kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бөкейліктердің жеңісі, еңбегінің жемісі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бөкейліктердің  жеңісі еңбегінің  жемісі.

Бөкей Ордасы - талантты ұлы тұлғалардың мекені. Осы өлкеден қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы, Дина, Сейтек, Науша, домбырашылар Ж.Теміралиев, Е.Қазиев, Халық артисі, актриса Х.Бөкеева, қазақтың тұңғыш дирижері Ш.Қажығалиев және т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бөкейліктердің жеңісі, еңбегінің жемісі.»

Бөкейліктердің жеңісі еңбегінің жемісі.

Бөкей Ордасы - талантты ұлы тұлғалардың мекені. Осы өлкеден қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы, Дина, Сейтек, Науша, домбырашылар Ж.Теміралиев, Е.Қазиев, Халық артисі, актриса Х.Бөкеева, қазақтың тұңғыш дирижері Ш.Қажығалиев және т.б.

Осындай ұлы тұлғалардың шыққан мекенінде қазіргі таңда аудан орталығы Сайқын ауылында 2000- жылдан бері балалардың аудандық саз мектебі жұмыс жасап келеді.

Бүгінгі күні барлығымызға ортақ мақсат – жасөспірімдерге біліммен тәрбие және олардың жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Бөкей ордасы аудандық балалар саз мектебінің ұжымы «Оқушыларға музыкалық білім беру арқылы балалардың білім қажеттіліктерін, шығармашылық қасиеттерін дамытуға, олардың жан- жақты дамуына ықпал ету» проблемалық тақырыпта еңбек етіп аталған мақсаттарды іске асыруда бірнеше істер атқарды.

2017– 2018 оқу жылында мектебімізге 127 шәкірт қабылданды. Домбыра, қобыз, бас қобыз фортепиано және баян, сыныптарынан оқушылар дәріс алып келеді. Шәкірттерге 18 ұстаз дәріс береді. Олардың 14 жоғарғы, 4 арнаулы орта білімді. Санаттары бойынша 3 –еуі жоғарғы санатты, 4 –еуі бірінші санатты, -3еуі екінші санатты. Мектепті Дүйсекешов Қуаныш Ертарғынұлы басқарып келеді.

Бөкей ордасы ауданындағы балалар саз мектебінің оқушылары кейінгі кездері өздері сияқты өнерпаз балаларға кәдімгідей бәсекелес болып жүр. Өнерде бәсекелес болу деген оңай дүние емес. Бақ Құдайдың қолында, ал бабың да басқадан биік болуы керек. Соған қарағанда біздің оқушылардың бабы мықты болғаны, мектеп оқушылары түрлі конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

2017 жылы қаңтар айында Орал қаласында өткен XV – ші Республикалық «Ақ көгершін» балалалар шығармашылығы фестивалінде домбыра аталымы бойынша Ахметкереев Ильфат бірінші орын(жет. А.Зайнуллин), Ахонова Әйгерім 3-дәрежелі дипломант

(жет.Г.Айтмағамбетова), фортепиано аталымы бойынша Рамазанова Диляра 3-дәрежелі дипломант, Хамидолла Айым 1 дәрежелі дипломант, Нұрбайқызы Әдемі 1-дәрежелі дипломант (жет. С.Рахимжанова), Тайырқызы Әдемі 3-дәрежелі дипломант (жет.Г.Ихсанова), қобыз аталымы бойынша Ниетқали Айназ, Сайфетденова Айгерім 3- дәрежелі дипломант, Манасова Рада 1 дәрежелі дипломант(жет. З.Дүйсенғалиева) атанды. Ағымдағы жылдың наурыз айында Орал қаласында өткен Облыстық 50 – ші жас музыкаттар байқауында фортепиано аталымы бойынша Тайыр қызы Әдемі Алғыс хат(жет. Г.Ихсанова), Шынболатқызы Аянат 3 орын алса, Хамидолла айым 1 орын, Хамидолла Сезім 2 орын алып Республикалық жарысқа жолдама алды.

Атырау қаласында өткен «Мәңгілік ел, Қазақстаным» атты Республикалық фестиваль конкурсында домбыра сыныбының оқушысы Есмах Ерасыл 1 орын иегері атанып Турция Республикасы Анталья қаласында өтетін Халықаралық байқауға жолдама алды. Орал қаласында өткен «Күй дәстүрінің шежіресі Қали Жантілеуов» атты Республикалық байқауда фортепиано аталымы бойынша Рамазанова Диляра 3орын Шынболатқызы Аянат Бас жүлде (Жет. С.Рахимжанова), Қобыз аталымы бойынша Ниетқали Айназ, Сүлеймен Зарина 2 орыннан көрінсе, Манасова Рада 1 орынды иеленді(жет. З.Дүйсенғалиева).

Павлодар қаласында өткен Балалар музыка мектептері және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттарының 50 Республикалық фестиваль - байқауында фортепиано аталымы бойынша Хамидолла Айым, Хамидолла Сезім Сертификат алса, Хор ұжымы облыстың атынан шығып Алғыс хатқа ие болды./жет. Самал Рахимжанова/.

Турция Республикасы Анталья қаласында өткен Халықаралық Достық форумының оқушылар мен балалар фестивалінде Есмах Ерасыл көрсеткен дарынды өнері үшін 1 орын дипломы мен марапатталды. Ал ұстазы Саида Ажғалиева Халықаралық Достық форумы аясындағы ғылыми – тәжірибелік конференциясының үздік ғылыми баяндамасы үшін марапатталды.

Мектеп оқушылары және ұстаздары аудандық өткізілген түрлі шараларға қатысып үнемі белсенділік көрсетті. Мамыр айында хор ұжымының /жет. С.Рахимжанова/ есептік концертін жұртшылыққа ұсынылды. Көрермендер жылы қабылдап, қошеметке бөленді.

Ағымдағы жылдың қараша айында Орал қаласында өткен «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Дала сазы» атты байқауға қатысып жүлделі орындарға ие болдық. Атап айтсақ, жас айырмашылығы бойынша кіші топта өнер көрсеткен Шынболатқызы Аянат және Хамидолла Сезім дуэттік орындауда фортепиано номинациясы бойынша жетекшісі (Рахымжанова С). Маралова Назерке жеке орындауда фортепиано номинациясы бойынша кіші топта өнер көрсеткені үшін жетекшісі (Ихсанова Г) бас жүлдемен оралды. Баян номинациясы бойынша Серіков Жарас 2- орын иегері кіші топта өнер көрсетсе жетекшісі (Шәріпов Ермек), домбыра номинациясы бойынша Хамидолла Балайна кіші топта өнер көрсеткен «Арнайы жүлде» дипломы беріліп, жетекшісі (Ажгалиева С). Айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, балаларды өнерге баулып, тәрбиелеп жүрген ұстаздардың еңбегі орасан зор.

Республикалық, өнер байқауында ерекше өнерлерімен көзге түсіп, балаларымыздың жеңіске жеткені біз үшін үлкен мақтаныш. Ұжымның бірігіп еңбектенуіне және көптеген жетістіктерге жетуіне ықпал жасап, балалардың бойындағы дарындылық қабілеттерді ашуға, мектебіміздің мәртебесін көтерулеріне аянбай еңбек етіп жатырған ұстаздарымыздың еңбектері, осындай еңбектің арқасында дүбірлі өнер додасына қатысқан кіл жүйріктердің ішінен біздің Бөкей ордасы аудандық балалар саз мектебінің оқушылары бас жүлдені қанжығаға байлап қайтқаны қуаныш, үлкен мәртебе.

Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы анық. Сондықтан ұстаз болу-жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Бүлдіршіндер мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған байқау ұстаздардың тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасау бұл да үлкен шеберлік.

Сәуір айында Ақжайық балалар саз мектебінде «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастырумен Республикалық «Дала сазы» байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты: мемлекеттік қызметті насихаттау, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру және ынталандыру мақсатында өткізілді.

Балаларды өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуына жол беріп, қызығушылық талабын ояту мақсатында оздырылған бұл байқауда домбыра аспабы бойынша кіші топтан Талапқызы Айзия және Сансызбай Сұлтан дипломант атанса, (оқытушысы Ажгалиева Саида ), фортепиано аспабы бойынша Нұрбайқызы Әйгерім(оқытушысы Жамангарина Шынар), Ертарғын Аққу, Оразгалиева Мадина, Талғатова Арина 3-орын, (оқытушысы Рахымжанова Самал ) домбыра аспабы бойынша Ғафур Бекнұр,

( Зайнуллин А) Дуэт «Гүлдер» тобы (Оразгалиева Мадина, Ертағын Аққу) 2-орын, (оқытушысы Рахымжанова Самал ) Фортепиано аспабы бойынша Ғафур Жәңгір, Шынболатқызы Аянат, (оқытушысы Рахымжанова Самал ) домбыра аспабы бойынша Сұлтанияр Нұрсәт (оқытушысы Ажгалиева С ), Дуэт «Балбөбек» тобы (Хамидолла Сезім, Шынболатқызы Аянат) 1-орын алды.

Ал биіктен көрінген Бас жүлде иегерлері: Жеке дауыста ән салуда Қапанова Айзере (оқытушысы Рахымжанова Самал ) домбыра аспабы бойынша Дуэт «Қайсар» тобы(Есмах Ерасыл, Сұлтанияр Нұрсәт), (оқытушысы Ажгалиева Саида ), фортепиано аспабы бойынша Дуэт «Айгөлек» тобы (Талғатова Арина, Капанова Айзере) (оқытушысы Рахымжанова Самал), домбыра аспабы бойынша Қайсағали Нұрдәулет (Зайнуллин А), фортепиано аспабы бойынша Хамидолла Сезім, Хамидолла Айым (оқытушысы Рахымжанова Самал )

Бас жүлде иегерлері және 1-орын алған барлық оқушылар «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Біз бақытты баламыз» және Сочи қаласында «Черноморской олимп» өтетін Халықаралық байқау-фестиваліне жолдама алды.

Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары барлығы да «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының төсбелгісімен «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Республикалық, облыстық өнер байқауларында өнерлерімен көзге түсіп, балаларымыздың жеңіске жеткені саз мектебі үшін үлкен мақтаныш. Ұжымның бірігіп еңбектенуіне және көптеген жетістіктерге жетуіне ықпал жасап, балалардың бойындағы дарындылық қабілеттерді ашуға үнемі қолдау көрсетуден жалықпайтын оқушылардың ата-аналары да алғысымыз шексіз.



Аудандық балалар саз мектебі.

Директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Тілепова Айзада Ерхауқызы







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бөкейліктердің жеңісі, еңбегінің жемісі.

Автор: Тлепова Айзада Ерхауовна

Дата: 25.11.2022

Номер свидетельства: 618428


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства