kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамандық таңдаудан қателеспе!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мамандық таңдаудан қателеспе!»



«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі













ЭССЕ



Тақырыбы: Мамандық таңдаудан қателеспе!







Урбесинова Райхан Суюндиковна















Жаңаөзен, 2018ж.

Мамандық таңдаудан қателеспе!

Мамандық таңдау – бұл өте күрделі мәселе. Мамандықты дұрыс таңдай білу – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Мамандықтың жаманы болмайды, өйткені сен таңдаған мамандық – сенің болашағың, саған өмір бойы еңбегіңнің жемісін берер жұмысың болып табылады. Қазағым айтпақшы: «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда». Бұл бекер айтылмаған сөз. Әрбір адам мамандық таңдар алдында ойлануы тиіс, өз бейіміне қарай мамандықты дұрыс таңдауы керек. Өз ісіңді таңдар алдында мамандықтар тізімін жасап, бұл мамандықтың не үшін керек екенін, жалпы сол мамандық туралы толық түсініп алған жөн.

Бүгінгі күні жастарымыздың көпшілігі колледжге немесе ЖОО-ға оқуға түсер алдында мамандықты өз қалауымен емес, ата-аналарының көндіруімен амалсыздан таңдайтыны сөзсіз рас. Егер мамандықты жаның қаламаса, ол салада ұзақ еңбек етуің, жетістікке жетіп, биік асуларды бағындыруың екі талай. Мамандық таңдаудан қателесудің соңы – жұмыссыздыққа, білімсіздікке апарады.

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі 10 жыл бойы педагог кадрларды дайындап келеді. Қаламыздың мектептері мен балабақшаларын білім мен тәрбиені қатар алып шыққан сапалы мамандармен қамтамасыз етуде. Тәжірибемнен айтарым: 10 жыл ішінде әр оқу жылында өз қалауымен оқуға түсіп, таңдаған мамандығы бойынша оқуды бітірген студенттеріміз - бүгінгі таңда өз істерінің хас шебері болып келеді. Мысалы, айта кететін болсам, 2012 жылы күндізгі оқу бөлімінің «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқуды үздікке бітірген Қуанышбекова Жанар, Жалғасова Феруза, Шаукенова Жансая, т.б. студенттеріміз – қала мектептерінің үздік ұстаздары атанып отыр. 2013 жылы «Есеп және аудит» мамандығын бітірген Алыев Изберген мал шаруашылығы бойынша өзінің жеке кәсібін ашты, «Есеп және аудит» мамандығын бітірген Құлынтаева Жансая, Ұзақбаева Жансая және т.б. бухгалтер қызметін атқарып жүр. 2016 жылы 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша дуалдық оқыту негізінде ең алғашқы болып бітірген түлектеріміздің барлығы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. Бітірушілеріміздің жұмысқа орналасып, жұмыстарында жетістіктерге жетуі – мамандықты дұрыс таңдауынан деп білемін.

Әр оқу жылында өз қалауымен таңдаған мамандықтары бойынша оқуды бітірген студенттеріміз – бүгінгі күні мамандықтарын қастерлеп, жетістіктерге жетіп, жақсы нәтиже көрсетуде. Шәкірттеріміздің үздік атануы – колледждің, одан әрі ұстаздардың жетістігі.

Еліміздің болашағы - білімді жастардың қолында. Әрбір тұлға мамандық таңдарда ақылды шешіммен өз еркімен таңдауы тиіс, жастардың өз мамандығына деген ерекше құлшынысы, талпынысы болғанда ғана, бәсекеге қабілетті білікті де білімді маман шығатыны ақиқат. Адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада жұмыс жасаса, толағай табысқа жетеді.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан, - деп Абай атамыз айтқандай, мамандық таңдаудан қателеспей, бәріміз де бір кірпіш болып, еліміз – Қазақстан Республикасының дамуына, қарыштап өркендеуіне өзіндік үлесімізді қосайық!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мамандық таңдаудан қателеспе!

Автор: Урбесинова Райхан Суюндиковна

Дата: 27.02.2019

Номер свидетельства: 501576


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства