kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе "Мен - заманауи ұстазбын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эссе "Мен - заманауи ұстазбын" шығарма

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Мен - заманауи ұстазбын"»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ СӘН ЖӘНЕ ДИЗАЙН КОЛЛЕДЖІ»







Эссе: «Мен - заманауи ұстазбын»

Ағылшын тілі пән оқытушысы: Қайрат Т. Қ.



















Алматы 2020

Мен - заманауи ұстазбын!


«Мақсат-алыс, өмір-шақ» деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, өз ғұмырында адам баласы алыс армандарға, биік мақсаттарға жетуді көздейді. Сол асқақ армандарға жетелейтін, оның орындалуына мүмкіндік беретін, ол – мамандық.

Болашағын бағамдай білген әрбір жас қателікке, алдамшы ойға бой алдырмай, өз ғұмырын білім мен ғылым жолына, өнер мен игілікті іске бағыттаса, алдындағы асқақ арман, биік асуларды қиындықсыз алары анық.

Өзге жастар секілді мен де кезінде әр алуан мамандықты қиялымда елестетіп, арманыма айналдырғанмын. Мамандықтың бәрі жақсы, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Мамандықты адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Дұрыс таңдалған мамандық қана адамды бақытқа, шаттыққа бөлеп, биік белестерге жетелері анық. Жүрегі қалаған мамандыққа адам бала кезінен бейімделе бастайды. Өз ісінің шынайы маманы болу үшін терең білім алуға талпынады. Осылайша балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады.

Мен де балалық шағымнан өзім сүйген мамандыққа бейімделдім. Көп мамандықтың арасынан әр адамның жүрегінен жол тауып, өмір жолына дұрыс бағыт сілтейтін, барлық мамандықтардың «анасы» әрі төресі, ардақты ұстаз болуды қаладым.

Ұстаз – ұлағатты есім. Ұстаздық мамандыққа сөз келтірмеу үшін бала кезден өзіме тәлім-тәрбие, білім берген ұстаздарымның өнегелі қасиеттерін бойыма сіңіріп өстім. Сол жандардай білімді, сабырлы, білікті болуға талпындым. Себебі ұстаз өз ісін шынайы атқарғанда ғана нағыз сауатты, тәрбиелі шәкірттерді тәрбиелей алады.

Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол – әрдайым қасиетті тұлға. Ұстаз – тек мамандық иесі ғана емес, ол – қоғамға барынша беріле қызмет етіп, елінің заңғар болашағының іргетасын қалайтын парасатты тұлға. Осындай асыл қасиеттері мен өлшеусіз еңбегі үшін ерекше құрметке ие маман иесі болғанымды мен әрдайым мақтанышпен айта аламын.

Ақ сүтімен тәніне қуат беріп, бесік жырымен тербеткен ана, асырап-сақтаған әке тәрбиесінен кейінгі жан – жылуын бала бойына дарытатында ұстаз.

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, қазіргі заманға сай интелектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр ұстаздың міндеті. Ұстаз барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Ұстаздың негізгі басты мақсаты – рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманның ұстазыинформатор, бақылаушы, тексеруші маманы емес керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл ұстаз болуы керек. Баланы субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойында қасиетті дамыту, біліммен тәрбиені жеке тұлғаға бағыттау – бүгінгі таңдағы ұстаздың кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.

Жәй мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады – деп ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай егер мұғалім өзінің жоғарғы білім деңгейінен баланың білім деңгейіне дейін түсіп, баламен бірге білімді игерген кезде ғана, ол нағыз ұстаз болып есептеледі.Қазіргі заман ұстазы бала тәрбиесіне де, білімге де, жан-жақты дамыған қазіргі таңдағы иновациялық технологияларды жетік меңгерген ұлы тұлға болуы керек.

Бүгінгі ұстазға қойылар талап жоғары, жауапкершілік жүгі ауыр. Өскелең өмір сұранысына орай жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан терең білімділік пен төзімділікті талап етеді

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық кәсіп мен үшін бар жетістігімнің, биік белестерімнің алғашқы баспалдағы деп білемін.

Тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың қолында болса, жас ұрпақтың болашағы ұстаздың, яғни біздің қолымызда. Ұлағатты ұстаз болмаса, сол ұстаздың ұлағатты «өмір» деген үлкен айдынға бастар сабағы болмаса, білімді, өнерлі, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптаса ма?! «Мұхитты жүзіп өткің келсе, кемені өзің басқар» деген даналық сөз бар. Ұрпағымыздың тәрбиесін дұрыс қалыптастыру, ел іргесін бүтін ұстап, көк мұхиттан аман өткізу бізге байланысты деп ойлаймын.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Эссе "Мен - заманауи ұстазбын"

Автор: Қайрат Толғанай Қайратқызы

Дата: 16.01.2020

Номер свидетельства: 535985

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Мен – новатор ұстазбын" тақырыбында эссе"
    ["seo_title"] => string(37) "men_novator_ustazbyn_takyrybynda_esse"
    ["file_id"] => string(6) "493162"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545963399"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства