kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?сенов Т?леу ??лшаман?лы

Нажмите, чтобы узнать подробности

                              

 Б?СЕНОВ Т?ЛЕУ ??ЛШАМАН?ЛЫ

 

Б?сенов Т?леу ??лшаман?лы (1909-1976) - т???ыш к?сіп?ой ?аза? с?улетшісі, ?аза?станны? е?бек сі?ірген ??рылысшысы, КСРО С?улет академиясыны? корреспондент м?шесі, ?аза?станда ?азіргі с?улет мектебіні? негізін салып, с?улет саласында?ы ал?аш?ы ?алым-педагогтарды? бірі, С?улетшілер ода?ыны? ал?аш?ы т?ра?асы.

?азіргі А?т?бе облысы Шал?ар ауданында д?ниеге келген.

Орынборды? ж?мысшылар факультетін, Ленинград (?азіргі Санкт-Петербор) азаматты?-инженерлер институтын бітірген.

Е?бек жолын ?аза? КСР халы? комиссарлары ке?есі жанында?ы ??рылыс бас?армасынан баста?ан.1933-1937 жылдары Жамбылда, Алматыда, ?ыр?ызстанда ?ызметтер ат?арды. 1937-1941 жылдары - Алматы ?аласыны? бас с?улетшісі. 1944-1954 жылдары - ?аза? КСР Министрлігі Ке?есі жанында?ы с?улеттік жай?астыру бас?армасыны? басты?ы. 1958-1976 жылдары - ??рылыс істері ж?ніндегі мемлекеттік комитеті т?ра?асыны? орынбасары, ?аза? политехникалык институтыны? кафедра ме?герушісі ?ызметтерін ат?ар?ан. Бас?ару-?йымдастыру ж?мыстарына белсенді т?рде араласып ж?ргеніне ?арамастан, Т?леу ??лшаман?лы маманды?ы бойынша жан аямай е?бектеніп ?тті. Ол елімізді? б?рын?ы астанасы Алматы ?аласыны? ал?аш?ы бас жоспарын жасады.

Т.Б?сенов 1936-1937 жылдары Алматы ?уежайыны? бірінші кешенін, 1941 жылы ?аза? опера ж?не балет театрыны? ?йін, 1949-1951 жылдары Амангелді Иманов ескерткішіні? жоспарын, 1968-1969 жылдары Алматыда?ы Досты? да??ылыны? бас жобасын, М?скеудегі Б?кілода?ты? халы? шаруашылы?ы жетістіктері к?рмесіндегі ?аза? ССР павильоныны? ?имаратыны? жобалау ж?мыстарын к?сіби шеберлікпен орындап шы??ан.

Ол - ?аза?станда, М?скеуде ж?не Ке?ес Ода?ыны? к?птеген ?алаларында бой т?зеген ірі-ірі ?имараттарды?, алып кешендерді? авторы, 25 с?улет кешеніні? жетекшісі ??м жобалау ж?ніндегі ке?есшісі. Шы?ана? Берсиевті? ту?ан жеріндегі пирамида-ескерткішті?, А?т?бе ?аласыны? жа?а орталы?ыны?, ?ара?андыда?ы дене шыны?тыру, м?дениет Сарайларыны?, Бал?ашта?ы Металлургтер м?дениет ?йіні?, ?аза?станны? т?кпір-т?кпіріндегі бас?а да к?птеген ?имараттарды? с?улетшісі?алым Батыс ?аза?стан с?улет ескерткіштерін зерттеп, Ембі, Ма??ыстау, ?стірт айма?тарында?ы мемориалды-??рыпты? тарихи ??рылыстарды? ерекшеліктеріне ?ылыми талдау жасады.

Т.Б?сенов ?азіргі ?аза? с?улет ?неріне байланысты ойларын ?лкен мінберлерде, пікірталастарында айтып, баспас?з беттерінде де жаз?ан. Ол пікірлері жина?талып, «Сам айма?ында?ы архитектуралы? ескерткіштер» (1947), «?аза?стан архитектурасында?ы ?рнектер»(1957), «Архитектура ж?не ?ала ??рылысы» (1974) атты ?ылыми-зерттеу е?бектері, та?ы бас?а к?птеген монографиялары жары? к?рген.

Т?леу ??лшаман?лы ал?аш рет 1961 жылы с?улетшілер тобын ?йымдастырып, ?аза? политехникалы? институтынан «С?улет» факультетін аш?ызу?а к?п е?бек сі?ірді. Со?ынан ?аза? политехникалы? институтында ??рылыс, с?улет ж?не санитарлы?-техникалы? факультеттері ??рылды.

1980 жылы осы факультеттер негізінде, Алматы с?улет-??рылыс институты ашылып, 1992 жылы ?аза? мемлекеттік с?улет-??рылыс академиясына айнал?ан. 2001 жылы ?аза? мемлекеттік с?улет-??рылыс академиясыны? негізінде ?аза? бас с?улет-??рылыс академиясы ??рылды. Сондай-а? Т.Б?сенов Т?ркістанда?ы ?ожа-Ахмет Иассауи мемориалды? кешенін, Тараз ?аласында?ы Айша Бибі мазарын, та?ы бас?а к?птеген ж?дігерлерімізді? ?айта ?алпына келтіріп, ?айта жа??ыртуына ат салыс?ан.

 Т?леу ??лшаман?лыны? б?гінде есімі елге таныл?ан о?ушылары к?п, олар -?аза?станны? е?бегі сі?ірген с?улетшілері Р?стем Сайдалин, Адамбек ?апанов, та?ы бас?алары ?аза?станны? жа?а астанасы - Астана ?аласыны? с?улеттік келбетін жа?сарту?а ?лес ?осып келеді. Ал?аш?ы с?улетшіні? ?мірі мен ?ызметі, ?сіресе, ?лтты? с?улет ?неріндегі ?шпес іздері б?л маманды?ты та?да?ан жігіттер мен ?ыздар?а к?ні б?гінге дейін ?неге болуда.

Республикалы? екі телеарнаны? шы?армашылы? тобы - ?аза? с?улет мектебіні? негізін ?алаушы, ?аза?стан С?улетшілер ода?ыны? т???ыш т?ра?асы, республикамызда с?улет факультетін ал?аш ?йымдастырушы, КСРО С?улет академиясыны? корреспондент-м?шесі, биыл ту?анына 100 жыл тол?ан Т?леу ??лшаман?лы Б?сенов жайында деректі телефильм т?сіруде. Фильм авторлары тележурналистер Иманбай Ж?баев пен Болат Н?сіпбековтерді? айтуларына ?ара?анда, фильм Шал?ар, М??алжар, Ал?а аудандары мен А?т?бе ?аласыны? ?зінде, та?ы да бас?а ?алаларда т?сірілмек. Т?сіру ж?мыстарына Т?леу Б?сеновті? немересі с?улетші Алмат Б?сенов ?атысуда. Сондай-а? ал?аш?ы с?улетші Т.Б?сеновті? 100 толуына орай 50 те?гелік ша?алар шы?арылып айналым?а енгізілді. Ша?аларды ??деуге Т?леу ??лшаман?лыны? немересі дизайншы Алмат Б?сенов ?атыс?ан

1997 жылы ?аза? мемлекеттік с?улет ж?не ??рылыс академиясыны? ?здік студенттеріне Т.Б?сенов атында?ы диплом ж?не стипендия та?айындал?ан.

?азіргі уа?ытта Алматы ?аласыны? орталы? к?шелеріні? бірі т???ыш с?улетшіні? есімімен аталады. Ал?аш?ы шебер с?улетші Т.Б?сеновті? т?р?ан ?йіне мемориальды? та?та орнатыл?ан.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?сенов Т?леу ??лшаман?лы »

БӘСЕНОВ ТӨЛЕУ ҚҰЛШАМАНҰЛЫ




Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы (1909-1976) - тұңғыш кәсіпқой қазақ сәулетшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанда қазіргі сәулет мектебінің негізін салып, сәулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі, Сәулетшілер одағының алғашқы төрағасы.

Қазіргі Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген.

Орынбордың жұмысшылар факультетін, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) азаматтық-инженерлер институтын бітірген.

Еңбек жолын Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі жанындағы құрылыс басқармасынан бастаған.1933-1937 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызметтер атқарды. 1937-1941 жылдары - Алматы қаласының бас сәулетшісі. 1944-1954 жылдары - Қазақ КСР Министрлігі Кеңесі жанындағы сәулеттік жайғастыру басқармасының бастығы. 1958-1976 жылдары - Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ политехникалык институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Басқару-ұйымдастыру жұмыстарына белсенді түрде араласып жүргеніне қарамастан, Төлеу Құлшаманұлы мамандығы бойынша жан аямай еңбектеніп өтті. Ол еліміздің бұрынғы астанасы Алматы қаласының алғашқы бас жоспарын жасады.

Т.Бәсенов 1936-1937 жылдары Алматы әуежайының бірінші кешенін, 1941 жылы Қазақ опера және балет театрының үйін, 1949-1951 жылдары Амангелді Иманов ескерткішінің жоспарын, 1968-1969 жылдары Алматыдағы Достық даңғылының бас жобасын, Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақ ССР павильонының ғимаратының жобалау жұмыстарын кәсіби шеберлікпен орындап шыққан.

Ол - Қазақстанда, Мәскеуде және Кеңес Одағының көптеген қалаларында бой түзеген ірі-ірі ғимараттардың, алып кешендердің авторы, 25 сәулет кешенінің жетекшісі һәм жобалау жөніндегі кеңесшісі. Шығанақ Берсиевтің туған жеріндегі пирамида-ескерткіштің, Ақтөбе қаласының жаңа орталығының, Қарағандыдағы дене шынықтыру, мәдениет Сарайларының, Балқаштағы Металлургтер мәдениет үйінің, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі басқа да көптеген ғимараттардың сәулетшісіҒалым Батыс Қазақстан сәулет ескерткіштерін зерттеп, Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасады.

Т.Бәсенов қазіргі қазақ сәулет өнеріне байланысты ойларын үлкен мінберлерде, пікірталастарында айтып, баспасөз беттерінде де жазған. Ол пікірлері жинақталып, «Сам аймағындағы архитектуралық ескерткіштер» (1947), «Қазақстан архитектурасындағы өрнектер»(1957), «Архитектура және қала құрылысы» (1974) атты ғылыми-зерттеу еңбектері, тағы басқа көптеген монографиялары жарық көрген.

Төлеу Құлшаманұлы алғаш рет 1961 жылы сәулетшілер тобын ұйымдастырып, Қазақ политехникалық институтынан «Сәулет» факультетін ашқызуға көп еңбек сіңірді. Соңынан Қазақ политехникалық институтында құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық факультеттері құрылды.

1980 жылы осы факультеттер негізінде, Алматы сәулет-құрылыс институты ашылып, 1992 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына айналған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының негізінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы құрылды. Сондай-ақ Т.Бәсенов Түркістандағы Қожа-Ахмет Иассауи мемориалдық кешенін, Тараз қаласындағы Айша Бибі мазарын, тағы басқа көптеген жәдігерлеріміздің қайта қалпына келтіріп, қайта жаңғыртуына ат салысқан.

 Төлеу Құлшаманұлының бүгінде есімі елге танылған оқушылары көп, олар -Қазақстанның еңбегі сіңірген сәулетшілері Рүстем Сайдалин, Адамбек Қапанов, тағы басқалары Қазақстанның жаңа астанасы - Астана қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға үлес қосып келеді. Алғашқы сәулетшінің өмірі мен қызметі, әсіресе, ұлттық сәулет өнеріндегі өшпес іздері бұл мамандықты таңдаған жігіттер мен қыздарға күні бүгінге дейін өнеге болуда.

Республикалық екі телеарнаның шығармашылық тобы - Қазақ сәулет мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан Сәулетшілер одағының тұңғыш төрағасы, республикамызда сәулет факультетін алғаш ұйымдастырушы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, биыл туғанына 100 жыл толған Төлеу Құлшаманұлы Бәсенов жайында деректі телефильм түсіруде. Фильм авторлары тележурналистер Иманбай Жұбаев пен Болат Нүсіпбековтердің айтуларына қарағанда, фильм Шалқар, Мұғалжар, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласының өзінде, тағы да басқа қалаларда түсірілмек. Түсіру жұмыстарына Төлеу Бәсеновтің немересі сәулетші Алмат Бәсенов қатысуда. Сондай-ақ алғашқы сәулетші Т.Бәсеновтің 100 толуына орай 50 теңгелік шақалар шығарылып айналымға енгізілді. Шақаларды өңдеуге Төлеу Құлшаманұлының немересі дизайншы Алмат Бәсенов қатысқан

1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясының үздік студенттеріне Т.Бәсенов атындағы диплом және стипендия тағайындалған.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының орталық көшелерінің бірі тұңғыш сәулетшінің есімімен аталады. Алғашқы шебер сәулетші Т.Бәсеновтің тұрған үйіне мемориальдық тақта орнатылған.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Б?сенов Т?леу ??лшаман?лы

Автор: Шарипова К?нс?лу ??лекен?ызы

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 167038


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства