kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?тар тарихы сыр шертеді.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Cервис колледжі" КМ?К білім беретін маманды?тары жайлы баяндама. "Маманды?тар тарихы сыр шертеді".

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?тар тарихы сыр шертеді.»

Мамандықтар тарихы сыр шертеді.


Колледждің тарихын, ондағы мамандықтардың құрылу тарихын зерттеп, бір жүйеге келтіру, студенттердің ғылыми-ізденіс жұмысына қызығушылығын арттыру мақсатында биылғы оқу жылының басында 311 іс ж кабинетінің жанынан «Мұрағатшы» үйірмесі құрылып, өз жұмысын бастады. Үйірмеге жетекшілік ететін арнайы пәндер оқытушысы - Аблахатова Ардақ Амангельдықызы. Үйірме мүшелері «Тарихты адамдар жасайды, ал мұрағаттар сақтайды» деген ұстаныммен жұмыс істеп, 3 айдың ішінде колледждің 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы бойынша біршама мұрағаттық материалдар фото, кино, бейне құжаттар жинақтады. Мен сол үйірменің мүшесі ретінде колледжіміздің қазіргі кездегі мамандықтары туралы ақпаратқа тоқталмақшымын.

Бүгінгі күні колледж 5 мамандық бойынша маман даярлайды. Олар: «Киімді модельдеу және конструкциялау», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Технология», «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану», «Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі».

Аталған мамандықтың барлығы еңбек нарығында сұранысқа ие, заманауи талаптарға сай сұрыпталған.

Қазақстанда ең бірінші болып Семей қаласында 1923 жылы ашылған болатын. Нарықта өте көп тауарлар болды, бірақ ол тауарлардың сапасы төмен болған. Осыдан кейін өнімнің сапасын бақылайтын мамандар қажет болып сұраныстар туа бастайды.

1999 жылы колледжде «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы ашылды. Аталған мамандық бойынша студенттерге «кәсіпорын технологиясы», «тауартану», «кәсіпорын метрологиясы», «тауарды сертификаттау», «тауар сапасын бақылау» сияқты арнайы пәндерді оқытатын ұстаздардың барлықтарының инженерлік-техникалық жоғары білімдері және кәсіби біліктіліктері бар.

Осы уақытқа дейін аталған мамандық бойынша 10 топ бітіріп шыққан. Түлектердің ішінде жоғары оқу орындарында мамандықтарына сәйкес оқуды жалғастырып жатқандары бар. Сондай-ақ Семей қаласындағы сертификаттау және сараптау зертханасы мен Астана қаласындағы ұлттық сертификаттау зертханаларында, «Семей Спецснаб» акционерлік қоғамы сияқты өндірілетін өнімнің сапасын қадағалау, сәйкестікті анықтау органдарында, сынақ зертханаларында және т.б. көптеген салаларда қызмет етеді.

«Технология» 20 жылдық тарихымызды саралап көз жүгіртетін болсақ, 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, Қазақстанның білім жүйесіне де, соның ішінде кәсіптік білім беретін училищелер, кәсіптік техникумдарға да, нарықтық қатынастар жағдайында құрылымдарын қайта қарастыру қажеттілігі туындады. Экономикадағы елеулі өзгерістер, кейбір дайындайтын кәсіптік мамандықтарға сұраныстың болмауы, сол кездегі істеп тұрған ірі кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, әрі қарай жұмыс істеу-істемеуі проблемалық сұрақтар өздігінен туындауы - табиғи құбылыс. Жеңіл өнеркәсіп орындарына мыңдаған жұмысшы кадрларды дайындап тұрған сол кездегі жеңіл өнеркәсіп техникумындағы көптеген мамандықтар жабылды. Соның біреуі «Механика» бөлімі болды. Осы «Механика» мамандығы базасы негізінде 2000 жылы 0313 «Кәсіптік оқыту» мамандығы мемлекеттік тіркеуден өтіп, аталған мамандық беру ісі қолға алынды. Осы мамандыққа алғаш қабылданған оқушылар саны 30 болатын. Білім алу ол кезде орыс тілінде жүргізілді. Бұл сол кездегі экономикалық тоқырауларға қарамастан, нарық жағдайында мамандар дайындауға жүргізілген колледждің жоспарлы жұмыстарының бірі болды. Осы мамандыққа байланысты колледжде «Темір өңдеу», «Ағаш өңдеу», «Тігін өндірісі» шеберханалары, техникалық пәндер негізінде «Сызу» оқу бөлмелері, сол кездегі талаптарға сай колледж оқытушыларының тікелей ат салысуымен қайта жабдықталды. Араға екі жыл салып, 2002 жылы «кәсіптік оқыту» мамандығы қайта өзгертіліп, 0318 «Технология» мамандығы мемлекеттік лицензия алды. Бұл технология мамандығы орта білім беретін мектептерге «Еңбек» пәнінен дәріс беретін мамандар дайындады. Білім алу екі тілде жүргізілді. Себебі қабылданған оқушылар аралас топ негізінде жинақталды. Жылдан-жылға «Технология» мамандығына білім алушы жастар көбейе түсті. Сонымен бірге колледждің материалдық-техникалық базасы да нығайды. Оқу процесінің ұзақтығы - 2 жыл 10ай. Осы жыл ішінде оқушылар мамандықтары бойынша дәріс алып қана қоймай, оқу шеберханаларында өндірістік тәжірибеден өтіп, соңғы курста оқушылар қаладағы орта білім беретін мектептермен келісе отырып, педагогикалық іс-тәжірибеден өздерінің білімдерін нақты өмірде сынап көреді.

2004 жылы «Технология» мамандығына білім алушылардың өтініш -тілектерін қанағаттандыру негізінде екі топ жасақталды. Бір топ мемлекеттік грант негізінде оқытылса, екінші топқа ақылы негізіде білім беру жүргізілді. Бұл топтардың алдыңғы топтардан ерекшелігі - білім алушылардың басым көпшілігін қазақ тілді ұлттар құрағандықтан, оқыту мемлекеттік тілде жүргізілді. Сондықтан оқытылатын негізгі пәндерге байланысты қазақ тілді қосымша оқытушы мамандар тарту қарастырылды. «Еңбекке оқыту әдістемесі», «Модельдеу құрастыру технологиясы», «Сызу», «Мектептегі байқау сабақтары», «Оқу шеберханаларындағы практикум» және т.б көптеген пәндер бойынша жас маман оқытушылар жұмысқа алынды. «Технология» мамндығына деген сұраныс-талаптардың артуына байланысты колледждің материалдық- техникалық базасы үнемі жаңартылып, жаңа оқулықтармен, құрал-жабдықтармен, пән кабинеттерімен, компьютерлік сыныптармен толықтырыла түсті. Соның дәлелі ретінде 2007 жылы бұрынғы «Стандарттау, сертификаттау» кабинеті «Еңбекке оқыту әдістемесі» пән кабинеті болып жабдықталып, ашылды. Осы қысқа уақыт ішінде аталған мамандықты көптеген мамандар бітіріп, өмірге жолдама алды. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта таңдап алған мамандықтары бойынша елге қызмет етуде.

«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығына оқуға қабылдау 2002-2003 оқу жылында басталды. Оқу күндізгі бөлімде 9, 11-сыныптар бойынша мемлекеттік тілде мемлекеттік грант және ақылы негізде жүргізіледі. Оқу мерзімі – 9-сыныптан кейін 2 жыл 10 ай, 11-сыныптан кейін 1 жыл 10 ай. Сырттай оқу бөлімі де жұмыс істейді. Колледжді бітіргенде «Іс қағаздарын жүргізуді және мұрағаттануды ұйымдастырушы» біліктілігі беріледі.

Сапалы, бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауда кәсіби білікті, білімді, тәжірибелі оқытушылардың еңбегі зор. Арнайы пәндер соңғы үлгідегі ақпараттық технологиялармен жабдықталған, ғаламтор желісіне қосылған оқу кабинеттерінде өткізіледі. Үшінші курста технологиялық және өндірістік практикалар қаламыздың ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру Орталығы, Әділет басқармасы, Жылжымайтын мүліктерді тіркеу Орталығы, Зейнетақы төлеу Орталығы, қала колледждері, мектептері, т.б. мекемелері мен кәсіпорындарында өтеді. Колледждегі теориялық білімдерін іс-тәжірибеде ұштастыра алып, болашақ маман ретінде өздерін үздік көрсете алған студенттер өндіріс орындарынан алғыс хаттарға, марапаттауларға ие болып жатады.

Әсіресе, ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру Орталығымен бірнеше жылдан бері әлеуметтік серіктестік қалыптасқан. Алдыңғы жылы бүкіл еліміздің рухани өміріндегі сенсация болған оқиға – ұлы ойшыл Шәкәрімнің бұрын беймәлім болған фотосуреті табылған кезде осы мамандықтың 3 курс студенттері мұрағатта іс-тәжірибеден өтіп жатқан болатын. Содан бері осы фотосуреттің тарихы мен шығу тегіне байланысты ізденіс жұмыстарымен айналысуда.

Жыл сайын 2-3 ші курс студенттерінің орталық мұрағат қызметкерлерімен мазмұнды кездесулері, дөңгелек үстелдер, конференциялар және сол мұрағат қорындағы жәдігерлерден көрмелер ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Сапалы мамандар даярлауда оқу үрдісінде үйірмелердің де үлесі бар. «Мұрагер», «Мұрағатшы», «Фантазер», «Инглшклуб» үйірмелері сабақтан тыс уақыттарда мамандық бойынша әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып студенттердің кәсіптік шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.

Биылғы оқу жылында аталған мамандық бойынша сегізінші түлектер бітіргелі отыр. Түлектер Астана және Алматы қалаларында ҚР-ң Ұлттық мұрағаты, Әділет министрлігі, қаржы полициясы сияқты құзырлы орындардан, жоғары оқу орындарынан бастап еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл мектептеріне дейін мамандығы бойынша жемісті еңбек етуде.

«Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі» мамандығы колледжімізде 2004 жылы ашылды. Осы уақыт аралығында қала мен облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінде жұмыс істеуге арналған орта буындағы 72 маман дайындалды. Олардың барлығы еліміздегі және шет елдердегі жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыруда, мамандықтары бойынша еңбек етуде немесе шаруашылықтың басқа да салаларында еңбектерін шыңдауда.

Мамандық бойынша сабақ беретін барлық оқытушылардың жоғарғы білімі бар және олардың барлығы өз ісінің шеберлері болып табылады.

Оқу процесі барысында оқушылар сурет, кескіндеме, композиция, мүсін, пластикалық анатомия, материалды көркем өңдеу т.б. пәндерді игереді. Біз маман дайындау ісінде оның кәсіби көпқырлылығын қамтамасыз етуге және кәсіби дайындығын әр тараптандыруға тырысады. Суретші-әрлеуші, интерьер дизайнері, жарнама дизайнері, өнертанушы, компьютерлік графиканың дизайнері сияқты мамандықтардың негіздері қаланады. Бұл үшін оқу орнында лайықты материалдық-техникалық база және талантты, ізденімпаз оқытушылар бар.

«Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі» мамандығын бітірген біздің 5 түлегіміз Алматыдағы Т.Жургенов атындағы өнер академиясының студенттері болып табылады. Олардың 4-еуі мамандықтары бойынша үздік білім көрсетіп мемлекеттік грант есебінен оқиды.

Студенттік жылдардың кәсіби білім алумен қатар, сан алуан мәдени, спорттық, қоғамдық іс-шаралармен қызықты да әсерлі өтуіне колледжде барлық жағдай жасалған.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Маманды?тар тарихы сыр шертеді.

Автор: Аблахатова Ардак Амангельдыкызы

Дата: 25.04.2016

Номер свидетельства: 322286


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства