kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Би ?нері ар?ылы балаларды ?семдікке, с?лулы??а т?рбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Батыс ?аза?стан облысы казталов ауданы ?ара?зен мектеп лицейіні? хореографы Жумабаева Шолпан Валериян?ызы. мені? б?л Би ?нері ар?ылы балаларды ?семдікке, с?лулы??а  атты іс т?жірибемде би ?имылдарыны? т?рлері, оны? ма?саты ?алай рындалуы туралы жадпы ережелер туралы ж?не ?з о?ушыларымны? билері мен жетістіктері туралы берілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Би ?нері ар?ылы балаларды ?семдікке, с?лулы??а т?рбиелеу »

















«Би өнері арқылы балаларды әсемдікке,

сұлулыққа тәрбиелеу»





























Казталовка -2015

Казталов аудандық әдістемелік кабинеттің сараптама кеңесінің 2015 жылғы

____ күнгі кеңесінің № ___ хаттамасының шешімімен таратуға ұсынылды.





Құрастырушы: Жұмабаева Шолпан Валериянқызы

«Гүлім» би үйірмесінің жетекшісі



Рецензенттер: Қабиева Б.Қ

К.Мендалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің терме сыныбының жоғарғы санатты ұстазы.

Жұмабаева Қ.С. Қараөзен мектеп-лицейінің бейнелеу өнері, сызу, технология, саз, АӘД, дене тәрбиесі пәндерінің бірлестік жетекшісі:







Бұл жинақта жетекшінің «Би өнері арқылы балаларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу» тақырыбындағы іс-тәжірибесі жинақталған. Осы жинақтан би өнерінің қыр-сырына қанып, ұстаз бен шәкірттердің шығармашылық жетістіктерін көруге болады. Аталмыш еңбек барлық үйірме жетекшілеріне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.













Қараөзен мектеп-лицейінің «Гүлім» би

үйірмесінің жетекшісі

Жұмабаева Шолпан Валериянқызының

«Би өнері арқылы балаларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу» тақырыбындағы

іс-тәжірибесі





























Жұмабаева Шолпан

Валериянқызы

«Гүлім »би үйірмесінің жетекшісі











Туған күні мен жылы: 1971, 22-шілде

Ұлты: Қазақ

Педагогокалық стажы: 22 жыл

Білімі: 1992 жыл. Орал мәдени ағарту

училищесі хореография бөлімі


Жұмыс орны: Қараөзен мектеп – лицейі

Проблемалық тақырыбы: «Би өнері арқылы балаларды

әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.»

Жетістіктері: 1. «Егемен елдің ертеңіміз» атты Аудандық «Балдаурен» байқауында топтық биден I-орын 2011 жыл.

2. Аудандық «Айгөлек » байқауында II-орын 2011 жыл

3. «Егемен елдің ертеңіміз» атты облыстық «Балдаурен» байқауында II-орын

2011 жыл.

4.Аудандық «Балдаурен» байқауында І-орын 2014жыл

5. Жаңакала ауданында өткен облыстық «Қара жорға» би байқауында ІІІ-орын

2011жыл.

6.Астана қаласында өткен V- Республикалық балалар шығармашылық «Ақ көгершін» байқауында топтық биден II-орын 2011жыл.

7.Атырау қаласында өткен «Тәуелсіздік-тірегім, теберегім!» атты ІV-ші Халықаралық балалар мен оқушылар фестивалінде бас жүлде-гран-при

2014жыл.

Наградалары: Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі Атырау 2014 ж Құрмет грамотасы «Бейбітшілік әлемі» Атырау 2014ж Алғыс хат «Бейбітшілік әлемі» Атырау 2014ж ҚР игілігі үшін өзіндік мамандығының жоғарғы құрмет орденімен марапатталды:



Алғы сөз.

Қазіргі таңда заман талаптарына сәйкес білім берудің мақсаттары да жаңара түсуде. Бүгінгі меңгерген білім мен біліктіліктің көлемі емес, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, адамның бірегей мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін басымдықтар алдыңғы қатарға шықты. Бұл реттегі білімнің басты мақсаты - жас ұрпақты өмірдің күрделі тұстарына әзірлеу, психологиялық және әлеуметтік бейімдеу. Қазіргі заманғы оқытудың мақсаттары ой-өрісті дамытудан басқа, эмоцияны, ерік – жігерді дамытуды, қажеттіліктерді, қызығушылықты, мұраттарды, адамның мінез-құлық қырларын қалыптастыруды да кеңінен қамтыды. Оқыту, яғни білім беру жеке тұлғаның үйлесімді дамып, өсе түскен адамның дербестігіне, ол адамның бойындағы ықтимал мүмкіндіктеріне бағдарланған. Мектеп әрбір жеке тұлғаның білім алып, дамуы үшін тиімді жағдайлар туғызып, ой-өрістік – теориялық, көркемдік – эстетикалық және дене тәрбиесінің арасында үйлеспейтін сәйкессіздік болмайтындай жұмыс ұйымдастыруы қажет. Балаларды жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда хореографиялық оқытудың негізгі міндеті - өскелең ұрпақты эстетикалық тұрғыдан дамытуға ықпал ету. Хореограф педагогтардың алдында оқушылардың бойына өз елінің және басқа да халықтардың би өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін, құрметпен қарау сезімдерін сіңіру міндеті тұрады. Бұл оқу-әдістемелік құралда оқушылардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін және әртүрлі репертуарды жасауға қол жеткізетін би материалының көп жанрлығы, ұстанымы айқын белгіленген. Бұл құрал өзегінің әліппесі – би материалы бекітетін және бағытталған жүйелілік, қол жетерлік және қозғалысты біртіндеп күрделілендіру - өзінің денесін (корпусын), қолын, басын дұрыс қоюдан бастап, оқушылардың сахналық мәдениетті меңгеруіне дейінгі ұстаным бойынша жаттығу. Оқу-әдістеме мынадай бөлімдерден тұрады: музыкалық қозғалыстың әліппесі, әрбір бөлім бойынша дағдыларды (машықтарды), білім мен біліктіліктерді бекітуге ықпал ететін қозғалыстардың пропорционалдық даму материялы бар классикалық, халықтық және тарихи-тұрмыстық бидің элементтері.











Негізгі мақсаты:

Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің мектептегі би өнерінің ролі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту.

Бөлімдері:

1. «Хореография» туралы түсінік.

2. Би өнерінің мәні неде?

3. Би қалай туады?

4. Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі.

5. Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы.

6. «Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже»

 

«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері.

Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші өнер болғандықтан, би шығармашылығының тарихи қалыптасуын зерттеу өте күрделі. Өйткені ол өзінен кейін материалдық – заттай ескерткіш қалдырмайды. Биге қатысты сурет, жазба және ілеспелі музыка оның бір қырын ғана қамтып, біржақты түсінік берумен шектелсе, осы заманғы кино түсірілім ғана би өнері жайында толық түсінік бере алады. Ежелгі би шығармашылығы туралы тарихи деректер там-тұм болғандықтан, тым тапшы әрі оның өзі де болжамды.

Хореография (грек.choreia – би, grapho – жазамын)

1) Шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу

2) Би және би спектакльдерін қою деген мағыналарды білдіреді.

Алғаш рет «Хореография»  терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе енгізді. Қазақстанда «Хореография» термині 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары қолданыла бастады.

Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені хореография ол – сөзсіз өнер. Оның негізі – би. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Жалпы би – психиканың эмоциялық аясының жемісі.

   Аристотель биді «Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі деді, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді» деген екен.






Би өнерінің мәні неде?

Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ – ол классикалық би. Латын тілінен аударғанда «Үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Классикалық биді біз балет деп атаймыз. Балет дегеніміз итальян тілінен аударғанда «Билеймін» деген мағынаны білдіреді. Балет, би, хореографиялық көріністердің авторын – балетмейстер деп атаймыз. Осылайша би өнерінің мәні – классикалық биде деп толығымен айта аламыз.

 

Би қалай туады?

Бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі әрі алмасуы нәтижесінде жетеді. Бидегі музыкалық,  ырғақтық үзілістер би үзілістерінің эмоциялық-динамикалық қалпына сәйкес келеді. Би билеу орындаушыға мамыражай, жан жадыратар рахат бір күй әкеледі. Оның биологиялық немесе табиғи бастаулары ежелгі би шығармашылығының дамуына жағдай жасады. Бидің негізі – адам бойындағы көркемдік талаптардың тууы секілді биге деген психологиялық қажеттілікті анықтайтын шығармашылықтың қоғамдық бастамасы. 

Күнделікті өмір-тұрмыстағы шабандозбен ат пластикасының әсемдігін айшықтайтын би қимыл-қозғалыстары мыңдаған жылдар өтсе де, көп өзгерістерге ұшырамай, қазақтар арасында тұрақты дәстүрге айналып, күні бүгінге дейін сақталып жетті.

Мифтік тұлпардың бидегі бейнесі «Тұлпарша» тұлпар самғауы, «Құс қанат» қанатты секірістер, «Қамдама» қанатты бұрылыс сияқты халықтың дәстүрлі қимыл-қозғалыстарында сақталған. Ал қазақтың «Желдірме» ат желісі, «Шабыс» аттың еркін шабысы, «Тепең жорға» жорға жүріс, «Тебінгі» тебінгі және тағы басқа көптеген дәстүрлі би қимылдары ежелгі әскери бидің салттық жұрнағының бейнелі түрдегі жалғасы.

«Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Осының қалыптасуы қоғамның әр алуан талаптарына, ең алдымен жастарды ұжымдық қарым-қатынастарды талап ететін аңшылық, соғыс кездерінде физикалық, рухани тұрғыда шымырлыққа тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты болды». Тұтас алып қарағанда би шығармашылығын, оның ішінде қазақ биінің қалыптасуы барлық дүние бейнелі түрде қабылданып әрі оның бәрі бейнеге айналдырылған тарихи кезеңге жатады. Сезім де өзін қоршаған өмірлік ортаның суреті, адамның ішкі жан дүниесі ретінде бейнелі түрде түсіндірілді. Бұл қоғамның даму сатыларының ерте кезеңіндегі би шығармашылығына қуатты эмоциялық серпін берді.







«Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі»

Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болуы үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек, бұлар саналы-эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу.

Эмоциялық және логикалық ықпал ету – сабақ жүргізудің дайындық қойылым жұмыстарының негізгі алғы шарттары болып табылады.

Қимылды жаттап алу – ырықсыз рефлекстен сезіну мен түсінісу кезеңін өткен кезде осындайдан бұлшық еттің сезінуі арқылы меңгеріледі. Осындай жолмен жатталған қимыл әрекет естерінде ұзақ сақталады. 

Көрнекілік – бұл негізгі оқыту және би өнерінің қозғалыстарын жетілдіру, биге үйрету сабақтары негізінде белсенді ықпал жасайтын көрермендер. Бұлшық ет-есту анализаторлары түсіндіру қайталап көрсетулерді- би өнері сабақтарының педагогикалық процессін негізгі әдісі деп есептеуге болады.

Оқыту жүйелігі – балалармен жұыс жасаудағы әдістердің түрлі формадағы қолданылуы – педагогикалық процесстегі маңызды компаненті.

Оқытудағы сабақтарда: классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық, сонымен қатар өзіміздің ұлттық биіміз – қазақ билері оқытылады. Және қосымша модерн, латын-американдық, аэробикалық, қазіргі заман билері оқытылады. Осылайша балаларды жан-жақты болып тәрбиеленуіне үлес қосамыз. Сабақтың логикасы, оның мақсаттылығы мен жүйелігі, машықтық сабақтардың жүргізілуі, қойылым жұмыстарымен дайындық, би өнері туралы қысқаша түсінік – тұтастай алғанда, тек шығармашылық ықпал ету, мүмкіндігі мен қызығушылығын ескерту.





































































Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы.

  Көп білетін және алған білімдерін жұмыста, үйде, демалыс кезінде қолдана алатын адам-рухани бай, мәдениеті жоғары адам. Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше пайдасын тигізу үшін – дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс. Ондай адам қандай жұмыстыда шаршамай шалдықпай істей алады. Шаршаса да оңай әл жинап, тез тыныға біледі. Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан төзімді, қайратты адам дейміз. Бұған би пәні де негіз бола алады. Бұл пән оқушының салауатты өмір салтын қалыптастыруға бастар бірден-бір жол. Биде тәрбиеленген балалардың  жүріс-тұрысы, дауыс ырғағына дейін, ішкі-сезімінің дамуы ерекше келеді. Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.

Бидің денсаулыққа пайдасы

1. Түрлі жаттығулар жасаған кезде денеден көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл жүректегі қан айналымын жақсартады.

2. Қан айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді.

3. Қан қысымының көтерілуін тежейді.

Би тек қана сырт келбетті емес, сонымен қатар ішкі дүниенің, сана сезімін артады және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды.





















































Қазақ биі «Мереке», орыс биі «Кадриль»


































































































































































«Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже»

Би адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Оқушлардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.

Енді өз тәжірибемнен жүргізілген жұмыстарыма тоқталсам: БҚО Казталовка ауданы Қараөзен мектеп-лицейінің «Гүлім»би үйірмесінің оқушылары сабақтарда меңгерген жұптық, жеке, топтық жұмыстарының нәтижесінде мектепішілік мерекелерге, концерттерге, салтанатты жиындарға және аудан, облыс, республика көлеміндегі байқауларға қатысып, өз шеберліктерін шыңдап, жүлделі орындардан көрінуде. 

Атап айтсам:

1. «Егемен елдің ертеңіміз»атты Аудандық «Балдаурен» байқауында топтық биден I орын 2011 жыл.

2. Аудандық «Айгөлек » байқауында II орын 2011 жыл

3. «Егемен елдің ертеңіміз» атты облыстық «Балдаурен» байқауында II орын 2011 жыл.

4. Аудандық «Балдаурен» байқаунда І орын 2014 жыл

5. Жаңакала ауданында өткен облыстық «Қара жорға»би байқауында ІІІ орын 2011жыл.

6.Астана қаласында өткен V- Республикалық балалар шығармашылық «Ақ көгершін» конкурсында топтық биден II орын 2011жыл.

7.Атырау қаласында өткен «Тәуелсіздік-тірегім, теберегім!» атты ІV ші Халықаралық балалар мен оқушылар фестивалінде бас жүлде-гран-при 2014жыл.

Қорыта келгенде би өнері оқушының эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастыру, өз халқының төл рухани мәдениетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес, өзге ұлттың да болмысын құрметтей білетін, яғни ұлттық санасы биік, өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты болары сөзсіз.























Қорытынды

Жалпы хореографияның барлық бағдарламасы балалардың мәдени және тарихи білімдерін кеңейте түсуге, олардың рухани жан дүниесін және саулығын, адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін дамытуға бағытталған. Кез келген ғылымның, соның ішінде өнердің өзіндік лексикасы болады. Бір кезде тарихи-тұрмыстық деңгейден бастау алған би өнері қазір өзінің шарықтау шыңына шықты деуге негіз бар, бірақ ол әлі де жан-жақты дамып келеді. Білім берудің мақсаттары заманның талаптарға сәйкес жаңара түскен қазіргі заманда би өнерін оқытып-үйретудің де жаңа талаптары қойылуда. Бұл егемендік алып, тіліміз мемлекеттік тіл болып ресми түрде танылған кезеңде ана тілінде білім алатын осынау ұрпақ тәрбиесінде де ерекше орын алары сөзсіз.Ұсынылып отырған оқу құралында халықтық-сахналық және тарихи-тұрмыстық билердің негізгі элементтері, орындалу ерекшеліктері, үйрету әдістері қазақ тілінде берілді. Оқу құралында классикалық терминдер шығу тектеріне байланысты француз тілінде қалдырылды. Қорыта айтқанда бұл оқу құралын мен көмекші құрал ретінде ұсынып отырмын. Үнемі ізденіспен жұмыс істейтін педагог-хореографтар оқу-құралын пайдалана отырып, оны жекелеген ерекшеліктерге сай дамытуларына болады.

































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


  1. «Сымбат» Ш. Жиенқұлова Алматы өнер 1997жыл

  2. Выготский Л.С Воображение и творчество в детском возрасте. М, 1991г

  3. Красовская В.М «О. Классическом танце» в кн Н. Базарова. В.. Мей Азбука классического танца Л. 1983г

  4. Радынова О.П Катинене А.И Палавандишвили М.Л Музыкальное воспитание школьников М 1999г

  5. Пуртова Т.В, Беликова А.Н, Кветная О.В Учите детей танцевать М, «Владос» 2003г

  6. Филатов С.В От образности слово – к выразительному движению М,1993г

  7. Чудновский В.Э.Воспитание способностей и формирование личности М, «Знание». 1986г

  8. Школа казахского танца О.Всеволодская-Голушкевич Алматы өнер 1994






























Мазмұны

Алғы сөз ............................................................................................................ 5

Мақсаты ........................................................................................................... 6

Би өнерінің мәні неде? ................................................................................... 7


«Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі».......................................... 8


Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы..................... 10


«Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже» ................................................ 16


Қорытынды ..................................................................................................... 17


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................ 18

































26



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Би ?нері ар?ылы балаларды ?семдікке, с?лулы??а т?рбиелеу

Автор: Жумабаева Шолпан Валерияновна

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176537


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства