kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мастер-класс по казахскому языку

Нажмите, чтобы узнать подробности

мастер класс по казахскому языку с пременением новых технологии в обучении. Оно позволяет учителю работать с детьми индивидуально, групповое. С помощью этой технологии учитель открывает новые возможнисти при подготовке к олимпиаде, к научным проектом. А также дети умеют делать рефлексию. В своих собранных материалах уч-ся делая вывод учиться рассуждать. Для уч-ся не маловажно знать ход развития своей работы. С помощью этой технологии они смогут отслеживать свою учебную деятельность. в технологию обучения портфолио входят следующее:

а) портфолио достижения. Связано с модулями уроков.  

б) рефлексивное портфолио 

 (по итогам оценивание) 

портфолио связано с методом проблемный 

для высокого достижения будут иметь свой материал,где могут что то повторить. При написание научной работы ученик занимается поисковой работы. Собираю свой материал он в любой момент их может использовать. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«мастер-класс по казахскому языку »

Дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында

«Оқу қоржынын» қолдану технологиясы















Орындаған: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

пәнінің мұғалімі Лекерова Г.Ұ.













Степногорск қ, 2013 жыл



Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында

«Оқу қоржынын» қолдану технологиясы

Мектеп қабырғасында оқушы өзін-өзі жетілдіруге, мүмкіндігінше қабілеттерін көрсетуге, алда болуға үнемі тырысады. Дарынды мектеп-интернатында оқыған бала үнемі өзін-өзі жетілдіру үстінде, сондықтан да мектепте әр оқушыға деген жеке амал қарастыру тиімді. Бұл технологияның маңыздылығы:

1. Оқушы өз жұмыс жоспарын жоспарлауға мүмкіндік беруде:

2. Оқушы оқыту бағдарын өзі таңдаудың мүмкіншілігінде;

3. Оқушыға өзінің жұмыс істеу қарқынына мүмкіндік беруде.

Екі бірдей ойлай алатын, бірдей жұмыс істей алатын, оның нәтижесін бірдей бағалайтын адамды табу мүмкін емес. Бірақ, бағдарламада берілген материалды барлығы меңгеруге тиісті. Оның шешу мәселесі әртүрлі технологияларды қолдану. Қандай да бір нәтижеге жету үшін өзімнің сабақтарымда модульдік технологиясын, сыни тұрғыдан ойлау технологиясын және көбінесе факультативтік сабақтарда «Оқу қоржынын» (портфолио) бағалау технологиясын қолданамын.

Оқу қоржыны (портфолио) –бұл оқытудың жеке бағытын беретін негізі ретінде қолданылады.

Әдебиетте порфолио деген анықтамаға әртүрлі пікірлер бар. Портфолио-бұл оқушылардың жұмысының жиынтығы, олар бір-бірімен байланысты болып оқушының толық және нақтылау жұмысының бір көрінісі болып табылады. «Портфолио – бұл оқушының папкасынан бұрын оның жоспарланған жетістіктеріне жеткен жолы. Модуль бойынша барлық жұмыс түрлерінің жиынтығы, ал факультативтік сабақтарда бір бағыт бойынша жұмыс істеудің тиімділігі зор. Мысалы «Абай оқуларын» алатын болсақ ұлы ақын туралы толық материал, оның өлеңдерін жаттаған кезде әр өлеңін компьютерде басып, оған қысқаша өз түсінгенін аңдатпа ретінде жазуға тырысады, өзге ұлт арасында Абай оқуларына дайындаған кезде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді оқып, оны дискке жазып, өзі сайысқа қатысудан бұрын айтқан әндер жинағын да дискіге жазып, портфолиосына жинақтайды. Бұның тиімділігі кез-келген уақытта оқушы Абайдың әндерін тыңдайды, әртүрлі мектепішілік сайыстарға қатысып қазақ тіліннің беделін арттырып отырады. Бұдан басқа ғылыми жұмыс жазған уақытта да бұл оқушыға өте тиімді. Оның жетістіктерін мұғалім де көреді. Ғылыми жұмыс жазған уақытта оқушының іздену жұмыстары ұлғаяды.

Жинақтаудан басқа портфолио оқушының даму динамикасын, оның өзіндік жетілдіру нәтижесін, оқытудың стильін, зияткерлігін, оқушының өзіндік рефлексия жасауына, болашақта жасалатын жұмысының дайындығын және т.б модельдік функциясын атқарады. Сондықтан да портфолионы оқытудың жеке бағытындағы моделі ретінде қарастыру керек.

Оқыту қоржынының мазмұнына:

а) жетістік портфолиосы: сабақтың модуліне байланысты әртүрлі (белгілі, белгілі емес тәсілдерімен) ресімделген нақты блок жиынтығын;

б) рефлекстік портфолио: бұл жерде бағалау бойынша, нәтижеге жетудің мақсаттары, талқылауы, сезімі және т.б жатады;

в) мәселеге бағытталған портфолио онда мақсат қойылған және нақты бір мәселе бойынша шешімін тапқан барлық материалдар;

г) жоғары ойлау дағдыларын дамытуға арналған бойынша материалдар, анализ-синтез –бағалау деңгейіндегі жұмысын көрсететін барлық материалдар;

д) тақырыптық портфолио: бір модуль немесе бір тақырып деңгейіндегі оқушының жұмысын көрсететін материалдары.

Портфолионың мазмұнына міндетті түрде әртүрлі тараулардың болуы бізге барлығымызға белгілі, ол тарауларды бағалау кестесі де қарастырылған.

Мысалы: ҚКС кестесі (қанағаттанарлық, кеңестер, сұрақтар) немесе;

Ж.С.Т (жетістіктері, сұрақтар, тілектер) кестесі;

Қ.Т.К.Н. (қызықты, тартымды, кеңестер, нұсқаулар)

Трансферттік парағын да қолдану тиімді.

Портфолио ________________Менің ойымша, (портфолио туралы пікір)

Әсіресе маған ұнаған (не үшін мадақтау керек)

Сонымен қатар менің кеңестерім

Жұмысты оқыған: Жұмысты жазған:

Мемлекеттік тілді оқытуда портфель тиімді екеніне көз жеткіздім, әсіресе тақырыптық портфолио, өйткені әр сайысқа қатысу үшін кемінде бірнеше ай керек, бұл технология оқушының қызығушылығын сақтауға, оның жоғары деңгейде танымдық белсенділігін дамуының ықпалы зор. Сонымен қатар тақырыптық портфолио бойынша оқушы кемінде үш жыл жұмыс істесе ол лексикалық тақырыпты тез меңгере алады. Оның куәсі облыстық олимпиадалардағы жетістіктерім. Бұнда оқушымен оқытушының арасындағы тығыз байланысы айқын көрінеді. Мысал ретінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті және факультативтер сабақтарында мүмкін бола алатын тараулар.

«Қазақтың қолөнері» модульіне портфолио;

1.Терминдер, түсініктемелер (бұл тарауда оқушы тақырып бойынша негізгі түсініктемелер, терминдерді енгізе алады)

Қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию. Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.

2. Жалпы және оның әсерлілігі (бұл тарауда қазақтың қол өнері жасаудың механизмі туралы рефлекстік сараптама)

Мата қиындыларын тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құрайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.

3. Тағы да қандай қызықты нәрсе алуға болады.... (оқушылардың бағдарлама бойынша тыс қалған сұрақтары. Бұл оқытудың жеке бағдарлауы бойынша бірінші қадамы). Мұнда ырымдар, аңыздар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер тыйымдар жазуға болады

Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді

4. Шығармашылық (оқушы қысқаша зерттеу жұмысын, эссе, шығарма немесе басқа да жұмыс түрлерін жазады)

Құрақ – қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан–ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік.Құрақ құрау өнерінің шығуы тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдаланудағы үнемділігі адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш екенін меңгердік.

5. Портфолионы өзіндік бағалауы. (өзінің портфолиосы бойынша сараптамасы)

Қазақ тілінен факультативтік курс бойынша портфолио:

Мысалы Абай оқулары дайындық бойынша


өзге ұлт оқушысы

қазақ ұлтты оқушы

І тарау: «Абай жолы» романы бойынша не білдім?

Не түсіндім?

Қай эпизоды ұнады? (оқушының өзіндік таңдауына мүмкіндік беріледі)

І тарау: Абайтану (Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары)

ІІ тарау: Абай Құнанбаевтың поэзиялық шығармалары мен қарасөздері

  1. Тақырыптық өлеңдері

  2. Қарасөздері бойынша тақырыптық жүйлеуі

  3. Әсер қалдырған өлеңі немесе қарасөзі (оқушының ұлы ақынға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатымен)


ІІ тарау:

1.Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары.

2. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Абай - өз заманының жыршысы.

ІІІ тарау: Абай Құнанбаевтың әндері

  1. Әр әніне тоқталу

  2. Оның әнге салған адамдарымен танысу

  3. Өзіне ұнаған әні

ІІІ тарау. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы.

Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Қазақ поэзиясына табиғат лирикасын тұңғыш енгізген Абай.

Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы.

IV тарау: Ұлы ақын бойынша жалпы мәліметтер

ІV тарау: Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.


Оқушылардың көбісі портфолиомен жұмыс істеуге белсенділіктерін артады. Тараудың мазмұны мен атауын әр модуль бойынша өзгертуге болады деген қағиданы ұстаймыз, бұл модельдің тиімділігі портфолионың құрылымын, мазмұнын өз бетінше құрастыруға көп көмек беріледі, сондықтан да модульдің оқу мазмұнын әртүрлі деңгейде меңгеру жағдайлары, оқу жұмысының түрін бағалаудың әдіс-тәсілін таңдауға және дайын материалды презентациялауға мүмкіндік беріледі. Сол арқылы оқытудың жеке бағыттары іске асырылады.

Портфолионың қорытындысын «портфолио-конференция» атты арнайы сабақтарда оқу қызметінің әртүрлі интерактивтік формаларын қолдануымен өткізіледі.

Сонымен портфолио бұл үнемі ақпарат толықтырып, алмасып тұратын маңызды және мазмұнды тараулардан тұратын ашық динамикалық жүйе.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
мастер-класс по казахскому языку

Автор: Лекерова Гульжан Улановна

Дата: 25.08.2015

Номер свидетельства: 226847


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства