«Интернет технологиялар және Web бағдарламалау» пәнінен глоссарий материалдары
«Интернет технологиялар және Web бағдарламалау» пәнінен глоссарий материалдары
Глоссарий
Alt – аймақтың балама аймағы. Сілтемеге еске салушы мәтін ретінде қолданылады.
CGI программалары - жалпы шлюздік интерфейс
CSS (Cascading Style Sheets – Каскадтық стильді кестелер) – HTML,XHTML жəне т.б. белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттердің
Глоссарий
Alt – аймақтың балама аймағы. Сілтемеге еске салушы мәтін ретінде қолданылады.
CGI программалары - жалпы шлюздік интерфейс
CSS (Cascading Style Sheets – Каскадтық стильді кестелер) – HTML,XHTML жəне т.б. белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттердің сыртқыкөрінісін суреттейтін, əрлейтін тіл болып есептеледі.
GML – жалпы белгілеу тілі
HTML – гипермәтінді белгілеу тілі
Name – сурет картасының идентификаторы. Идентификатор сондай құжаттар арасында бірыңғай болады.
SGML – стандартты жалпы белгілеу тілі
сыртқыкөрінісін суреттейтін, əрлейтін тіл болып есептеледі.
GML – жалпы белгілеу тілі
HTML – гипермәтінді белгілеу тілі
Name – сурет картасының идентификаторы. Идентификатор сондай құжаттар арасында бірыңғай болады.
SGML – стандартты жалпы белгілеу тілі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Интернет технологиялар және Web бағдарламалау» пәнінен глоссарий материалдары»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі» КМҚК
«Интернет технологиялар және Web бағдарламалау»
пәнінен глоссарий материалдары
Дайындаған: Н.К.Мырзагужинов
Семей қаласы
2018 – 2019 оқу жылы
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама №_____ «___»____________2018 ж.
Циклдық комиссия төрайымы__________ Мукушева Л.А.
Глоссарий
Alt – аймақтың балама аймағы. Сілтемеге еске салушы мәтін ретінде қолданылады.
CGI программалары - жалпы шлюздік интерфейс
CSS (Cascading Style Sheets – Каскадтық стильді кестелер) – HTML,XHTML жəне т.б. белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттердің сыртқыкөрінісін суреттейтін, əрлейтін тіл болып есептеледі.
GML – жалпы белгілеу тілі
HTML – гипермәтінді белгілеу тілі
Name – сурет картасының идентификаторы. Идентификатор сондай құжаттар арасында бірыңғай болады.
SGML – стандартты жалпы белгілеу тілі
Shape – басылатын аймақтың формасы.
SQL– құрылымды сұранымдар тілі. Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып табылады.
URI беттер– Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.
Web–парақ – жеке құрылған құжат.
Web-сайт – белгілі бір тақырыпқа арналған Web-парақтардың жиынтығы.
Web-сервер – бұл Web–сайттар, мәліметтер қоры, сценарийлер және т.б. қажетті мәліметтер орналасатын компьютер
Web-сервер – Интернетке тұрақты қосылған, тораптар орналасқан, белгілі сұраныстар бойынша Web-парақтарды тауып бере алатын компьютер.
World Wide Web – бүкіл дүниежүзілік өрмек.
WYSIWYG - (ағылшын тілінде What You See Is What You Get, «нені көрсең, соны аласың») – қолданбалы бағдарламалар мен веб-интерфейстер сипаты болып саналады, онда контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент көрінісіне өте ұқсас болып келеді.
Атрибут - ашу тэгтеріне қолданылатын сипаттамалар, түрлендірулер
Әдістеме –мәселелерді шешу әдістерінің жиынтығы.
Әмбебап кодтау (ағылшынша «generic coding») деп аталады. Форматталған мəтінге қатысты барлық қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері.
Белгілеу (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі (marking up) сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді білдіреді.
Белгілеу тілі – бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі – символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.
Блокнот (ағылшынша Notepad) – кез келген Microsoft Windows операциялық жүйесінде орналасқан қарапайым мәтіндік редактор.
Брандмауэр (Firewall) – компьютерді немесе желіні сыртқы қауіптен қорғауғу арналған бағдарламалық және/немесе аппараттық жасақтама.
Браузер– web-бетті көрінерлік етуге және гиперсілтеменің көмегімен web кеңістігі бойынша орын ауыстыруға арналған клиенттік бағдарламалық жасақтама.
Браузер– алыстағы Интернет серверлерінде орналасқан веб-беттерді пайдаланушылардың компьютерінде бейнелеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қосымша. Ең танымал және кең пайдаланылатын браузерлер – Internet Explorer (IE) және Netscape.
Браузерлер майданы – браузерлер нарқын басқару үшін болатын браузерлер арасындағы күрес.
Броузер – Интернетке қосылған, WWW-ның бай ресурсына қатынауды қамтамасыз ететін компьютердегі бағдарлама (бағдарламалық жасақтама).
Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина– World Wide Web (WWW) – гиперортаға негізделген Интернеттегі ақпаратты ұйымдастыру жүйесі.
Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина– World Wide Web (WWW) – гиперсілтеме тұжырымдамасын іске асыратын және HTTP(Hypertext Transport Protocol) гипермәтінін жеткізу хаттамасының басқаруымен жұмыс істейтін Интернет құраушысы (компоненті).
Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина– World Wide Web (WWW) – Всемирная паутина– сөзбе сөз: бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор), қысқаша – Web – гипермәтін қағидасына негізделген және мүмкін болатын барлық мультимедиалық ресурстарды (бейне-, аудио, графикалық және т.б.) пайдалана отырып ақпаратты ұсынуға қабілетті қатынастық жүйе.
Бүкіләлемдік Өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина(World Wide Web, WWW) – веб-браузермен қарап шығуға арналған Интернеттегі беттер мен сайттардың жинағы. Сондай-ақ ол «Өрмек» немесе «веб» атауымен де белгілі.
Веб-бет – Веб-страница (Web page) – белгілі бір ақпараты бар дербес бет. Веб-беттердің топтастырылған жинағы веб-сайтты құрайды.
Веб-бет – Веб-страница(Web page) – желіге (Интернет) орналастырылған, меншікті адресі бар (URL) және браузерге бейнелеуге қол жететін құжат. Әдетте, мұндай құжат HTML форматында орындалады.
Веб-браузер дегеніміз – интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама.
Веб-браузер, браузер (Web browser) – мәтінді, графиктіжәне басқа мультимедиалық бар ақпаратты, мысалы, әуенді, қамти отырып, веб-беттерді табатын және бейнелейтін бағдарламалық жасақтама.
Веб-сайт (Web site) – Бүкіләлемдік өрмектегі дербес веб-беттерден тұратын ұқсас ақпараттардың тобы.
Веб-сайт(Web site) – жергілікті гиперсілтемелермен байланысқан құжаттардың (веб-беттердің) жиынтығы.
Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені. Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар.
Веб-форум – Веб-форум – тиісті бағдарлама орнатылған сайттардың бірінде қалдырылған жазбалардың көмегімен белгілі бір тақырып немесе проблема бойынша WWW-ті пайдаланушылардың істейтін жұмысының түрі. Чат-сабақтардан ерекшелігі – аса ұзақ (бірнеше күн) жұмыс істеу мүмкіндігі және өзара әрекеттің асинхрондық сипаты.
Гипермәтін – Hypertext – гипертекст– өзара байланыс жасайтын кез келген жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Ерекшеленген сөзде немесе сөз тіркесінде тышқанды шерте отырып, пайдаланушы осы тақырып жарияланған файлдарды тез таба алады.
Гипермәтін – Гипертекст – бірлестік түрда байланыс жасайтын блоктар түрінде ұсынылған мәтін.
Гипермәтін – Гипертекст– гиперсілтеме көмегімен сондай етіп құрылған мәтін, ол бір мезгілде мәтіндердің мағыналық бірлігі мен жиынын құра отырып, мәтіндердің иерархиялық жүйесіне айналады.
Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) – әр түрлі веб-беттердегі немесе тіпті гиперсілтемелер көмегіменәр түрлі сайттардағыақпараттарды байланыстыру тәсілі.
Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) – гиперсілтемелердің көмегімен әр түрлі веб-беттердің немесе тіпті әр түрлі сайттардыңақпараттарын байланыстыру тәсілі.
Гипермәтін – Гипертекст (hypertext) – өзара сілтемелермен (гиперсілтемелермен) байланысқан веб-беттердің жүйесі, сілтемелердің арқасында бір беттен басқа кез келген бетке немесе беттің бір орнынан екінші орнына орын ауыстыруға болады. Сілмемелер сөздерді де, графикалық объектілерді де байланыстыра алады. Гипермәтін «қағаздық» беттердің тізбектей байланысқан жинағы ретіндегі оқулық туралы дәстүрлі түсінікті өзгертеді.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін.
Гипермәтін - сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы. Гипермәтіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі «super» cөзінің мағынасына сәйкес келеді.
Гипермәтінді жеткізу хаттамасы – протокол передачи гипертекста – HTTP(Hypertext Transport Protocol) –World Wide Web-те пайдаланылатын желелік хаттама.
Гипермәтінді жеткізу хаттамасы – протокол передачи гипертекста (Hypertext Transport Protocol (HTTP)) – желідегі материалдарды ұсыну аспабы. Ол материалдардың орналасу орындарына тәуелсіз желінің бір ресурсынан екінші ресурсына өтуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бұл гипермәтіндік құжаттарды жеткізу үшін пайдаланылатын желінің базалық хаттамасы.
Гипермәтінді жеткізу хаттамасы – Протокол передачи гипертекста (Hypertext transfer protocol, HTTP) – Ғаламтор бойынша ақпаратты жөнелту мен алу үшін пайдаланылатын хаттама, немесе ережелер жинағы.
Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – (Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – сөзбе сөз – гипермәтіндерді белгілеу (таңбалау) тілі. Бұл арнайы командалар-тэгтердің көмегімен компьютерлерде құжаттарды браузермен біркелкі бейнелеуге мүмкіндік беретін құжаттарды форматтау ережесі.
Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – "Ғалам тордың" негізгі "тілі". Веб-беттердің көпшілігі html (htm)-форматында әзірленген.
Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – құжаттарды сипаттаудың гипермәтіндік тілі – Web құжаттарын әзірлеу үшін қолданылатын сценарийлер тілі.
Гипермәтіндік ентаңбалау тілі (Язык гипертекстовой разметки (Hypertext markup language, HTML)) – веб-беттерді әзірлеу үшін пайдаланылатын бағдарламалау тілі
Гипермәтіндік жүйе – Гипертекстовая система – электрондық құжаттардың кітапханасын құруды қамтамасыз ететін құрал.
Гипермедиа (hypermedia) – енжар және белсенді графикалық кескіндері, дыбысты, бейнені, виртуальдық шындықты қамти отырып, web кеңістігінде тұратын мультимедиадағы бар ақпарат.
Гиперсілтеме – Гиперссылка– сондай-ақ гипербайланыс, гипер линк немесе жай – линк қолданылады. Бұл берілген мәтіндегі басқа орынға, сайттағы (жергілікті сілтеме) немесе желінің басқа ресурсындағы (ауқымды сілтеме) берілген веб-бетке өтуге арнайы түрде дайындалған нұсқау.
Гиперсілтеме – Гиперссылка– файлдардың немесе бір файлдың үзінділерінің арасындағы байланыс.
Гиперсілтеме – Гиперссылка (Hyperlink) – сізге веб-беттердің арасында орын ауыстыруға мүмкіндік беретін веб-сайттағы сілтеме. Гиперсілтеме әдетте асты сызылған мәтінмен, жиірек көк түспен бейнеленеді.
Гиперсілтеме– белгілі бір файлға сілтеме көрсеткіш. Гиперсілтемелер ACCESS мәліметтер қорын INTERNET файлдарымен, не басқа файлдармен байланыстыру ҥшін қолданылады. Сондай файлдарды қарап шығу ҥшін арнайы программа жұмыс істеуі тиіс.
Гиперсілтеме, гипермәтіндік сілтеме – Гиперссылка, гипертекстовая ссылка – әдетте түрлі түспен және астын сызумен ерекшеленетін Web-беттердің элементі. Басқа Web-құжатқа немесе сол электрондық құдаттың басқа бөліміне тез өту үшін пайдаланылады
ҒТР-сервер деп FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер аталады
Домен – Domain – Интернет-тің ең ірі құрылымдық бірлігі. Әдетте бұл ел немесе басқа үлкен құрылым (мысалы, үкіметтік немесе коммерциялық). Интернетте компьютерлер тобын ұйымдастыруға домендер иерархиясының көмегімен домендер атауының қызметі – DNS мүмкіндік береді.
Домендер атауының жүйесі – DNS(Domain Name System) - система имен доменов - Internet-те пайдаланылатын атаудың үлестірілген қызметі. Мысалы, ftp.novell.de – бұл Novell-дің барлық өніміне бағдарламалық түзетуі бар Алманиядағы Novell серверінің атауы.
Домендік атау (Доменное имя (Domain name)): веб-сайттың барлық ақпараты бар болатын сервердің атауы, мысалы, microsoft.com.
Домендік атаулардың сервері – Сервер доменных имен (Domain Name Server, DNS) – IP адресті домендік атқа және керісінше түрлендіретін сервер.
Доменнің атауы – Domain name – имя домена – доменнің өзін және ұйымның бірегей атын қамтитын домендік атаудың толық адресі, мысалы, ssau.ru.
Индекс– индекстелетiн өрiс мәнi арқылы кесте жазбаларын автоматты тҥрде сұрыптау тәсілі.
Интернет – Internet – компьютерлердің арасында байланысты қамтамасыз ететін бүкіләлемдік желі. Интернетті әр түрлі мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беретін көптеген қызметтері бар.
Интернет – Internet – көптеген елдегі университеттерді, үкіметтік ғылыми-зерттеу зертханаларын, әскери ұйымдар мен коммерсиялық компанияларды қамтитын әлемдегі ірі желілір жиынтығы.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.
Интернет (Internet) – әлемдегі ең танымал және үлкен, желілердің бір үлкен желісіне миллион компьютерді қосатын компьютерлік желі.
Интернет (Internet) – стандарттық хаттамалармен өзара әрекеттесу үшін пайдаланылатын компьютерлердің ауқымды желісі.
Интернет (Internet): миллиондаған компьютерді бір алып желілірдің желісіне қосатын әлемдегі ең белгілі және үлкен компьютерлік желі.
Интернетқызметінің провайдері – провайдер услуг Internet (Internet Service Provider) – (Интернеттің бөлігі болып саналатын) өз компьютерлері арқылы Интернетке қосылу бойынша қызметтерін ұсынатын компания немесе басқа мекеме
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері.
Клиент– қашықтықтағы компьютерден немесе серверден мәліметтер мен нұсқауды алуға және өңдеуге қабілетті аппараттық және бағдарламалық жасақтаманың үйлесімі.
Клиент (Client) – ақпарат алу үшін серверге қосылатын желідегі компьютер.
Клиент-сервер желісі – Сеть клиент-сервер (Client/Server Network) – барлық бар ақпараты мен ресурстарын желіде тұрған басқа компьютерлерге бере алатын ерекшеленген компьютердің желісі.
Навигация – ауысулар
Принцип – бұл ереже. Принциптер жиі шексіздіктер мен талаптар түрінде көрсетіледі.
Сайт немесе веб-сайт – Сайт или веб-сайт – бір мекемеге немесе жеке тұлғаға жататын және, әдеттегідей, белгілі бір тақырыпқа арналған өзара байланысқан веб-беттердің тобы. Сайт өз мазмұны, титуль парағы және басқа беттері бар кітапты еске түсіреді.
Сайт немесе веб-сайт – Сайт или веб-сайт – бір ұйымға немесе жеке адамға тиісті және әдеттегідей, белгілі бір тақырыпқа арналған өзара байланысты веб-беттердің тобы. Сайт өзінің мазмұны, титульдік парағы және басқа беттері бар кітапты еске түсіреді. Әрбір бет (веб-бет) – бұл өзінің URL-адресі бар Интернеттегі жеке құжат.
Сервер – (Server) – барлық ақпарат пен ресурстарды сақтайтын, сондай-ақ желідегі басқа компьютерлерден оған қатынас құруды қамтамасыз ететін клиент-сервер желісіндегі компьютер.
Сервер – Server – өзінің қызметіне немесе ресурсына қатынас құрғызатын компьютер. Клиенттер (оған қатынас жасайтын компьютерлер) сервердегі ақпаратқа қатынас құра алады.
Сервер– ресурстарға, мысалы, қосымша бағдарламаларға, web-беттерге немесе мәліметтерге, суранысты өңдейтін компьютердің, бағдарламалық жасақтаманың және желілік қосылудың комбинациясы.
Сервер-DNS –DNS-сервер - IP адрестері туралы ақпараты бар сервер.
Серверлерді администрациялау -Сервер администраторы Frontpage (Frontpage Server Administrator) – Frontpage-пен бірге қолданылатын серверлік кеңейткіштерді орнату және алу операцияларын орындайтын бағдарлама болып табылады.
Сурет карта (англ. image map, кейде cенсорлы карта немесе графикалық карта) – HTML белгілеу тілінің графикалық объектісі, ол суретпен байланысты және суретті басу арқылы белгілі бір URL-ға сілтеме жасалатын арнайы аймақты білдіреді.
Сілтеме (hyperlink) – локалды дискте немесе компьютер желісіндеорналасқан құжат ішіндегі басқа бір элементке (мəтін, тақырып, сурет жəне т.б.), басқа объектіге сілтеме беретін гипермəтінді құжаттың бір бөлігі.
Тэг - HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары
Тэг (tag) дегеніміз - HTML тіліндегі командалар.
Фрейм– құбылыстың, деректің, объектінің ең аз сипаттамасы, қандайда бір құрамды бөлігін жою кезінде осы құбылыс, дерек, объекті танылмайтын (топтастырылмайтын) болады, яғни сипаттама мағынасын жоғалтады. Мағынасы және логикасы бойынша байланысқан фреймдер жинағы дидактикалық бірлікті құрайды.
Хаттама – Протокол– компьютерлер өзара әрекеттесетін ережелер жиынтығы.
Хаттама – Протокол (Protocol) – компьютерлердің бірін бірі «түсінуіне» көмектесе алатын ережелер жинағы.
Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.
Хост– Интернетке қосылған, атау берілген компьютер, сервер.
Элемент - бұл тегтердің жұбы және олардың арасында орналасқан символдық мәліметтер (мәтін немесе код)