kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Газ тарату механизмі, иінді бұлғақты механизмінің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады. Жіберу процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) жібереді. Ол үшін жіберу клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топтан тұрады. Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы. Ал осы бөлшектер тобының орналасуына байланысты газ тарату механизмі бірнеше түрге бөлінеді.Олар көбінесе клапандардың орналасуына байланысты, жоғарғы және бүйірдегі газ тарату механизмдер болып бөлінеді. Бүйірдегі газ таратыу механизмі кезінде клапандар (3) цилиндрдің жанына жасалған ұяда (1)тұрады, ал клапандары (3) жоғарыда орналсқан газ тарату механизмінде цилиндр басындағы ұяда (1) тұрады. Осындай клапандардың орналасу түріне байланысты, олардың жетегі де әртүрлі болады. Бүйірдегі орналасқан газ тарату механизмдерде жетек механизмі иінді біліктің шестернясымен үнемі тістесіп тұратын шестернясы (1) бар жұдырықша білікшеден (10), итергіштен (9)және реттегіш болттан (8) құралады. Ал клапандары жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінде осыларға қосымша штанга (14), күйенте (17) арнаулы оське (18) бекітіледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.»

Мазмұны:

  1. І тарау. ГАЗ ТАРАТУ МЕХАНИЗМІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ.

  1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.

  2. V- бейнелі қозғалтқыштың газ тарату механизмі.

  3. Клапандар механизмдерінің бөлшектері.

  4. Газ тарату фазасы.

  1. ІІ тарау. САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛДЕРІ.

  1. Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.

  2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің аспаптарының

  3. Тұтандыру алдындағы жылытқыш.

  1. Бақылау сұрақтары

  2. Пайдаланған әдебиеттер



ГАЗ ТАРАТУ МЕХАНИЗМІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ.

Газ тарату механизмі, иінді бұлғақты механизмінің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады. Жіберу процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) жібереді. Ол үшін жіберу клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топтан тұрады. Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы. Ал осы бөлшектер тобының орналасуына байланысты газ тарату механизмі бірнеше түрге бөлінеді.Олар көбінесе клапандардың орналасуына байланысты, жоғарғы және бүйірдегі газ тарату механизмдер болып бөлінеді. Бүйірдегі газ таратыу механизмі кезінде клапандар (3) цилиндрдің жанына жасалған ұяда (1)тұрады, ал клапандары (3) жоғарыда орналсқан газ тарату механизмінде цилиндр басындағы ұяда (1) тұрады. Осындай клапандардың орналасу түріне байланысты, олардың жетегі де әртүрлі болады. Бүйірдегі орналасқан газ тарату механизмдерде жетек механизмі иінді біліктің шестернясымен үнемі тістесіп тұратын шестернясы (1) бар жұдырықша білікшеден (10), итергіштен (9)және реттегіш болттан (8) құралады. Ал клапандары жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінде осыларға қосымша штанга (14), күйенте (17) арнаулы оське (18) бекітіледі.

Автомобиль қозғалтқыштарында көбінде газ тарату механизмі газ тарату фазасын тұрақты ұстап отырады .

Газ таратудағы фазаның диаграммасы – бұл клапандардың ашылу немесе жабылу моменттерінің (фаза) иінді білік бұрылу бұрышымен сипатталған және дөнгелек диаграмма түрінде берілген. Газ таратудағы диаграммада көрсетілген аралықтарды, қозғалтқыштардың жылдам жүруін ескере отырып береді. Неғұрлым иінді біліктің айналу жиілігі жоғары болса, соғұрлым ол үлкен. Жіберу және шығару клапандарының бір мезгілде ашылу уақыты кейбір қозғалтқыштарда 16° - тан 60° - қа дейін толқып тұрады.

Ең тиімді газ тарату диаграммасын әрбір қозғалтқыштарға эксперимент түрінде анықтайды. Қабылданған газ тарату диаграммасы ( аз ғана ауытқуы) қозғалтқыштың үнемділігін және қуатын азайтады.

Механикалық газ тарату механизмді қозғалтқыштарда (ГТМ) газ тарату фазасы басқарылмайды немесе жедел реттелмейді. Кейінгі кездерде газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен реттеу қолданып жүр.

 Көптеген өндірушілер қозғалтқыштарда гидромеханикалық, электромеханикалық немесе басқа жолмен басқарылатын жүйесі бар және оның үстіне олар электрондық хабар бергіш жүйесімен жабдықталған қондырғылардың көмегімен басқарылып жұмыс істейтін газ тарату механизмін орнатқандықтан, газ тарату диаграммасын өзгертуге мүмкіндік туады.

Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз, өйткені мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін жіберу клапаны жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте ашылады. Соның салдарынан цилиндрден жоғарғы қысымдағы энергиясы толық қолданылып, жұмысқа айналмаған газдар шығып кетеді.

Қазіргі заманғы кейбір қозғалтқыштарда цилиндрлерінің жақсы толуын қамтамасыз ету үшін, иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты, газ тарату фазасындағы клапандардың ашылу – жабылу кезеңдерін жедел реттеледі.

Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан, клапандардың ашылуынан жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанатын қоспамен жақсы толады.

Цилиндрдегі ұлғаю процесі кезінде поршеньге ұзағырақ әсер етуі үшін шығару клапаны ТШН жақынырақ ашылуы және ЖШН кейін аз кешігіп жабылуы керек. Сондықтан, төменгі айналу жиілігі кезінде шығару ырғағы жүргенде, поршеньнің ЖШН қозғалуына қалдық газдардың қарсы қысымы әсер етпейді.

Мұндай батыл қадамға 1993ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы қадам басты. Ол қозғалтқыштарға электрондық жүйе дабылымен басқарылып жұмыс істейтін, екі жоғарғы тарату бөлігінің бастапқы бұрыштық жағдайын бұрылыспен өзгертетін гидромеханикалық жүйесін орнатты. Кейінірек тура осы принцип Daimler – Benz және Nissan фирмаларында қолданылады.

Қозғалтқыштардың төмен айналысында бұраушы момент 25 – 35℅, ал номиналды айналыста 5℅ көбейеді.Клапанды ашып – жабуды реттеуде болашағы үлкен жүйе – электромагниттік реттегіштер. Реттеу дәлдігі 0,005 секунд ішінде жүзеге асады. Осындай газ тарату фазасын басқарушы двигатель клапандарын электро – магнитті басқару жүйесі жасалып және автомобильдерде қолданып жүр.

Таратқыш біліктер клапандардың орналасуына қарай цилиндрлер қаңқасының ішіне – төмен орналасады(ЗиЛ-130, ЗиЛ-4331, КамАЗ қозғалтқыштарында), немесе жоғары цилиндрлер бастиегіне – жоғары орналасады (бірқатарлы ВАЗ, «Москвич» қозғалтқыштарында). Таратқыш біліктің жоғары орналасуында түрткіш пен штанга болмайды, сондықтан клапан механизмінің массасы мен инерциялық күші азаяды да иінді біліктің айналу жиілігі көбейеді және қозғалтқыштың жұмыс істеген кезінде шуылы азаяды. Артқы жетекті ВАЗ автомобилінің қозғалтқыштарында таратқыш білік цилиндрлер қалпақшасының 2 үстіне жеке картерде орналастырылады және сырғыма ішпектерде айналып тұрады. Жетек клапандарға 1, бір қатарлы болып орналасқан, бір иықты рычагтар (рокерлер) 3 арқылы таратқыш біліктің жұдырықшасынан 4 тікелей іске қосылады. Бір иықты рычаг бір шетімен клапан стерженіне, екінші шеті – сфералы болттың 5 басына тіреліп, мұрытша серіппе 7 арқылы ұсталып тұрады.

«Москвич» автомобилінің қозғалтқышының клапандары 1 екі қатарлы болып орналасқан, таратқыш біліктің жұдырықшасынан 4 күйенте 9 арқылы іске қосылады. Клапандардың жылу саңылауы, сфералы ұштыққа 8 жалғанған контрсомынды 6 реттеуіш бұранда 5 арқылы реттеледі.

Алдыңғы жетекті ВАЗ–2108 «Спутник», ВАЗ–2109 қозғалтқыштарында таратқыш білік жеке корпусқа 10 орнатылып, цилиндрлер бастиегінің 2 үстіне орналастырылады және клапандарға 1 арналған шойын ершік 14 пен бағыттауыш төлке 13 престеліп орнатылады.

Төлкенің жоғарғы бөлігі металлрезиналы майқайтарғыш қалпақшамен 12 тығыздалады. Клапандардың 1 ашылуы, жұдырықшадан 4 тікелей цилиндрлі түрткіштер 15 арқылы басқа рычагтардың көмегімегінсіз іске қосылады. Түрткіштердің ұясында шайба 11 бар, онымен клапан механизмінің h саңылауын ретке келтіреді.

V- БЕЙНЕЛІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ГАЗ ТАРАТУ МЕХАНИЗМІ.

V- бейнелі сегіз цилиндрлі қозғалтқышта жоғары орналасқан клапандар механизмі қолданылады. Мұндай қозғалтқыштың таратқыш білігі цилиндр қаңқасының ортасынада төмен орналасады, цилиндрлердің оң және сол жағының қатарына орнатылған клапандар механизміне бірдей болып есептеледі. Бағыттауыш төлкеде 10 қозғалып тұрған жіберу мен шығару клапандарының 9 ашылуы, жұдырықшалардан 6, 7, итергіш 19 пен штанга 18 арқылы, оське 13 орнатылған күйентеге 14 берілген күш әсерімен жүргізіледі. Клапандардың жабылуы төменгі жағы шайбаға 11 тіреліп тұрған серіппенің 12 көмегімен жүзеге асырылады.. Айналдару механизмі бар шығару клапандарының серіппелері осы механизмнің тірек шайбасына 17 тіреледі. Екі клапандардың серіппелерінің жоғарғы жағы тірек тарелкаға 20 бекітіледі. Иінді біліктің екі айналысында әрбір цилиндрдің енгізу мен шығару клапандары бір ретке ашылады, ал таратқыш білік бұл мезгілде бір ретке ғана айналады. Өйткені, таратқыш білік иінді білікке қарағанда екі есе ақырын айналады. Сондықтан таратқыш біліктің тісті дөңгелегі 1 иінді біліктің жетекші тістегерішіне қарағанда екі есе артық тістері бар.

 Таратқыш білік. Таратқыш білік болаттан немесе арнайы шойыннан дайындалып, оны термикалы өңдеуден өткізеді. Көптеген қозғалтқыштардың жіберу 6 мен шығару 7 клапандарының профильдерін бірдей етіп жасайды. Аттары бірдей (жіберу мен шығару) жұдырықшалары төрт цилиндрлі қозғалтқыштарда 90о бұрыштықта, алты цилиндрлі - 60о бұрыштықта, сегіз цилиндрлі – 45о бұрыштықта, ал жұдырықшаларды қайрап өңдеген кезде аздаған конусты етіп жасайды. Түрткіштердің 19 сфералық шеті мен жұдырықшаның конустық бетінің бір – бірімен жанасып айнауы, жұмыс барысында қолданылады.

Таратқыш біліктің қозғалтқыш қаңқасының ішіне орналастыруға қолайлы болу үшін, тірек мойындарының диаметрінің алдыңғы тірек мойнынан 4 бастап азайтып жасайды. Тірек мойындарының саны иінді біліктің тірек мойындарының санына тең болады. Таратқыш біліктің сырғыма төлкелері 8 болаттан жасалып, оның ішкі беті антифрикционды қорытпалармен қапталады. Таратқыш біліктің алдыңғы шетіне отын насосын іске қосатын штангаға 26 әсер ететін эксцентрик 5 орналасқан, ал артқы шетінде, оталдырғыштың үзгіш-таратқышы мен май насосының жетегінің корпусының 29 ішіндегі валиктің 27 тісті тегерішін айналдыратын тісті тегеріш 28 бар.

Таратқыш біліктің тісті дөңгелегінің 1 алдыңғы тірек мойындарының ортасына, қозғалтқыш қаңқасына бұрандамен бекітетін және білікті бойлық бағыттағы ығысуын болдырмау үшін кергіш сақина 3 мен тірек құйылмасы 2 орнатылған. Кергіш сақинаның 3 қалыңдығы тірек фланецтің 2 қалыңдығынан үлкен болуы, таратқыш біліктің остік саңылауы «жүруі» үшін қажет, ол 0,08 – 021 мм аралығында болуы тиіс. Таратқыш біліктің алдыңғы шетінің ойығына (ЗиЛ, ГАЗ–33-11 қозғалтқыштарында және т.б.) иінді біліктің айналу жиілігінің отадан тепкіш сезгісінің жетегі орнатылған, ол сақинамен 24 бекіткен білікшеден 22, серіппе 21 мен шайбадан 24 тұрады.

Таратқыш біліктің жетектері. Таратқыш білік тісті тегеріш, шынжырлы, ременьді жетектер арқылы іске қосылады. Жүк автомобильдерінің қозғалтқыштарында көбінесе тісті тегерішті беріліс қолданылады. Мұндай берілістің жетекші тегеріші 1 иінді біліктің алдыңғы шетіне, ал жетектегі тісті дөңгелегі 3 таратқыш біліктің алдыңғы шетіне орнатылған және бұрандалы сомынмен 25 бекітілген.

Жетектің тісті дөңгелектерінің бір – бірімен ілінісуі, иінді білік пен таратқыш біліктің белгіленген жағдайында, газ тарату фазасының дұрыс берілуі мен қозғалтқыштың жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан қозғалтқышты жинастырған кезде, тісті дөңгелектерінің бір – бірімен ілінісуі (тісті дөңгелектің екі тісінің ортасындағы және тегеріштің тісінің үстіндегі) белгіге 2 сәйкес қойылады. Шуылының деңгейін төмендету үшін, тісті дөңгелектердің тістері қиғаш етіп, әртүрлі материалдардан жасалады. Иінді

біліктің тісті тегерішін болаттан, ал таратқыш біліктің тісті дөңгелегін – шойыннан(ЗиЛ, МАЗ қозғалтқыштарында) немесе текстолиттен (ГАЗ-33-12, УАЗ-3151-01 қозғалтқыштарында) жасайды.

«Москвич», ВАЗ (артқы жетекті) жеңіл автомобильдерінің қозғалтқыштарында газ тарату механизмдері иінді біліктен екі қатарлы төлкелі – роликті шынжыр 5 арқылы іске қосылып, иінді біліктің жетекші тегерішін 8, таратқыш білігінің тісті жұлдызшасын 4, тұтандырғыштың үзгіш-таратқышы мен май сорабының жетегінің валигінің тісті жұлдызшасын 7 біріктіріп айналдырып тұрады. Иінді біліктің айналу жиілігін жылдам өзгерткен кезде шынжырдың бойында тербеліс пайда болады, соны тыныштандыруға пластмассалы қалып 6 (тыныштандырғыш) қолданылады.

Қалыптың 6 қарама қарсы жағына тартқыш құрылғының табаны 9 (башмак) қойылған. Тартқыш табанныңбір ұшы өске бекітіліп, ал екінші шетіне, табанды шынжырға жақындататын реттегіш механизм 10орнатылған. Шынжыр реттегіш механизмнің сомынының 11 көмегімен тартылады.Алдыңғы жетекті ВАЗ-2108 «Спутник», ВАЗ-2109 жеңіл автомобильдерінің қозғалтқыштарында, газ тарату механизмінің жетегі иінді білік пен таратқыш білікке орнатылған екі тісті шкивтен, тартқыш роликтен және тісті ременьнен тұрады. Бұл ременьмен салқындатқыш сұйықтығының сорабының шкиві де бірге айналады. Мұндай жетектің негізгі ерекшелігі жарты дөңгелекті тістері бар эластикалық тісті ремень болып табылады. Оны шыныталшықты қосып майға төзімді резинадан, тістерінің қажалу төзімділігін арттыру үшін эластикалық матамен қапталып жасалады.

КЛАПАНДАР МЕХАНИЗМДЕРІНІҢ БӨЛШЕКТЕРІ.

Газ тарату механизмінде таратқыш біліктің жоғары және төмен орналасуында клапандардың жетектері беріліс бөлшектері(түрткіш, штанга, күйенте) арқылы іске қосылады.

Түрткіштер.Таратқыш біліктен берілген күшті штанга арқылы күйентеге жеткізу үшін түрткіштер қолданылады. Оларды болаттан немесе шойыннан құйып жасайды. Түрткіштер цилиндрлі немесе рычагты – роликті болады. ЯМЗ дизельді қозғалтқыштарында рычагты – роликті түрткіштің таратқыш біліктің үстінде жеке өске 1 орнатылған тербелмелі түрі қолданылады. Түрткіштің 3 ролигі 2 таратқыш біліктің жұдырықшасына жанасып тұрады. Роликтің өсі инелі ішпекте айналады да, жұдырықшаның үстінде дөңгелеген кезде үйкеліп сырғанауы тербелмелі үйкеліске айналады. Түрткіштің үстіне штанга 4 орналасады. ЗиЛ, ЗМЗ–33-11 мен КамАЗ қозғалтқыштарында цилиндрлі түрткіштер 7 қолданылады және арнайы ойықтағы – бағыттауышқа орналастырылады. КамАЗ дизельді қозғалтқышында алынатын бағыттауыш орнатылған. түрткіштің ішкі қуысын штанганың астына арнап сфера 10 тәрізді және май ағатын тесік 9 жасалынған. Болат түрткіштердің

жұдырықшамен түйісетін шеткі бетінің 8 жұмыс істеуін арттыру үшін, оны арнайы қажалуға төзімді шойыннан балқытып жасайды.

 Штангалар. Түрткіштен берілген күшті күйентеге жеткізу үшін штангалар қолданылады. Штангаларды қатты болаттан екі шетін төзімді етіп шыңдап(ЗиЛ қозғалтқышында), немесе дюралюминді стерженьнен екі шетіне болаттан ұштық (ЗМЗ-33-11, ЗМЗ-«Волга» қозғалтқыштарында) бекітіп жасалады. ЯМЗ мен КамАЗ дизельдерінің штангалары 4 болат түтіктен жасалады.

(3.5.суретте) Штанганың екі шетіне болат сфералы ұштықты 11 престеліп орнатылып, бір шеті күйентеге 6 бұралған реттегіш винттің 5 сфералық бетіне тіреліп, ал екінші шеті итергіштің ішіне кіріп тұрады.

Күйентелер. Штангалардан берілген күшті клапандарға жеткізу үшін күйентелер қолданылады, болаттан немесе шойыннан жасалған екі тең емес иықты рычаг. Күйентенің а иығы в иығына қарағанда 1,5 еседей ұзын болады. Күйентенің ұзын иығы түрткіш пен штанганың жүрісін азайтып қана қоймай, сонымен бірге олардың қозғалысының инерциялық күшін де азайту арқылы клапандар жетектері бөлшектерінің ұзақ мерзімді жұмыс істеуін арттырады.

Бензинді қозғалтқыштарда күйентелер біртұтас қуыс өсте орнатылған, екі шеті тығынмен тығындалып, ішімен күйентенің бронзалы төлкесіне және реттеуіш винттің сфералы ұштығына май жеткізіліп тұрады. Күйентенің өске жиналған жиыны әрбір цилиндрлер қалпақшасына тірек бекіткішпен орнатылады. Дизельді қозғалтқыштарда күйенте өсі тірек бекіткішпен бірге жасалып және әрбір күйенте өзінің өсінде тербетіліп тұрады.

Клапандар.Цилиндрлерге жалғанатын қоректендіру жүйесінің газ құбырлары,енгізу мен шығаруканалдарының ашылып жабылуы клапандардың көмегімен атқарылады. Клапан біріне-бірі жалғасқан жазық қалпақшадан 16, стерженьнен 1 тұрады. Цилиндрлерді жанғыш қоспамен жақсылап толтыру үшін жіберу капанының қалпақшасының диаметрі шығару клапанының диаметріне қарағанда әлденеше үлкен жасалады. Клапандардың жоғары температурада жұмыс істеуіне байланысты, оларды жоғары сапалы болаттардан дайындайды. Жіберу клапанын хромды болаттан, шығару клапанын ыстыққа төзімді болаттан жасайды, өйіткені ол ыстық пайдаланылған газдармен жанасып, 600 – 800о С температураға дейін қыздырылады. Клапандардың жоғары температурада қыздырылуы, цилиндрлер қалпақшасына арнайы ыстыққа төзімді шойыннан құйма – ершік 15 қоюға мәжбүр етеді. Құйма – ершіктерді пайдалану цилиндрлер қалпақшасының жұмыстық қызметін арттырады. Клапандардың қалпақшасының ершікке тығыздалып жабылуы үшін, оның жұмыстық бетін мұқият өңдеп, 45о немесе 30о бұрыштықта конус тәрізді жасайды. Клапан стержені цилиндр формалы болады.

 Оларды цилиндр қалпақшасына престеліп салынған шойын немесе металлкерамикалы бағыттауыш төлкеге 2 орналастырады. Стерженьнің шетіне сухариктердің 10 кертігіне арналған цилиндрлі ойық жасалып, серіппенің көмегімен тарелка 9 шайбаның конусты ойығының бетіне қыстырылып тұрады.ЯМЗ, КамАЗ және «Москвич» автомобильдерінің қозғалтқыштарында газ тарату механизмінің жұмыс істеуін жақсарту үшін клапандар ершікке екі серіппемен қысылып тұрады. Мұндай жағдайда серіппелердің бұралу бағыттары әртүрлі жасалады, өйткені серіппелердің біреуі сынатын болса біріне бірінің арасына кіріп, клапан механизмінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне кедергі жасамауы тиіс.

Жіберу клапандарының тірек шайбасының астына немесе бағыттаушы төлкесінің үстінгі бөлігіне(ЗиЛ, КамАЗ, ЗМЗ қозғалтқыштарында) резиналы манжета немесе қалпақ кигізіледі, клапандар ашылған кезде, оның стержені мен бағыттауыш төлкесіне тығыз қысылып, төлке мен стержень арасында пайда болған саңылаудан (енгізу ырғағы кезінде) цилиндр ішіне майдың ағуын болдырмайды. Ал, ЗиЛ-130 қозғалтқышының шығару клапандарының(3.6. сурет) бұру механизмі болады. Ол қозғалмай бір орында тұратын корпустан (онын еңкіш жырашығында кері тартылатын серіппе opналастырылған), дискілі серіппеден және құлыпты-сақиналы таяныш шайбалардан тұрады. Механизм клапанның бағыттаушы төлкесімен бірге цилиндрлер бастиегінің ұясына opналасқан. Клапан серіппесі таяныш шайбасына тіреліп тұрады. Клапан жабык кезінде оның серіппесінің кысымы да аз болады. Дискілі серіппенің сыртқы жиегі жоғары қарай майыстырылып, ал ішкі жиегінен тұрқының иініне тіреледі. Бұл кезде шариктер серіппенің кысымымен өзінің шеткі орнына қысылып тұрады.

Клапан ашылған кезде, серіппесінің кысымы артып, таяныш шайбасы арқылы дискілі серіппені түзетеді де серіппенің ішкі жиегі корпустың иінінен кері кетеді. Клапан серіппесі щарикке тіреліп барлык кысымды соған беретіндіктен шариктер корпустың жырашығының түбіне қарай ығысып дискілі серіппені бұрылуға мәжбүр етеді және сонымен бірге клапан серіппесінің тая­ныш шайбасы да, клапан да қоса айналады. Клапан кайта жабылған кезде барлык бөлшектер бастапкы қалпына келеді.

Клапан серіппесі клапанды өз үясына тығыз жабу үшін кызмет етеді. Сонымен бірге серіппе клапанның күйентеден ажырамауымен оның белгіленген ашылу уакытын камтамасыз ету үшін керек. Серіппе серпімді болат сымнан жасалып, жұмыс кезінде пайда болған дірілді (вибрацияны) болғызбау үшін орамдарының қадам аралығы өзгеріп отырады. Серіппенің бір ұшы цилиндрлер қалпақшасының үстіндегі шайбаға тіреліп, екінші ұшы таяныш шайбасы арқылы клапанның стерженіне бекітіледі. Шайбаны клапанның стерженіне кигізілген екі бөлек конус тәрізді сухарь ұстап тұрса, ал өзі ішкі бетіндегі қырымен клапан стерженінің кертігіне тіреліп тұрады.

Клапан қалпақшасы ершікке толық жабылуы үшін, клапан стержені мен күйентенің ұшы (винті) арасына немесе түрткіш бұрандасы арасына қажетті анықталған жылу саңылауы керек. Клапандарда жылу саңылаулары олар қатты қызғанда, желініп кеткенде және реттеулері бұзылғанда өзгереді. Егерде клапандарда жылу саңылаулары көп болса, онда олар толық ашылмайды, соның әсерінен цилиндрлерге жанғыш қоспаны толтыру мен пайдаланылған газдарды шығару төмендейді, сонымен бірге клапан механизмдерінің соқылы салмақты жұмыс істеуі артады. Егер клапандарда жылу саңылаулары жеткіліксіз болса, онда олар ершікке толық орнықпайды, соның әсерінен газдардың шығуы болып, ершік пен клапанның жұмыстық беттері күйіп, күйе орнауы мүмкін.

Клапандардың толық орнықпауының салдарынан сығылу ырғағының кезінде жұмыстық қоспа шығару құбырына еніп кетуі мүмкін, ал ұлғаю ырғағы кезінде жоғарғы температурадағы газдардың жіберу құбырларына еніп кетеді, соның әсерінен бұл құбырларда тарсыл пайда болады немесе алдын – ала тұтану болады, бұл клапандардың толық жабылмай тұрғандығын білдіреді. Клапандардың қалпақшаларының ершікке толық жабылуы үшін күйенте ұшы 17 мен клапан стерженінің 2 арасында (таратқыш біліктің төмен орналасу қозғалтқыштарында ЗиЛ, КамАЗ, ЗМЗ) немесе клапан жетегінің рычагі 3 мен таратқыш біліктің жұдырықшасының арасында (таратқыш білік жоғары орналасқан қозғалтқыштарда ВАЗ-2105, - 2107) жылу саңылаулары реттеледі.

ВАЗ (артқы жетекті) автомобильдердің қозғалтқыштарында жылу саңылауларының өлшемі 0,15 мм жіберу мен шығару клапандарына бірдей болады. Оларды қозғалтқыштың салқын кезінде реттегенде контрсомынды 6 босатып, реттеуіш бұранданы 5 бұрайды, көрсетілген өлшемді рычаг 3 пен жұдырықша 4 арасына өлшеп реттейді.

Алдыңғыжетекті ВАЗ – 2108 «Спутник», ВАЗ – 2109 автомобиль қозғалтқыштарында таратқыш біліктің жұдырықшасы мен реттеуіш шайбалардың арасында 0,2±0,05 мм өлшемі жіберу клапандары үшін, 0,35 ±0,05 мм өлшемі шығару клапандары үшін жылу саңылауы h реттеледі. Реттеуіш шайбалардың жиынтығы 3 мм – ден 4,25 мм – ге дейін қалыңдығы 0,05 мм аралығында болады. Шайбалардың қалыңдығы оның беткі жағына белгіленеді.

«Москвич» (артқы жетекті) автомобильдерінің таратқыш білігі жоғары орналасқан қозғалтқыштарында жылу саңылауы реттеуіш болттың 5 ұштығы 8 мен клапан стерженінің арасында реттеледі. Қыздырылмаған ЗиЛ, ЯМЗ – 238, ЗМЗ –33–11 қозғалтқыштарында жіберу мен шығару клапандарына 0,25 – 0,30 мм болады, дизельді КамАЗ қозғалтқышында жіберу клапанына 0,25 – 0,30 мм, ал шығару клапандарына 0,35 – 0,40 мм аралығында болады. Бұл қозғалтқыштардың клапандарының жылу саңылауларын реттеу үшін күйентенің 1 иығына бұралған контрсомынды 2 реттеуіш винт 3 қолданылады.

ГАЗ ТАРАТУ ФАЗАСЫ.

 Газ тарату фазасы дегеніміз клапандардың шектік нүктеге қатысты ашылу мен жабылу моменттері, иінді біліктің айналу бұрышының градусы бойынша көрсетілуі. Газ тарату фазасы дөңгелек диаграмма болып көрсетіледі, оларды эксперименталды жолмен иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты қозғалтқыштың максималды қуаттылығында және оның жіберу мен шығару газ құбырларының құрылымына сәйкестендіріліп алынады. Қозғалтқыштың жұмыстық процесстерінде қарастырғанда алғашқы жақындауы ретінде, клапандардың ашылуы мен жабылуы шектік нүктелерде жүргізілетіндігі алынады. Бірақ, шындығында клапандардың ашылуы мен жабылуы поршеньдердің шектік нүктеге жақындауымен сәйкес келмейді.

Бұл жіберу мен шығару ырғақтарына аз уақыт бөлінетіндігіне байланысты, және қозғалтқыштың иінді білігінің максималды айналу жиілігінде мыңнан бір бөлігіндейді құрайды. Содықтан егерде калапандардың ашылуы мен жабылуы шектік нүктелерге тура келгенде орындалатын болса, онда цилиндрлерді жанғыш қоспамен толтыру және жанған газдарды шығару толық жүргізіліп үлгерілмейді. Содықтан төрт ырғақты қозғалтқыштарда клапандардың ашылу мен жабылу моменттері пошеньнің Ж.Ш.Н. немесе Т.Ш.Н. байланысты ертерек немесе кешігіңкіреп белгіленіп орындалады. Газ тарату фазасының жалпы дөңгелек диаграммасында көрсетілгендей, енгізу ырғағы кезінде енгізу клапаны 1 поршеньнің Ж.Ш.Н. жақындағанынан бастап ертерек ашыла бастайды. Жіберу клапанының ертерек ашылу бұрышы α әртүрлі қозғалтқыштардың модельдерінде 10 – 32о бұрыш аралығында болады. Жіберу клапанының жабылуы кешігіңкіреп поршеньнің Т.Ш.Н. өткеннен кейін сығылу ырғағы кезінде жабылады. Жіберу клапанының кешігіңкіреп жабылу бұрышы βқозғалтқыштардың модельдерінде 40 – 85о бұрыш аралығында болады. Шығару клапаны 2 поршеньнің Т.Ш.Н. жетпей жұмыстық жүріс кезінде ашыла бастайды. Шығару клапанының ертерек ашылу бұрышы γ әртүрлі қозғалтқыштардың модельдерінде 40 – 70обұрыш аралығында болады. Шығару клапанының жабылуы кешігіңкіреп поршеньнің Ж.Ш.Н. өткеннен кейін жіберу ырғағы кезінде жабылады. Жіберу клапанының кешігіңкіреп жабылу бұрышы δқозғалтқыштардың модельдерінде 10 – 50о бұрыш аралығында болады. Клапандардың ашылу бұрыштықтарының ертерек немесе кешірек болу уақытын көбірек жасауы, қозғалтқыштың максималды қуаттылығын арттырған кезде иінді біліктің айналу жиілігі де жоғарылауына байланысты болады. Газ тарату механизмінің тістегеріштерін белгілерімен орналастыру немесе цилиндрлер блогының арнайы қиылысындағы белгіге жетекші жұлдызшаның (ВАЗ қозғалтқышында) белгісін қарама – қарсы орналастырғанда дұрыс болады. Жалпы диаграммада көрсетілгендей белгіленген уақыт мерзімінде жіберу мен шығару клапандары бірдей ашық болады. Иінді біліктің айналуы бұрыштық аралықтары α + δкезінде екі клапандардыңашылуы,клапандардың қосарланып ашылуыдеп аталады, бұл өз уақытында және сапалы түрде цилиндрлерді жанған қоспалардан тазарту үшін қажет.



САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛДЕРІ.

Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарында пайдалы жұмыстарға қозғалтқыш цилиндрінен бөлінетін жылудың 23 – 40 % қолданылады, қалған жылулары пайдаланылған газдармен, салқындату сұйықтығымен немесе үйкеліске қолданылған ауамен, қоршаған ортаға бөлінген қозғалтқыштың сыртқы бөлшектерімен бөлініп кетеді.

Пайдалы жұмысқа қолданылған жылу және олардың белгіленген жылу бөліну түрлерінің шығыны қозғалтқыштың жылу балансысын құрайды. Өйткені қозғалтқышта жану жұмыстары 2100 – 2300о С жететін жоғары температурасында жүргізіледі, сондықтан еріксіз салқындату жүйесінсіз поршень, цилиндр, клапанның бағыттаушы төлкесі сияқты бөлшектер майдың жану температурасынан да жоғары температурада балқып кетеді. Механизмдер мен бөлшектердің қалыпты температуралық режимде жұмыс істеуі кезінде бір – бірімен қатынастағы бөлшектердің қызып кетпеуі үшін үздіксіз жылуды бөліп тұруға салқындату жүйесі қолданылады. Салқындату жүйесінің суытатын жылудың мөлшері қозғалтқыштың қуаттылығы мен жұмыс істеу режиміне байланысты болады. Қозғалтқыш қызып кеткенде үйкеліс күші артады және бөлшектер қажалады, жылу саңылаулары азаяды, майдың коксталып күйе орнауы көбейеді, карбюратолы қозғалтқыштарда цилиндрді жанғыш қоспамен, ал дизельді – ауамен толтыру қиындайды. Алайда қозғалтқыштың температурасының төмендеуі де майдың тұтқырлығына әсер етеді, бөлшектердің жылдам қажалады және үйкеліске механикалық шығын көп болады, қозғалтқыштың қуаттылығы мен үнемділігі азаяды. Сондықтан қозғалтқыштың жылу режимі оған түсірілген салмаққа және қоршаған ортаның температурасына қарамастан 85 – 95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі қозғалтқыштарда сұйықтықпен немесе ауамен салқындату қолданылады. Ауамен салқындату кезінде қырлап жасалынған цилиндр мен оның қалпақшаларынан артық жылуды, жеделдетіп салқындату реттегіші бар көп қалақшалы желдеткіш арқылы жылдамдатылған ауамен салқындатылады. Ауамен салқындату жүйесінде салқындату радиаторы, сұйықтық насосы, салқындату сұйықтығына арналған каналдар мен құбырлар болмайды, сонықтан мұндай жүйенің құрылымы қарапайым, массасы азайтылған, қызмет көрсету жеңілдеу, сонымен бірге қыстың күні қозғалтқыш қатып қалау қаупі болмайды. Қозғалтқыштарды сумен салқындату жүйесінде судың қатып қалуы цилиндр блогының жарылып кетуіне әкеледі. Дегенмен ауамен салқындату қатты қызған бөлшектерден жылуды жылдам бөлгенімен, оның желдеткішін іске қосып тұруға көп қуаттылықты талап етеді, төмен температурада ыстық сумен жылытуға мүмкіндік болмағандықтан қозғалтқышты оталдыру қиындайды.

Автомобиль қозғалтқыштарында салақындатқыш сұйықтығын еріксіз айналдырып салқындататын сұйықтықпен салқындату жүйесі көп қолданылады. Мұндай жүйелер жұмыс істегенде әсері көп болады және қоршаған ауаның төмен болуына қарамастан оталдыру құрылғысымен қозғалтқышты тұтандырғаны жеңіл, жұмыс істегенде шуылы аз болады.

Салқындатқыш сұйықтығы ретінде суды немесе оның этиленгликолды қоспасы – антифриздер қолданылады. Төменгі температурада қататын қоспалардың көп қолданылатын түрлері:

ТАСОЛ А–40 және ТАСОЛ А–65. Екі антифризде техникалық этиленгликол мен судың араласқан қоспасы, мысалы ТАСОЛ А–40 сумен этиленгликолдің 50% қоспасы, - 40о С температурада мұзға айналмай, тек қоюланған массаға айналып блок цилиндр мен радиаторға ешқандай ақау келтірмейді. Қозғалтқыштың жылулық жағдайына байланысты салқындату сұйықтығының жүйеде айналуы үлкен айналымда және кіші айналымда сұйықтық сорабының көмегімен жүргізіледі, ол иінді біліктің шкивіне ременьді жетекке жалғастырылып қозғалысқа келеді. Қозғалтқыштың бірқалыпты жұмыстық жылу режимінде салқындату сұйықтығы үлкен айналымда қозғалып салқындатады. Бұл кезде термостат клапаны 10 ашық болып сұйықтық жоғарғы түтік 11 арқылы радиатордың 16 жоғарғы бачогына 13 беріліп, одан радиатордың түтіктерімен төменгі бачокке 20 түседі. Радиатордың түтігінен өткен сұйықтық, автомобильдің жүрісі кезінде желдеткіштің19 көмегімен берілген жылдамдатылған ауа арқылы салқындатылады және ауаның берілуі жалюздің 17 көмегімен реттеліп тұрады. Салқындатқыш сұйықтық төменгі түтік 22 арқылы насосқа 8 беріліп, сонан соң блоктың сұйықтық тысы 7 мен цилиндрлер қалпақшасына жіберіледі.

Оталдырғанда және қозғалтқыштың салқын кезінде температурасы 72о С төмен болғанда салқындату кіші айналымда жүргізіледі.

Бұл кезде термостаттың клапаны 10 жабық болғандықтан сұйықтық радиаторға жіберілмейді, сұйықтық блоктың ішімен 7 және цилиндрлер қалпақшасымен кері қайтару каналы 9 арқылы термостатты 10 айналып қайтадан насосқа беріліп, салқын қозғалтқыштың жылдам қыздырылуына көмектеседі. Сақындатқыш сұйықтықтың температурасының көтерілуіне байланысты термостаттың клапаны ашылып, сұйықтық үлкен айналыммен жүгізіле бастайды.

V – бейнелі ЗиЛ, ЗМЗ және басқада қозғалтқыштарда сұйықтық насостың корпусындағы құйылысы 23 арқылы оң және сол жағындағы цилиндрлерді салқындату тысына беріліп, жіберу құбырының қуысымен 26 термостатқа 10 және радиаторға 16 сонан соң сорабқа жіберілді.

Жіберу құбырының қуысынан бір мезгілде жұмсақ шланг түтік 24 арқылы компрессордың салқындату тысына беріліп, шланг түтік 25 арқылы сорабқа қайтадан келеді.

Қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін салқындатқыш сұйықтығының температурасы цилиндрлер тысына енгізер кезде 75 – 80о С аралығында, ал одан шыққанда 85 -95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі кезде қозғалтқыштардың температурасын жоғарлату үшін жабық түрдегі салқындату жүйесі қолданылады. Олар сыртқы атмосферамен бу шығару түтігі 15, радиатордың қақпағындағы булы ауа клапаны 14, немесе төгу шүмегі 21 бар кеңейткіш бачоктың қақпағындағы булы ауа клапаны арқылы жалғастырылған. Салқындатқыш сұйықтығының температурасын дистанциялық көрсеткіші 5 бар электрлі магнитті термометрмен және салқындату жүйесіне жалғанған сезгі 6 арқылы бақылайды. Салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың қызып кетуін аспаптар қалқанында орнатылған дабылды шамның көмегімен бақыланады, оның термосезгісі радиатордың жоғарғы бачогына орнатылған. Сұйықтық сорабының қозғалтқыштың алдыңғы жағына орналасуына байланысты соңғы цилиндрлердің және олардың жану камералары мен басқада бөлшектерінің жылу өткізгіштігі төмендейді, өйткені оларға алдыңғы цилиндрлерден қыздырылған салқындатқыш сұйықтығы беріледі. Содықтан кейбір қозғалтқыштардың құрылымында қатты қыздырылған бөлшектерге(шығару клапанына, жану камерасының керегесіне, тұтандырғыш шамына) бағытталған таратқыш түтік 4 арқылы сұйықтықты айналдыру немесе тесігі бар бойлық арна қарастырылған.

Қозғалтқыштың салқындату жүйесін негізгі қызыметінен басқа, жеңіл автомобильдер мен автобустардың жолаушыларға арналған шанақтарын сонымен қатар жүк автомобилінің кабинасын жылытуға қолданылады. Сол мақсатта жылыту жүйесіне салон немесе кабинаның ішіне радиатор 3 орнатылып, оны шүмек 1 және шланг түтік 2 арқылы салқындату жүйесінен қыздырылған сұйықтық беріледі.

СҰЙЫҚТЫҚПЕН САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АСПАПТАРЫНЫҢ

ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛІ.

Сұйықтық сорабы.Салқындату жүйесінде салқындатқыш сұйықтығын еріксіз айналдырып тұруға ортадан серпігіш сұйықтық сорабы қолданылады. Сораб цилиндрлер блогының алдыңғы жағына орнатылып, ремень арқылы иінді біліктің шкивінен жетекке алынып іске қосылады.

Ол аралары бір – бірімен төсем 6 арқылы жалғастырылған корпустан 7, қанат қалақшадан 5, подшипниктер ктұрқынан 10 тұрады. Сораб білігі 4 май ұстағыш сальникпен қамтамасызданған екі шарикті подшипниктерде 3 айналып тұрады. Алдыңғы ішпек таяныш сақинамен 2 тіреліп, ал артқы подшипник жылжуын болдырмайтын аралық төлкемен 11 ұсталып тұрады. Пластмассалы қанат қалақша 5 біліктің артқы жағына металды күпшектің көмегімен бекітіліп тұрады. Қалақшаның 5 айналуына байланысты сұйықтық түтік 9 арқылы насостың ортасына беріледі, сонан кейін қалақшалармен айналдырып ортадан тепкіш күштің әсерінен тұрқының 7 керегесіне итеріледі, одан қуыс канал 8 арқылы қозғалтқыштың сұйықтық тысына беріледі. Сораб тұрқының 7 ішіндегі айналып тұрған бөлшектердің тығыздалуы қалақшаға орнатылған тығыздауыш шайба 17, резиналы манжет 16, шайбаны 17 корпустың шетіне қысып ұстайтын серіппеден тұратын жылжымалы сальник арқылы қамтамасыз етіледі. Тығыздауыш шайба 17 өзінің кертігімен қалақшаның 5 ойығына таяныш 18 арқылы бекітіледі. Біліктің 4 алдыңғы жағына төлкенің 12 көмегімен күпшек 13 орнатылған, оған шкив 14 бекітіліп сораб пен желдеткішті іске қосады.

Желдеткіш.Радиатор арқылы өтетін ауаның жылдамдығын арттыру үшін желдеткіш 1 қолданылады. Қозғалтқыштарда орнатылған желдеткіштер 4, 5, 6 қалақшалы 15 болады және болат қаңылтырдан немесе пластмассадан (ВАЗ, Москвич автомобильдерінде) жасалады. Бірқатар қозғалтқыштарда капот астының желдетуін жақсарту үшін және радиатор арқылы өтетін ауаның көлемін көбейту үшін желдеткіштің қалақшаларын бағыттауыш құндақтың ішіне орналастырады.

 Осы мақсатпен ЗМЗ, ЗИЛ қозғалтқыштарында желдеткіштердің қалақшаларының 15 шеттерін радиатор жағына қарай бұрылып жасалады. ЗИЛ, ГАЗ-33 автомобильдерінің қозғалтқыштарында, көптеген жеңіл автомобильдерінде желдеткіштің жетегі ремень арқылы іске қосылады. ЯМЗ 236, ЯМЗ-238 дизельді қозғалтқышында желдеткішті таратқыш біліктің тісті тегерішті дөңгелегіне қосақталған тістегерішті дөңгелек арқылы іске қосылады. Бірқатар автомобмильдердің қозғалтқыш модельдерінде(ГАЗ, ВАЗ) берілген жылу режимінде және желдеткішті іске қосуға жұмсалған қуаттылықты азайту үшін, олардың жетегі электрмагнитті муфта арқылы іске келтіріледі. Ортадан тепкіш күшті сұйықтық насосы электрмагнитті муфтамен бірге корпустан 11, біліктен 7, қанатты 9 қалақшаларымен 10, өздігінен қозғалмалы сальниктен 8 және электрмагнитті муфтадан 2 тұрады. Салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың температурасының өзгеруіне байланысты электрмагнитті муфта қосылып немесе ажыратылып тұрады. Ол электр магниттен 6, насостың күпшегіне 5, шкивпен 1 бірге орнатылған, және желдеткіштің күпшегін 3 якорьға пластиналы серіппемен жалғастырылған, екі шарикті подшипникте 4 еркін айналып тұрады. Электрмагниттің катушкасы жылу релесімен жалғанған, оның сезгісі радиатордың жоғарғы бачогында орналасқан. Радиатордың жоғарғы бачогындағы салқындатқыш сұйықтығының температурасы 85 – 90о С жеткенде жылу релесінің түйіспелері қосылып, элетрлімагниттің катушкасына аккумулятор батареясынан ток беріледі. Якорь электрлімагнитке жабысып, күпшек желдеткіштің қалақшаларымен бірге айнала бастайды. Салқындатқыш сұйықтығының температурасы 80 – 85о С төмендегенде жылу релесінің түйіспелері ажыратылып желдеткіштің айналысы тоқтатылады. ВАЗ-2108 «Спутник», ВАЗ-2109 және басқа модельдерінде электрліжелдеткіш орнатылған. Желдеткіштің электрлі қозғағышының қосылуы мен ажыратылуы салқындатқыш сұйықтықтығының температурасының өзгеруіне байланысты радиатордың жоғарғы бачогына орнатылған сезгінің көмегімен іске қосылады.

КамАЗ автомобилінің дизельді қозғалтқышында желдеткіштің жетегіне, иіндібіліктің айналу моментін желдеткішке жеткізетін гидромуфта орнатылған. Гидромуфтада(4.4. сурет.) (термо) жылу күшімен істейтін сезгісі бар реттегіш – ажыратқыш қозғалтқыштың жылу режиміне байланысты іске қосылады. Салқындату сұйықтығының температурасының 80оС ұлғаюына байланысты қосқыштың баллонының ішіндегі белсенді массаның көлемі ұлғайып ериді, соның нәтижесінде сезгінің штогы золотникті итеріп, басты май магистралінің каналын ашады, одан қысыммен берілген май гидромуфтаға беріліп желдеткіш ақырындап іске қосылады. Қозғалтқыштың жылу режимінің өзгеруіне байланысты золотниктің де қозғалуы өзгереді, сонымен гидромуфтаға берілген майдың көлемі көбейіп, желдеткіштің айналу жиілігінің жылдамдығына әсер етеді. Салқындату сұйықтығының температурасының 70оС төмендеуіне байланысты гидромуфтаға май жіберілмейді, желдеткіштің айналысы тоқтатылады.

Термостат.Салқын қозғалтқышты қыздыруды жылдамдатып және автоматты түрде белгілі аралықта жылу режимін реттеп тұруға термостат қолданылады. Термостаттар қатты және сұйық толтырғышты болады. ЗИЛ, КамАЗ, Москвич автомобильдерінің қозғалтқыштарында қатты толтырғышты термостаттар қолданылады.

Мұндай термостат түтік 7 пен корпустың 12 арасына шығару құбырының ішіне орналастырылады. Термостат баллоны 1 белсенді массамен 2 толтырылған, ол церезина (мұнай қортпасы) мен мыс ұнтағының қоспасынан тұрады. Белсенді масса баллонның ішінде резиналы мембранамен 3 жабылған, оған резиналы буферге 11 арналған тесігі бар бағыттауыш төлке 4 орнатылып, мембрананы бұзылудан сақтап тұрады. Буферге 11 шток 5 орнатылып рычагты 8 клапанмен 6 жалғастырады, жабық қалпында клапан 6 ершікке 10 серіппемен 9 тығыздалып қысылады. Салқындатқыш сұйықтығының температурасы 70±2оС белсенді масса ери бастайды және көлемі ұлғаяды,соның әсерімен резиналы мембрананы 3, буферді 11, штокты 5 жоғары көтереді. Шток 5 рычагқа 8 әсер ету арқылы клапан 6 ашыла бастайды, толық ашылуы сұйықтықтың температурасының 83±2оС болады. Термостаттың клапаны 68 – 85о С температура аралығында өзінің қапын өзгертіп, белгіленген шектеулікте радиатордан өтетін салқындатқыш

сұйықтығының көлемін реттеп, қозғалтқыштың қалыпты жұмыстық температуралық режимін ұстап тұрады.

 Сұйық толтырғышты термостаттар ГАЗ –33–12, ГАЗ «Волга» т.б. автомобильдердің қозғалтқыштарында қолданылады. Мұндай термостаттың корпусында, 1 ішіне жеңіл буланатын сұйықтығы (70%-этиль спирті мен 30% судың қоспасы) бар жұқа латуннан жасалған жиырылған цилиндр 6 орнатылған. Жиырылған цилиндрдің үстіне штокпен 5 термостаттың клапаны

жалғастырылған. Салқындатқыш сұйықтығының температурасы 75оС төмен кезінде жиырылған цилиндр сығылған қалыпында тұрады, бұл кезде термостат клапаны жабық болады, ал салқындатқыш сұйықтығы кері қайтару каналы 2 арқылы радиаторға жіберілмей кіші айналымда айналып жүргізіледі.

Салқындатқыш сұйықтығының температурасы жоғарылауына байланысты жиырылған цилиндр 6 ішінде қысым артып, термостат клапаны ашыла бастайды және сұйықтық түтік 4 арқылы үлкен айналымда жүргізіледі. Сұйықтықтың температурасы 90оС жоғарылағанда термостат клапаны толық ашылып, сұйықтық радиатор арқылы айналып салқындатылып жүргізіледі.

Радиатор.Радиатор жылу алмастырғыш болып салқындатқыш сұйықтығының жылуынқарсы берілген ауаға өткізуге арналған. Радиатордың каркасы бүйірлік бекіткіш тіректерге 1 орнатылып, пластиналар арқылы төменгі бакқа дәнекерленіп жалғастырылған. Оны автомобильдің рамасына жүрісі кезінде солқылдамауын және қатты соқының күшін азайту үшін резиналы жастықшалар 5 арқылы бекітеді. Радиатор жоғарғы 4 және төменгі 6 бактан, сыртқы бөлігі қозғалтқыштың қыздырылған бөлшектерінен алынған жылуды ауамен салқындатып тұратын жылу бөлгіш өзек түтіктен 7 тұрады. Жылу бөлгіш өзек түтіктің арасынан өтетін ауаның көлемі радиатор каркасына арнайы тірекке бекіткен желбезекті – перде 8 арқылы реттеледі. Желбезек бірнеше пластиналар жиынынан құрастырылып, топсалы құрылғымен қамтамасыз етілген және орналасуын жүргізуші кабинасынан басқарады. Радиаторларға көбінде түтікті – пластиналы өзек немесе түтікті – ленталы өзек қолданылады.

Түтікті – пластиналы өзектер үш – төрт қатарлы сопақша пішінді түтікшелерден тұрады, оған салқындатқыш жазықтығын ұлғайту үшін көлденең пластиналар 9 дәнекерлеп бекітеді.

 Түтікті – ленталы өзектер сопақша пішінді түтікшелерден тұрады, аралығына кеңейтіліп иректелген

лента 10 орнатылып, арнайы штамталып қиғашталған ауа каналынан қарсы берілген ауаға жылуды жоғары әсерде жылдам өткізеді. Түтікті – ленталы өзекті радиаторлар қазіргі кезде көп тараған түрі, және көптеген қозғалтқыштарда орнатылған.

Қазіргі салқындату жүйесіне радиатордың қылта аузы жабық түрдегі бу шығару түтігі 2 орнатылған

қақпақпен 3 жабылған. Мұндай салқындату жүйесіндегі қысым атмосфера қысымынан бірнеше жоғары, сұйықтықтың қайнау температурасы 108 – 119оС аралығында болады, соның әсерінен аз буланады, сирек қайнайды және қозғалтқышты қыздырмай және сұйықтық қостырмай жұмыс істеу ұзақтығын арттырады. Радиатордың аузының қақпақпен тығыздалып жабылуы иректелген таяныш шайба 1 және серіппе 2 арқылы, ал салқындату жүйесінің атмосферамен бу шығару 3 мен ауа шығару 4 клапандары арқылы жүргізіледі.

ТҰТАНДЫРУ АЛДЫНДАҒЫ ЖЫЛЫТҚЫШ.

Тұтандыру алдындағы жылытқыш, жылыдың суық мезгілінде қозғалтқышты тұтандыру алдынан бұрын жылытып алу үшін қолданылады. Автомобильдерде орнатылған жылытқыш, қозғалтқышқа қандай жанармай қолданылатын болса, сондай жанармаймен іске қосылады.

ЗИЛ қозғалтқышының тұтандыру алдындағы жылытқышы, қозғалтқыштың салқындату жүйесімен тұрақты түтікжетектермен 10 және7 жалғанған қазаннан 8, жанармай бачогынан 19, желдеткішіті 2 электрлі қозғалтқыштан, электрмагнитті клапанды 17 жанармай жеткізу реттегішінен 18 және қозғалтқыштың қалқанына 23 орнатылған басқару пультінен 22 тұрады.

Тұтастырылып жасалған қазанның 8 жану камерасына бачоктан 19 түтік 4 арқылы өздігінен ағылып жанармай беріледі, ал қылта ауыз 1 арқылы түтікпен 5 жылытқыштың қазанына 1,5 – 2 л су құйылады. Электрмагнитті клапан мен реттегіш 18 қажетті жанармай мөлшерін үнемдеп жеткізуді қамтамасыз етеді. Олар бір жанармай үнемдегіш құрылғыда қалтқысы 26 бар қалтқы камерасымен, шашыратқышпен 28, реттегіш инемен 27 бірге орнатылған. Жану камерасына шланг – түтік 3 арқылы желдеткішпен 2 ауа беріледі.

 Тұтандыру алдындағы жылытқыш. Қазанға берілген жанармай алғашқыда өткізгіштермен 15, 16 және 20 жалғастырылған, басқару пультінде 22 орнатылған аралық қосқышпен 21 қосылатын және жұмысын бақылау орамының 24 каналы арқылы бақылауға болатын, қыздыру шамы 6 арқылы тұтандырылады. Камерадағы жанған қоспаның жануы тұрақты болғанда, қыздыру шамын ажыратқышпен 25 ажыратып, жанармайдың жануы, жанғыш қоспаны желдеткіштің көмегімен үрлеп тұтандыру арқылы жүргізіледі. Жылытқыштың 1 – 2 мин. жұмыс істегенінен кейін қазанға қосымша 6 – 8 л су құйылады.

Қылта аузын тығынмен жауып қозғалтқышты жылытуды жалғастырады. Қыздырылған су түтікжетек 10 және жалғастырғыш түтіктер 11 мен 13 арқылы цилиндрлер қатарының оң және сол жағының салқындату сұйықтығының тысына жіберіледі, олады жылытып конденсат күйінде қайтадан түтікжетек 7 арқылы қазанға қайтадан келтіріледі. Қазаннан шығарылған газдармен жалғастырғыш түтік 9 арқылы бағыттап картердегі майды қыздыруға қолданылады. Қозғалтқышты жылытқаннан кейін оталдырғыш қол тұтқамен иіндібілікті бірнеше рет айналдырып майлағыш материалды подшипниктерге жеткізеді. Иіндібіліктің еркін айналуы қозғалтқыштың оталдыруға дайын болғанын білдіреді. Ажыратқыштың 25 тұтқасы барынша енгізіліп тұрса, онда жылытқыш жұмыс істемейді, егер де жартылай шығарылып тұрса, онда желдеткіштің 2 электрлідвигателі іске қосылады, ал егер ажыратқыштың тұтқасы барынша шығарылып тұрса, онда қосымша электрлімагнитті клапан іске қос


Қозғалтқыштың цилиндр ішінде жанған қоспалардың газдары, поршеньдерінің сақиналарының тығыздалмауының әсерінен картерге газдар өтіп кетіп, майдың буымен араласады, сол картерлік газдарды тазарту қажет. Картерлік газдарды тазалаудың тиімділігі, қозғалтқыштың картерінің ішіндегі қысымды атмосфералық қысыммен теңестіріп тұруға, майдың ластануын, тығыздауыш сальниктерінен майдың ағуын болдырмайды, сонымен бірге газдардың жүк автомобилінің кабинасына және жеңіл автомобильдің салонына баруын тоқтатады.

Картерлік газдарды тазалаудың ашық – табиғи түрі және жабық – еріксіз түрі болады. Ашық түрде тазалау кезінде, катерлік газдар сыртқы атмосфераға шығарылады, ал жабық түрде тазалау кезінде, қозғалтқыштың жіберу құбырына жіберіледі.

Ашық жүйедегі картерлік газдарды тазалау КамАЗ, МАЗ, ГАЗ–53.12, ГАЗ «Волга» автомобильдерінің қозғалтқыштарында қолданылады.

ЯМЗ және КамАЗ дизельді қозғалтқыштарында картерлік газдарды тазалау, цилиндр блогының оң жағының қуысындағы 5 сермер картерінің ұясына орналастырлған лабиринт тәрізді сапун 1 арқылы жүзеге асырылады.

 Сапунның негізгі бөліктеріне жоғарғы, ортаңғы, ішкі стақандары және газ шығару түтігі 3 жатады. Пайдаланылған газдар мен жанармай буларының қозғалтқыш картерінен атмосфераға шығарылуы, автомобильдің жүрісі кезінде газ шығару түтігінен сырытқа қарай сейілту арқылы орындалады. Лабиринт

тәрізді сапуннан майдың газ шығару түтігі арқылы шығып кетуін болдырмайды, өйіткені лабиринт каналдарынан өткенде газдардың бағыттары жылдам өзгереді, газдардың құрамындағы май түйіршіктері бөлініп, май картеріне қайтадан құйылады. ЗМЗ қозғалтқышының ашық түрде катерлік газдарды тазалау жоғарыда жазылған бойынша жүгізіледі, бірақ сыртқа шығарылатын газдардан май түйіршіктерінің бөлінуінде біршама ерекшеліктері болады.

 ЗИЛ–508.10, ВАЗ, Москвич автомобильдерінің қозғалтқыштарында жабық түрдегі катерлік газдарды сору құрылғысы арқылы еріксіз жіберу құбырына бағытталып, сонан соң жанғыш қоспамен араластырылып қозғалтқыш цилиндріне түседі. Мұндай тазалау жүйесі өте жетілдірілген болып табылады, өйіткені картерлік газдардың зиянды құрамдарының сыртқы атмосфераға шығуын едәуір төмендетеді.

ЗИЛ–508.10 қозғалтқышының жабық түрдегі картерлік газдарды тазалау

(5.8. сур.), майұстағыш 7, клапан 9, және түтік 8 арқылы жіберу құбырына сорылып алынып, сонан кейін жанғыш қоспамен араластырылып, қозғалтқыштың цилиндріне жіберіледі. Майұстағыш 7 сорылып алынған газдардағы майдың тамшыларын бөліп тұрады, ал сейілту қысымының күші арқылы картерден сорылып алынған газдардың мөлшерін клапан 9 түтіктегі 8 штуцердің 10 биіктігіндей шамада түтік 8 тесігінен өтуін реттеп тұрады. Тазартылған ауа катерге май құйатын қылта ауызына орнатылған сүзгі 6 арқылы барады.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

  1. Газ тарату механизмінің қызметі. Олар қандай бөлшектерден тұрады?

  2. Неліктен таратқыш білік иінді біліктен екі есе ақырын айналады?

  3. V – бейнелі қозғалтқыштың таратқыш білігінің құрылысы қандай?

  4. Клапандардың төмен және жоғары орналасуын түсіндір?

  5. Таратқыш біліктің жоғары және төмен орналасуының маңызы неде?

  6. Клапандарға жылу саңылауы не үшін қолданылады және ненің көмегімен реттеледі?

  7. Шығару клапандарының еріксіз айналдыру механизмдері не үшін қажет және ЗиЛ қозғалтқышындағы оның құрылысы қандай?

  8. Газ тарату фазасы мен клапандардың қосарланып ашылуы дегеніз не?

  9. Жарылайсұйықты үйкелісті дегеніміз не?

  10. Қозғалтқыштың майлау жүйесі қандай негізгі механизмдер мен аспаптардан тұрады?

  11. Қозғалтқыштың қандай бөлшектері қысыммен майланады?

  12. Қозғалтқыштың майын тазарту үшін қандай сүзгілер қолданылады?

  13. Май cорабының құрылысы және оның жұмыс істеу тәсілі қандай?

  14. Картерлік газдарды тазалау не үшін қажет және қалай жүргізіледі?





ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Автомобильдің құрлысы және пайдалануы авторы: П.Ж.Жүнісбеков 
2. Автомобильдерді жөндеу және текникалық қызмет авторлар: П.Ж. Жүнісбеков, М.Т.Жетпейісов, Г.А. Мамедалиева, М.С. Дүйсенбаев 
3. Автомеханиктерге арналған материалтану негіздері авторлары: С.Скрынник, Т.Рахманов 
4. Автомобильдер мен қозгғалтқыштар теориясы автор: Б.А. Алиев 
Бутусов А.М., Образцов О.П., Жадаев В.Ф. и др. Автомобиль ГАЗ-66: Устройство, техн. обслуживание и ремонт. — М.: Транспорт, 1988.

6



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Газ тарату механизмінің негізгі түрлері.

Автор: Махаммедов Рузимат Бердиматович

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414971


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства