kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Біздің Президент"Эссе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.

Қазағым жетті бүгін арманына,

Елбасым,айналайын,атқан таңым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Біздің Президент"Эссе»

Біздің президент

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын, 
Өзіңді әлемге айтып шаттанамын. 
Қазағым жетті бүгін арманына, 
Елбасым,айналайын,атқан таңым. 
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің, 
Жылатып мына әлемді гүлдендірдің, 
Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп, 
Елімнің шығардыңыз биік үнін. 
Елбасым ер жүректі ер мінезді, 
Елімді айналдырған гүл күмбезге 
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы, 
Жарқыраған қазағымның күні емес пе? 
Қазағымның жарқыратқан маңдайын, 
Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым 
Қақтырған талай дүниенің таңдайын,

Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым.-деп, мен өз өлеңімде айтқым келгені біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президентi Н.Назарбаев – аса көрнектi саясаткер, стратег және әлемдiк деңгейдегi қайраткер, қазақ елiн әлемге мойындатқан көреген көшбасшы. «Елу жылда – ел жаңа» деген сөзге сүйенер болсақ, қазiргi Қазақстан – арман Қазақстан. Жетiстiктерiмiз ауыз толтырып айтарлықтай. Мысалы айтар болсақ, Елбасымыз Тәуелсiздiгiмiздiң алғашқы кезiнде-ақ бiздiң халқымыздың бейбiтсүйгiш ел екенiн көрсетiп, ядролық қарудан бас тартып, оны сынайтын полигонды жабудан бастады.

Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауы – бiздiң адаспайтын жолымыз, айқын бағдарымыз. Ең алғашқы Жолдауда көрсетiлген жетi басымдықтың iске асып, айтылған мерзiмiнен бұрын орындалып жатқанына бiз, қазiргi жас ұрпақ, куә болып отырмыз. Біз жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар - Елбасының тірегі, Елбасы-елдің тілегі! Елбасымыз біз үшін жастар болашағы үшін  жарқын болашақ есігін айқара ашты. Білім алып,елімізді басқа да үлкен мемлекеттерге таныту мақсатында «Болашақ» бағдарламасын жасады. Қазақ жастары білім алсын деген сеніммен,өзінің атында  мектеп және жоғары оқу орындарын да ашты. Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық. Даламыз егісті,Ордамыз қеңесті! Елімнің елдігін көрсетіп, ерлігін танытқан да елбасым. Ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен өкiмет басындағы ағаларымыздың аянбай еңбек етуi осы нұрлы күндерге жеткiздi. Өзiн өз ұлтына, барлық қазақстандықтарға ақыл - парасатымен, бiлiмдарлығымен сыйлата бiлген Нұрсұлтан Әбiшұлының халықаралық деңгейдегi беделiнiң зор екендiгi де күнделiктi ақпарат көздерiнен айқын сезiледi. Елбасымыз арқылы күллi әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбiр сапары «қанатымен су сепкен қарлығаштың тiрлiгiндей» ел қамы екенi даусыз. Халқы үшiн қызмет етудi бақыт санайтын Елбасымыздың көшiне iлесер әрбiр жас ұрпақ өз елiн, жерiн жан жүрегiмен сүюi керек. Рухы күштi адам осылай етедi. Әрине осындай ақылды да, парасатты, беделдi Елбасымыз бар бiздiң халқымыз да бақытты. Сондай ерен еңбегi бар көшбасшымыздың, Президентiмiздiң күнi ретiнде атап өтетiн 1 желтоқсан да жақын қалды. Осы күнi мемлекетiмiздiң әрбiр азаматы Елбасына деген ризашылығы мен алғысын, құрметiн көрсетiп жатса, артық болмас деймiн. Елбасымыздың жетістіктері өте зор. Небәрі 28 жыл ішінде атқарылған істері де аз емес . Жеткен жетістіктеріміз,алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы.Алда көптеген мақсаттар,атқарылатын істер бар. Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді,мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.

Елбасының үздік еңбегі осы нұрлы күнге жеткізді. Әлемдегі танымал зияткер адамдардың барлығы, біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаткерлік қызметіне ең жоғарғы баға береді.Оның куәсі ретінде Татарстан мемлекеті біздің елбасымызға «ел ағасы» деген атақ беруін атап өтуге болады.Біздің елбасымыз өз елінде бейбітшілікті сақтап қоймай, әлемдік саяси мәселелерді шешуге де, белсене ат салысатын тұлға. Барлық әлемге бейбіт өмір сүріңдер деп ұран салған да біздің елбасымыз.
Қазақстанның жаңғыруының, дамуының басты бағыты ретінді елбасымыздың  өзінің «Нұрлы Жол- болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауынан білуге болады.  Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанның  жаңа экономикалық саясатын дамытып, әлемде ең дамыған отыз елдің қатарына қосу деп білеміз. Біздің елбасымыз Қазақстан халықтарының мүдесі үшін қызымет етеді. Біздің ел басымыз әр сөзінде жастарды экономикалық жағынан дамыған, тәуелсіз және қуатты Қазақстанды салуға белсенді үлес қосуға шақырады. Қазақ халқының бiрлiгi, ынтымағы бұдан әрi нығая берсiн дегiм келедi. Бұл мемлекетте тұру – басқа да өзге ұлттың арманы деуден қорықпаймын. Өйткенi әлемде бiздiң Елбасымыз сияқты басшы, дархан көңiлi бар бауырмал қазақ халқы сияқты ел жоқ деп бiлемiн.

Уақыт зырғып өтер, заман зымырар, бiрақ тарих қойнауында, әлем мен қазақстандықтардың жадында ұлт көшбасшысының даңқты, сара жолы мәңгi өшпес iз қалдырары анық...







Теналбаева Ақнұр

4БББ – 15 б/б


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Біздің Президент"Эссе

Автор: Теңелбаева Ақнұр 4БББ-15б/б студенті,жетекшісі Джумагамбетова Зо Султанбаевна

Дата: 14.01.2019

Номер свидетельства: 495242


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства