kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЕСІМДІКТІ О?ЫТУДА ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАР АР?ЫЛЫ Т?РЛІ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?гінгі та?да т?уелсіз мемлекет алдында т?р?ан негізгі ма?саттарды? бірі - д?ниеж?зілік білім ?леміне ену болып отыр. Осы т?р?ыда елбасымыз Н.?.Назарбаев білім ?ызметкерлеріні? 3-съезінде «Болаша?та е?бек етіп, ?мір с?ретіндер - б?гінгі мектеп о?ушылары, м??алім оларды ?алай т?рбиелесе, ?аза?стан сол де?гейде болады»,- деп айт?ан. Болаша? жас ?рпа? - ел тірегі, бізді? ерте?іміз. Осы ерте?імізді б?гіннен ойлау, олар?а д?рыс ба?ыт беру, шы?армашылы??а баулу, а?ыл-ойын жан - жа?ты дамыту?а к?мектесу, жеке т?л?а болып ?алыптасуына жа?дай ту?ызу б?гінгі ?стаздар?а ?лкен жауапкершілік ж?ктейді. О?ушыны? ынтасы мен ?абілетін дамыту б?гінгі к?нні? негізгі м?селелеріні? бірі. О?ушыларды? ?з к?шіне сенімін арттыру ?те ма?ызды. ?р о?ушыны? шаршауын сейілтіп, ?ызы?ушылы?ын арттыратын ?дістерді? бірі – «Ойын элементтері» болып табылады. Саба?ты? ойын т?рі- ?жымды? е?бек, сондай-а? т?рбиелік м?ні бар т?сілдерді? бірі.Ойынды орындау барысында ?р о?ушыны? ?абілеті мен іскерлігі к?рінеді. Ал саба?та ?олданыл?ан о?ытуды? ?р т?рлі формалары о?ушыларды? білім сапасын арттыру?а ж?не п?нге деген ?ызы?ушылы?ын, сонымен ?атар ?р жеткіншекті? іскерлігін ізденімпазды?ын бай?ау ?абілеттерін жетілдіруге м?мкіндік береді. Еліміз егемендік алуы н?тижесінде ?о?амды? ?мірді? барлы? салаларында соны? ішінде білім беру саласында ж?ріп жат?ан демократияландыру мен ізгілендіру мектептегі осы к?нге дейінгі да?дарыстан шы?аратын ?уатты талпыныстар?а жол ашты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЕСІМДІКТІ О?ЫТУДА ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАР АР?ЫЛЫ Т?РЛІ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ »

ЕСІМДІКТІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ТҮРЛІ ОЙЫН

ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ


Нилуфар Рахимшиковна Мирфайзиева

ОҚО. Қаратау ауданы, Б.Садықов атындағы №112 негізгі орта мектебі


Бүгінгі күн - дарынды, жігерлі, өзіне сенетін,

арманға бай және оны жүзеге асыруға ерік - жігері бар

адамдардың уақыты.

Н.Ә.Назарбаев.



Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Осы тұрғыда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің 3-съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады»,- деп айтқан. Болашақ жас ұрпақ - ел тірегі, біздің ертеңіміз. Осы ертеңімізді бүгіннен ойлау, оларға дұрыс бағыт беру, шығармашылыққа баулу, ақыл-ойын жан - жақты дамытуға көмектесу, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай туғызу бүгінгі ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушының ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру өте маңызды. Әр оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын әдістердің бірі – «Ойын элементтері» болып табылады. Сабақтың ойын түрі- ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар тәсілдердің бірі.Ойынды орындау барысында әр оқушының қабілеті мен іскерлігі көрінеді. Ал сабақта қолданылған оқытудың әр түрлі формалары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығушылығын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін ізденімпаздығын байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Еліміз егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептегі осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағынан жаңаша көзқарас, жаңаша қарым – қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.

Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлініп отыр.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологиларды пайдалану тәжірибелерге еніп нәтижелер беруде.

Бүгінгі таңда технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі педагогикалық нәтижеге бағытталған.Бүгінгі күннің негізгі мәселерінің бірі - әрбір Қазақстан азаматы өз ана тілімен бірге мемлекеттік тілді білуі қажет.

Тіл - ұлттық байлығымыз, мәдени мұрамыз. Сондай екен, ана тілімізді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдыру - біздің негізгі міндеттеріміздің бірі.Ана тілін шұбарлау - мектеп табалдырығынан басталады. Ұстаздар болса бұл мұраны әр шәкіртінің ой - санасына сіңіріп барады.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуге балаға,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жаңашыл ұстаз әр сабағын баланың сабаққа деген қызығушылығын оятудан бастауы керек.Әр сабағында оқушының белсенділігін арттырып, өзін-өзі тануға, басқаруға мүмкіндік беріп отыруы қажет. Әр сабақ сайын оқушыларның ауызекі сөйлеуін дамыту мақсатында тілді дәріптейтін 1-2 шумақ өлеңді жатқа айтқызу дұрыс деп ойлаймын.Әсіресе, өзбек сыныптарында қазақ тілін салыстырмалы түрде оқыту оқушылардың ой өрісін одан әрі дамытады. Бұған бір ғана Есімдікті оқытуды мысал етіп алатын болсақ,сабақты жаңа технологиялар арқылы түрлі ойын элементтерінен пайдаланып өтуге болады. Оқушылардың назары сабаққа аударылып, олардың танымдылығын, шығармашылығын, ізденімпаздығын арттыру мақсатында өтілген сабақтар еске түсіріліп, сұрақ-жауап арқылы тақтада жаңа сабақтың тақырыбын ашу қажет деп ойлаймын. Есімдік және оның түрлерін өзбек тілімен салыстырмалы түрде өтіп, түрлі ойындар арқылы оқушыларға жаңа сабақты жете меңгертуге болады. Сабақ барысында оқушылардың шаршап қалмауы үшін психологиялық ойындарды да өткізіп тұру оқушыларды өзін-өзі тануға үйретеді. Бұған бір ғана мысал етіп халық ауыз әдебиетінен жаңылтпашды алатын болсақ, баланың мемлекеттік тілде емін – еркін, қатесіз, таза сөйлеуіне кең жол ашып берген боламыз.

Жаңылтпаш:

Бала қанша алма алса болады?

Дорбаңа қанша алма салса толады?

Бұл жаңылтпаштың ішіндегі қай сөз есімдік түріне жататынын оқушылар сабақ барысында біліп алады.

Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру мақсатында кеспе қағаздарға жазылған сөздер көрсетіледі. Мысалы: Асан, ақын, әдемі, сұлу, бір, оныншы. Осы сөздерге оқушылар сұрақ қойып, сөз таптарын анықтап айтады. Осы сөз таптарының атаулары арқылы есімдіктің анықтамасы шығарылады. Асан, ақын - кім? сұрағына жауап беріп, сөз табы бойынша зат есімнің қызметін атқарады. Әдемі, сұлу - қандай? сұрағына жауап беріп, сөз табы бойынша сын есімнің қызметін атқарады. Бір, оныншы - нешінші? сұрағына жауап беріп, сөз табы бойынша сан есімнің қызметін атқарады. Сонымен, Зат есім, Сын есім, Сан есім сөздердің орнына жұмсалатын сөздер Есімдік деп аталады. Оқушылардың тез қабылдауы және есте сақтап қалуы үшін есімдіктің түрлерін өлең арқылы түсіндіру дұрыс деп ойлаймын.

Жеті есімдік - жеті бала,

Жетеуінің атын ата.

Жіктеу есімдігі - кім?, не? десе,

Мен, сен, ол деп ата!

Сұрау есімдігі - сұрап түрса,

Қанша берсін атам бата?

Сілтеу есімдік сілтеп айтса,

Анау, мынау, оны ата.

Белгісіздік белгісіз деп,

Кейбіреулер іздеп табар.

Болымсызда ештеңе жоқ,

Жалпылауға іздеу салар.

Өздік болса өзін айтып,

Өздігінен көңіл алар.

Міне енді біліп алдық,

Есімдіктер жетеу болар!

Олар мыналар: Жіктеу, сұрау, сілтеу, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау, өздік есімдіктері. Оқушыларды өз беттерінше жұмыс істеуге үйрету мақсатында өлеңде берілген есімдіктің түрлеріне жылдамдықпен сөйлем құрастыру және ауызекі морфологиялық талдау жасату - оқушылардың ой-өрісін одан әрі дамыта түседі деп ойлаймын.

Есімдіктің жеті түрін жоғарыда айтылғандай етіп кесте арқылы өзбек тілімен салыстырып өту өте тимді әдістердің бірі.


Қазақ тілі грамматикасы

Өзбек тілі грамматикасы

Есімдік түрлері

Олмошнинг турлари

1

Жіктеу есімдігі

Кишилик олмоши

Жекеше: мен, сен сіз, ол

Бирлик: мен, сен, сиз, у

Көпше: біз, сендер, сіздер, олар

Куплик: биз, сенлар, сизлар, улар.

2

Сілтеу есімдігі: бұл, осы, анау, мынау, әне т.б

Кўрсатиш олмоши: бу, шу, ўша, манашу, ана в.б

3

Сұрау есімдігі: қанша?, неше?, қайда?, қашан? т.б

Сўроқ олмоши: қанча?, неча?, қаерда?, қачон? в.б

4

Жалпылау есімдігі: бүкіл, барша, күллі т.б

Белгилаш олмоши: ҳамма, барча, бари в.б

5

Өздік есімдігі: Өзім, өзге, өзі т.б

Ўзлик олмоши: ўзим, ўзга, ўзи в.б

6

Болымсыздық есімдігі: Ешбір, ешнәрсе, ешкім т.б

Бўлишсизлик олмоши: Хеч бир, хеч ким, хеч нарса в.б

7

Белгісіздік есімдігі: әлдекім, кейбір, біреу т.б

Гумон олмоши: Кимдир, қайсидир, биров в.б


Мысалы: Мен болашақта ұстаздық етіп, өзімнен кейінгі ұрпаққа бар білгендерімді өнеге етіп қалдырғым келеді. Бұл сөйлемде мен- жіктеу есімдігі болып, бірінші жақ жекеше түрде қолданылған, өзімнен сөзі- өздік есімдігі болып, тәуелдік жалғауынан соң шығыс септігінің – нен жалғауы жалғанған деп түсіндіру қажет.

Қазақтың сөз байлығы аса мол, сондықтан әр оқушыға 1-1 ден әріп беріліп, берілген сұрақтарға есім сөздерден бастап жауап беруі тиіс. Бұл ойын - «Ойлан, тап!» ойыны деп аталады. Мысалы: Өмірде кімді мақтан тұтасыз?. Мен анаммен мақтанамын.

Кейінгі ойынымыз - «Қызықты грамматика» деп аталаып, бұл ойында кеспедегі берілген сөздер арқылы Бәйтеректің биік шыңына жету.

Берілген сөздерден атақты Төле бидің қасиетті жеті санымен байланысты қара сөзін шығару.Бұл қара сөз:

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Міне, күш жинап бәйтеректің биік шыңына да жетіп алдық деп оқушыларды мадақтау арқылы сабаққа деген қызығушылығын одан әрі арттыру керек. Кезектегі ойынымыз- «Сөздер достығы аялдамасы» деп аталады. Мұнда жасырын тұрған кеспе қағаздағы есім сөздерді топпен бірге жұмыс істеп, өзбек тіліне сай келетін баламасымен жұптастырып тақтаға ілу қажет.

Мысалы:


Қазақша

өзбекше

1

Мен


Мен

2

Өзі


Ўзи

3

Ешбір


Хеч бир

4

Барлық


Барча


Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында бір шумақ өлеңді 3-4 рет оқып беріп, оқушыларды өлеңді есте сақтап, машықтанып жазуға үйрету мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Өлең оқылады.

Мұғалима

Мынау менің сезгенім:

Ол – сыныптың анасы.

Өзінің де, өзгенің

Баласы оның баласы.


Оқушылар есте сақтап жазып болғандарынан кейін, оларға есімдіктің түрлерін тауып, астын сызуды ескертіп өткен жөн.

Осы жерде мұғалімдер туралы даналардың айтқан сөздерін айтып өтуді жөн деп таптым.

Орыс халқының танымал жазушысы Л.Н Толстой: «Егер мұғалімде іске деген сүйіспеншілік болса, онда ол жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім оқушыға тек оның әкесі, шешесі сияқты сүйіспеншілік таба білетін болса, онда ол барлық кітапты оқып берген, бірақ не іске, не оқушыларға ешқандай сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен әлде қайда жақсы болады. Егер мұғалім өз бойында іске де, оқушыларға да деген сүйіспеншілікті бірлікте ұстай білсе, онда ол – нағыз жетілген мұғалім», - деп айтады.

Ал белгігі педагог В.А Сухомлинский болса: «Педагогтың сезімін тәрбиелеудің аса маңызды қайнар көзі – балалармен бірыңғай, дос ұжымдағы көп қырлы қырым – қатынастар, мұнда мұғалім тек ұстаз ғана емес, сонымен бірге дос, жолдас. Егер мұғалім оқушылармен тек сабақта ғана кездесіп, балалар педагогтың өзіне деген ықпалын тек сыныпта ғана сезінсе, онда эмоциялық қатыныстардың болуы мүмкін емес», - дейді. Бұл өте дұрыс айтылған пікір.

Қазіргі жаңа технология дамыған заманда біз баланың ой санасында нені қалыптастыруымыз керек?, - деген сұрақты әрбір мұғалім өз ойына келтіріп, осындай ізгі жұмысты орындауды өз алдына мақсат етіп қоюы керек. Әрине, бұл ізгі жұмыс өз жемісін бір күнде бере қоймайды. Мұның үшін жаңаша ұзтаз сегіз қырлы, бір сырлы және сабырлы болуы керек. Мұнда жанұяның, ата –ананың қызметі де үлкен екендігі баршаға мәлім.




Салауатты өмір салтын ұстана білуге тәрбиелеу.



Түрлі ақпараттық жаңалықтар арқылы баланың санасын қалыптастыру.














Баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату, елжандылыққа тәрбиелеу.







Өзі таңдаған мамандығына сай бағыт беру.








Сабақ барысындағы негізгі оқу құралдарынан бірі – дәптер. Бұл оқушы мен мұғалім арасындағы жеке байланыс. Сол дәптерге қоса сөздік дәптері де әр сабақта жүргізілсе баланың сөздік қоры молаяды. Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша әрі жазбаша, дәл жүйелі, ықшамды етіп жеткізуіне қиындық келтіреді. Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңейтсе, екіншіден, үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға үйретеді, үшіншіден, сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді. Егер сабақта басқа пәндермен салыстырмалы түрде өту қажет болса, онда үйретілген сөздің этимологиясына, оның тарихи шығу тегіне, құрамына грамматикалық талдау жасап үйреткен жөн... Бұған бір тілдің өзіндегі диалект сөздер де мысал бола алуы мүмкін. Мұнда сынып оқушыларын шеңбер сияқты отырып, бір – біріне асық беріп сөз айтады. Асықты алған оқушы сол сөздің басқа елді мекендерде айтылатын атауын айтады. Мысалы: Пісте – шекілдеуік; сым – шалбар т.б. Бұл да баланың сабаққа деген, тілге деген құрметі мен қызығушыцлығын арттыратын ойын элементтерін бірі болып табылады. Сабақты ойын арқылы оқыту технологиясы белгілі әдіскер Н.В. Смоскинаның әдістерінің бірі болып, бұл ойын іс – әрекеттің психологиялық механизмі және жеке бастың өзіндік жұмыс істеу талаптарына сүйенеді. Бұл әдіс өз ішіне мыналарды қамтыйды: білімділік, танымдылық, шығармашылық, іскерлік т.б

Сондай ақ қазақ тілі сабақтарында да халық педагогикасын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: Есімдік және оның түрлерін өткенде оқушыларға «Жеті атаңды ата», «Жеті қазынаны ата», «Жеті күнді ата» деген сияқты сұрақтарды қойып, оқушылардан жауап алып, оларды салт-дәстүрді жете білуге баулу және тәрбиелеу орынды. Егер халықтық педагогиканы оқушы санасына жаңа технология элементтері бойынша компьютер, интерактив тақта, үн таспа және бейне таспа арқылы көрсетіп жеткізсе, оқушының есте сақтау қабілеті одан әрі дамиды. Диалог арқылы есімдіктерге сөз құрап оларды блингвалды оқыту әдісі бойынша З тілге аударса, баланың ой-өрісі одан әрі дами бастайды. Сондай-ақ есімдікті өткенде де ата-ана, жақсы мен жаман, ана тілінің жақсы қасиеттерін халықтық өсиеттер арқылы білдіруге болады.

Халықтық педагогиканы оқушы санасына жетізу табиғи құр сөзбен ғана емес, көрсету, тыңдату арқылы, яғни көрнекілік, таспа жазу т.б. арқылы жүзеге асырылуы керек.



Әдебиеттер


1. Н.В. Самоскина «Ойын арқылы оқыту» Москва 1996 ж

2. М. Асқарова «Ўзбек тили» Ташкент 2006 ж

3. С. Исаев, Г. Қосимова «Қазақ тілі» 7 – сынып, Атамұра 2007 ж

4. Әдістемелік жаршы 1995 ж. №2

5. Әдістемелік жаршы 1998 ж. №1

6. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытуға арналған мемлекіттік бағдарламасы.

7. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2007.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
ЕСІМДІКТІ О?ЫТУДА ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАР АР?ЫЛЫ Т?РЛІ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Автор: Нилуфар Рахимшиковна Мирфайзиева

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 208126


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства