kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілін интербелсенді ?діс ар?ылы о?ытуда о?ушыларды? танымды? ?ызметін белсендендіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

     ?о?ам не??рлым дамы?ан сайын, тек ?зіні? болаша?ына ?ана жа?сы ы?пал ететін д?ст?рлерді са?тап, оларды ?рпа?тан-?рпа??а жеткізудегі жауапкершілігін со??рлым танитын болады. Мектеп- осы ма?сат?а жетудегі бірден-бір басты ??рал. Б?л а?ылшын ?алымы Джон Дьюиді? «Демократия ж?не білім» деген е?бегінде айтыл?ан.

Білгір м??алім мектеп ?шін ?лкен к?ш болып табылатынды?тан, о?ушы мен м??алім арасында?ы ?арым-?атынас к?рінісі о?ушыны? тере? білімді ?з бетінше игеруімен есептеледі. Демек, сыныпта?ы немесе б?кіл мектеп де?гейіндегі ?згерісті? табыс?а жетіп, н?тижелі болуы м??алімні? зор ізденісіне тікелей байланысты. ?азіргі а?параттану д?уірінде о?ушыларды? белсенділігін арттыру барысында білімді тере? игеру м?мкіндігі туып отыр. ?сіресе, ?аза? тілін ?зге ?лт ?кілдеріне мемлекеттік-екінші ана тілі ретінде о?ыту-?те к?рделі процесс. ?йткені кейбір о?ушылар ?з ана тілінде білімді ?ре? ме?гереді. Ал мемлекеттік тілде жазу, с?йлеу, ты?дау ж?не о?у коммуникативтілігін ме?геру ?шін м??алімдеріміз де жа?а заман?а лайы? озы? технологиялар бойынша ж?мыс жасауы ?ажет.

Осы орайда ?азіргі о?ытуды? е? тиімді жолын ?арастыра келе, Интербелсенді о?ыту ?дісі ?аза? тілін ?зге ?лт ?кілдеріне тере? ме?гертуді? е? т?те жолы екендігін ?з т?жірибиемнен танып білдім. Онда о?ушыларымны? танымды? белсенділігі артып, о?у?а деген ?ызы?ушылы?ы мен ынтасы, шы?армашылы? ?абілеті жо?арылады.

?аза?станда жа?ашылды? дамуды? ?ызы?ты, шы?армашыл к?ріністері жетерлік, біра? оны т?жірибеде к?рсететіндей инновациялы? енгізулер н?тижесі ойда?ыдай бола бермейді. Оны? себебі, оны енгізу ісін ?те жетік біле бермейтіндерді? айналысуында. Сонды?тан м??алімдер кейбір шы?армашылы? ізденістермен ж?мыс істеу барысында о?ытуды? инновациялы? ?рдісінен білім алып, ?здеріні? инновациялы? ой-санасын, инновациялы? ба?ытын ?алыптастыра отырып, инновациялы? ?ызметін ж?зеге асыра білуі ?ажет. М??алім жа?а мектеп моделі жасаушы. Жа?а мектеп ол жа?а ба?ытпен ж?мыс істейтін, я?ни шы?армашыл жа?ынан жо?ары дамы?ан, ?ай кезде болмасын ізденісте ж?ретін м??алім. Б?л м??алім ?шін ?зекті бол?анды?тан, ?рі ?арай к?сіби ?суді? мотиві болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілін интербелсенді ?діс ар?ылы о?ытуда о?ушыларды? танымды? ?ызметін белсендендіру»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

94 жалпы орта мектеп




Тақырыбы:


Қазақ тілін интербелсенді әдіс арқылы оқытуда оқушылардың танымдық қызметін белсендіру.


Авторы: Курбаналиева Гулчехра Азамбековна

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі,

Пед. өтілі-11 жыл, санаты-ІІ








Ақсукент-2014 ж.






Мақсаты:

  1. Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияны қолдана отырып, білім сапасын арттыру;


  1. Оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін ұлғайту;


  1. Әрбір оқушының ой-өрісін кеңейту, сөйлеу, жазу шеберлігін қалыптастыру;


  1. Оқытуды практикалық әрекеттерге негіздеу;


  1. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, білімді еңбекпен игеруге үйрету.



Міндеті:

. Оқушыларды ізденушілікке, өз ойын ашық жеткізуге

жетелеу;

. Сөйлеудің жоғары мәдениетін сақтауға бағыттау, өз

достарының ойын құрметтеуге үйрету;

. Өз бетінше проблемаларды шешуге бағыттау;


Күтілетін нәтиже:



. Белсенді қолданылған әдістер әр оқушыны оқу жүйесіне

тартады.

. Сабақтар оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, белсенді ізденуге, табуға, қорытындылауға және түйін шығаруға көмектеседі;

. Оқушылардың ойлау қызметіне өзіндік әсер етіп,

интеллектуалды ойын қалыптастырады;

. Оқу материалдарын топтастыруды, таңдауды, бағалауды,

талдау түрлерін үйренеді:

. Қазақ тіліне ерекше қызығушылық танытып, ынтамен оқиды және болашақта қазақ тілінің маңыздылығын ұғынады.









Қоғам неғұрлым дамыған сайын, тек өзінің болашағына ғана жақсы ықпал ететін дәстүрлерді сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп- осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал. Бұл ағылшын ғалымы Джон Дьюидің «Демократия және білім» деген еңбегінде айтылған.

Білгір мұғалім мектеп үшін үлкен күш болып табылатындықтан, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас көрінісі оқушының терең білімді өз бетінше игеруімен есептеледі. Демек, сыныптағы немесе бүкіл мектеп деңгейіндегі өзгерістің табысқа жетіп, нәтижелі болуы мұғалімнің зор ізденісіне тікелей байланысты. Қазіргі ақпараттану дәуірінде оқушылардың белсенділігін арттыру барысында білімді терең игеру мүмкіндігі туып отыр. Әсіресе, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік-екінші ана тілі ретінде оқыту-өте күрделі процесс. Өйткені кейбір оқушылар өз ана тілінде білімді әрең меңгереді. Ал мемлекеттік тілде жазу, сөйлеу, тыңдау және оқу коммуникативтілігін меңгеру үшін мұғалімдеріміз де жаңа заманға лайық озық технологиялар бойынша жұмыс жасауы қажет.

Осы орайда қазіргі оқытудың ең тиімді жолын қарастыра келе, Интербелсенді оқыту әдісі қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне терең меңгертудің ең төте жолы екендігін өз тәжірибиемнен танып білдім. Онда оқушыларымның танымдық белсенділігі артып, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы, шығармашылық қабілеті жоғарылады.

Қазақстанда жаңашылдық дамудың қызықты, шығармашыл көріністері жетерлік, бірақ оны тәжірибеде көрсететіндей инновациялық енгізулер нәтижесі ойдағыдай бола бермейді. Оның себебі, оны енгізу ісін өте жетік біле бермейтіндердің айналысуында. Сондықтан мұғалімдер кейбір шығармашылық ізденістермен жұмыс істеу барысында оқытудың инновациялық үрдісінен білім алып, өздерінің инновациялық ой-санасын, инновациялық бағытын қалыптастыра отырып, инновациялық қызметін жүзеге асыра білуі қажет. Мұғалім жаңа мектеп моделі жасаушы. Жаңа мектеп ол жаңа бағытпен жұмыс істейтін, яғни шығармашыл жағынан жоғары дамыған, қай кезде болмасын ізденісте жүретін мұғалім. Бұл мұғалім үшін өзекті болғандықтан, әрі қарай кәсіби өсудің мотиві болып табылады.

Интербелсенді оқыту әдістемесі қарапайым дәстүрлі сабақтардан гөрі оқушыларды барынша еркін болуға үйретіп, тек білімді ғана беріп қоймай, олардың тәрбиелі, саналы азамат болуына қолайлы жағдай жасап, оқушыларға мынадай мүмкіндіктер жасады.

  1. Оқушылар өз әрекеттерінің дұрыс екенін сезініп, өздеріне жағымды орта қалыптастырады.

  2. Оқушылардың арасында бір-бірімен ашық әңгіме жүріп, еркін шығармашылық жағдай туады.

  3. Проблемалар тудыру арқылы өздері білгісі келген материалды іздену, зерттеу әрекеттері нәтижесінде біледі.

  4. Оқуды өмірмен, тұрмыспен байланыстырып, сол арқылы күнделікті проблемаларды шешуге үйренеді.

  5. Белгілі бір жағдайларда жаңалық құрастыру үшін мүмкіндіктер ұсынады.

  6. Оқушы өз қолымен жасаған әркетін есінде жақсы сақтайды.

Қытайдың ұлы ойшыл философы Конфуцийдің «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, өзіме жасатсаң-үйренемін» деген қағидалы сөзін басшылыққа ала отырып, мен оқушылардың білімге деген белсенділігін өздері арқылы арттырып отырамын. Яғни тұлғаны өзгерістерге ынталандыратын конструктивтік білім беруге әрекет етемін. Оқушыға конструктивтік білімді игерту оқушының өз белсенділігінің арқасында жүзеге асады. Немесе, ақпаратты, ережені өзіндік ойы арқылы тұжырымдайды, өзінің ой-толғанысы арқылы талдайды, сөйте тұра оқушы өзін-өзі жан-жақтама жетілдіреді.

Сабаққа кіріспес бұрын мен өзіме және өзімнің оқушыларымның әрекетіне талдау жасайтын кесте дайындадым:



Өз әрекетім

Оқушы

1.

Сабақты қалай бастаймын?

Оқушыларға жалпы сипаттама

2.

Сұрақтарды қалай қойып отырамын?

Сабақ барысында оқу материалдарын қабылдауы

3.

Сұрақтарды қоюдағы логика

Сұрақтарды түсінуі

4.

Оқушылардың іс-әрекетін қалай ұйымдастырамын (жеке, жұпта, топта)

Жауаптардың сәйкестігі

5.

Тіл байлығы мен сөйлеу мәнерім

Жеке, жұпта, топта жұмыс істей білуі

6.

Сабақтың екінші кезеңіндегі жұмыс әрекетім

Қарым-қатынас мәдениеттілігі

7.

Қандай әдістер пайдалану тиімді?

Көп сөйлемейтін оқушылар белсенділігін байқау

8.

Таңдаған әдістерімнің мақсатқа жетелеуі

Сабақтың екінші «проблеманы шешу кезеңіндегі» оқушылардың сабаққа қабілеттілігі

9.

Сабақтың құрылымын өзгерту туралы

Оқушылардың сабақтың үшінші кезеңіндегі жұмысқа қабілеті

10.

Қалайша оқушылардың жұмысқа белсенділігін арттырып отырамын?

Сабақтың нәтижелілігі

11.

Қандай тәсілдерді пайдаланамын?

Бағалау, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау процесіне қатысуы

12.

Сабақтың үшінші кезеңі бойынша байқау ұйымдастыру

Үй тапсырмасы мен 3-кезеңнің байланысы.

13.

Қорытынды

Қорытынды


Бұдан келіп шығатын қорытындыны байқағанымдай, сабақтың басталуы белсенді, оқушылардың қызығушылығын оятатын қызықты мәтіндер, ақпараттар арқылы диалог пайда болып, менің орныма оқушылар сабақты бастап кетеді. Олар бірлесіп шешім қабылдап, бірлесе жұмыс істегенді ұнатады. Оқушылар бір-біріне құрметпен қарай бастайды, қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілікті танытады. Сыныпта жылы психологиялық жағдай қалыптасады.

Ойлау қызметі-бақылау мен тексеруге келмейтін күрделі процесс. Мұндағы ең басты нәрсе-жүйелілік, бірізділік. Бұл ереже сақталмаса, іс-әрекет толығымен орындалмай, оң нәтиже шықпайды. Әрине, ойлау өзінен келетін құбылыс емес, сол себепті оқушылармен бірге білім жүйесіне өзіміз ерекшілік енгіземіз. Яғни оқушылармен әр істі бірінен соң бірін асықпай жүзеге асыруды қамтамасыз етемін:

Бірінші: Оқу материалдарын қабылдау, түсіну, ой толғау, бекіту және іске асыру. Тек осындай жағдайда ғана білім сапасы мен жақсы жұмыс нәтижесіне қол жеткізуге болады.

Бұл мақсатқа жету жолында мына міндеттер айқындалады:

. Ойлау қызметінің дамуына қолайлы жағдай жасау. Бұл-оқу стратегияларын, тапсырмаларды жасауда талдау, сараптау, салыстыру, жалпылау сияқты жұмыстарды ескеру. Әрдайым жауап таба алатын көп қырлы, көп салалы сұрақ қоя білу, өйткені әр жауап оқушы үшін өзінің ашқан жаңа әлемі, өз жетістігі.

. Оқушылардың ойлау қабілетінің өрбуіне бақылау жасау. Бұл жағдайда мұғалімнің қызметі мен ықпалы білінеді.

Балалардың ісіне мұқият назар салып, оларды дұрыс бағытқа салып ой бөліседі.

. Оқу процесін талқылау мен болжау да өте күрделі құбылыс. Оқытудың нәтижесі қандай? Қазіргі оқушылардың білім деңгейі қандай? Ары қарай дамыту үшін не қажет? Мұндай сұрақтар кейінгі оқытудың мақсатын анықтайды.

Маңыздысын таңдап ең тиімді стратегия таңдауға көмектеседі. Ең бастысы, жұмыс әр оқушының жеке басының өсуін, білімін, жетістігін көруге мүмкіндік туғызады.

Енді бір сабақтың барысына талдау жасап көрейік:

Сабақтың алғашқы кезеңінде (проблеманы анықтау) балалар өз беттерінше жұмыс жасап, оған ережелер тағы басқа линвистикалық тәсілдерді, қосымша материалдарды қолданады. Сыныптағы оқушылар кішігірім топтарға бөлінді.

1-топ: Сөз таптары. Оның ерекшеліктері.

2-топ: Есім сөздер.

Ал сабақтың екінші кезеңінде оқушылар оңайдан бастап қиынға ауысты. Яғни қарапайым ережеден басталған сабақ талдау түрлеріне дейін ауысты. Мұнда теория практикаға қарай жылжыды.

Сабақтың үшінші кезеңі (проблема шешімін қолдану). Әр оқушыға үш деңгейдегі қиындықтағы тапсырмалары бар жеке тексеру карталары беріледі. Оқушылар тапсырмаларды таңдау арқылы орындай алады. Осыларды орындап болғаннан кейін сыныптағы оқушылар төмендегі таблицаны толтырады.




І-тақырып

ІІ-тақырып

ІІІ-тақырып

. Білу керек




. Сұрақ





Бұл таблица ой-толғаныс кезеңіндегі оқушылардың әрбір тақырып бойынша не білетіндіктері мен нені біліп үлгергендерін тағы да бір рет қорытып және оларды болашақта да есте ұстау қажеттігін мойындауларына жағдай жасайды. Сонымен бірге олар ненің қалып қойғандығы мен қандай нәрсеге көңілдерінің толмайтындығын және алдағы сабақтарда немен жұмыс жасау керектігін ой елегінен өткізуге мүмкіндік алады.

Сонымен, әрбір сабақты оқушының қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастыруға болады, тек сонда ғана шығармашылық ойлау мен қиындықтарды шешудегі ойлану дағдысы қалыптасатын болады. Меніңше, сыни ойлау сабақтары кез-келген сабақ пен пәнде мұғалімнің осындай ортаны құра алуына үлкен мүмкіндік береді.

Оқу жылының басында 7-сыныптарға әдебиет сабағын бастамас бұрын мені осы сабақты қалай өткізетіндігім туралы мәселе толғандырады.

Бастама. 7-сынып оқушыларына «Маған қандай пән ұнайды және неліктен ұнайды?» деген тақырыпта шығарма жазуды тапсырдым. Балалар жетік, көп оқыған, күшті сынып.

«Әдебиет неліктен ұнамайды, неліктен қызық емес?» деген сұрақ мені ойландыра бастады. Әдебиет оқушының танымдық әрекетін белсендіретін бірден бір пән емес пе?

Өткен сабақтарымды есіме түсіріп, өзімді мазасыз күйге үнемі түсіретін нәрселерді ойлай бастадым. Ол сыныптағы сабақ процесіне аздаған оқушылардың ғана белсенді қатысып, (оқығанды ұнататындар, үнемі дайындалып жүретіндер және өз ойын ашық айтатындар), көпшілігінің үнсіз отыратындығы. Оқушылардың өз бетімен еркімен оқып қабылдауы мен мәтінді мұғалімнің түсіндіруі, арнайы әдебиетте берілгенді ресми түрде түсіндіру іс-әрекетінің арасындағы айырмашылыққа қарай бастадым. Мен өз ой еркіндігінің жоқтығынан қалыпқа салғандай ұқсас ойлар көп екендігін байқадым. Оқу бағдарламасына қажетті талаптарды орындауға күш салған мені «менің оқушыларым оқуға қызыға ма, жоқ па, оқығандары арқылы өмірлік дағдылар қалыптасты ма?» деген сұрақтар мазалады. Мүмкін олар әдебиетті де жақсы көретін шығар. Бірақ мен ойларын ашық айтуға мүмкіндік бермеген шығармын.

«неге әдебиет қызықсыз?» деп ойлап отырып, қазіргі балалар көркем әдебиетті аз оқиды, көркем шығармаға қызықпайды, оқуды ұнатпайды, оқығысы келмейді, әдебиет сабақтарында көркем шығарма жүйелі берілмейді, содан көңілсіздік туады деген пікірлер ойыма түсті. Қызықты емес, сондықтан көңілсіз... Сондықтан оқығысы келмейді.

Сабағымды оқушыларымның екі-үшеуі емес, жиырма екісі сүйетін пәнге қалай айналдырамын?

Содан сабаққа кірген алғашқы минутта мен оқушыларға мынадай тапсырма бердім: Өздеріңді осы Оңтүстіктің белгілі ақынымын деп есептеп, Түркістан туралы, оның өткені мен болашағы туралы не білетіндеріңді жазыңдар дедім. (Оқушыларға бір-біріне ақыл кеңес беріп, топтаса жұмыс істеуіне де рұқсат бердім) Сонымен олар басқа кітаптардан Түркістанның суретін, Ахмет Яссауидің өмірін іздеп кетті. Мен алғашында М. Жұмабаевтың «Түркістан» атты өлеңін яғни жаңа тақырыпты мәнерлеп оқудан бастағанымда да болатын еді, алайда оқушылар алдымен өздері Түркістан жайлы ой толғасын, сезімдерін жеткізуді үйренсін деген оймен осы тапсырманы бердім. Оқушылардың 1-2 сөйлемнен тұратын мәтіндері үшін де оларға «жақсы баға» қойдым. Ал келесі сабақта мүлдем баға алмай жүрген оқушыларым да қызыға қатысып кетті. Осындай өздері проблеманы айқындап, өздері шешіп, сол шешімді өздері өмірде қолдана алатын сабақты ұйымдастыру-менің оқушыларымның әдебиетке болған қызығушылықтарын арттырды. Балалар өздері үшін сабақта маңызды қызықты болған нәрселерді ынтамен жазады. Бұл өте маңызды, себебі осыдан келіп пәнге деген сүйіспеншілік оянады. Осы сүйіспеншілік оларды көркем шығарма оқуға, сөз өнерін сүюге алып келеді.

Сонымен мұғалім, өзінің кәсіби шеберлігін дамыту үшін ойлау, тілдік әрекеттерден тұратын, олардың шешім қабылдауына жағдай жасайтын, өз ісіне сын көзбен қарап, жаңалық ендіре алатын, нәтижені болжай алатын оқыту моделін жасап алу қажеттігін туғызады. Біз өмірде білімнің, жаңалықтың тұрақты молаю мен оны адамның қабылдау мүмкіндігі шектеулі кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Осыған орай біліктілікті арттырудың жаңа жүйелері жасалуда. Әр адам тек өз әрекеті негізінде ғана дамуға қол жеткізеді, шығармашылығы шыңдалады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза? тілін интербелсенді ?діс ар?ылы о?ытуда о?ушыларды? танымды? ?ызметін белсендендіру

Автор: Курбаналиева Гулчехра

Дата: 14.12.2015

Номер свидетельства: 266063


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства