kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?АРТТАРЫН ?АДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДА?ТЫ" (Хабидолданов ?.К)

Нажмите, чтобы узнать подробности

                          Аппа? шашы? к?н сайын ?ыла?да?ан,
                  Зейнет емес бейнеттен арылма?ан.

                               Т??ірімдей табынып ?тем м??гі,
                                ?ариялар ?зі?ді ел сыйла?ан.

Ауыл – ?аза?ты? алтын бесігі, т?п т?ркіні десек ?ателеспеген болар едік. Атты? ??ла?ында асыр салып ойна?ан хал?ымыз ке? байта?, дархан даламызды? ауыл – анамызды? перзенті. Ауыл ананы? аялы ала?анынан талай ?лы ?алымдар, а?ындар мен жазушылар, к?птеген ?о?ам ?айраткерлері т?леп ?ш?ан жо? па? Кіндік ?аны тамып, кірін жу?ан ауылына а?ындар жыр жолдарын, жазушылар с?з ?орларын аяды ма?

Ертеректе ?ойшылар?а ?оныс бол?аны болмаса ?алихан т?бені  берітінге дейін ел жайламайтын. Сал?ын болса ыз?арын бойына жинап, ысты? болса ?уа?шылы?ты? ?а?арына ?шырап жататын. «?ш?анда ?ар?а ?онбайтын» мидай жазы? дала?а бертін т?мен жа?тан су келді. 1996 жылы жергілікті азаматы ?али?ан ?абидолданов Б?кен ?зенін б?геп, ?али?ан т?беге дейін 12 ша?ырымды? канал салды. К?птен бері к??іреніп, к?зді? тасасында ?алып ?ой?ан иен дала иесін енді тап?андай ??лпырып сала берді. ?али?ан т?бе деген жерінде ?азір «Калм?хжом-Ахмет» шаруа ?ожалы?ы ?оныс теуіп отыр.

         ?араусыз ?ал?ан дала?а ?арасын болып, ?ой ?оздатып, жыл?ы жусатып отыр?ан осы бір шаруа ?ожалы?ыны? иесі ?али?ан ?абидолданов. Шы?ыс ?аза?стан облысы Балшынарым ауданы Д?йсебай мешіті ауылында 1937 жылы 1 а?панда д?ниеге келді. ?кесі Кемпірбай?лы Хабидолда, шешесі Жа?ыпжан?ызы Ба?жамал. 1941 жылы Хабидолданов ?али?ан 5 жасында анасы д?ние сал?аннан кейін ?кесі  екінші рет ?йел алады.  1942 жылы ?кесі жаз?ыт?рым ?лы Отан со?ысына аттанады, 5 жасында ?али?анды ?кесі же?гесіне беріп кетеді. Рахила апасымен С?тек атасы асырап жеткізеді.  1943 жылы ?кесі жараланып ?айтып келеді.1945 – 1947 жылдар аралы?ында я?ни 8-9 жасында ба?ыршы? болды, шахтадан шы?арыл?ан авалдан металл терді, 1947 жылы 10 – 11 жасында меншік сиыр ба?у?а болысты.1963 жылы 1 желто?санда 16 жасында ?лгілі малшы ауылына к?шіп келіп транспорт болып ш?п тасып, мая салды.1953 жылы к?мекші болды, 1954 жылы мал ба?ты. 1955 жылы бойда? мал алып  Тар?абатай?а малшы болды.

         1956 жылы ауылдан 3 айлы? тракторды? о?уын бітірді. Комбайында, тракторда ж?мыс істеді. 1960 жылы тракторды? бригадир о?уын о?ып бітіріп, 1961 жылы пом бригадир ж?мысын ат?арды. 1961 жылы ?азан айында Самарда ж?ргізушіні? о?уын бітірді. 1964 жылы партия ?атарына ?тті. 1961 жылы ауданда депутат, 1968 жылы Москва?а ауыл шаруашылы? к?рмесіне барып,  Обком партиясыны? ??рамында кандидат, 1970ж ?аза?станны? 13 сьезіні? делегаты болды. 1985 жылы аренда ??рды, Ба?ша салды Арендатор болып ж?мыс істеді.1995 жылы «Жеке меншік» шаруа ?ожалы?ына шы?ты.

         Базарлы балалы? ша?ын осы ?лгілімалшы ауылыны? ??мына аунап ?ткізіп, 16 жасынан мал ба?ып, е?бекке аралас?ан. ?мір бойы осы ауылда аянбай е?бектенген а?са?алды? ?ткен к?нге ?кпесі жо?. Ке?шарды? тракторын айдап, ата?ты механизатор болды. Еткен е?бегіні? жемісін де к?рді. 1966 жылы егін бітік шы?ып, жо?ар?ы ата? «Ленин» орденін иеленген, б?гінгі к?ні ?лгілімалшылы?тар а?ыз ?ылып айтады.

         1992 жылы зейнеткерлікке шы??ан ?ария ауылдастарыны? басын ?осып жеке шаруашылы?ты? ж?мысын д??гелетті. Ал 1996 жылы е?бекпен т?рбиеленген балаларымен бірге жеке к?сіп бастау?а бел буып, ?али?ан а?са?ал « ?алм?хжом-Ахмет»  шаруа ?ожалы?ыны? ж?мысын ?ол?а алады. Алдымен «?али?ан» т?беге канал тартып, ?арбыз егумен айналысты.

         ?мір бойы кеншарда ж?мыс істегенін, осы жерге су ?келіп, «Иен даланы игерсем» деп арман еткен. Су- ?мірді? н?рі, су бол?ан жерде  байлы? та, жа?сылы? та ?атар ж?реді. Адам баласы айналысатын ж?мысты? саласы к?п. Соны? ішінен ?з ?олы?нан келетінін та?дай білген ж?н. ?азіргі уа?ытта шаруашылы?та 36 адам ж?мыс істейді. Шаруашылы?та барлы?ы 2058 гектар аума?та жер бар. О?ан к?нба?ыс, бидай арпа, с?лы, ж?гері ж?не ?арбыз егеді. 2008 жылдан бері ?аза?ты? ?ызыл ?ас?а т??ымды мал шаруашылы?ымен  айналысатын асыл т??ымды шаруашылы? статусына ие болды. Б?гінгі уа?ытта шаруашылы?та 750 бас ірі ?ара мал, 1950 бас ?ой, 280 бас жыл?ы  асырап отыр. 22 бірлік техника ж?мыс істейді.  Оны да жыл сайын жа?артып, ж?мысты же?ілдетуге арнал?ан заманауи технологияларды ?олдану?а тырысады. Биыл?ы жылы Ресейден су жа?а 2 «Енисей»  комбайн сатып алды.

         Шаруа ?ожалы?ыны? малшылары мен ж?мысшыларына арнап осы жерден ?й т?р?ызды. Жанында жаз мезгілінде отыратын сарайы бар. ?ысты? ?ытымыр к?ндерінде мал ?амайтын ескілеу базды? жанынан  шатырлан?ан баз бой к?терді.   Ауыз судан тапшылы? жо?. ?й жанында ??ды?, бір ???ыма ??ды?ы бар, жары? жан – жа?та?ылармен байланысатын телефон бар. То?сан ауызды? тобы?тай т?йіні жапан далада?ы жал?ыз ?йді? жа?дайы жаман емес.

         ?азіргі уа?ытта шарушылы??а ж?мысшы ?олы жетпей. Жыл ?ткен сайын ке?ейтіп, ау?ымды арттыр?ысы келеді, біра?  ж?мыс істейтін мамандарды табу  ?иынны? ?иыны. Жастар болса е?бек етуден ?ашады. ?азіріг заманда е?бек етем деген  адам?а барлы? жа?дай бар. Же?ілді? асты, ауырды? ?стімен ж?ргісі келіп, мол а?шаны? астында ?аламыз деп  ?ала?а аттан?ан жастарды? барлы?ы бірдей  жайлы ?мір с?ріп жатыр деп айта алмайсы?. Тап?анын т?ратын п?теріне т?леп, ас-суын ?арыз?а алып к?нелтіп ж?ретіндерді к?ргенде, жатар орны тегін, ішер асы ?зілмейтін ауылды а?сап кететіні рас. Орайын тапса? ауылда  отырып та ?алада?ыдан да арты? ?мір с?руге болады. Тек ерінбей е?бек ету керек.

         Елімізде со??ы жылдары ауыл шаруашылы?ын дамыту ма?сатында ауылды? жерлердегі к?сіпкерлерге к?п к??іл б?лініп, ?олдау к?рсетіліп жат?аны  ?уантады, соны? н?тижесінде к?сіпкерлер аналы? мал?а субсидия алып, арзан ба?амен жанар, жа?армайларын жинап,  біраз бойларын тіктеп ?алды.

         Иен даланы иітіп, икем даланы келтірген ?ария с?йікті ісімен айналысып, балалары мен немерелеріні? ортасында ба?ытты к?н кешуде. Бар ?мірін е?бек етуге арна?ан арда?ты а?са?алды? ?негелі ??мыры талайлар?а ?лгі болары с?зсіз. Елімізді? е?сесін к?теріп т?р?ан осындай ?арттарымыз ?ой.Даламызды? киесі де осында ?адірлі ?ариялар ар?ылы б?кіл халы??а дарып жат?ан сия?ты к?рінеді.

         Ауылым – алтын бесігім

Ж?регім, жырым сенікі,

Ке?есті далам, ке? далам.

Тудым, ?стім, есейдім,

         Е? далам – анам, мен – бала? - деп а?ын жырла?андай, мені? е? далам, т??ырым - ?аза? елі. Ту?ан ?лкемні? т?нып т?р?ан ?сем к?рінісі бойыма еріксіз ма?таныш сезімін ??яды. Тау етегіндегі ?уыстарды ?уалай ?скен б?талы орманы, тау суын сар?ырата ке? дала?а алып ?аш?ан ?зендері, д?н те?ізіне шалын?ан жазы? даласы, т?рт т?лік мал?а т?сін аш?ан ??тты жайлау ?ырлары, к?к жасыл желекке б?ленген ауыл ?йлері бойы?а еріксіз к?ш, ?айрат, еліме деген махббат сезіміне б?лейді.
         Ту?ан жерім – алтын бесігім деп ту?ан елді к?ркейтуде аянбай тер т?ккен елімізді? перзенттеріні? е?бегіне с?йеніп, ?зі? де соларды? ?атарында бол?ы? келеді. 
Хал?ымны? ерлігі – е?бекте, арманы - ?нінде, ?уанышы – к?йінде, ба?ыты – бауырмалды?ында, жасампазды?ы – жар?ын істерінде деп т?сінемін. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?АРТТАРЫН ?АДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДА?ТЫ" (Хабидолданов ?.К)»

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Сәтбаева Шырын 9-сынып оқушысы, Буханова Динара Өсербайқызы

№47 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі


Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.


Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні десек қателеспеген болар едік. Аттың құлағында асыр салып ойнаған халқымыз кең байтақ, дархан даламыздың ауыл – анамыздың перзенті. Ауыл ананың аялы алақанынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, көптеген қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан жоқ па? Кіндік қаны тамып, кірін жуған ауылына ақындар жыр жолдарын, жазушылар сөз қорларын аяды ма?

Ертеректе қойшыларға қоныс болғаны болмаса Қалихан төбені берітінге дейін ел жайламайтын. Салқын болса ызғарын бойына жинап, ыстық болса қуаңшылықтың қаһарына ұшырап жататын. «Ұшқанда қарға қонбайтын» мидай жазық далаға бертін төмен жақтан су келді. 1996 жылы жергілікті азаматы Қалиқан Қабидолданов Бөкен өзенін бөгеп, Қалиқан төбеге дейін 12 шақырымдық канал салды. Көптен бері күңіреніп, көздің тасасында қалып қойған иен дала иесін енді тапқандай құлпырып сала берді. Қалиқан төбе деген жерінде қазір «Калмұхжом-Ахмет» шаруа қожалығы қоныс теуіп отыр.

Қараусыз қалған далаға қарасын болып, қой қоздатып, жылқы жусатып отырған осы бір шаруа қожалығының иесі Қалиқан Қабидолданов. Шығыс Қазақстан облысы Балшынарым ауданы Дүйсебай мешіті ауылында 1937 жылы 1 ақпанда дүниеге келді. Әкесі Кемпірбайұлы Хабидолда, шешесі Жақыпжанқызы Бағжамал. 1941 жылы Хабидолданов Қалиқан 5 жасында анасы дүние салғаннан кейін әкесі екінші рет әйел алады. 1942 жылы әкесі жазғытұрым Ұлы Отан соғысына аттанады, 5 жасында Қалиқанды әкесі жеңгесіне беріп кетеді. Рахила апасымен Сәтек атасы асырап жеткізеді. 1943 жылы әкесі жараланып қайтып келеді.1945 – 1947 жылдар аралығында яғни 8-9 жасында бақыршық болды, шахтадан шығарылған авалдан металл терді, 1947 жылы 10 – 11 жасында меншік сиыр бағуға болысты.1963 жылы 1 желтоқсанда 16 жасында Үлгілі малшы ауылына көшіп келіп транспорт болып шөп тасып, мая салды.1953 жылы көмекші болды, 1954 жылы мал бақты. 1955 жылы бойдақ мал алып Тарғабатайға малшы болды.

1956 жылы ауылдан 3 айлық трактордың оқуын бітірді. Комбайында, тракторда жұмыс істеді. 1960 жылы трактордың бригадир оқуын оқып бітіріп, 1961 жылы пом бригадир жұмысын атқарды. 1961 жылы қазан айында Самарда жүргізушінің оқуын бітірді. 1964 жылы партия қатарына өтті. 1961 жылы ауданда депутат, 1968 жылы Москваға ауыл шаруашылық көрмесіне барып, Обком партиясының құрамында кандидат, 1970ж Қазақстанның 13 сьезінің делегаты болды. 1985 жылы аренда құрды, Бақша салды Арендатор болып жұмыс істеді.1995 жылы «Жеке меншік» шаруа қожалығына шықты.

Базарлы балалық шағын осы Үлгілімалшы ауылының құмына аунап өткізіп, 16 жасынан мал бағып, еңбекке араласқан. Өмір бойы осы ауылда аянбай еңбектенген ақсақалдың өткен күнге өкпесі жоқ. Кеңшардың тракторын айдап, атақты механизатор болды. Еткен еңбегінің жемісін де көрді. 1966 жылы егін бітік шығып, жоғарғы атақ «Ленин» орденін иеленген, бүгінгі күні үлгілімалшылықтар аңыз қылып айтады.

1992 жылы зейнеткерлікке шыққан қария ауылдастарының басын қосып жеке шаруашылықтың жұмысын дөңгелетті. Ал 1996 жылы еңбекпен тәрбиеленген балаларымен бірге жеке кәсіп бастауға бел буып, Қалиқан ақсақал « Қалмұхжом-Ахмет» шаруа қожалығының жұмысын қолға алады. Алдымен «Қалиқан» төбеге канал тартып, қарбыз егумен айналысты.

Өмір бойы кеншарда жұмыс істегенін, осы жерге су әкеліп, «Иен даланы игерсем» деп арман еткен. Су- өмірдің нәрі, су болған жерде байлық та, жақсылық та қатар жүреді. Адам баласы айналысатын жұмыстың саласы көп. Соның ішінен өз қолыңнан келетінін таңдай білген жөн. Қазіргі уақытта шаруашылықта 36 адам жұмыс істейді. Шаруашылықта барлығы 2058 гектар аумақта жер бар. Оған күнбағыс, бидай арпа, сұлы, жүгері және қарбыз егеді. 2008 жылдан бері қазақтың қызыл қасқа тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын асыл тұқымды шаруашылық статусына ие болды. Бүгінгі уақытта шаруашылықта 750 бас ірі қара мал, 1950 бас қой, 280 бас жылқы асырап отыр. 22 бірлік техника жұмыс істейді. Оны да жыл сайын жаңартып, жұмысты жеңілдетуге арналған заманауи технологияларды қолдануға тырысады. Биылғы жылы Ресейден су жаңа 2 «Енисей» комбайн сатып алды.

Шаруа қожалығының малшылары мен жұмысшыларына арнап осы жерден үй тұрғызды. Жанында жаз мезгілінде отыратын сарайы бар. Қыстың қытымыр күндерінде мал қамайтын ескілеу баздың жанынан шатырланған баз бой көтерді. Ауыз судан тапшылық жоқ. Үй жанында құдық, бір ұңғыма құдығы бар, жарық жан – жақтағылармен байланысатын телефон бар. Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні жапан даладағы жалғыз үйдің жағдайы жаман емес.

Қазіргі уақытта шарушылыққа жұмысшы қолы жетпей. Жыл өткен сайын кеңейтіп, ауқымды арттырғысы келеді, бірақ жұмыс істейтін мамандарды табу қиынның қиыны. Жастар болса еңбек етуден қашады. Қазіріг заманда еңбек етем деген адамға барлық жағдай бар. Жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүргісі келіп, мол ақшаның астында қаламыз деп қалаға аттанған жастардың барлығы бірдей жайлы өмір сүріп жатыр деп айта алмайсың. Тапқанын тұратын пәтеріне төлеп, ас-суын қарызға алып күнелтіп жүретіндерді көргенде, жатар орны тегін, ішер асы үзілмейтін ауылды аңсап кететіні рас. Орайын тапсаң ауылда отырып та қаладағыдан да артық өмір сүруге болады. Тек ерінбей еңбек ету керек.

Елімізде соңғы жылдары ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге көп көңіл бөлініп, қолдау көрсетіліп жатқаны қуантады, соның нәтижесінде кәсіпкерлер аналық малға субсидия алып, арзан бағамен жанар, жағармайларын жинап, біраз бойларын тіктеп қалды.

Иен даланы иітіп, икем даланы келтірген қария сүйікті ісімен айналысып, балалары мен немерелерінің ортасында бақытты күн кешуде. Бар өмірін еңбек етуге арнаған ардақты ақсақалдың өнегелі ғұмыры талайларға үлгі болары сөзсіз. Еліміздің еңсесін көтеріп тұрған осындай қарттарымыз ғой .Даламыздың киесі де осында қадірлі қариялар арқылы бүкіл халыққа дарып жатқан сияқты көрінеді.

Ауылым – алтын бесігім

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңесті далам, кең далам.

Тудым, өстім, есейдім,

Ең далам – анам, мен – балаң - деп ақын жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді.
Туған жерім – алтын бесігім деп туған елді көркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзің де солардың қатарында болғың келеді. 
Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы - әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмалдығында, жасампаздығы – жарқын істерінде деп түсінемін. 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"?АРТТАРЫН ?АДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДА?ТЫ" (Хабидолданов ?.К)

Автор: Буханова Динара Усурбаевна

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318503


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства