kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен олимпиада?а арнал?ан материалдар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? «?аза?стан Республикасында?ы тілдер туралы» За?ын, ?аза?стан Республикасында тілдерді дамытуды?  арнал?ан Ба?дарламасын, ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына арнал?ан Жолдауын ж?зеге асыру аясында жас ?рпа?ты? ту?ан хал?ыны? ?лтты? ??ндылы?тары мен ана тілін тере? ме?геруге деген ынтасын арттыру; шы?армашыл ойлау ж?не ?деби тілде с?йлеу м?мкіндіктерін, рухани байлы?тарын ж?зеге асыру?а жа?дай ту?ызу; ?лтты? м?дениетіміз бен тарихымыз?а, ту?ан елге деген с?йіспеншілік сезімдерін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен олимпиада?а арнал?ан материалдар. »

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ұлты басқа оқушылардың арасындағы мектепішілік олимпиаданы өткізудің

Ережесі


Осы ереже орыс мектебіндегі ұлты қазақ оқушылар арасында өткізілетін облыстық олимпиаданың мақсаты мен міндетін, мазмұнын айқындайды.


І. Олимпиаданы өткізудің мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамытудың арналған Бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын жүзеге асыру аясында жас ұрпақтың туған халқының ұлттық құндылықтары мен ана тілін терең меңгеруге деген ынтасын арттыру; шығармашыл ойлау және әдеби тілде сөйлеу мүмкіндіктерін, рухани байлықтарын жүзеге асыруға жағдай туғызу; ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызға, туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Міндеттері:

  • орыс мектебіндегі ұлты басқа оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін әр түрлі ситуацияларда қолдана алу біліктерін танытуға мүмкіндік жасау;

  • ойды жазбаша түрде де сауатты жеткізе алу дағдыларын бақылау;

  • туған елдің тағдыры туралы, мемлекеттік, әлеуметтік-саяси мәселелерге қатысты өз пікірін таныта алуға мүмкіндік туғызу.


ІІ. Олимпиаданы өткізу кезеңдері.

І Мектепішілік кезең – 2012 жылғы қарашаның 28-29 аралығы.

ІІ Аудандық кезең – 2013 жылғы қаңтарда.

ІІІ Облыстық кезең – 2013 жылғы.


ІІІ. Олимпиадаға қатынасушылар.

Олимпиадаға орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптарында оқитын балалар қатынаса алады. Аудандық олимпиадаға І орынға ие болған 8-11 сынып оқушылары жолданады.


ІҮ. Жеңімпаздарды марапаттау.

Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын тағайындалады.

І орын – 1

ІІ орын – 2

ІІІ орын – 3

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.



Мектепішілік олимпиада

8-сынып

І тур

Мазмұндама

Көз, Құлақ, Мұрын мен Ауыздың таласы

(мысал)

Адамның көзі, құлағы, мұрны, аузы таласады.

  • Мен болсам, адам өмір сүрмейді, - деп бастайды Көз. –Мен болмасам, адам әдемі табиғатты көрмейді, әдемі адамдарды көрмейді, ештеңе көрмейді, құлап қалады, жарақаттанады.

Сонда Құлақ:

  • Әй, Көз, мен болмасам, адам желді, теңіздің толқынын естімейді, әнді де естімейді, ештеңе естімейді ғой, - дейді.

Сонда Мұрын:

  • Мен болмасам, адам тыныс алмайды. Ол қалай өмір сүреді? – дейді.

Сонда Ауыз:

  • Көз, сенікі де дұрыс емес. Құлақ, сенікі де дұрыс емес. Мұрын, сенікі де дұрыс емес. Тек қана менікі дұрыс. Мен болмасам, аш боласыңдар. Ащының дәмін, тәттінің дәмін білмейсіңдер, - дейді.

Олардың таласын Ми тыңдап отырып ұйықтап қалады.

Міне, ғажап! Сонда Көз де, Құлақ та, Мұрын да, Ауыз да ұйықтап қалады.


8-сынып

І тур

Тест сұрақтары

1. Ауыспалы мағынадағы сөз тіркесін табыңыз.

А) ашық алаң

В) көзі ашық

С) ашық терезе

Д) ашық жер

Е) ашық кітап

2. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) көзіңді жу

В) көзіңді аш

С) көзді ашып-жұмғанша

Д) тез бар

Е) тісіңді тазала

3. Көп мағыналы сөзді табыңыз.

А) дәптер

В) сөз табы

С) қарындаш

Д) буын

Е) көз

4. Мақалды аяқтаңыз: Баста ми жоқ болса,....

А) екі қолыңа күш түсер

В) екі көзің ештеңе көрмес

С) екі аяғыңа күш түсер

Д) екі иығыңа күш түсер

Е) екі ойлы боларсың

5. «тез» сөзінің антонимін табыңыз.

А) ашық

В) баяу

С) жылдам

Д) уақытында

Е) белгілі

6. Болжалдық сан есімді табыңыз.

А) алты

В) бірінші

С) алты-алтыдан

Д) жүзге жуық

Е) жетеу

7. Нақ осы шақтағы етістікті көрсетіңіз.

А) барады

В) бармақ

С) бара жатыр

Д) барды

Е) бар

8. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Болды күн кеше жылы.

В) Жылы болды күн кеше.

С) Кеше күн жылы болды.

Д) Күн болды жылы кеше.

Е) Жылы кеше күн болды.

9. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

А) лар

В) ның

С) нікі

Д) ма

С) ға

10. Айтылуы бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

А) Айтпек

В) өсүмдүк

С) басшы

Д) күрделі

Е) шекара






Мектепішілік олимпиада

ІІ тур

8-сынып

1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз. Мәтін бойынша жоспар, 3 сұрақ құрастырыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз (тапсырма жазбаша орындалады).

Бір қаз өзенде жүзіп жүріп, өзіне-өзі айтыпты: «Мен қандай ғажап құспын: жерде жүремін, суға жүземін, аспанда ұшамын, мендей құс бар ма екен?». Бұл сөздерді естіген әтеш: «Сен бекер мақтанасың, сен аттай жүгіре алмайсың, бүркіттей ұша алмайсың, әр істің басын шатып, нашар білгенше, бір істі тәуір білген жақсы емес пе?».


2. Үлестірмелі қағаздағы таңдап алған тақырыпқа әңгімелеп беріңіз (тапсырма ауызша орындалады).


3. 1-тапсырмадағы асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады).


4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз (тапсырма айызша орындалады).


2-тапсырманың тақырыптары.

1. Дос қандай болу керек. Менің досым.

2. Менің Қазақстаным.

3. Кімге ұқсағым келеді.

4. Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

5. Менің сүйікті пәнім.

6. Менің сүйікті ойыным.

7. Менің сүйікті ұстазым.

8. Бос уақытымды қалай өткіземін.

9. Менің сүйікті кинофильмім.

10. Менің сүйікті спортым.

11. Менің қалам (ауылым).

12. Менің сүйікті мерекем.

13. Тілдерді не үшін үйрену керек.

14. Менің сүйікті ертегім.

15. Тілімнің болашағы туралы ойларым.







Мектепішілік олимпиада

9-сынып

І тур

Мазмұндама

Тиін мен қасқыр

Орманда тиін ағаштың бір бұтағынан екінші бұтағына секіріп ойнап жүреді. Сөйтіп жүргенде ол ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр ашуланып, қарғып тұра келіп тиінді ұстап алады. Қасқыр:

  • Тиін, мен сені жеймін, - дейді. Тиін жалынып:

  • Қасқыр, мені бір жолға жібер, - дейді.

  • Жарайды. Мен сені жіберейін, бірақ сен маған бір сұраққа жауап

берші?

  • Қандай сұрақ?

  • Неліктен сендер, тиіндер, ылғи көңілді жүресіңдер? Мен болсам, әр

уақытта қапалымын. Сендерге қарасам, ағаштың басында секіресіңдер де жүресіңдер? – дейді қасқыр.

  • Әуелі сен мені босат, сонан кейін жауап беремін, - дейді тиін.

  • Босатпаймын.

  • Сен мені ағаштың басына жібер. Мен сол арадан айтайын, әйтпесе мен

сенен қорқамын, - дейді тиін.

Қасқыр тиінді босатып жібереді. Тиін ағаштың басына шығып алып:

  • Сендер, қасқырлар, залымсыңдар! Сондықтан қапалысыңдар. Сенің

залымдығың ішіңді күйдіреді. Ал біз, тиіндер, ақкөңілміз, - дейді.



Мектепішілік олимпиада

9-сынып

ІІ тур

Тест сұрақтары

1. Фразеологизмді табыңыз.

А) ашық алақан

Ә) ашық кітап

Б) ашық мектеп

В) ашық дүкен

2. Туынды сөзді көрсетіңіз.

А) жылы

Ә) жұмыс

Б) сабақ

В) сөйлесу

3. «пысық» сөзінің антонимін табыңыз.

А) тепсе темір үзер

Ә) сегіз қырлы бір сырлы

Б) ай десе аузы, күн десе көзі

В) қой аузынан шөп алмас

4. Синонимдік қатарды табыңыз

А) кең, үлкен

Ә) алғашқы, бірінші

Б) ащы, тұщы

В) ғалым, ғылым

5. Мына сөйлем қай стильге жатады?

Көрші-қолаңның бәрі далаға жүгіріп шықты.

А) көсемсөз стилі

Ә) ауызекі сөйлеу стилі

Б) ғылыми стиль

В) ресми іс қағаздар стилі

6. Көмекші есімі бар сөз тіркесін табыңыз.

А) қалада жүр

Ә) қалаға бар

Б) қаланың көркі

В) қаланың іші

7. «Оның тарихтан да, әдебиеттен де, өнерден де хабары мол» сөйлемінде мол сөзі қандай сөйлем мүшесі.

А) бастауыш

Ә) пысықтауыш.

Б) баяндауыш

В) анықтауыш

8. Іс қағаздарының атауларын табыңыз.

А) хабарла

Ә) сөйлесім

Б) шығарма

В) хаттама

9. Одағайлы бар сөйлемді анықтаңыз.

А) Зәуре, үйге кір.

Ә) Қызым, саған айтам.

Б) Менінше, бәрі дұрыс.

В) Шіркін, Алатаудың табиғаты-ай!

10. Шартты бағыныңқылы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ауылдан нағашы атам келіп, қуанып қалдық.

Ә) Қасымда жақын жолдасым болмағанда, мен үлкен қалада адасып кетер едім.

Б) Мектепте үздік бітіру үшін, барлық сабақтардан бестік баға алу керек.

В) Автобустың жүргізушісі келгенше, мен жолда жейтін тамақтарымызды алайын.







Мектепішілік олимпиада

9-сынып

ІІ тур

Тест сұрақтары

1. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Табиғатқа адамның жаңашырлықпен, аялай қарауы – оның перзенттік міндеті.

Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Не бір құс, не бір хайуанат, не бір өсімдік немесе жәндік артық емес. Соның бәрі табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап тұру үшін керек. Ал ол тепе-тендіктің бұзылуы күндердің күнінде ойран-опатқа соқтырары сөзсіз. Олай болса, табиғаттың өзінен үйреніп, оны қорғауға тиіспіс.


2. «Сөйлей-сөйлей шешен боларсың» тақырыбына әңгімелеп беріңіз.


3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөйлемге жазбаша түрде толық синтаксистік талдау жасаңыз.


4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілі п?нінен олимпиада?а арнал?ан материалдар.

Автор: Рахимжанова Анар Ермековна

Дата: 09.12.2014

Номер свидетельства: 141599


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства