kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді" дөңгелек үстелі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді" дөңгелек үстелі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді" дөңгелек үстелі»

МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы»





Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді

(дөңгелек үстел)









Дайындаған: ҚББП С.К.Камыспаева

















Ақтөбе, 2019 жыл

Мақсаты: 
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екнін ұғындыру. Әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері
Қыздарды әдептілікке, әдемділікке, инабаттылыққа, 
сыпайлыққа,  ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуге білуге. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

-Қыз баламен ана арасындағы сыйластықты нығайту

-Қыз баланың жеке бас гигиенасына  анасы мен сынып жетекшісінің  көңіл қоюын бағыттау

-Жан ұядағы қыз бала тәрбиесіне ата-анасының жауапкершлігін арттыру.

Көрнекіліктер: Гүлдер , нақыл сөздер жазылған плакаттар, шаңырақ.

Барысы.

Құрметті көрермендер, аналар, қонақтар, ұстаздар. Ақыл –ой, білім мен ептілігімізді сынауға арналған «Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді»   деген тақырыбымен өтетін кешімізге қош келдіңіздер.

Ана деген ақылшың

Анаң барда батылсын

Ұясында кім болса да

                              Тек қана анаңа жақынсың- дей отырып

ән шашу:Закуова Гүлназдың орындауында «Асыл ана»

Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы , өнегелі де биік етіп тәрбиелеу ананың міндетті, сондықтан ортамызға 5-6 сыныптағы қыз балалардың аналарын ортаға  шақырамыз.

Алдымен бүгінгі біздің кешіміздің мақсатымен және жоспарымен таныстырып өтейін.

  1.  Аналарға сұрақ қою

  2. Қызбала тәрбиесі туралы сұрақ қою арқылы пікір алмасу.

  3. Шақырулы қонақтарға сөз беру

  4. Мақал -мәтелдер

  5. Қыз бала, ана туралы ассоцияциялық аймақ сызу.

І .Бүгінгі кешімізде аналарымыздың пікір алмасуда ойларын дамыту мақсатында кезекті сұрақ—жауапқа біреміз.

  1. Айша бибі мавзолейі қай жерде?

  2. Күйші ана?

  3. Сәндік бұйым жасайтын адамды қалай атайды.

  4. Қонақтың қандай түрлері бар?

  5. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларын білесіздер?

  6. «Сұлу»- деген сөздің синонимдары?

  7. Қыздардың бас киіміне қадайтын құстың қауырсыны?

  8. Үш байлықты атаңыз?

  9. Бес дұшпанды атаңыз?

  10. Асты қалай ұсыну керек?

  11. Сақина мен жұзіктің айырмашылығы неде?

  12. Бесік жырын айтатын адам?

Аналарға сұрақтар.

  1. Қыз бен ана арасындағы байланыс қандай болу керек?

  2. Қыз бала тәрбиесіндегі мақсатыңыз қандай?

  3. Қыз балаға қатал болу керекпе?

  4. Қызыңыздың денсаулығына, жеке бас гигиенасына көңіл бөлесіз бе?

  5. Киім таңдауға сіздің көз қарасыңыз басымдаума?

  6. Қызыңызға қандай ұлттық тәрбие бере аласыз?

  7. Қыз тәрбиесіндегі басты құралыңыз.

  8. Қызыңызға не үйреттіңіз?

  9. Қыз тәрбиесіндегі әже жауапкершілігі қандай?

  10. Қызыңыздың бойындағы екі жақсы қасиетін атаңыз?

  11. Халқымыз қыз бала тәрбиесчінде қандай ұғымдарды пайдаланып және қандай талап қою арқылы жүзеге асырып отырған?

 

ІІ Шақырулы қонақтарға сөз беру. Ата-аналар, әжелер,қыздар төрайымы,мектеп медбикесі.

  1. Тәрбие бастауы анада  деп қазіргі қыздарды болашақ аналар деп санаймыз, осы қазіргі қыздар тәрбиесіне қалай қарайсыздар?

  2. Қыз бала инабатты, ибалы бала болу керек, қазіргі көп қыздардың бойында осы қасиет неге азайып барады?

  3. Қазақ халқымыздың салт-дәстүрі бойынша қыз баланы қандай бағытта тәрбиелеген?

  4. Ұлттық салт –дәстүрін білу, оның негізгі астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай қажет нәрсе деп ойлайсыз ба? Неге?

ІІІ Мақал мәтелдер

Тәннің ләззаты-саулығында

Жанның ләзаты-білімінде деп келесі  кезек мақал-мәтелге берейік.

Мында ата-аналар қазақ халқымыздың қыз тәрбиесіне қатысты мақал –мәтелдерді айтамыз.

ІV.Кездейсоқ жағдайлардан шығу.

Адам баласы өзін тайсалмайтын табанды қажырлы етіп тәрбиелегісі келсе, қиыншылықтан қорықпай, онымен ұдайы күресіп, женіп отыру керек, келесі тренингіміз «Кездейсоқ жағдайлардан шығу»

1 жағдай.

Сізді кенеттен сенбі күні мектепке шақыртты не себепті шақыртқандары да белгісіз. Ал сіздің сол күнге жоспарлап қойған маңызды шаруаңыз бар еді.Сіз не істер едіңіз?

2 жағдай

Қызыңыз сізді жақсы көреді, бірақ сөйлескенде тіл табыса алмай тек ренжиді сіз қызыңызға қандай тәрбиелік шара қолданар едіңіз.

3 жағдай.

Қыз оқу үздігі бірақ үй жұмысына еш екемі жоқ. Қалай үй жұмысына тартар едіңіз?

Сәндік құпиялары 
Шаш-адамның, әсіресе әйелдің көркі. Жастықтың өзі сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі. Бұрын, Шығыс қыздарының шаш өсіруі, әдемілігі бүкіл әлемге әйгілі 
болған. Абай арудың сұлулығын былай суреттеген: 
Білектей арқасында өрген бұрым 
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын 
Кәмшәт бөрік, ақ тамақ, қара қасты 
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? 
Әрине ,әдемі шаш өсіруде оңай емес, шашты жақсы өсіру үшін оны жиі жуып, 
тарап, күту қажет. 

Шаш күтімі туралы кеңестер: (практикалық)
1.Жұмыртқаның сарысын әбден көпіргенше араластырып, оған аз ғана өсімдік майын қосып, шашты жуады. Мұнан кейін шаш талшықтары жалтырай түседі. 
2.Шашты бір рюмка ром құйып шайса, шаш кереметтей жарқырайды. 
3.Егер шаш жиі түсетін болса, жуар алдында 15-20 минутке сарымсақ шырынын шаштың түбіне жағу керек. 
4.Өте құрғақ және сезімтал шашты ашыған айранмен жуу керек. 


Әйелдер мен қыздарға қатысты 
тыйымдар мен ырымдар
 

1.Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті 
орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды. 
2.Қыздар мен әйелдер үлкен адамдардың жолын, алдын кесіп өтсе бақытсыз жағдайға ұшырайды. 
3.Кір жуған суды жолға, аяқ астына төгуге болмайды. 
Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа ұшырайды. 
4.Қыз балаға аяғын созып, көселіп отыруға болмайды. 
5.Қыз балаға ер адамның жүзіне тіке қарауға болмайды. 
Көз қиығымен қарау дұрыс болады. 
6. Қыз балаға қатты дауыстап сөйлеуге, күлуге болмайды. 
7.Төркініне келген қыз төрде отырса төркіні байиды. 


V. Қыз бала, анаға байланысты ассоцияциялық аймақ сызу.

Осындай кеңестеріңізбен өз ойларыңыз  үшін сіздерге рахмет айта отырып бүгінгі әже, аналарымыздың айтқанынан ой қортындылаймыз.



Ән :  Әзімбек Жанеркенің орындауында «Ару қыздар»


Қорытынды 
Елбасымыздың : «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей-еліміз толық түзелмейді» деген сөздері ананың есінде қалыпты. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін. Заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяндық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүру. 

Гүл өссе жердің көркі 
Қыз өссе елдің көркі 
дегендей қазақ қызы деген атқа лайық 
Ата-анаға сөз келтірмейтін, 
ұлттық дәстүрімізді құрметтеген, 
инабатты, ибалы, білімді болып өсейік!











Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Тәрбие сағаты» журналы № 5, 2016 жыл

  2. http://tarbie.org

  3. Қазақ халқының салт- дәстүрлері, «Аруна баспасы», 2003 жыл











































Ақпарат

«Қыз инабаттылығымен әдемі,

әдептілігімен сәнді»

(дөңгелек үстел)


8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 2018 жылдың 14 наурызы күні Орталығымыздың № 8 кабинетінде «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткiзiлдi.

«Дөңгелек үстелге» «Жалын», «Мәнерлеп оқу» үйірмелері және «Эстетика және дизайн» мектебінен 40 қыз бала және ата- ана қатысты.

Шараның мақсаты: әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екнін ұғындыру. Әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел келесідей жоспарда өтті:

  1. Аналарға сұрақ қою

  2. Қыз бала тәрбиесі туралы сұрақ қою арқылы пікір алмасу.

  3. Шақырулы қонақтарға сөз беру

  4. Мақал -мәтелдер

  5. Қыз бала, ана туралы ассоцияциялық аймақ сызу.

Дөңгелек үстел барысында ата- аналар мен білім алушылар арасында пікірталас әңгіме жүргізіліп, шаш пен денені күту туралы әр түрлі қызықты практикалық кеңестер өткізілді.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді" дөңгелек үстелі

Автор: Камыспаева Сабина Кайратовна

Дата: 05.11.2019

Номер свидетельства: 525741


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства