kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Қош келдің, Жаңа жыл " мектепшілік іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй туғызу. Балаларды әсемдікке, әдемілікке баулу. Жаңа жылда жаңа арман, жаңа үміт шоғы пайда болатынын түсіндіру. Болашаққа мақсат қоя білуге дағдыландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Қош келдің, Жаңа жыл " мектепшілік іс-шара»

Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй туғызу. Балаларды әсемдікке, әдемілікке баулу. Жаңа жылда жаңа арман, жаңа үміт шоғы пайда болатынын түсіндіру. Болашаққа мақсат қоя білуге дағдыландыру.

Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
1 - жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар.
2 – жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіздер ме балалар!
Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне қош келдіңіздер!!!
Балалар,ортаға шығып «Жаңа Жыл» әннің орындап берейікші
Ән: «Жаңа Жыл»
Сөз кезегі: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Итжанова Г.Қ.
1 – жүргізуші: Жамыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сол шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бәрі бірге: Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Би: «Көңілді би»


2 - жүргізуші: Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл - доңыз жыл келіпті
Доңыз жыл: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балаларым, қарағым,
Күнім, нұрым, жанарым!
Орындалып ойларың,
Құтты болсын тойларын!
Балалар, міне сеңдермен қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа Тышқан жылын қарсы алыңдар. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
1 - жүргізуші: Балалар, Жаңа жылды қарсы аламыз ба?
Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,
Балбұл жаңған беттерін аяз өпкен.
Айналайын, халайық, қарсы алыңдар,
Жаңа жылды асыға көптен күткен!
Тышқан жылы кіреді
Тышқан жылы: Армысыздар халайық
Бармысыздар, халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Тышқан жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарын құтты болсын!
Бүгін мен сендерге мына тұрған үйіміздің сиқырлы кілтін тапсыруға келдім.
2 - жүргізуші: Ал ол үйдің ішінде не бар екен?
Тышқан жылы: Оның ішінде көптеген балаларға арналған сыйлықтар бар.
Жүргізушіге кілт тапсырады.
1 - жүргізуші: Олай болса балалар шыршамызға іліп қояйық. Жаңа жыл кешінен кейін үйді ашамыз.
Кілтті іліп қояды
Тышқан жылы: Мен бүгін сендердің мерекелеріңді көріп тамашалайын,қандай өнерлерін бар екен?
2 - жүргізуші: Отырыңыз, сізге біздің балалар көптеген өнерлерін көрсетеді. Тамашалаңыз.
Балалар шеңбер жасап тұрады
Ән: «Жасыл шырша»




1 - жүргізуші: Өте жақсы балалар. Сендердің «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?
Балалар: Ия.
2 - жүргізуші: Балалар қараңдаршы «Ертегілер елінің» іші тыныш, неткен керемет әдемілік!
Осы кезде қызыл телпек кіреді
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.
Қызыл телпек: Балалар, біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер»! Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір – ақ асады. Бұл не?
Балалар: Қоян
Осы кезде қоян секіріп кіреді
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қай ертегідегі қоянмын? Қалай ойлайсындар?
Балалар: Бауырсақ ертегісіндегі қоянсың.
Қоян: Жарайсыңдар балалар,ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар бірге: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Тағы бір жұмбақ жасырайын.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Бұл кім?
Балалар: Аю
Қорбаңдап аю келеді.
Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен қай ертегіден келдім?
Балалар: Сіз «Маша мен аю» ертегісіндегі аюсыз
Аю: Өте жақсы. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Ал аю туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Алып батыр балпаңмын
Ақ ниетім дарханмын.
Басқа аңға тимеймін,
Балпаң, балпаң билеймін
Қызыл телпек: Қандай тамаша.Тағы жұмбақ шешесіңдер ме? Қай ертегі екенің таба білесіңдер ме?
Мен атадан қаштым,
Мен әжеден қаштым,
Қояннан да қаштым
Балалар бұл қай ертегіден?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі
Қызыл телпек: Ал «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды? Өзі айлакер, қу.
Балалар: Түлкі
Осы кезде майысып түлкі келеді.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен түлкімін. Жаңа жыл мерекесіне келдім. Маған арналған тақпақты айтып беріңдерші.
Балалар: Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ел енді
Шырқатайық ән – жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Бір бала ән айтады,ал аңдар билейді
Ән: «Ертегілер»

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Бәрі ертегілерді біледі екенсіңдер.Ал маған сендермен жаңа жылды қарсы алуға болады ма?
Балалар: Ия.
1 - жүргізуші: Отырыңыз Қызыл телпек. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ақсақалды шал жылына
Бір – ақ рет келеді немересімен
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
Балалар: Аяз атамен Ақшақар!
Оның орнына сыпырғышпен Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан кемпір: Ой, қандай керемет шырша! Қандай әдемі, үйге алып кетейін бе?
Шыршаны жұлмалай бастайды.
2 - жүргізуші: Тиіспеңіз, бұл біздің шыршамыз. Бүгін Жаңа жыл мерекесі.
Мыстан кемпір: Ойланып. Жарайды шыршаға тиіспеймін. Бірақ сендер менің бір жұмбағымды шешіңдер. Балалар шеше ала ма екен?
Қалтасынан кәмпиттерін алып шығады, оның ішінде жұмбақ жасырулы.
Бірінші жұмбақта таппайды;
Екінші жұмбақта кәмпит табылады;
Үшінші жұмбақты балалар шешеді
Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша) 
Би:
1 - жүргізуші: Балалар, тағы да көрейік Аяз атамен Ақшақарды шақыруға.
Балалар аяз атаны Ақшақарды шақырады.
Аяз ата: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймын бәріңді
Жасым келіп қартайған
Мен ақ шашты атамын.
Өздерін сияқты балалардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Міне сендердің орталарыңа да жеттім.
Ау бүлдіршін қыздарым
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерін,
Қуанышты силайын.

Ақшақар: Келді міне Жаңа жыл
Қуанышпен біздерге
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерін керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық.
Шырша жанады
Аяз ата: Жаңа жылға арналған
Кімнің қандай әні бар?
Айналайық шыршаны,
Кімнің қандай сәні бар?
Ән:

2 - жүргізуші: Шеңберге тұрып Аяз атамен Ақшақарға өз өнерімізді көрсетейік
Ортаға балалар шығып тақпақтарын айтады
1 Бала: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жалын қойдық жарық қып,
Шыршамызға шам іліп.
2 Бала: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
3 Бала: Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Бізбен бірге жайдары
Жарқырады, жайнады.
4 Бала: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той, маскарад басталады
Аяз оны басқарды.
5 Бала: Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алдым күймеге.
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
6 Бала: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
7 Бала: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
8 Бала: Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жыл да жаңа жыр.
Жасыл шырша жаныңда,
Жарқырап бар бала жүр.
9 Бала: Қызық думан күн келді,
Жасыл шырша түрленді.
Аяз ата сүйіп терледі,
Үйге кірді төрледі.

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең – жырларына көп рахмет.
Ойын:

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

2 – жүргізуші:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жаңа тышқан жылы құтты болсын, Халайық!

Отанымыз тыныш, балалардың жүзінен күлкі кетпесін,

Бақытты өмір сүрейік,

Жаңа жылдан, Жаңа жылға аман-есен жетейік!

Қош, сау болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Қош келдің, Жаңа жыл " мектепшілік іс-шара

Автор: Ахметов Марат Жармухамбетович

Дата: 13.03.2020

Номер свидетельства: 542636


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства