kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыс?а мерзімді саба? жоспары "Махамбет ?теміс?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?МЖ 10 сынып ?дебиет

Махамбет ?теміс?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы

саба? жоспары, презентация

Махамбет ?теміс?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ?здігінен білім ала отырып, ?зарар білім алмастыру. ?ле?деріні? та?ырыбы мен автор идеясын ашу, ?деби теориялы? т?р?ыдан талдау жасау да?дыларын ?алыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Махамбет Өтемісұлы ашық сабақ Шынар»


«Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебі» КММ














Ашық сабақ жоспары

«Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы»

(10-сынып)













Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Бегайдарова Шынар Данияровна











2015-2016 оқу жылы

Сыныбы: 10 «А»


Қазақ әдебиеті

Күні: 25.09.15

3 - сабақ

Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы


Мақсаты

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздігінен білім ала отырып, өзарар білім алмастыру. Өлеңдерінің тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс нәтижесі

Махамбет Өтемісұлының ақындық, адамдық болмысы, шығармаларының ерекшелігі туралы біледі. Заман талабына сай құрал-жабдықтардығ әдіс-тәсілдерді қолдана алады.

Сілтеме

Алпысбаев Қ. Әдбіғазиұлы Б., Сманов Б., Сәметова Ж. 10-сынып. «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. 30-38 беттер.

Әдістер мен тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды оқыту; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Ресурстар

Постер, түсті қағаз, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут


Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу («Мұғалімдер», «Тілшілер», «Актерлер», «Ғалымдар», «Жазушылар» болып топтарға бөлінеді), мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма

Үйге тапсырма



Ойлауды Блум

бойынша жіктеу

Мақсат

Тапсырма түрі.

Түрткілер.

Нәтиже

Сергіту сәті

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу

«Сәлем - сөздің атасы» тренинг өткізу

· Сәлем достым (қол беріп амандасу)

· Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

· Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

· Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

· Сен келдің (қолдарын жаяды)

· Жақсы болды (қатты құшақтайды)


Оқушылардың көңіл-күйлері жақсарады. Сабаққа деген ынтасы оянады


Білу

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптар бойынша білімін анықтау.



Дулат Бабатайұлы тақырыбы бойынша алған білімдерін «Ыстық орындық» әдісімен тексеру

Өткен тақырып бойынша алған білімдерін көрсетеді.

Түсіну

Автордың өмірі мен шығармашылығынан түсінік беру

Жаңа сабақ тақырыбын өздігінен білім алу әдісі арқылы жүзеге асырылады

«Зерттеуші шеберханасы»

І топ. «Мұғалімдер»: «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы» компьютерде таныстырылым жасау.

ІІ топ. «Ғалымдар»: Кітапханадан, интернет желісінен тың материал тауып, таныстырылым жасау.

ІІІ топ. «Ақындар»: «Менің атым - Махамбет» өлеңін жаттау, тақырыбы мен идеясын ашу.

ІVтоп. «Тілшілер»: Сұхбат алу (Мектептегі қазақ тілі мен әд.пәні мұғалімдерінен, кітапханашыдан, тарихшылардан, т.б тақырыпқа байланысты сұхбат алады)

V топ, «Жазушылар»: «Махамбет – жалынды ақын» Эссе жазу

Дайындап келген тапсырмаларды орындай отырып, тақырыпты меңгереді.

Сергіту сәті

«Жұмыр қылыш» сергіту сәтін өткізе отырып, әрі оқушыларды қызықтыру, әрі жаңа сабақ мазмұнын аша түсу

«Ұлытау» тобының орындауындағы Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр қылыш» күйіне сергіту сәтін жүргізу

Сергіту сәтінде берілген қимылдары орындай отырып, Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдайды

Қолдану

Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындау дағдысын дамыту.

Топпен жұмыс.

«Атадан туған аруақты ер» өлеңімен жұмыс жасау.


Атадан туған аруақты ер

Жауды көрсе, жапырар

Үдей соққан дауылдай.

Жамандарға қарасаң,

Малын көрер жанындай.

Жүйрік аттың белгісі

Тұрады құйрық-жалында-ай.

Айтып-айтпай немене,

Халық қозғалса,

Тұра алмайды хан тағында-ай!

Сатылай кешенді талдау жасау
1-топ. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.

2-топ. Өлеңді құрылысына қарай талдау. (1-шумақ)

3-топ. Өлеңді құрылысына қарай талдау. (2-шумақ)

4-топ. Әдеби теориялық ұғымдарды анықтау

5-топ. Өлең мазмұнын постерге түсіру.

Тапсырмалар орындай отырып біліктілік дағдыларын дамытады.

Жинақтау


Жаңа тақырып бойынша білімін нақтылау.

«Раунд-Робин» әдісі арқылы оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін анықтау, нақтылау.

Сабақ барысында алған мәліметтерді бірін-бірі қайталамай, бір сөйлеммен жеткізу.


Сабақ барысында алған білімдерін нақтылайды

Бағалау

Алған білімнің құндылығын бағалау

Рефлексия «Тілек ағашы».

Тілек ағашы арқылы сабақ барысын бағалайды.


Алған білімнің құндылығы бағаланады.

















Бағалау парағы

«Мұғалімдер» тобы


Оқушының аты

«Ыстық орындық»

«Зерттеуші шеберханасы»

Өлеңмен жұмыс

«Раунд-Робин»

Бағалау

1

Арыстанова Мадина





2

Ершетаева Ұлдана






3

Жұмағалиев Ғали






4

Кушербаева Ақмарал






5

Сабитова Аниса








Бағалау парағы

«Ғалымдар» тобы


Оқушының аты

«Ыстық орындық»

«Зерттеуші шеберханасы»

Өлеңмен жұмыс

«Раунд-Робин»

Бағалау

1

Серкебаева Камила





2

Абдикеров Нұржан






3

Муйнанова Айкен






4

Хидуанова Қымбат








Бағалау парағы

«Ақындар» тобы


Оқушының аты

«Ыстық орындық»

«Зерттеуші шеберханасы»

Өлеңмен жұмыс

«Раунд-Робин»

Бағалау

1

Жанахметова Гауһар





2

Бердимуратова Балауса






3

Жарылқасынов Сейтжан






4

Серикбаева Жанниет






5

Сакенов Бекнұр







Бағалау парағы

«Тілшілер» тобы


Оқушының аты

«Ыстық орындық»

«Зерттеуші шеберханасы»

Өлеңмен жұмыс

«Раунд-Робин»

Бағалау

1

Ешназарова Лаура





2

Дарханова Нуриза






3

Кенжебекова Таңшолпан






4

Қалдыбаева Айжан






5

Рахманбердиева Ақмарал






Бағалау парағы

«Жазушылар» тобы


Оқушының аты

«Ыстық орындық»

«Зерттеуші шеберханасы»

Өлеңмен жұмыс

«Раунд-Робин»

Бағалау

1

Наурызбаева Альбина





2

Жарылқасынова Малика






3

Иржанова Аяжан






4

Мылтықбаева Айгерим






5

Сарсенбаева Гүлнұр












































Менің атым - Махамбет


Менің атым - Махамбет,

Жасқұстағы Жәңгір хан

Ісінен болдым құса-дерт.

Атасы өткен Айшуақ

- Соның көзі көрді ғой:

Менің атам Өтеміс

Елдің қамын жеді ғой.

Біз бір енеден бір едік,

Бір енеден екі едік

- Екеуіміз жүргенде,

Бір-бірімізге ес едік.

Бір енеден үш едік

- Үшеуіміз жүргенде,

Толып жатқан күш едік.

Бір енеден бес едік

- Бесеуіміз жүргенде,

Алашқа болман деуші едік.

Өтемістен туған он едік

- Онымыз атқа мінгенде,

Жер қайысқан қол едік!

Біз ер едік, ер едік,

Ен Нарында жүргенде

Талма талтүс шағында

Тай жеген тарлан бөрі едік...

Біздің жайды сұрасаң,

Ерте көшіп, кеш қонған

Санаулы сәнді орданың бірі едік!

















МҰҒАЛІМДЕР























ҒАЛЫМДАР





АҚЫНДАР





ТІЛШІЛЕР





ЖАЗУШЫЛАР










Атадан туған аруақты ер


Атадан туған аруақты ер

Жауды көрсе, жапырар

Үдей соққан дауылдай.

Жамандарға қарасаң,

Малын көрер жанындай.

Жүйрік аттың белгісі

Тұрады құйрық-жалында-ай.

Айтып-айтпай немене,

Халық қозғалса,

Тұра алмайды хан тағында-ай!


Атадан туған аруақты ер


Атадан туған аруақты ер

Жауды көрсе, жапырар

Үдей соққан дауылдай.

Жамандарға қарасаң,

Малын көрер жанындай.

Жүйрік аттың белгісі

Тұрады құйрық-жалында-ай.

Айтып-айтпай немене,

Халық қозғалса,

Тұра алмайды хан тағында-ай!



Авторы


Тақырыбы


Жанр түрі


Идеясы


Тәрбиелік мәні



Шумақ


Тармақ


Бунақ


Буын саны


Ұйқас түрі



Шумақ


Тармақ


Бунақ


Буын саны


Ұйқас түрі



Әдеби - теориялық ұғымдар


Теңеу



Эпитет








Менің атым - Махамбет


Менің атым - Махамбет,

Жасқұстағы Жәңгір хан

Ісінен болдым құса-дерт.

Атасы өткен Айшуақ

- Соның көзі көрді ғой:

Менің атам Өтеміс

Елдің қамын жеді ғой.

Біз бір енеден бір едік,

Бір енеден екі едік

- Екеуіміз жүргенде,

Бір-бірімізге ес едік.

Бір енеден үш едік

- Үшеуіміз жүргенде,

Толып жатқан күш едік.

Бір енеден бес едік

- Бесеуіміз жүргенде,

Алашқа болман деуші едік.

Өтемістен туған он едік

- Онымыз атқа мінгенде,

Жер қайысқан қол едік!

Біз ер едік, ер едік,

Ен Нарында жүргенде

Талма талтүс шағында

Тай жеген тарлан бөрі едік...

Біздің жайды сұрасаң,

Ерте көшіп, кеш қонған

Санаулы сәнді орданың бірі едік!

Арғымақтан туған қазан ат,

Шабуыл салса нанғысыз.

Қазан аттан туған қаз мойын,

Күніне көз көрінім жер шалғысыз.

Айырдан туған жампоз бар,

Нарға жүгін салғысыз.

Аруанадан туған мая бар,

Асылын айуан десең нанғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда,

Жарамды бір теріге алғысыз.

Тайманның ұлы Исатай

Ағайынның басы еді,

Алтын ердің қасы еді;

Исатайды өлтіріп,

Қырсық та шалған біздің ел!




Просмотр содержимого презентации
«мұғалімдер»

Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы

Махамбеттің жастық шағы    Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында туған.  Махамбет жас кезінде хан ордасында болған. Арабша да, орысша да хат білген.  Еліне емірене қызмет етуді бүкіл ғұмыр-тіршілігінің мазмұны деп білген, Махамбет «қолына қоңыраулы найза алып», асқақ жырымен Исатай басшының соңынан ерді. 1829 жылы ол түрмеге қамалады. Бұл оқиға намысты, өр жанның ханға қарсылығын онан сайын өршіте түседі. Үлкен айқас 1836 жылы 14 сәуір күні Қиялымола деген жерде болады.  1837 жылы 2 қараша күні Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай ордасына екінші рет аттанады. Исатай қазасынан және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде. Исатай қазасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыққа сәл бой алдырады.  Ақын өлеңдерінің ерекшіліктері. Махамбет – лирик ақын. Оның лирикаларының өзекті арқауы- елді ерлік күреске үндеу. Махамбеттің ерлікке толы «Ереуіл атқа ер салмай» , «Беркініп садақ асынбай» , «Толарсақтан саз кешіп» сияқты өлеңдері - шынайы саяси лирика.

Махамбеттің жастық шағы

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында туған.

Махамбет жас кезінде хан ордасында болған. Арабша да, орысша да хат білген.

Еліне емірене қызмет етуді бүкіл ғұмыр-тіршілігінің мазмұны деп білген, Махамбет «қолына қоңыраулы найза алып», асқақ жырымен Исатай басшының соңынан ерді. 1829 жылы ол түрмеге қамалады. Бұл оқиға намысты, өр жанның ханға қарсылығын онан сайын өршіте түседі. Үлкен айқас 1836 жылы 14 сәуір күні Қиялымола деген жерде болады.

1837 жылы 2 қараша күні Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай ордасына екінші рет аттанады. Исатай қазасынан және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде. Исатай қазасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыққа сәл бой алдырады.

Ақын өлеңдерінің ерекшіліктері. Махамбет – лирик ақын. Оның лирикаларының өзекті арқауы- елді ерлік күреске үндеу. Махамбеттің ерлікке толы «Ереуіл атқа ер салмай» , «Беркініп садақ асынбай» , «Толарсақтан саз кешіп» сияқты өлеңдері - шынайы саяси лирика.

Махамбет жырларындағы ерлік тақырыбы қос бейне арқылы ашылады: көтеріліс басшысы Исатай бейнесі және өз бейнесі. Олардағы қайсарлық, ер мінез – барша жауынгерге, бүгінгі ұрпақ сарбаздарына ғажайып өнеге.  Құдайлады хан ұлы,  Іздеген жауы біз болып,  Жау қарасы көрінді,  Жиылған әскер білінді,  Исатай – басшы, мен – қосшы.  Исатайдың сол күнде  Ақтабан аты астында,  Дулығасы басында,  Зығырданы қайнайды.
  • Махамбет жырларындағы ерлік тақырыбы қос бейне арқылы ашылады: көтеріліс басшысы Исатай бейнесі және өз бейнесі. Олардағы қайсарлық, ер мінез – барша жауынгерге, бүгінгі ұрпақ сарбаздарына ғажайып өнеге. Құдайлады хан ұлы, Іздеген жауы біз болып, Жау қарасы көрінді, Жиылған әскер білінді, Исатай – басшы, мен – қосшы. Исатайдың сол күнде Ақтабан аты астында, Дулығасы басында, Зығырданы қайнайды.

Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі

Махамбет өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері    Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.  Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің

Махамбет өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері

Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің "Соғыс", "Мінкен ер", "Баймағамбет сұлтанға айтқаны", "Исатай сөзі" деген өлеңдерінде айқын сезіледі.

Махамбет қазақ халқының сыншыл реалистік,  романтикалық толғау ақыны.  Махамбет заман шындығынан бірден бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын. Оның реалистігін әрбір өлеңінен көреміз. Халық бақыты, ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулық болуы мүмкін емес еді. Махамбеттің «Соғыс» өлеңі де сол замандағы ұрыс құралы мен қаруланған патша үкіметінің Гекке патша әскерімен қанды шайқасқа түскен шешуші айқасты бейнелейді. Исатайдың қалың қолы осы жерде топтасқан. Айбарлы жасақ жауына оқ болып атылуға әзір. Сол сәтті ақын: Әскер жиып аттандық Бекетай еді тұғырым Айғайлап жауға тигенде Ағатай Беріш ұраным Бекетай құмға ел қонып Байбақты жүніс аттанды,-

Махамбет қазақ халқының сыншыл реалистік,  романтикалық толғау ақыны.

  • Махамбет заман шындығынан бірден бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын. Оның реалистігін әрбір өлеңінен көреміз. Халық бақыты, ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулық болуы мүмкін емес еді. Махамбеттің «Соғыс» өлеңі де сол замандағы ұрыс құралы мен қаруланған патша үкіметінің Гекке патша әскерімен қанды шайқасқа түскен шешуші айқасты бейнелейді. Исатайдың қалың қолы осы жерде топтасқан. Айбарлы жасақ жауына оқ болып атылуға әзір. Сол сәтті ақын:

Әскер жиып аттандық

Бекетай еді тұғырым

Айғайлап жауға тигенде

Ағатай Беріш ұраным

Бекетай құмға ел қонып Байбақты жүніс аттанды,-

  • деп бейнелейді. Бекетай құмындағы ұрыста ол барынша реалистілікпен көрсеткен. Көз алдында қанды майдан, қырғын өлім. Өрттей лаулаған жау. Ол мейірімсіз. «мылтығын қардай боратып», қамалды бұзып жауар бұлттай түйіле, найзағайдай атыла сөйлейді, ерлік мінезінен қайтпайды. Ақынның «Баймағанбет сұлтанға» деген толғауы ешбір бүкпесіз өзінің нағыз шын сыры ретінде реалистік тебіреніспен суреттеледі. Хан- сұлтанның торына түсіп алданып, қапы қалғанын, сөйтсе де өзінің бас имейтінін, алған бетінен қайтпайтынын именбей айтады:
  •  
Махамбет- суырыпсалма ақын

Махамбет- суырыпсалма ақын

  • ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарыны ерекше. Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды. Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады.
  • Махамбет күйінің бір бояудан ғана тұрмайтынын қапысыз таныта алатын шығармалар санатына «Жұмыр, Қылыш» пен «Қайран Нарынды» жатқызуға болады. Орындаушылар «Жұмыр, Қылышты» Исатайдан айрылып, жалғыз жортқан Махамбетті Баймағамбет сұлтанның қанды қақпанынан құтқарып қалған байбақты батырлары Жұмыр мен Қылышқа арналған деседі. Осылай болуы ғажап емес. Күйде шалт қимылды батырлыққа лайық аршынды ырғақ, адуын серпін бар. Ол күмбірлей төгілген қоңыр сазбен ара жігі білінбей әдемі жымдасқан. Ал, «Қайран Нарын» Махамбеттің ақындық творчествосының басты арнасына айналдырған туған ел, туған елдің мүддесі мен мерейі жолындағы кес-кесте ұрыс тақырыбына арналған. Күйден «аһ» ұрған зар, қайнаған ыза, езілген мұң, серпілген арман, ашылған күндей шуақты қиял қатар білінеді. Ақыры жетті күн бүгін, Ақырып теңдік сұраған. Түнектің түріп түндігін, Ат міндің сұлу құладан. Парызың бүгін өтелген, Әр ізің жатыр жаңғырып. Азаттық туын көтерген, Ақынның жыры мәңгілік!

Уа , Нарын

  • Абайламай айрылдым   Аржақтағы елімнен -  Анау Нарын деген жерімнен.  Тірі кеттім демеймін -  Кем болмады өлімнен.  Теңім үлгі алмады  Аузымдағы желімнен.  Істеген ісім кетті далаға.  Қашан өтіп шығам деп,  Қайғырамын мен-дағы  Жайықтан арғы жағаға.  Басқа қысым түскен соң  Қайрылмастай күн болды  Қатын менен балаға,  Ата менен анаға.  Барсаң, сәлем айта бар -  Жаудан аман бас қалса,  Қара орман малым садаға!  Біткен істің міні жоқ  Атай да Матай екі құм,  Шауып келсем басыңа,  Көзім түсер елім жоқ.  Елім-күнім - екі атым,  Еңіреп келсем, тілің жоқ. 

Біткен істің міні жоң,  Бітірген ердің кемі жоқ,  Тура ажалдың емі жоқ.  Арқада жортқан ақ киік -  Атып алып, етін жеп,  Ішіп қандым сорпасын -  Сапырулы сары быладан  Еш те бір жерде кемі жоқ.  Жасыл ала үйрек, қоңыр қаз  Жайқай ұшқан көлде жоқ.  Тар қолтықтан оң тисе,  Тарыққанда қайрылар  Қарындасым менде жоқ.  Балдағы алтын ақ болат -  Салайын десем, қын да жоқ.  Қанатынан қайрылып,  Ит алған қуда сын да жоқ.  Мен - тауда ойнаған қарт марал  Мен - тауда ойнаған қарт марал,  Табаным тасқа тиер деп,  Саңсынып шыққан қиядан.  Қайыңның басын жел соқса,  Қаршыға құс қайғырар,  Балапаным суға кетер деп,  Мамығын төккен ұядан...  Ол-дағы біздей болған сорлы екен!

Жалынға толы жырлары

Жалынға толы жырлары

  • Махамбеттанушы ғалым Оңайгүл Тұржанның «Махамбет – нейролингвистикалық тұрғыдан да, тұжырымдамалық тұрғыдан да шексіз зерттеле беруге қабілетті әлем» деуінің өзі - ақ көп жайттан хабар беріп тұрған жоқ па? Немесе төрт жарым ғасырдан бері ағылшындар ұлы Шекспирді зерттеуін жалғастырып, шегіне жете алмаса, демек оның ұлт тәрбиесіне қатыстылығы жоғары деңгейде болғаны. Ендеше неге Махамбет жырларының сырына әлемдік дәрежеде үңілмеске? «Шандоз» атты еңбегінде заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбаев: «... табиғаттан қалаған уақытында табыла бермейтін асылдай аса сирек кездесетін құбылысқа» балайды. Тіпті «ондай құбылыс тек қазақ түгіл, барша адамзаттың ғұмырында да көп кездесе бермегендігін» де ерекше атап өтеді. Оның «Махамбет – кәдімгі он екі жілік, бір мығым жұмыр басты пенденің ертегідегідей аңызға айналуының, тек ертегіде ғана кездесетін ғажайып ерлердің қайтадан шындыққа айналуының таптырмас бір мысалы» дегенінен - ақ ұлы ақын жанын түсінуге, зерттеуге қаншалықты қажыр - қайрат пен сезім тереңдігі керек екенін болжау қиын емес. Махамбет ұлттық идеямызды насихаттауымыздың басты тірегі болуға тиіс. Егемен еліміздің тізгінін ұстар болашақ ұрпақ Махамбет жырларымен сусындап, ондағы ерлік сезімімен қаруланулары шарт. Ондағы отансүйгіштік қуат аса жоғары деңгейде. Белгілі бір көтерілудің нәтижесі, яғни қуаты өз дәрежесінде үлкен патшалықты жоюға дейін апаратыны сияқты өлең қуатының да соншалықты деңгейдегі қасиеті болатынын ескеру де керек болар. Кез келген қоғамда поэзияның орны жоғары. Ол қоғамға қажеттіні дәл таппайтын ба еді? Өйткені поэзия қуатты сөзден тұрмақ. Ерлік пен елдік, көркемдік, махаббат, адами қажеттіліктер – бәрі - бәрін іздесең, поэзия ғана танытар. Поэзия елге, қоғамға қызмет етуге тиіс. Махамбет жырларын түсіну рухани баюға тәрбиелейді. Жылатпайды, жігерлендіреді, күңірентпейді, қуаттандырады, үрейлендірмейді, шабыттандырады. Мұндайда жауынгер ақын жырларының қуатын зерделейік.

Просмотр содержимого презентации
«махамбет өтемісұлы»

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

Махамбет Өтемісұлының

өмірі мен шығармашылығы

«Сәлем – сөздің анасы»

«Сәлем – сөздің анасы»

«Зерттеуші шеберханасы» І топ. «Мұғалімдер»: «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы» компьютерде таныстырылым жасау.  ІІ топ. «Ғалымдар»: Кітапханадан, интернет желісінен тың материал тауып, таныстырылым жасау.  ІІІ топ. «Ақындар»: «Менің атым - Махамбет» өлеңін жаттау, тақырыбы мен идеясын ашу.  ІV топ. «Тілшілер»: Сұхбат алу (Мектептегі қазақ тілі мен әд.пәні мұғалімдерінен, кітапханашыдан, тарихшылардан, т.б тақырыпқа байланысты сұхбат алады)  V топ. «Жазушылар»: Эссе жазу

«Зерттеуші шеберханасы»

І топ. «Мұғалімдер»: «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы» компьютерде таныстырылым жасау.

ІІ топ. «Ғалымдар»: Кітапханадан, интернет желісінен тың материал тауып, таныстырылым жасау.

ІІІ топ. «Ақындар»: «Менің атым - Махамбет» өлеңін жаттау, тақырыбы мен идеясын ашу.

ІV топ. «Тілшілер»: Сұхбат алу (Мектептегі қазақ тілі мен әд.пәні мұғалімдерінен, кітапханашыдан, тарихшылардан, т.б тақырыпқа байланысты сұхбат алады)

V топ. «Жазушылар»: Эссе жазу

«Жұмыр қылыш»

«Жұмыр қылыш»

«Атадан туған аруақты ер» Атадан туған аруақты ер Жауды көрсе, жапырар, Үдей соққан дауылдай. Жамандарға қарасаң, Малын көрер жанындай. Жүйрік аттың белгісі Тұрады құйрық-жалында-ай. Айтып-айтпай немене, Халық қозғалса, Тұра алмайды хан тағында-ай!

«Атадан туған аруақты ер»

Атадан туған аруақты ер

Жауды көрсе, жапырар,

Үдей соққан дауылдай.

Жамандарға қарасаң,

Малын көрер жанындай.

Жүйрік аттың белгісі

Тұрады құйрық-жалында-ай.

Айтып-айтпай немене,

Халық қозғалса,

Тұра алмайды хан тағында-ай!

Сатылай кешенді талдау жасау  1-топ. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.  2-топ. Өлеңді құрылысына қарай талдау. (1-шумақ)  3-топ. Өлеңді құрылысына қарай талдау. (2-шумақ)  4-топ. Әдеби теориялық ұғымдарды анықтау  5-топ. Өлең мазмұнын постерге түсіру.

Сатылай кешенді талдау жасау

1-топ. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.

2-топ. Өлеңді құрылысына қарай талдау. (1-шумақ)

3-топ. Өлеңді құрылысына қарай талдау. (2-шумақ)

4-топ. Әдеби теориялық ұғымдарды анықтау

5-топ. Өлең мазмұнын постерге түсіру.

Тілек ағашы

Тілек ағашы

Просмотр содержимого презентации
«Ғалымдар»

“ Махамбет, Махамбет... Білмеймін жел ме,сел ме, Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? Әділетсіз дүниенің қабырғасын, Махамбетсіз сөгер жан кездесер ме?”  Фариза Оңғарсынова

Махамбет,

Махамбет...

Білмеймін жел ме,сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?

Әділетсіз дүниенің қабырғасын,

Махамбетсіз сөгер жан кездесер ме?”

Фариза Оңғарсынова

Қазақтың тұңғыш антропологі-Ноэль Шаяхметов Махамбеттің мүрдесін қазып алып,1966 жылы шынайы бейнесін жасап шығарады.Мәскеудегі дәрігерлік институтындағы рентгенология кафедрасы Махамбеттің бас сүйегінің 2 түрлі қылышпен шабылғанын анықтайды.Махамбет мүрдесі 1983 жылы қайта жерленеді.

Қазақтың тұңғыш антропологі-Ноэль Шаяхметов Махамбеттің мүрдесін қазып алып,1966 жылы шынайы бейнесін жасап шығарады.Мәскеудегі дәрігерлік институтындағы рентгенология кафедрасы Махамбеттің бас сүйегінің 2 түрлі қылышпен шабылғанын анықтайды.Махамбет мүрдесі 1983 жылы қайта жерленеді.

Герасимов әдісі бойынша қазақ мүсінші-антропологі-Шаяхметов қалпына келтірген Махамбеттің шынайы бейнесі

Герасимов әдісі бойынша қазақ мүсінші-антропологі-Шаяхметов қалпына келтірген Махамбеттің шынайы бейнесі

1846 жылы Орынбор қазақтарының билеушісі, сұлтан Баймағамбет Айшуақов патшаға адал қызмет етуге берілгендігін дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын жасайды. Қаруланған 15 адам бір күні Махамбет отырған киіз үйге ойда-жоқта келіп жетеді.Оның ішінде тама руының старшыны-Ықылас Төлеев,Жүсіп Өтеулин және Махамбеттің туысы-Мұса Нұралин болған.Махамбет үйіне келген 15 қарулы топ әуелі әдейі дау туғызу үшін Махамбетке Мауыт деген байдың төрт атын ұрлап алдың,соның құнын төле деп талап еткен.Махамбет өзінің ешқандай кінәсі жоқ екенін айтқан. Сол кезде Жүсіп Өтеулин Махамбеттің тас төбесінен қылышпен ұрған Осы бір қайғылы оқиғаны жазушы Әнуар Әлімжанов « Махамбеттің жебесі» романында суреттейді

1846 жылы Орынбор қазақтарының билеушісі, сұлтан Баймағамбет Айшуақов патшаға адал қызмет етуге берілгендігін дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын жасайды. Қаруланған 15 адам бір күні Махамбет отырған киіз үйге ойда-жоқта келіп жетеді.Оның ішінде тама руының старшыны-Ықылас Төлеев,Жүсіп Өтеулин және Махамбеттің туысы-Мұса Нұралин болған.Махамбет үйіне келген 15 қарулы топ әуелі әдейі дау туғызу үшін Махамбетке Мауыт деген байдың төрт атын ұрлап алдың,соның құнын төле деп талап еткен.Махамбет өзінің ешқандай кінәсі жоқ екенін айтқан. Сол кезде Жүсіп Өтеулин Махамбеттің тас төбесінен қылышпен ұрған Осы бір қайғылы оқиғаны жазушы Әнуар Әлімжанов « Махамбеттің жебесі» романында суреттейді

Махамбет Өтемісұлына 1959 жылы қойылған ескерткіш. Гүл қойып тұрған Қайырғали Смағұлов

Махамбет Өтемісұлына 1959 жылы қойылған ескерткіш. Гүл қойып тұрған Қайырғали Смағұлов

Қазіргі таңда Махамбеттің өмірі мен ерлік істерін өз шығармаларына арқау еткен ақын-жазушылар:  Ә.Әлімжанов”Махамбеттің жебесі”,Аманшин”Махамбеттің тағдыры”,Т.Әлімқұлов”Қараой”,  О.Сүлейменов”Махамбеттің ақырғы ойлары”

Қазіргі таңда Махамбеттің өмірі мен ерлік істерін өз шығармаларына арқау еткен ақын-жазушылар: Ә.Әлімжанов”Махамбеттің жебесі”,Аманшин”Махамбеттің тағдыры”,Т.Әлімқұлов”Қараой”, О.Сүлейменов”Махамбеттің ақырғы ойлары”

Махамбеттің күйлері:   “Қайран Нарын”,”Жұмыр қылыш”,”Шілтері терезе”,”Қиыл қырғыны”,”Исатайдың Ақтабаны-ай”.

Махамбеттің күйлері: “Қайран Нарын”,”Жұмыр қылыш”,”Шілтері терезе”,”Қиыл қырғыны”,”Исатайдың Ақтабаны-ай”.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ыс?а мерзімді саба? жоспары "Махамбет ?теміс?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы"

Автор: Бегайдарова Шынар Данияровна

Дата: 30.09.2015

Номер свидетельства: 235193


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства