kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама «Баланы? а?ыл-ой белсенділігін арттыруда?ы шахмат ойыныны? ма?ызы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын дегеніміз ?ш?ын, білімге ??штарлы? пен еліктеуді?             

                    маздап жан?ан  оты.    Ойынсыз, музыкасыз, творчествосыз,    

                    фантазиясыз  толы?  м?ніндегі  а?ыл-ой т?рбиесі болмайды.                                  

                                                                                       В.М. Сухомлинский .

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама «Баланы? а?ыл-ой белсенділігін арттыруда?ы шахмат ойыныны? ма?ызы» »

Баяндама

«Баланың ақыл-ой белсенділігін арттырудағы

шахмат ойынының маңызы»

                       Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің             

                    маздап жанған  оты.    Ойынсыз, музыкасыз, творчествосыз,    

                    фантазиясыз  толық  мәніндегі  ақыл-ой тәрбиесі болмайды.                                  

                                                                                       В.М. Сухомлинский .

       Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал шахмат ойындарында  логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оқушылар ойын арқылы  өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін желтілдіреді. Шахмат-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде екі адамның қатынасуымен іске асады. Қай жеңгені жеңімпаз болса, біреуі жеңіліс табуы тиіс. Шахматтың  ережелерін оқушылар сақтай отырып, ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Шахматтың  басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен саналып, бір-біріне деген сенімдерін арттырады.       Ұлы Абай айтқандай:  «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» дегендей, сол пікір бала өмірінде ойынның маңыздылығын шешуге көп әсерін береді. Төменгі сынып оқушыларының психикасының дамуына шахмат ойындарының әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар:  Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар өз еңбектерінде көрсете білген. Сол кісілердің тәлім – тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.  Ал ертедегі ұлы ғалым-ойшылдар Жан Жак Руссо мен Песталоции ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Үйірме жұмысындағы ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы  С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да өз пікірлерін білдірген.

    Шахмат-интеллектуалдық спорт түрі ғана емес, сонымен бірге баланың ойлау қабілетін дамытудың керемет құралы.  Шахматтың оқушы дамуына орасан зор мүмкіндіктерге ие екенін В. А. Сухомлинский де айтқан болатын. Шахматты міндетті пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізу мәселесін көтеріп жүрген педагог ұстаздардың барлығы да бірауыздан шахматтың оқушы бойында өмірге қажетті қасиеттерді қалыптастыратынына сенімді. Балалардың ерте жастан дамуына шахматтың игі әсер ететіні көптеген зерттеулер барысында дәлелденген. Шахматқа үйрету мектеп бағдарламасына енгізілген Татарстан, Ресейдің Свердловск облысында шахматшы   оқушылардың барлық пәндер бойынша жалпы оқу үлгерімінің деңгейі едәуір жоғары екенін көрсеткен. Сингапур, Түркия, Греция, АҚШ, Испания сияқты мемлекеттерде жүргізілген эксперименттер осындай нәтижелерді көрсетті.   

      Ақыл-ойды дамыту бір бөлек, математикадан бастап басқа да күрделі ғылым саласын игеруде шахмат ойынының пайдасы бір бөлек. Ғалымдар шахматтың қашан, қайда, не үшін пайда болған ойын екенін баяғыда-ақ зерттеп, дәлелдеп, оның адам өміріне қажеттігін анықтап қойған. Дегенмен, санамыз спорттың бір түрі ретінде қабылдайтын бұл интеллектуалдық шахмат ойынының адамның жан-жақты болып қалыптасуына, өмірінде қандай жағдайға тап болса да мәселені ойланып шешуіне, белгілі бір жүйе құруына дағдыландыратын, бала тәрбиесінде өте маңызды екенін тағы бір айта кеткім  келеді

  Осы орайда  баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

    Сөзімді қорыта келгенде, біздің ойымызша, бала тәрбиесіндегі ойынның түрлері, соның ішінде логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын, өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негіздегі іс- әрекеттің бір түрі болып саналады. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндеріне көп септігін тигізері хақ.

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама «Баланы? а?ыл-ой белсенділігін арттыруда?ы шахмат ойыныны? ма?ызы»

Автор: Аймагамбетова Эльмира Утемуратовна

Дата: 30.04.2015

Номер свидетельства: 207375


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства