kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Құзіреттілік тәсіл идеясы негізінде жаратылыстану пәндерін оқыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама: Құзіреттілік тәсіл идеясы негізінде жаратылыстану пәндерін оқыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Құзіреттілік тәсіл идеясы негізінде жаратылыстану пәндерін оқыту»

А.Розыбакиев атындағы орта мектеп









Баяндама









Тақырыбы: «Құзіреттілік тәсіл идеясы негізінде жаратылыстану пәндерін оқыту»













Биология пәні мұғалімі: Н.Баситова















Еліміздегі нәтижеге бағдарланған білім беру бағдарламасының жобасында «Оқытудың басты мақсаты оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және оларды жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдері негізінде қазіргі өндірістік технологияларды игеруге, практикалық дағдылар мен түйінді құзыреттерді меңгеруге үйрету болып табылады» делінген. Міне, сондықтан да жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану пәндері бойынша білім беруді дамыту үшiн білім беру стандартында ұсынылған негiзгi қағидалардың, пәнаралық байланыстардың, интеграцияның, үздiксiздiк пен сабақтастықтың, материалды тереңiрек зерделеуге себептесетiн ғылымилық пен жүйелілік аспектiлерінiң ескерiлуi қажет деп есептейміз. Осыған орай оқытудың мақсаты оқу пәндері бойынша білім жүйесін, өзбетінше жұмыс істеуге қажетті біліктілік пен дағдыны, ғылыми дүниетанымды, құлықтық көзқарастарды қалыптастыруды, оқу және еңбек қызметі мен қоғамдық қызметке ынта тудыруды қамтамасыз ететіндей мазмұнды игертуді көздейді. Оқу-тәрбие үдерісінде пәннiң мазмұны оқытудың әдiстерi, тәсiлдерi, формалар жүйесiнiң және оқыту жағдайы мен оқушылардың қоғамдық пайдалы iс-әрекеттерiнiң көмегiмен жүзеге асырылады. Оқыту мен тәрбиенiң мазмұндық және процессуалдық жақтарының дәл осындай бiрлiгi, олардың мақсатының тағайындалуы, педагогикалық бағдар оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды қамтамасыз етедi. Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетiлдiрудiң негiзіне құзыреттілік тәсiлдi алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттігі көрсетілген. «Білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда құзырет ұғымы ерекше орын алады. Зерттеушілердің пікірі бойынша құзырет тек білімге ғана емес, біліктілікке (теңдес болмағанымен) көбірек сай келеді және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектепте оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді. Құзыреттілік деп, көбінесе, тұлғаның қызметке өзбетімен әрі үздік араласуға бағдарланған жалпы қабілеттілігінде, оның оқуы және әлеуметтенуі барысында алған білімдері мен тәжірибесіне негізделген іс-әрекетке дайындығында көрініс беретін кіріктірілген сапасын түсінеді.

Мұғалім жаңа материалды беруге, оқушылардың оны қайталап айтып беруіне сүйене отырып, білім береді, біліктілік пен дағдыны қалыптастырады және осы білімді қайта жаңғыртуды бағалайды. ДО-дың репродуктивті сипаты бар, білім мен іс-әрекет тәсілдері оқушыларға дайын күйінде беріледі, яғни қайталап айтып беру үшін меңгеріледі. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір мүмкін формасы ретінде сақталады, бірақ сабақты ұйымдастырудың басқа сыныптан тыс формаларын – сессия, жоба бойынша топтар құру, өзбетінше кітапханада немесе компьютер сыныптарында жұмыс жасау және т.с.с. қолдануды кеңейтуге мән беріледі. Сабақ үшін материалды ұйымдастырудың негізгі бірлігі модуль болып табылады. Сондықтан құзыреттілікке бағдарланған білім беру аясында оқу кітаптарының құрылымы басқаша болады, яғни ол сабақты неғұрлым аз уақыт ішінде (10-70 сағат аралығында) ұйымдастыруға арналады, олардың құрылымы сабақ сияқты емес, блоктар (модульдер) түрінде беріледі. Басты идея Талап қою педагогикасы идеясына негізделеді (бұл оны авторитарлық ретінде бағалауға жол береді). Үздік оқушы үшін тілалғыштық және жетістіктерге ынталандыру (белсенділік пен тілалғыштық) идеясын үйлестіру көзделеді. Мүмкіндіктер педагогикасы идеясына сүйенеді, құзыреттілік мотивациясы негізіне тұлғаны дамытудың болашақ мақсаттарына сәйкес келу және бағдарлану жатады. Мұғалімнің ролі Инициативалы және жауапты тұлға, төреші, ақылшы, «қасиетті білімді» тасымалдаушы, сол білім үзінділерін ең жақсыларға жеткізуші. Мұғалім білім монополиясын меншіктеуге тырыспайды, ол ұйымдастырушы, кеңесші, «ойын ережесін» түсіндіруші, «желі әкімшілігі» позициясын ұстанады, ол тек процесті ұйымдастырады. Оқушының ролі Бағынышты, жауапкершіліксіз, педагогикалық әрекет объектісі Оқушы өз жетістігі үшін жауап береді, өзбетімен даму субъектісі, оқыту процесіндегі педагогикалық өзара әрекетте түрлі орын алады. Бақылау Орталықтандырылған және көпдеңгейлі бақылау идеясы негізге алынады, мұнда мұғалім бақылауды дәстүрлі 5-баллдық жүйемен жүзеге асырады, ал мұғалімді бақылау нұсқаулардың барлық пунктіне қатысты «орындалды – орындалмады» сызбасы бойынша орындалады. Мұғалімнің ішкі бақылауын қосымша өзін-өзі бақылаумен және өзін-өзі бағалаумен, оқу іс-әрекетінің берілетін өнімдерін сыртқы сараптық бағалаудың маңыздылығымен толықтыруды талап етеді, бағалаудың рейтингілеу, жинақтау жүйесі, оқушының өзін және өзінің мектептен тыс жетістіктерін көрсету құралы ретінде портфолио құру неғұрлым лайықты саналады. Негізгі бағдар «Орташа оқушы». Жетістік деңгейі жағдаятқа қарай «орташа көрсеткіш» бойынша өлшенеді. Оқушы жетістігінің мүмкін өрісіндегі көпдеңгейлі өлшем туралы айтылады. Оқыту нәтижесі Білімдер мен біліктіліктердің белгілі бір жиынтығы, тұрақты қоғам жағдайында жеткілікті дәрежеде тиімді қызмет ететін тұлға, бұның көрсеткіші оқушының «сүзгіден» (әр түрлі өтпелі сынақтардан) үздік өтуі. Оқытудың белгіленген нәтижесі үлгіні бұрмаламай, дәлме-дәл қайталауды көздейді, нәтиженің үздік болуы эталонмен салыстыру арқылы анықталады. Оқытудың келесі кезеңінде өзбетінше өнімді және жауапты әрекет етуге дайын болу, «сүзгі» – құзыреттілікті көрсететін орын. Процестің орталық бөлігі ретіндегі репродуктивтіліктен бас тартатындықтан, оқыту нәтижесі процестен бөлек («Бір нәрсені түсіндіреміз, бірақ басқа нәрсені де сұраймыз»). Шын мәнінде эталон сайланбайды, ал оқыту мен оның нәтижесін бақылау стандарт емес жағдайларда жүргізіледі. Кестедегі мәліметтерден құзыреттілік тәсілдің білім беру процесіне тұлғалық мағына беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей тәсіл болып табылатынын көреміз. Құзыреттілік тәсіл – бұл білім беру нәтижесіне баса көңіл бөлетін тәсіл, оның үстіне нәтиже ретінде меңгерілген ақпарат жиынтығы емес, адамның әртүрлі проблемалық жағдаяттарда әрекет етуге қабілеттілігі. Басқаша айтқанда, Құзыреттерді меңгерген түлектің қабілеттерін, яғни оның қандай іс-әрекет тәсілдерін игергенін, не істей алатынын, неге дайын екенін анықтау – құзыреттілік тәсіл деп аталады. Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету әлеуетін, қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игертуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді. Құзыреттілік тәсілдің шығуына себепші болған проблема бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнының «қазіргі заманғы экономика мен өркениеттің сұранысына» сәйкес болмауынан туындап отыр дейді И.Д.Фрумин. Олай болса, құзыреттілік тәсіл – бұл жаппай мектептер мен еңбек нарығының қажеттіліктерін сәйкестікке келтіруге талаптанып жасалған қадам іспеттес. Т.М.Ковалева құзыреттілік тәсілді «мектепте білім беруге деген ашық тапсырыс идеясымен» байланыстыра отырып былай дейді: «алғаш рет бұндай тапсырыс берушілер қатарында іскер адамдар (бизнесмендер), кәсіпкерлер, саясаткерлер және т.с.с. құзыреттіліктер тілінде сөйлеушілердің барлығының фигуралары талқылана бастады. Демек, қазіргі мектеп үшін құзыреттілік тәсіл идеясы – бұл, ең алдымен, білім беру мазмұнына ашық тапсырыс идеясы». Басты проблема жалпы білім беру жүйесінің тиімсіздігінде болып отыр. Бұл тиімсіздік білім беру жүйесінің өзінен тыс жерде маңызды нәтижелердің көзге көрінбейтіндігінен байқалады. Басқаша айтқанда, мектепте оқылғандар сол мектепте ғана қажет, ал басқа еш жерде қажет емес Құзыреттілік тәсіл жалпы білім беру мақсаты мен мазмұнын анықтауда мүлдем жаңа нәрсе емес. Біліктіліктерді, іс-әрекет тәсілдерін және, әсіресе, әрекеттің жалпылама тәсілдерін меңгертуге бағдарлану М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевский, Г.П.Щедровицкий, В.В.Давыдов сияқты педагогтар мен психологтардың және олардың ізбасарларының еңбектерінде жетекші рольге ие болды. Эльконин – Давыдовтардың дамыта оқытудың теориясы мен практикасы, шын мәнінде, компетенттік тәсілдің алғашқы қадамы болды. Соған жақын идеялар Скаткин – Лернер – Краевский дидактикалық мектебінде жасалды, онда білім мазмұнына дербес компоненттер ретінде шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық қатынастар тәжірибесі енгізілді. Басқаша айтқанда, олар білім және біліктілікпен қатар, білім берудің өзіндік нәтижесі ретіндегі тәжірибе идеясын ұсынды. Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін (түрін, нұсқасын, желісін, бағытын) ажыратады: • тұйінді құзыреттер; • жалпыланған пәндік біліктіліктер; • қолданбалы пәндік біліктіліктер; • өмірлік дағдылар. Біріншісі – пәннен кең сипаттағы түйінді құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады. Бұл желіге, мысалы, мәтінді түсіну, әртүрлі текті ақпараттарды өңдеу, топта әрекет ету біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық технологиялары жатады. Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың екінші желісі пәндік сипаттағы жалпыланған біліктіліктерді қалыптастырумен байланысты.. Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың үшінші бағыты бүкіл мектептік білім берудің қолданбалы, практикалық сипатын күшейту болып табылады. Бұл бағыт оқушы мектепте алған білімдерінің қандай нәтижелерінің мектептен тыс жерлерде пайдалана алады деген қарапайым сұрақтан туған. Бұл бағыттың мәні мектепте оқылғанның бәрі болашақта тиімді болуы керек, яғни пайдаға асуы тиіс деген ойда. Сонымен бірге бұл желіде, яғни «қолданбалылық» желісінде – қазіргі білім беру мазмұнын елеулі байытып және модернизациялауға мүмкіндік беретін кем дегенде екі күшті идея жатыр. Мұның алғашқысы өте қарапайым. Шын мәнінде бұл білім беру мазмұнының іс-әрекеттік сипатта болу идеясы (тәсілдер туралы білімді емес, әртүрлі тәсілдердің өзін меңгеру қажет). Өте қарапайым мысал келтіруге болады. Мәселен, оқушылардан формуланы білуді, сондай-ақ осы формулаларды қолданып, есептер шығара білуді талап етуге болады. Білім беру мазмұнын осы тұрғыдан қайта қарау өте пайдалы болар еді. Қолданбалылық желісінің екінші идеясы білім беру мазмұнының экономика, ғылым, қоғамдық өмір дамуының заманауи бағыттарына пара-парлығына қатысты. Мәселе мектепте игерілетін білімдер мен біліктіліктердің тұтас бір қатары ешқандай кәсіби жұмысқа қатысты емес. Сол себепті мектептік білім мазмұнын електен өткізіп, қайта қарау қажет. Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төртінші желісі «өмірлік дағдыларды» игеру мәселесін шешу үшін білім беру мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұны өмірде де, жұмыста да пайдаланылатын түрлі қарапайым біліктіліктер спектрі деп түсінуге болады. Көбінесе бұл дағдылар жасөспірім балаларға қажет. Оларға, мысалы, ақша санай білу, қарапайым құжаттарды жазу жатады. Оларды кейде функционалдық сауаттылық деп те атайды. Бұл төрт бағыттың бәрі біздің мектептер үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің құзыреттілігін, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі жұмысқа дайындығын арттыруға себептесетін болады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Құзіреттілік тәсіл идеясы негізінде жаратылыстану пәндерін оқыту

Автор: Баситова Нигара Баситовна

Дата: 26.05.2017

Номер свидетельства: 418821


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства