kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халқын сүйген-салтын сүйер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сочинение  для студентов вуза и колледж для развития речи учашихься

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халқын сүйген-салтын сүйер»

Халқын сүйген – салтын сүйер



Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бар жаманшылық атаулы ата-салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тигізеді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған салғырттық пен көз жұма қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тыңдар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке айқын, танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралар, тұрмыс-тіршілігіміздегі салт-дәстүрлер мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылдық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық көрсету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.

Қазақ елі жалпы салт-дәстүрге өте бай халық. Ал, салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Бұл мақалдың да астары тереңде жатыр.

Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. Салт дегеніміздің өзі – адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелермен байланысты көрініс береді де біртіндеп ауыл-аймақ, ру-тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады. Ал, дәстүр – қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған. Топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын рәсім. Сонымен қатар, дәстүр – тарихи тұрақтанған. Қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі. Дәстүрдің өресі салттан әлдеқайда кеңірек. Мұнда салт жеке адам өмірінде көрініс тауып, ақырындап ауыл-аймақ, ру-тайпаға ортақ рәсім ретінде танылса, керісінше дәстүр топтасқан қауымның бірыңғай көзқарасынан туындаған рәсім.



Қазақтың ежелгі салт-дәстүрлері

Қазақ өзінің салт-дәстүрін берік ұстанған халық. Біздің ұлттық дәстүрлерімізде қазақтың бет-бейнесі, таным-түсінігі, жалпы жаратылысы жатқандығы белгілі. Ата-бабамыз «Жел бесіктен жер бесікке дейін» әрбір атаулы күнді тіршілігінен тыс қалдырмай, ат беріп, айдар тағып, ерекше дәстүрмен айшықтап қараған. Сондықтан болса керек, қазақ "Дәстүрің – дәулетің" деп бағалаған. Бүгінде қолданыста жоқ дәстүріміз жетерлік. Солардың бірнешеуін тізуді жөн санадым.

Ақшомшы. Кәсіптік айырбас. XVIII-XIX ғасырларда бел алып, кәдуілгі дәстүрге айналып кеткен. Тек мал шаруашылығымен айналысатын өңірдегілер диқаншылық ететін өңірдегілерге (Нұра, Шу, Талас, Сырдария) мал айдап барып, оған қап-қап астық алып, шом салған (жазының бір түрі) түйелерге артып қайтатын болған. Дәстүрдің "ақшомшы" атануы да сондықтан.

Алапа. Ел тыныштығын күзеткен не ел қорғаған сарбаздарға берілетін азық-түлік. Бірақ ол халық ішінен жиналатын несібе. Алапа ел, жұрт аузында жиі айтылған әрі бірнеше мағынада қолданылған. Жаудан түскен олжа, еңбек жолымен табылған табыс та, алым түрлері де солай айтыла береді. Кей жерлерде жол-жора, берілетін сый-сияпат, кәде түрлері де "алапат" деп аталады.

Ақ үй аманат. Тарихымызда "ақ үй аманат берген екен" деегн сөз бар. Жаугершілік замандарда ек іжақ мәмілеге келіп, бітімгершілікпен аяқталғанда, осы салт біткен істің айғағы ретінде жүрген. Мұндайда кінәлі жақ жеңілгендігін мойындап, бар сән-салтанатымен, дүние-жиһазымен ақ үй аманат әкеліп тапсырған. Ол тек жеңілгендік айғағы емес, жеңген елді мойындаудың, ендігі татулықтың кепілі саналған. Оны бұзу – үлкен кінә.

Ұмытыла бастаған ұлт дәстүрлері

Ақсарбас атау. Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.

Асату. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» деген кітабында толық баяндалған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.

Атбайлар. Атбайлардың екі түрі бар: Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын-туыстар оған шашу шашып, «керегең кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты - «атбайлар». Атбайлардың екінші түрі – кәде. Құда-құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде жеңгелер алдарынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл - «атбайлар» деп аталатын той. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.

Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.

Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.

Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады.

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-қолаң немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.

Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор тасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді. Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

Құттық. Келін түсіріп, құдағи, құдашаларын аулына аттандырған келін атасына ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп, «құтты болсын» айтып, арнайы дәм әкеліп, сый жасайды. Сосын қыздарға лайық тағам, кесе-аяқ, көрпе-жастық, сақина, сырға сияқты әшекейлі заттар сұрайды. Бұл дәстүр ел ішінде «құттық» деп аталады. Ол - «құтты болсын», «құт әкелсін» деген ізгі ойдан туған қазақи ырым, жоралғы. «Құттық» алатындар әдейі алыстан келеді. Оларға мал, бағалы бұйымдар мен киімдер беріледі. Әрине, бұл дәулетті, мырза адамдардың ғана қолынан келетін іс. Сонымен бірге бұл қазақтың жомарттық, мырзалық қасиеттерінің тағы бір айқын дәлелі екенін көрсетеді.

Қызқашар. Былайша қызқашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді. Күйеудің алғашқы келісуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруді «қызқашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» - жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатысады. Күйеуден алынатын «қос ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жастар», «көрпе қимылдатар» сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін-бірі ұнатып, қалыңдық жігітке орамалын және оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлық береді.

Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.

Теңсерік. Шөп дайындағанда байлар жұртты үмеге шақырады. Кейде әр адам өз иелігіндегі жердің шабындығын, шөбін «теңсерікке» береді. Яғни жігіт жалдап, шабылған шөптің жартысын сол адам алады. Жалдаған адам сол шөпті мезгілінде шауып, шөмелеп береді. Жер иесі келісім бойынша тиісті шөп үлесін бөледі немесе соған лайықтап мал да беретін болған. «Теңсерік» дәстүрінде екі жақ та адал істеп, әділ бөлуге тырысқан.



Ұсыныс: Менің бұл тақырыпты таңдауымның басты себебі - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту болатын. Ұсынысым осы бағытта әлі де көп жұмыстар атқарылып, еліміздің әрбір аймақ, ауылдарында ата-дәстүрімізді насихаттайтын арнайы орталықтар ашылса деймін. Еліміздің түкпір-түкпірінде осындай орталықтар жұмыс жасаса, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Халқын сүйген-салтын сүйер

Автор: 2ДТС-17 б\б студенті Кузенбаева Орынгул жетекшісі Есенова Мадина Қожабергеновна

Дата: 16.01.2019

Номер свидетельства: 495566


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства