Просмотр содержимого документа
«Мектебім саған мың алғыс»
ВИДЕО:
ФАНФАР:
ВИДЕО: «ҰСТАЗ».
Найман:
Ұлы данамыз Әл-Фараби «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек адам».
Ақсүйрік:
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен.
Найман:
Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Ақсүйрік:
Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау.
Әлібек:
Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
Ғалиябану:
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлыАбай айтқандай, ұстаз тәрбиесі мен өнегесі шәкірттің болашағы.
Найман:
Олай болса Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, «Ұстаз – анандай ұлы жаң» мерекелік жиынды бастауға
Бірге:РҰҚСАТ ЕТІҢІЗДЕР.
Ақсүйрік:
Нет выше слова, чем учитель,
Прекрасней слова мир не знал.
Идей и творчества носитель,
Он жизни смысл и идеал.
Сегодня в зале присутствуют ветераны педагогического труда, воспитавшим не одно поколение и сохранившим верность своей профессии:
Туюшев Равиль Рафкатович,
Бузаева Галина Омаровна,
Жайлаубаева Күләш Қасымханқызы,
Карсакова Қарлыға Суюновна,
Кали Раушан Досымовна,
Тажмакова Рахима Куттыгуловна.
Найман:
Білім берудің тиімді жолдарын іздестіру, мұғалімдерді кәсіби дамыту, оқу мен оқытудың жүйелі жүргізілуін бақылауда — абыройлы жұмысты шебер ұйымдастырып жүрген мектебіміздің басшысы Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына мерекелік құттықтау сөзін ұсынамыз.
Музыкалық номер: Ер балалардың орындауында ән: «Учителями».
Ғалиябану:
Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң, артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай, мұғалім – үлкен білімнің, мәдениеттіліктің, жаңашылдықтың нышаны. Тәрбие мен білімді бала бойына дарыту – ұлағатты ұстаздың еншісінде. Сол себепті болашағымызды тәрбиелейтін мұғалім – баланың екінші ата-анасы, жол сілтер ақылшысы. Осы тұста Абай атамыздың: «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деген өлең жолдарын еске түсіргеніміз абзал.
МОНТАЖ
Әлібек:
Одним из направлений учебно-воспитательного плана школы является работа с семьёй. Педагогический союз учителя и родителей – могучая сила, которую важно задействовать для решения цели нашего образовательного пространства. Не зря же считается, что профессионализм педагога и доверие к нему родителей – два краеугольных камня, которые могут послужить мостом в создании долгосрочного сотрудничества образовательного учреждения и семьи в реализации стандартов нового поколения.
Ақсүйрік:
Сегодня родители выпускного класса желают лично выразить учителям слова благодарности.
Музыкальный номер: выступление родителей.
Ғалиябану:
Ұстаздық қызметтің адам өмірінде алатын орны зор. Ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарытуда әдемі үйлесімділікке толы әзілдер де жоқ емес. Олай болса, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру үшін «Мұғалімнің ішкі дауысы» атты қойылымды назарларыңызға ұсынамыз.
Сахналық қойылым.
Музыкалық номер. «»
Мектеп түлектерінің орындауында хор.
Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң, артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай, мұғалім – үлкен білімнің, мәдениеттіліктің, жаңашылдықтың нышаны. Ұстаз – үлкен құрметке лайық маман иесі. Себебі адам баласы өмірге келгеннен кейін өз орнын өмірден адаспай табу үшін тәрбие мен білімді қажет ететіні сөзсіз. Осы екі ұғымды бала бойына дарыту – ұлағатты ұстаздың еншісінде. Сол себепті болашағымызды тәрбиелейтін мұғалім – баланың екінші ата-анасы, жол сілтер ақылшысы. Осы тұста Абай атамыздың: «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деген өлең жолдарын еске түсіргеніміз абзал.