бет көрем деп,
Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.
Қабаған итше өшігіп шыға келер,
«Мен қапсам, бір жеріңді бөксерер» деп.

Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп.
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,
Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп.

Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.
Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен,
Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?

Атаны бал аңдиды, ағаны іні,
Ит қорлық немене екен сүйткен күні?
Арын сатқан мал үшін антұрғанның
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.

Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар,
Паруардигәр жаратқан несін жан қып!

Ант ішіп күнде берген жаны құрысын,
Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.
Бір атқа жүз құбылған, жүзі күйгір,
Өз үйінде шертиген паңы құрсын.


  1. Талдау:

3 5 5

Қар-тай-дық, // қай-ғы ой-ла-дық, // ұл-ғай-ды ар-ман, 13

3 4 4
Шо-ши-мын // ке-йін-гі жас // ба-ла-лар-дан. 11

4 3 4
Те-рін сат-пай, // тел-мі-ріп // кө-зін са-тып, 11

3 4 5
Теп-те-гіс // жұрт-тың бә-рі // бол-ды а-лар-ман. 12


Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11

Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы


V Сабақты бекіту:

Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?


VІ Үйге тапсырма:

  1. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.


VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.





Тексерілді:


Күні: 09.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;

  2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;


  1. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?




ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:


«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі


«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі – 14 жол. Ақынның көтерген тақырыбы – қосанжар өмір құбылысы. Алғашқысы – аңшылық. Ер жігіт қыран бүркіт баптаса, қалған жұрт аңға күйкентай мен қарға салмақ. Бабы келіскен қыранның қоян, түлкі түгілі қасқыр да алатыны анық. Алайда былайғы жұрт оған мән бермейді. Өйткені, «қыран шықса қияға жібереді, олар да екі қүсын екі жақтап». Қарға қарқылдап, қыранның арт жағынан қалмаса, күйкен-тай үстінде шықылықтайды. Қарға мен күйкентай иелері қыранға кедергі жасағандарына мәз, өз құстарын мақтап күпілдеседі. Абайдың бұл жерде айтқалы отырған негізгі ойы күллі қазақтың тірлігі өмірде осыған саятындығы, ортасынан озған азамат, ақын шығып жатса, оларға жасайтындары осындай кесірлік екендігі. Ақын «Басқа – сая,жанға – олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап» деп қорытады ойын. 1886 жылы өндіре жазып, ақындық жолына алаңсыз түскен ақынның ел ұстазы, ақылшысына айналып, үлкен өмірлік - өнерлік жинақтау жасай бастағанын байқаймыз. Осындай көркемдік кенеуімен, кемелді ойымен өрелі өлеңнің құрылымы да келісті. Өлеңнің алғашқы екі жолы өзара ұйқасып, егіздік байқатқан, алайда арықарай еркін ұйқаспен кестелеңген. Мазмұн-мағына жағынан да, пішім, ырғақтық жағынан да ешқандай жік білінбейді. Өлең алғаш рет 1909 жыл Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Оның басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Туындының: «Өзі алмайды, қыранға аддырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап»,- деген 7, 8-жолдары 1909 жылғы жинақта берілмеген. Бірақ бұл 2 жол Мүрсейіт қолжазбасы негізінде тұңғыш рет 1933 жылғы жинаққа кіргізілген. Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

ІV Сөзжұмбақ шешу: «Қансонар»

Қ
А
Н
С
О
Н
А
Р

1) Махаббат символы ……(аққу)
2) Құйрығы аша құс (Қарлығаш )
3) Бақыт құсы (Көгершін)
4) Жылтырға үйір құс (сауысқан )
5) Орман емшісі (Тоқылдақ )
7) Жыртқыш құс (Лашын)
8) Қыстап қалатын құс (Қарға)
9) Қыран құс (Қырғи )

V Жаңа сабақты меңгерту:

  1. Мәнерлеп оқу.


Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,

Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.

Қыран шықса қияға, жібереді

Олар да екі құсын екі жақтап.

Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,

Күйкентайы үстінде шықылықтап.

Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,

Күні бойы шабады бос салақтап.

Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,

Қуанар иелері сонда ыржықтап.

Не таптық мұныменен деген жан жоқ,

Түні бойы күпілдер құсын мақтап.

Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,

Қайран ел осынымен жүр далақтап.


  1. Талдау.


4 4 4

Қы-ран бүр-кіт // не ал-май-ды, // сал-са бап-тап, 12 а

3 4 4

Жұрт жүр ғой // күй-кен-тай мен // қар-ға сақ-тап. 11 а

4 2 4

Қы-ран шық-са // қия-ға, // жі-бе-ре-ді 10 б

3 4 4

О-лар да // е-кі құ-сын // е-кі жақ-тап. 11 а


Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11-12

Ұйқас түрі: қара өлең


VІ Сабақты бекіту: Қансонардың қадірін білген киелі қазақ халқы ел аузында қыран құс, саятшылық, аңшылық туралы мақал-мәтел қалдырған.
1. Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас.
2. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
3. Мылтығының күмісін айтпа, тиісін айт.
4. Саятшылық сабырлыға жарасар.
5. Сонаршы ақпанды сүйер.

Викториналық сұрақтар қойылады.
• Қандай қыран құстар бар?
• Құсбегі деген кім?
• Құсбегіге қандай құрал - жабдықтар керек?
• Ең үлкен қыран қай құс?
• Оның қанат құлашы қанша?
• Бүркіт қанша жыл жасайды?
• Бүркіттің баласын не деп атайды?
• Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс?
• Қасқырды да алатын өте күшті алып құс?

VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІІІ Үйге тапсырма:

  1. «Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.



































Тексерілді:


Күні: 16.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;

  2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;


  1. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. «Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.


Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?



ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 12 шумақтан тұрады. Бұл шақта ақынның дүние, әлем туралы танымы шығыстық рухани қазынамен байыған, кемеліне келіп, мейлінше толысқан еді. Рухани кемел деңгейге кетерілген ақын заман сырын, адам құлқын терең философиялық тыныммен таразылайды. Қайғы ойлау, көзден ұйқы қашып, ойдың кермек тартуы – мұның бәрі қартайғандықтың белгісі емес. Заманынан, заманының адамынан озған, ақылымен, парасатымен озған ақын өзі жеткен рухани биіктен мұңдасарға, ойласарға сөз ұғарлық кісі таппай толғанады. Толғана отырып, заман, адам туралы, жақсы мен жаман адал мен арам туралы ойларын білім, ақыл жайын дағы адамгершілік нысана тұрғысы биігінен баяндайды, адам мен арамның, жақсы мен жаманның парқын ақыл ғана айыра алатындығын анғарады. Өлеңнің әр шумағы негізгі тақырып пен идеяны әр қырынан ашып, тұтаса келе күрделі көркемдік құбылысқа айналады. Алғашқы екі шумақ ақынның адам мен заман туралы жалпы ойларынан түзілген болса, кейінгі шумақтарда бұл ойлар бейнеге айналып, нақты да затты сипатқа иеленеді. Ақын ұстанған талап пен талғам өлшемдеріне қарағанда, бойдың салғырттығын жеңіп, ой қуып, ақылға еру ердің ісі болғанда, өз қашанда өздігін жасап, еріншек тартпақ, ортасынан шыға алмай, шығандап қылық та қыла алмай, қыр аспас қалпында көпке көніп қала бермек. Ер мен ез, олардың бір-бірінен айырмашылығы хақындағы осы ойлар біртіндеп жақсы мен жаман, олардың бір-бірінен өзгешеліктері туралы тұтасқан ұғымдар жүйесіне жалғасады. Ақын танымы аясында жаман мен надан екі түрлі ұғым, екі басқа категория емес, бір ғана нәрсе. Жаманның жамандығы да білімсіздіктен, ақылдың кемдігінен. Білімсіз надан білімді адам айтқан ақылды құлағына ілмек емес, ақ пен адалды, шынды танымай, жоққа иланып, жалғанға сенбек. Көпті көрген, ақылы асқан ақсақалдың, білімдінің сөзінен сырдаң тартып, қылған ұрлығын, қуған қулығын мақтан етуден арыға бара алмайтын да сол. Сонымен қатар оның кісіге сырты күліп, ішіне жаулық сақтайтын, жақынын тіріде аңдып, өлсе өкіретін қасиеті де бар. Жамандығына, надандығына қарамастан, мұндай пенделер мақтан үшін болыс болмақшы, адамдық пен арамдықты бір-бірінен айыра алмаса да, ел билеп, жұрт меңгермекші. Осыныңбәрі Абай заманындағы білімсіз наданның, ақылсыз жаманның бейнесін, оның жан шындығын терең әрі жан-жақты танытады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945 жылғы жинақта 2-шумақтың 1-жолы «Әуелде жас қартаймақ, туған өлмек» делінсе, қалған басылымдарда 1909 жылғы жинақ бойынша «Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек» болып берілген. Осы шумақтың 2-жолы 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек», 5-шумақтың 3-жолы «Екеуінің бірі жоқ ауыл кезіп» деп алынса, 1909 жылғы басылымда «Тағдыр жоқ өткен адам қайта келмек», «Екеуінің бірі жоқ ауыл кезбек» түрінде басылған. 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда 4-шумақтың 3-жолы 1909 жылғы жинақ негізінде «Арамдықтан жамандық көрмей қалмас» делінсе, Мүрсейіт қолжазбаларында бұл жол «Арамдықтан жамандық таппай қалмас» болып алынған. Туынды ағылшын, араб, белорус, қарақалпақ, қырғыз, латыш, орыс, өзбек, украин, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.

ІV Жаңа сабақты меңгерту:

  1. Мәнерлеп оқу.

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көретін, болады ермек?

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқа із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.

Адамзат тірлікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің білі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық, құр қылжаңмен күн өткізбек?

Наданға арам ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін?
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

Қызыл арай, ақ күміс, алтын берген
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйгені көп пен дүрмек.

Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.

Ел бұзылса, табады шайтан өрнек,
Періште төменшіктеп, қайта жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.

Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сабырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?

Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек?
Адалдық, адамдықты кім теңгермек?!
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.


  1. Талдау.


3 5 4

Қар-тай-дық, // қай-ғы ой-ла-дық, // ұй-қы сер-гек 12 а
3 4 4

А-шу-ың – // а-шы-ған у, // о-йың – кер-мек. 11 а
4 3 5

Мұң-да-сар-ға // кі-сі жоқ, // сөз-ді ұ-ғар-лық, 12 б
4 3 5

Кім кө-ңіл-ді // кө-ре-тін, // бо-ла-ды ер-мек? 12 а

Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11-12

Ұйқас түрі: қара өлең


V Сабақты бекіту:

Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?



VІ Үйге тапсырма:

  1. «Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.


VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:


Күні: 23.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: Абайдың он бірінші қара сөзі


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып, қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау;

  2. Дамытушылық: Есту қабілетін,тілін дамыту,ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту, жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу;

  3. Тәрбиелік: Оқушылардың бірін-бірі бағалауы,адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесінің тарихи-мәдени негіздерін қалыптастыру, ұрпақтар жалғасуындағы жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау, бағалау, бекіту.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. «Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?




ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:


ОН БІРІНШІ СӨЗ


Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші – бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.
Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?


ІV Cабақты қорытындылау:

Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады.

Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

Біз сабақтың басында әр түрлі түсті қағаздарды таңдап алған болатынбыз .Енді әр түстің негізгі ұғымдарын түсінейік.Алда Тәуелсіз мемлекетіміздің қасиетті төл мерекесі келе жатыр.Сол себептен мына көк қағазымызға осы отырған қонақтарға,өзімізе және барша халқымызға тілегімізді білдірейік.


V Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІ Үйге тапсырма: Абайдың он бірінші қарасөзін оқып келу.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мен бір жұмбақ адаммын оныда ойла" Абай өмір сүрген дәуірінің ерекшілігі

Автор: Карибаева Зауре Оразбаевна

Дата: 13.12.2017

Номер свидетельства: 444245


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства