kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Анкеталау мен интервью әдістері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                     Анкеталау мен интервью әдістері.

Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. [1]. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.

Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).

Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Анкеталау мен интервью әдістері.»

Сабақ жоспары 17

Топ


МДО-161





Күні


2.04.20






Пән аты: Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер (іс жүзіндегі психолог) Оқытушы: Абдунабиева Зарина Махсуджановна Дәрістің тақырыбы: Анкеталау мен интервью әдістері.

Дәрістің түрі: Тәжірибелік

Оқыту әдісі: Оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру .

Пәнаралық байланыс: Психология, педагогика, философия.

Дәрістің мақсаты.

1. Білімділік: Студенттерге психологияның құрылымы,әдісі жәнеміндеттері туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту адамгершілік қасиеттерін дамыту, өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Адам жан-дүниесі жайлі білім, біліктерін молайту, ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту.

Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: лекция материалы, оқулық, плакт, кесте түсті суреттер.

Дәрістің құрылымы мен мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттерді түгелдеу, сабаққа даярлау.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Тексеру әдісі: сауалнама, сұрақ жауаптар

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Түсіндіру әдісі: Дарис баяны

Анкеталау мен интервью әдістері.

Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. [1]. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.

Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).

Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.


Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.

Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.

Анкеталық әдіс қолданылғанда, синтетик, (жинақтау), демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.

Анкеталық әдіс -психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі. Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамы т.б.) зерттеледі. Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады. Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.

Алынған материалдың нәтижесі статистикалық талдаудан өткізіледі де, ондағы үлкен цифрларға қарай қорытынды жасалады. Мәселен, бес жүз адамнын төрт жүзі "Абай" романын оқыдық деп жазса, бұдан оқырмандардың 80%-нын осы кітаппен таныс екендігін, бұл шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапға айналғанын аңғаруға болады.

Анкеталық әдіс 19 ғ- дың 80-ші жылдарынан бастап педагокикалық және әлеуметтік психологиялық зерттеулерінде қолданылып келеді. Негізгі кемшілігі - адам кейде шын көңілдегісін жазып бере бермейді, не оны қағаз жүзінде дұрыс көрсете алмайды. Адамның жан дүниесінің сырын жете білу үшін байқау, әңгімелесу, эксперимент әдістерін қосарластыра пайдаланған жөн.

Интервью әдісі - әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерінің бірі.

Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Интервью әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды. Өйткені зерттеушінің әңгімесіне ықыласталған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше түрлерге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (дара интерьвю), сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған топтармен де (семья әулеті, комсомол активі, дос жарандар тобы т.б.) жүргізіледі. Интервьюдың стандарттық (алдын-ала жасалған нақты программа бойынша), үлкен тақырыптың төңірегінде құрылған дейтін түрлері де бар.



4.Жаңа материалды бекіту: 1. Анкеталық әдіс. 

2. Интервью әдісі. 

Қорытындылау(білімді бағалау) Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау. Үй тапсырмасы: Қосымша материалдар.

Оқытушының қолы:_________________________



Пән бірлестігінің төрайымы:___________________


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Анкеталау мен интервью әдістері.

Автор: Абдунабиева Зарина Махсуджановна

Дата: 27.04.2020

Номер свидетельства: 548119


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства