kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?дістемелік ?ызмет портфолиосы-педагог мамандарды? к?сіби ?су ??ралыны? бір т?рі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лемдік білім ке?істігінде педагогиканы? м?селелерін шешуде т?рбиелеу мен білім беруді? жа?аша жетілдірілген ?діс-т?сілдерін іздестіру, ?немі жа?алы??а жол ашу ба?ыттары ?арастырылуда. ?дістемелік ж?мыс?а жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол-?діскер. Бас?ару ?ызметіні? негізгі ерекшеліктері мен за?дылы?тарын білместен ?дістемелік ж?мысты сауатты ?йымдастыру м?мкін емес.Педагогикалы? ?рдісті? тиімділігі ?діскерді? барлы? бас?ару ?ызметтерін бірдей д?режеде сапалы орындауымен аны?талады. Сонды?тан да ?діскер т?рбие ж?не дамыту ?дістемелері ж?не ж?йелі бас?ару м?селелерінде білікті болуы керек. ?діскер-?стазды? е? жа?ын к?мекшісі. Ол ?з ж?мысын ?ылыми негізінде теориялы? т?р?ыда сауатты ж?ргізе білсе, онда практикада ж?йелілік,бірізділік ?алыптасып н?тижесі табысты болма?.

Ел болаша?ын озы? технологиялар мен инновацияларды тере? ме?герген  ?стаздарсыз ж?не жас мамандарсыз  к?зге елестету м?мкін емес. Сол себептен Елбасыны? жыл сайын?ы Жолдауларында б?л м?селеге айры?ша ден ?ойылып, «Болаша?», «Интеллектуалды ?лт-2020», «Инновациялы? даму» ба?дарламалары ?абылдануыны? астарында т?уелсіз елімізді? алда?ы дамуына ал?ы шарттар т?зілгенін бай?аймыз. Осы міндеттерді орындаудан ?дістемелік кабинет те  тыс ?алмайды. Ал білім б?лімінде шы?армашылы? ізденіс лабораториясы болып табылатын ?дістемелік ?ызмет алдына да ?лкен міндеттер ?ойыл?ан, б?л міндеттерді орындауда ?дістемелік кабинет ?лкен роль ат?арады.

Баянауыл ауданды? о?у б?ліміні? ?дістеме кабинетінде ?дістеме кабинетіні? ме?герушісі мен 8 ?діскер ж?мыс істейді.

 Ауданды? ?дістемелік кабинеті « О?у ?рдісін мазм?ны мен технологиялы? жа?ынан модернизациялау» атты  та?ырыпты басшылы??а алды, ал?а ?ой?ан ма?саты- педагогикалы? ?жымдарды? к?сіби ??зырлы?ын к?теру, білім беру мекемелері басшыларыны? білім теориясын дамыту ж?не практикада ?штастыру.  Осы ма?сатты орындауда т?мендегідей міндеттер ж?зеге асырылды:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Міндеттері: ?Р Конституциясын, ?Р «Білім туралы» За?ы мен «?Р Е?бек кодексі» за?дарын, ?аза?стан Республикасында?ы білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасын басшылы??а алу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?дістемелік ?ызмет портфолиосы-педагог мамандарды? к?сіби ?су ??ралыны? бір т?рі" »



жэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъчсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсукенгшщзхъфывапролджэячс





Әдістемелік қызмет портфолиосы-педагог мамандардың кәсіби өсу құралының бір түрі.









Баянауыл ауданының білім бөлімі









Әдістемелік қызмет портфолиосы-педагог мамандардың кәсіби өсу құралының бір түрі.

« Баянауыл аудындық білім бөлімінің»

Әдістемелік қызметі



























Баянауыл ауданы 2013ж

Әлемдік білім кеңістігінде педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол-әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес.Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтан да әдіскер тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі басқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер-ұстаздың ең жақын көмекшісі. Ол өз жұмысын ғылыми негізінде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік,бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.

Ел болашағын озық технологиялар мен инновацияларды терең меңгерген ұстаздарсыз және жас мамандарсыз көзге елестету мүмкін емес. Сол себептен Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында бұл мәселеге айрықша ден қойылып, «Болашақ», «Интеллектуалды ұлт-2020», «Инновациялық даму» бағдарламалары қабылдануының астарында тәуелсіз еліміздің алдағы дамуына алғы шарттар түзілгенін байқаймыз. Осы міндеттерді орындаудан әдістемелік кабинет те тыс қалмайды. Ал білім бөлімінде шығармашылық ізденіс лабораториясы болып табылатын әдістемелік қызмет алдына да үлкен міндеттер қойылған, бұл міндеттерді орындауда әдістемелік кабинет үлкен роль атқарады.

Баянауыл аудандық оқу бөлімінің әдістеме кабинетінде әдістеме кабинетінің меңгерушісі мен 8 әдіскер жұмыс істейді.

Аудандық әдістемелік кабинеті « Оқу үрдісін мазмұны мен технологиялық жағынан модернизациялау» атты тақырыпты басшылыққа алды, алға қойған мақсаты- педагогикалық ұжымдардың кәсіби құзырлығын көтеру, білім беру мекемелері басшыларының білім теориясын дамыту және практикада ұштастыру. Осы мақсатты орындауда төмендегідей міндеттер жүзеге асырылды:

Міндеттері: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңы мен «ҚР Еңбек кодексі» заңдарын, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алу.


  • Ауданда мектеп мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіру. «Дарынды балалар» бағдарламасының орындалуы мен әдістемелік жұмыстарды баспа басылымдары арқылы жариялауды белсендендіру. Озық іс-тәжірибе жөніндегі Ережені толықтыру және бекіту;

  • Аудандық білім бөлімінің сайтында ақпаратты толықтыру жұмысын жалғастыру. Қашықтықтан оқыту элементтерін сынақтан өткізуде қашықтық модулін қолдану;

  • Білім ұйымдарындағы эксперименталдық және инновациалық іс-әрекеттерді кеңейтуді қалыптастыру.

Кабинет жұмысының даму бағыттары

ӘК –нің іс-әрекетін білім ұйымдарындағы оқу әрекетін жетілдіру мен білім сапасын жақсартуда әдістемелік қолдау жасай отырып, практикалық бағдарлы сипатта, диагностика және мониторинг негізінде құру

  • Білім беруді дамытудың мемлекеттік Бағдарламасындағы негізгі бағыттың бірі - мұғалімнің мәртебесін жоғарылату және кәсіби құзырлығын көтеру.

  • Жас мамандармен жұмыс.

  • Ізденіс (инновациялық технологиялар, білім жетілдіру жұмыстары т.б.)

  • Шығармашылық топтар жұмысы (ғылыми қоғам, авторлық бағдарламалар т.б.)

  • Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату.

  • Кадрлар және білім мекемелерін аттестациялау.

  • Оқу –әдістемелік құжаттарды дайвндауда кеңес беру;

  • Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, олардың педагогикалық шеберліктерінің өсуіне жағдай жасау.

Аудандық білім бөлімінің ӘК бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізуде. Мұғалімдерді әдістемелік қолдау әртүрлі формада жүзеге асады, ол педагогтардың кәсіби өсуіне жол ашады.

Әдістемелік кабинетте аудан бойынша мұғалімдердің мәліметтері жинақталған . Ол « Мұғалім портфолиосы» деп аталады. Онда мұғалімнің жалпы жұмыс пен педагогикалық өтілі, санаты, өздігінен білім алу тақырыбы, дарынды оқушылармен жұмыс, наградалар мен конкурстарға қатысу бойынша нәтижелері.


Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.
- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы

Білім бөлімінің әдістемелік кабинет қызметі:

1. Шағын кітапхана ( білім саласындағы нормативтік актілер, ғылыми-педагогикалық газет-журналдар, т.б.);

2. Әдістемелік аймақ (әдіскерлерден жеке және ұжымдық кеңес алуы);

3. «Мәліметтер банкі» (әдістемелік кабинетте оқу үрдісіндегі иновациялық технологиялар жайлы мәліметтер жинақталған);

4. «Жаңа технологиялар банкі» папкасында  ауданның озат мұғалімдерінің сабақ үрдісінде қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялары, олардың ізденістері, талқылаулары, нәтижесі туралы материалдар жинақталған және ғылыми-педагогикалық басылымдардағы жаңа технологиялар туралы материалдар топтастырылды;

5. «Ақпараттар банкі» папкасында  ұстаздардың педагогикалық технологиялар туралы сұраныстарын анықтау және оларды ақпараттармен қамтамасыз ету қарастырылған. Осы мақсатта оқытушылардан инновациялық технологиялар жайында сауалнама алынып, осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Ақпараттар банкі» құрылды;

7. «Компьютерлік аймақ». Бұл аймаққа әдістемелік кабинет жүргізіп отырған барлық құжаттар, іс-қағаздары, каталогтар, жоспарлар, ережелер, т.б. жинақталады.

Білім бөліміндегі әдістемелік кабинет, әдістемелік кеңес, бөлімдер арқылы мынадай әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады:

1. Күнтізбелік жоспарлар мен жұмыс бағдарламаларының мемлекеттік стандарт пен типтік бағдарламаға сәйкестігі;

2. «Озат тәжірибе» мектебі;

3. «Педагогикалық шеберлік» мектебі;

4. Ашық сабақтар, ашық тәрбие сабақтарын ұйымдастыру, талқылау;

5. Апталықтар;

6. Олимпиадалар;

7. Байқаулар: «Үздік портфолио», «Үздік кабинет», «Үздік Әдістемелік бірлестік», «Үздік педагог», «Жыл мұғалімі» т.б.;

8. Тәлімгер мен жас мұғалімдер байланысы;

9. Мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерінің диагностикалық картасы;

10. Ғылыми-әдістемелік, ғылыми-практикалық семинарлар, педагогикалық оқулар, конференциялар ұйымдастыру;

11. Дарынды оқушылармен жұмыс

12. Шығармашылық көрме.

Әдістемелік кабинет 15 әдістемелік журнал-газеттерге жазылды. «Ұстаздар газеті», «Қазақстан мұғалімі», «Ана тілі» атты газеттермен қатар, «Вестник образования», «Әдіскер-методист», «Мектеп директоры», «Қазақстан мектебі», «Жаңа педагогикалық технологиялар», «Шығармашылық педагогика» т.б. Мұнымен қатар, республика мен жергілікті жер –тыныс тіршілігінен хабардар ететін « Сарыарқа самалы», « Звезда прииртышья», «Баянтау», « Егемен Қазақстан» атты гезеттеріне жазылды.

Аудандық әдістеме кабинеті өз тарапынан аудандық кеңеске қатысушыларға тақырыптық әдістемелік көмек ретінде әдістемелік журналдардан керекті материалдарды көбейтіп, таратумен айналысады. Мысалы: дарынды оқушылармен жұмыс, мектеп жұмысын жоспарлау, озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату жұмыстары.

Оқу жылының соңында әр әдістемелік бірлестік өздерінің жинақтаған материалдарын яғни бейне түсірілімдер, өткізілген іс-шаралардың жоспарлары, озат іс-тәжірибелер топтамалары, видеоматериалдарын әдістемелік кабинетке тапсырады.Олар жинақталып, жүйеге келтіріліп, оқу процесінде пайдаланады.

Әдістемелік жұмыс- бұл әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп басшысының, білім беру жүйесінің басқа да қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігі мен біліктілігін жан-жақты арттыруға, жалпы алғанда, педагогикалық ұжымның ілімдік потенциалын арттыру мен дамытуға, нақты айтқанда, оқу- тәрбие үдерісін жетілдіруге, нақты оқушылардың білімін, тәрбиесін және дамуын тиімді дәрежеге жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың (педагогтардың өз бетімен білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін, жетілдіруін басқару шараларын қоса) ғылым мен озық педагогика жетістіктеріне, оқу-тәрбие үдерісінің нақты талдауына негізделген біртұтас жүйесі.

Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету.

Ұстаздарға ақпараттық –әдістемелік көмек көрсету

Консультация-әдістемелік көмек көрсету

Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету

  • Ақпараттық стендтерді ресімдеу

  • Мектеп құжаттарын бір жүйеде толтыру

  • Әдістемелік материалдар мен нормативті-құқықтық актілерді жинақтау

  • Өз тәжірибелерінен жинақталған әдістемелік әдебиет көрмесін өткізу

  • Жеке және топтық кеңес беру

  • Жас маман мектебі

  • Мектептегі әдістемелік бірлестіктер жұмысы

  • Тренингтер

  • Ашық сабақтар

  • Мұғалімдердің өзіндік презентациялары

  • Конкурстарға материалдарды жинақтау, дайындау

  • Ғылыми-зерттеу жұмысы

  • Тақырыптық-тематикалық педагогикалық кеңес

  • Әдістемелік кеңес

  • Конференциялар

  • семинарлар



Аудандық әдістемелік кабинет озат педагогикалық іс-тәжірибелерді және инновациялық идеялардың жинақталып, таратылуын жоспарлы жұмыс жүргізде. Озық педагогикалық шеберліктің таңдаулы үлгілері семинарларда, аудандық педагогикалық оқуларда таратылады. Мұғалімдердің озат іс-тәжірибелері Республикалық, облыстық журналдарда жариялануда.

Аудандық әдістемелік кабинетінің озық педагогикалық іс-тәжірибелік кеңесінің арнайы жұмыс жоспары бар. Мақсаты: мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін зерттеп, жинақтап, танысып терең меңгерту. Шеберлік мектебі мен « Жаңашыл» клубының жұмысын дамыту, жетілдіру.

ӘК-тің озат педагогикалық іс-тәжірибенің құрылымы мынадай: АӘК- әдістеме бірлестіктер- «Жаңашыл» клубы, «Шеберлік класстар»- ОПМБАИ-мен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Әдістемелік қызмет мұғалімдердің жұмыстарында туындаған қиындықтарына өз тарапынан көмек береді.

Мақсаты: аудан мұғалімдеріне жүйелі түрде көмек көрсету.

Міндеті: мұғалімдерді өз оқу-тәрбие қызметін анық және дәлелді түрде бағалай алуға үйрету,сапаны анықтауға және бағалай алуға көмектесу, өз қызметінде әлі де жетілдіретін жұмыстарды анықтау.



Ең негізгі тақырып- жас мұғалімдер мектебінің жұмысын жоспарлау.

Жас мамандармен жұмыс жүргізудің мақсаты: Ұстаздық шеберлікке тәрбиелеу , қазіргі заман талаптарына сай жаңа сабаққа қойылатын талаптарды меңгеру.

Міндеттері:
• оқыту үрдісінде ізгілендіру мен демократияландыруды басшылыққа алу;
• Жаңа заман сабағына қойылатын талаптарды зерттеу;
• педагогикалық жаңашылдықты үйрену- меңгеру- өмірге ендіру- дамыту.
• Сабақ типологиясын зерттеп игеру.

Барлық мектептерде жас мамандарға тәлімгер ұстаздар тағайындалды.

Әдіскерлер тарапынан жас мамандарға оқу бағдарламасы бойынша кеңес берілуде.Аудан бойынша жас мамандардың білім жетілдіруі жайлы дөңгелек үстелдер, « Баспасөз беттеріне мақала жазу» атты семинарлар,

«Педагогикалық–психологиялық міндеттер мен проблемалық ситуацияларды шешу жолдары» атты практикалық сабақтар, №4 Баянауыл мектеп интернатының ұйымдастыруымен «Мамандығым- мақтанышым» атты семинар- тренинг өткізілді.

Жас мамандармен «Мен маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім» атты аудандық конференциясы өтті.

Әдістемелік кабинет аудан мұғалімдерінің біліктілігін арттыруларына аса назар бөлуде.

2013 жылы мемлекеттік тапсырыс жоспарын толығымен орындауда. Оған дәлел ретінде, 2013 жылғы Павлодар облысының білім арттыру институтымен бекітілген мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспары бойынша қаңтар-ақпан айында жоспар бойынша -47, орындалуы -51 барлығы- 109%-ды құрайды. Баянауыл ауданы бойынша 40 білім беру мекемесінің басшысы бар.2012-2013 оқу оқу жылында әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес педагог мамандардың біліктілігін арттыру бойынша 6 мекеме басшысы (15 %) курстан өтті. Курс тақырыптары мынадай:

  • « Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептің жаңашылдық іс –әрекетін басқару» ;

  • « Тұлғаны әлеуметтендіру негізі ретінде бастауыш мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие беруді дамыту»;

  • « Қазіргі жағдайда мектеп директорының басқарушылық жұмысын ұйымдастыру»

  • «Заманауи мектепті басқарудың өзекті мәселелері»

Курстан өткен мектеп басшылары өз мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарын кейбіреулері қайта қарап, өзгерістер енгізді. Аудандық әдістеме кабинеті сабақтарға қатысу, пәндер бойынша бақылау жұмыстарын алу, сарамандық жұмыстар, олимпиадалар нәтижелерін талдай келе әдістемелік жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарын анықтайды.

Біздің ауданымыздың мұғалімдері аудан, облыс, республика көлемінде танымал.

Оған дәлел ретінде ,осы жылдың мамыр айында Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты республикалық ҮІІІ педагогикалық олимпиадасында №2 Майқайың ОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Роза Қалбекқызы Далдыбаева жүлделі Ш-орынға ие болды. Облыстық «Педагогика-инновация жаңашылық » фестивалінің қорытындысы бойынша Ш.Айманов ат.ГМ-нің тарих пәнінің ұстазы Алма Қалымқызы Абушахманова І дәрежелі диплом иегері болып атанды.

№2 Майқайың жалпы білім беретін орта мектебінің эксперимент сыныптарында жұмыс істейтін мұғалімдер Г.И.Тугарина, В.Д.Лоренц, И.Н.Цыганова «Көптілділіктегі жаңалықтар» атты I Республикалық конкурсқа қатысып, І орын иегерлері атанды.

І Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде ауданымыздың 4 мұғалімі, облыстық пән олимпиадасында 4 мұғалім жүлделі орындарға ие болды.

Әр мұғалімге көңіл бөлу, педагогтарды, мектептерді теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері бойынша ақпараттандыруға мүмкіндік беретін шапшаң байланыс, педагогтарды маңызды ынтаның, қызықты тәжірибенің айналасында біріктіру – бұл жобалық идея, әзірлеме, дәлелдеу және олардың іске асуы әдістемелік қызметті білім беру жүйесін дамытудың катализаторы етуге мүмкіндік тудырады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?дістемелік ?ызмет портфолиосы-педагог мамандарды? к?сіби ?су ??ралыны? бір т?рі"

Автор: Н?ртаева Г?лн?зи Зейнолла?ызы

Дата: 27.10.2015

Номер свидетельства: 244434


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1950 руб.
2440 руб.
1880 руб.
2350 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства