kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі лингвоэкологиясының кейбір мәселелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі лингвоэкологиясының кейбір мәселелері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі лингвоэкологиясының кейбір мәселелері»



Сафуллина Назгүл

педагогика ғылымдарының магистрі,

ҚазБСҚА жанындағы лицейдің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы


Қазақ тілі лингвоэкологиясының кейбір мәселелері


Қазіргі қазақ тілінің лингвоэкологиялық жағдайын зерделеп, тілдік орта мәселесін, оның өзгеру, даму динамикасын, тілдің дамуына, тілді қолдануға теріс әсер ететін себептерді айқындап және қазақ тілін – қазақ халқының мәдени жадын, тарихи жадын сақтаушы, оларды қайта жаңғыртушы, ұрпақ пен ұрпақтың рухани дүниесін сабақтастырушы ретінде қазақтілділердің экологиялық рухани ортасы болып келгенін ғылыми тұрғыдан қарастыру – лингвоэкологиялық зерттеудің негізгі мақсаты. Яғни сөз экологиясы, сөйлеу мәдениеті проблемалары әлемдегі барлық тіл жанашырлары үшін, соның ішінде қазақ тілі тәрізді қағажу көрген тілдің жанашырлары мен зерттеушілері үшін де ең өзекті мәселелердің бірі десек қателеспейміз.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деп қадап айтқан болатын. «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге белгісі» деп Бауыржан Момыш-ұлы айтқандай, мемлекеттік тілді білу – әр қазақтың, елімізде тұратын әр ұлт өкілінің мінде­ті.

Қоршаған тілдік ортаның сөз тазалығына нұқсан келтіретін сөздің тағы бір түрі – жаргон сөздерге орынсыз әуестенушілік. Әсіресе өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарынан бастап қазақ жастарының тілі жаргон сөздерге үйірсектене бастады.

Сөйтіп, сөз экологиясы тілдік ортаны бейпіл сөздерден, шеттілдік сөздерді уәжсіз қолданудан, жаргон сөздерден, құнтсыздықтан кететін қателерден таза ұстау үшін күреседі. «Бала тәрбиесі ­­­­­­­­­− бесіктен» дегендей, бала есейіп, санасы дамығанша, оның тілі, сөйлеу мәнері отбасында қалыптасады, балабақшадан, мектептен, оқу орнынан ықпал, әсер алады. «Тәрбие басы – тіл» деп Махмұд Қашқари айтқандай, баланың өз ана тілін қажетті деңгейде меңгеруі аса маңызды. Баланың тілін дамытуда құралдарды қалай пайдалануымыз керек? Мысалы: Жапония елінде баланы 12 жасқа дейін тек жапон тілінде ғана білім беріп, өз ұлтының құндылықтарын үйретеді екен. Сондықтан өз елімізде ата-ана, тәрбиеші, мұғалім арасындағы сатылы ұлттық нақты бағдарлама жасау керек. Бала тілін дамытуда балабақша мен бастауыш сыныптарда халық ауыз әдебиетіне ерекше көңіл бөлу қажет. Ата-аналарымыз сөз тазалығын өздері үйретуді қолға алмаса болмайды. Ал өздері бас болып, «келеатырық» немесе «қуасың ба?», «жындысың ба?» «басың ауыра ма?» Мына жақ дегенді «ми йақ», ол жақта дегенді «о йахта» деп сөйлей берсе, баласының да дәл солай сөйлеп кететініне, соны дұрыс деп білмесіне кім кепіл? Ауызекі тілде орыс сөздерін орынсыз қолдану тілімізді жұтаңдатып, төл сөздеріміздің қолдану аясын тарылта түседі. Бұрыннан еніп, сіңісті болып кеткен «сәпсем», «дәже» дегендер түгілі қазір қазақтың «етіп» деген етістігін қосып алып, орыс сөздерін «қазақыландыру» деген үрдіс бой алдырып жүр. Осы айтылғандарға «домашка званить еткенде, подругаммен соткамен болтайттап жатқам», «волноватса етіп», «опаздат етіп» тәрізділерін және қосыңыз.

Лингвоэкологияда тіл басқыншылығы деген ұғым бар. Бөгде тіл басқындылығы ана тіліміздің тілдік ортасын тарылта бастайды. Тіл өз “үйінде”, өз “мекенінде” зардап шегеді. Бөгде тіл алдымен басқару, ақпарат, ғылым-білім саласында үстемдік етіп салтанат құрады. Мұның өзі ұлттық тілідің интеллектуалдық, танымдық, ақпараттық әлеуетін әлсірете бастайды. Ондай тілдің әлемдік қоғамдастықты былай қойғанда, өз ортасында, өз “үйінде” (“эко”-сында) абыройы да, беделі де төмен болады да өзге емес, өз ұлы ана тілін аяқ асты етеді. Сөйтіп, бөгде тіл басқыншылығы тілдік ортаны бұзып ірітіп-шіріте бастайды. Сондықтан тілдік ортаға зардабын тигізетін тіл басқыншылығына қарсы күрес шараларын белгілеу лингвоэкологияның аса маңызды мәселелеріне жатады.

Тіл – адамның тіршілік ортасы, белгілі бір қоғамдастықтың, ұлттық ұжымның рухани тіршілік ортасы. Адамдардың да рухани дамуы ана тілі деп аталатын тілдік ортаның сау-саламаттылығына тікелей тәуелді. Тілдің толып жатқан мәселесін экологиялық тұрғыдан қарастырудың мәні айрықша. Тілді тұтынушының, яғни тілдік тұлғаның, тілдік субъектінің ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін, тілдің өткендегісі, бүгінгісі, болашағына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуде де лингвоэкологияның міндетіне жатады. Сөз мәдениетінің экологиялық аспектісінде адамгершілік, ізгілік элементтері қоса жүреді. Тілдік қарым-қатынас, коммуникацияда тілдесушілердің адамгершілік сезімі тапталмауға, қоғамдық, моральдық-этикалық принциптер бұзылмауға тиіс. Лингвоэкология тілдің дамуының объективті бет-бейнесін көрсете білуге тиіс. Оған төніп отырған қауіп жөнінде қоғамға дабыл қағып, әдеби тілдің тағдырына адамдар, қоғам тіршілік етіп отырған тілдік орта қамқорлыққа алынып, қорғалуға тиіс. Лингвоэкологияның міндеті мен қарастыратын мәселелерінің құрамына қоршаған тілдік ортаны әртүрлі ластанудан сақтау, тазалау, сондай-ақ лингвистикалық нигилизммен күрес те енеді. Ана тілдің өмір сүру ортасы, сол ортада оны қызмет етуіне бөгет болатын нигилистік көзқараспен күресу тіл экологиясының негізгі міндеттерінің бір болмақ.

Сөз мәдениеті — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.

Еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің бәрі де өз отбасыларында ана тілдерінде сөйлейді. Тек қазақтар ғана басқа тілдің сөздерін қосып шүлдірлесіп жатқаны. Қазақтарымыздың ана тіліне, ұлтына деген құрметтің жоқтығы. Бұл дегеніміз – өз ана тілімізді қорлау. Тек халқымызда ынта мен жігер жетіспейді. Тілімізді үйренем деген адамға тілді үйренудің неше түрлі жолдары бар. Тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында елімізде түрлі шаралар жасалуда. Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбатында: «Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оның өркендеуі үшін барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай етіп жазылды. Ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп, кедергі жасап отырған бір адам жоқ. Өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. Қандай мінбеден қазақша сөйлесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айтпайды. Қанша адам отырса да, соларға арналған аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге болады. Біз тілімізді құрметтей білуіміз керек. Ешкімге анау сөйтпеді деп уәж айтудың жөні жоқ. Тіл туралы заңды қолданып, өзімізбен өзіміз қазақша сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің майын тамызып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек».

Әттең, осы сөздер орыс тілді өз ұлтымыздың өкілдеріне жетіп жатқан жоқ. Жетсе де жете мән беріп жатқан олар жоқ. Қазақстанда тұратын барша қазақ ана тілінде сайрап тұрса, басқа ұлт өкілдері қайда барады үйренбей. Қайта оларға тілдік орта көбейіп, қазақ тілін үйрену процесі жеңілірек болар еді.

Астана және Алматы қалалары көрнекі ақпараттар мен жарнама мәселесін реттеу мен жетілдіру барысында басқаларға үлгі болуы тиіс.
Кейінгі жылдары еліміздегі қарқынды экономикалық өзгерістер салдарынан көптеген жекеменшік кәсіпорындар, фирмалар, сауда орталықтары, дүкен жүйелері, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындары, іскер бірлестіктер күн санап көбеюде. Олардың басым бөлігі осы екі қалада шоғырланғандықтан мұндағы жағдай жалпы елдегі ахуалға ықпал ететіндігі сөзсіз.

Тіл туралы заңның 4-бабында «Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» – деп жазылған.

Тіл туралы заңның 24-бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергi келтiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады» - делінген.

Мекеме басшылары қызметкерлерді жұмыс қабылдағанда бірінші кезекте мемлекеттік тілді білу дәрежесіне қарау керек. Жұмыс барысында да есеп алып, қатаң талап қою керек. Белгілі дәрежеде орындамаған қызметкерге сөгіс жариялап, жалақысын қысқартып немесе қызметте өсуін тоқтатып, болмаса қызметтен босату керек. Тілдің негізгі, қайнар бұлағы, тілдік бірліктерді жасаушы, қолданушы қара қазаны — халық тілінің тазалығын сақтау парыз. Соңдықтан қазіргі кездегі басты талап — сөйлеу тілінің дұрыстығын сақтау, тілдің тарихи қалыптасқан, жүйесін сақтау. Жалпы бүгінгі күні тіл мәселесі бойынша істеліп жатқан шаралар аз емес. Бірақ нәтиже жоқ. Себебін айқындауға тырысып, қолда бар мәліметтерді сараптап көргенімізде бар мәселе еліміздегі білім жүйесіне тірелетінін байқадық.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының алға қойылған мақсаттары қатарында тілдерді меңгертудің халықаралық стандарттары негізінде мемлекеттік тілді үздіксіз оқытудың «Балабақша – мектеп, кәсіптік лицей, колледж – жоғары оқу орны» жүйесін құру міндеті қойылған. Осы орайда тілді деңгейлеп меңгертудің еуропалық стандартты негізінде қазақ тілін 5 деңгейлеп оқу бағдарламалары әзірленіп, министрліктің арнайы бұйрығымен 2010-2011 оқу жылынан бастап қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11- сыныптарының оқу процесіне ұсынылды. Ол нақты іске асқан жағдайда оң нәтиже беретіні сөзсіз. Бірақ неге тым кеш, яғни, Тәуелсіздік алғаннан кейін 20 жыл өткен соң ғана тіл мәселесін шешудің нақты бағыттары айқындалып, оң бағытқа бұрыла бастадық. Дегенмен қазақта «Ештен кеш жақсы» деген аталы сөз бар ғой. Соған жүгінсек, кеш болса да табылған бағдарымыз адастырмай, қабылданған бағдарламамыз нақты жүзеге асып, оң нәтиже беріп, тілдің көсегесі көгеріп, халқымыздың мерейі үстем болғай деген тілекте болғанымыз жөн. Егер тіл еңсесін түзеп, өз елінде шын мәніндегі мемлекеттік тіл ретінде бар салада қолданысқа енсе тіл айналасындағы бүгінгі проблемалар оның ішінде лингвоэкологиялық проблемалар да өз шешімін табатыны анық. Бірақ сол күнді барынша жақындатуға атсалысу тіл мәселесін зерттеумен кәсіби тұрғыда айналысатын ғалымдар мен мамандардың да, түрлі деңгейдегі тіл жанашырларының да, жалпы барша саналы азаматтың ең абыройлы міндеті мен қасиетті борышы болмақ.

Пайдаланған әдебиеттер:
  1. Назарбаев Н. «Қазақстан-2030» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы.

  2. Бауыржан Момышұлы. Қазақ тілі туралы пікірлер.- Алматы: «Ана тілі» газеті, 1944.-15б .

  3. Уәлиев Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Алматы: 2007.- 24 - 25б

  4. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

  5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты. - 25.08.2014

  6. Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңы. 4, 24-баптары. 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.

  7. Сарыбеков М. Білім және ғылым вице-министрінің баяндамасынан мәлімет.


Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ тілінің лингвоэкологиялық жағдайы қарастырылады. Сондай-ақ, тілдік орта мәселесі туралы айтылады.































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақ тілі лингвоэкологиясының кейбір мәселелері

Автор: Сафуллина Назгуль Тулегеновна

Дата: 23.05.2019

Номер свидетельства: 511948


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства